Alma University ҚР ҒБМ  грантын ұтып алды!

18 февраля, 2015 18:26

Almaty Management University (Alma University), бұрынғы ХБА, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша ҚР ҒБМ грантын ұтып алды.

Байқауға   жоғары оқу орындарынан, ҒЗИ, жеке ұйымдар мен физикалық тұлғалар,  барлығы  4885 жоба ұсынылды.  Олардың тең жартысы  ( 2500)  сараптамадан өтіп,  байқауға қатысуға жіберілді.  AlmaU   14  өтінім берді,  соның ішінен біреуі  2015-2017 жылдарға  ҒБМ  грантын ұтып алды.

Alma University  ұсынған жоба бүгінгі ең маңызды саланың бірі «Білімді басқару»  мәселесіне байланысты.  Бәрімізге белгілі жай,   әлемдегі  ақпарат көлемі  әр  екі жыл сайын  өзгеріп отырады,  сондықтан да жобаның жетекшісі  AlmaU ректоры Асылбек Қожахметов сол «ақпарат мұхитында »  жол таба білу  үшін  білімді басқаруды үйрену  керек  деп есептейді. Дегенмен, ТМД  елдерінің бір де бір жоғары оқу орнында білімді басқару курсы оқытылмайды, жалпы алғанда  бүкіл әлемде осындай курстар көп те емес.

Жоба 3 жылға есептелген, келешекте  Қазақстанда білімді басқару бойынша магистрлік бағдарлама  дайындауға бағытталған, бас кезінде  осы жоба аясында білімді басқару жүйесінің әмбебап  моделі  және оларды жоғары оқу орындары мен кәсіпорындарға ендіру алгоритмі  жасалып, зерттеулер жүргізіледі.

Жобаның өзектілігі  жоо-ларда  білімді басқару  жүйесін дамыту мен қалыптастыру  бойынша қойылған міндеттердің ерекшелігінде,    себебі  олар   үш  шиыршықтың  инновациялық әрекеттесуін  қамтамасыз етеді:  білім беру, мемлекет және бизнес.

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля