2014 жылғы диссертациялық кеңестер жұмысы: қиындығы мен келешегі

[add-bookmark]
5da243

2015 жылғы 9 ақпанда ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында бақылау комитеті төрағасы С.Н. Нүсіповтың басшылығымен диссертациялық кеңестердің 2014 жылғы жұмысына және ғылыми кадрларды даярлау мәселелеріне арналған семинар-отырыс өткізілді.

Комитеттің ғылыми кадрлар даярлау сапасын бағалау басқармасының басшысы Қ.Ж. Сакенованың баяндамасында 2014 жылғы диссертациялық кеңестердің жұмысы бойынша талдау баяндалды. Өткен 4 жылда диссертациялық кеңестердің саны біртіндеп өсті 2011 жылы 16 диссертациялық кеңес ашылған болса 2014 жылы 6 ұлттық, 10 мемлекеттік және  6 жеке меншікті ЖОО-ларда 52 диссертациялық кеңестер құрылып жұмыс атқарды.

2014 жылы докторантура бағдарламасын 611 адам аяқтады, диссертацияларын 336 немесе  докторанттардың 54,9% қорғады, бұл 2013 жылдағы көрсеткіштен жоғары (46%). Сонымен бірге  қорғауға  былтырғы жылдары  оқуын аяқтаған 127 докторант шықты. 2014 жылы диссертациялық кеңестер 5 докторлық диссертация бойынша  теріс шешім қабылдады.

Диссертациясын ағылшын тілінде 17 докторант қорғады. Сонымен қатар, Египет Араб  Республикасынан 3 шетелдік азаматтар қорғауға шықты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы биология ғылымдары бойынша диссертациялық кеңестің төрағасы А.К. Бисенбаев және Л.Н.Гумилев атындағы экономика ғылымдары бойынша диссертациялық кеңес төрағасы Р.А.Байжолованың баяндамаларында тиісті мамандықтар бойынша кеңестердің ерекшеліктері, жұмыс бойынша негізгі проблемаларымен таныстырды.

ЖОО-лар проректорлары, диссертациялық кеңестер  төрағаларының баяндамаларында PhD докторлық диссертацияларды даярлау және қорғау, диссертациялық кеңестердің жұмысы жөніндегі мәселелермен қатар   докторантураға қабылдау, бір қатар мамандықтар бойынша  оқу мерзімі, докторантураны аяқтаған соң бір жылдан кейін қорғауға шығу проблемалары  көтерілді. Семинарға қатысушылар Қ.Ж.Сакенованың баяндамасында ұсынылған PhD докторлық диссертацияларды қорғау және ғылыми дәрежелер мен атақтар беру жүйесін жетілдірудің негізгі бағытын талқылап қолдады.

Семинарға қатысушылардың пікірлері және ұсыныстары негізінде қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер жобасы дайындалады.

edu.gov.kz

Рейтинг: 0
+2

Сізге ұнау мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *