Өзін-өзі тану

24 января, 2017 10:04

4 «Ә» сыныпқа арналған сабақ жоспары.       

 Пәні:Өзін-өзі тану

Сабақ  №5

Сабақтың өткізу мерзімі:  30.09.2016

Сабақтың тақырыбы: Менің арманым

Мақсаты: оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.

Міндеттері.

  • Арман ұғымы туралы түсінік беру;
  • Балалардың ойын, қиялын дамыту;
  • Жақсылыққа тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар: дәптер, оқулық, сөзжұмбақ.

Сабақ құрылымы Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті
 

I.Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

ІІІ.Жаңа тақырып

 

 

 

 

 

 

ІV.Оқулықпен ұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V.Сергіту сәті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VI.Дәптермен жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

VII.Шығармашылық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VIIІ.Қорытындылау

 Шаттық шеңбері

Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, бір – бірімен сәлемдеседі.Сабақтың тақырыбымен таныстырады:

—          Бүгінгі сабақта «арман» туралы әңгімелесеміз. Қазір бәріміз қол ұстасып, бір минуттай үнсіздік сақтап, іштей сыныптастарымыз туралы армандайық.Бір сәт үнсіздіктен кейін мұғалім балаларға бір-біріне тілек білдіруді ұсынады.

Оқушылар оқулықтағы « Бала арманы» өлеңін оқиды.

Әңгімелесу

Мұғалім оқушылардың арман туралы ойларын білу үшін әңгімелесу жүргізеді.

Сабақтағы әңгімелесу әдісін өткізу үшін мынадай сұрақтар қойылады

·         Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?

·         Өздеріңнің қандай армандарын бар?

·         Адамға армандау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?

Мәтінмен жұмыс

Айтылған ойлар бекітіле түсу үшін мәтінмен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар төмендегі мәтінді кезектесіп оқиды.

Әже әңгімесі. Қ.Мырза Әлидің «Арман мен ақыл» өлеңі.

·         Өлең неліктен «Арман мен ақыл» деп аталған?

·         Білімнің арманға қандай қатысы бар? Ойланып, жауап беріңдер.

Өсиет әңгіме

Оқушылардың ойларын түйіндеу мақсатында мұғалім өсиет әңгіме айтып береді:

—          Арман деген не? – депті жігіт.

—          Арман дегеніміз ақыл – ойдың шындығы. Құс –ұшсам дейді, бала- өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – жүректі болсам дейді, қарт – жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіме үлгі болсам дейді.

Арманына адаспаған жетеді, адасқан жете алмайды. Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді, — депті қарт.

Дәйексөз

Балалардың жауаптары дәйексөзбен түйінеделеді.

Тақтада жазулы тұрған «Арман – адамға қанат» дегенхалық мақалының мәнін түсіндіреді. Жақсы ниетпен арман дау аламға зор қуат беріп, іске талпындырады, өмірге құштарлықты арттырады.

Ойын.

Оқушылардың жақсы ниетпен армандауына ықпал ету үшін ойын ұйымдастырылады.

Оқушылар шеңбер құрып отырады. Біреуі ойын жүргізушісі болады. Ол асықты лақтырады, асық кімнің тұсына түссе, сол оқушы шығып өз арманын және не үшін армандайтынын айтады т. с. с.

Жылдам және не үшін армандайтынын айта алмай қалған оқушы айыпталады.

Жаңа ақпарат

Оқушылардың сабақта алған білімдерін жаңа ақпарат арқылы түйінделеді: «Адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат арқылы арманына жете алады».

Тапсырма

«Арман алға жетелейді» дегенді қалай түсінесіңдер деген тапсырманы ұсыну арқылы мұғалім оқушылардың білімдерін тиянақтай түседі.

Шығармашылық жұмыс

Мұғалім тақтаға сөзжұмбақты іледі және оларға мынадай тапсырма береді.

—          Бос шаршыларға қандай баланы жақсы  бала деп атайтынын жазыңдар.

 

А
Р
М
А
Н
Ш
Ы
Л

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар өз ойларын тақтаға жазады.

Тыныштық сәті

Ауызша жұмыс түрлерінен кейін балалардың денесін, ойын тынықтыру үшін тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Балалар денелерін түзу, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.

Дәптермен жұмыс

—          Армаңдарың туралы қысқаша әңгіме жазыңдар.

Қорытындылау

Мұғалім  оқулықтағы қоржында берілген сөздерді пайдаланып, сабақты қорытындылайды.

Жүректен – жүрекке

Оқушылар шеңберге жиналып, өлең оқиды. Ә.Есмағанбетовтың «Өмірге» деген өлеңі.

Әлеует

М.Тиесовтың «Ананың асыл арманы» атты аңызын оқу.

 

Амандасу,

құрал-жабдықтарын алу.

 

Оқушылар шаттық шеңберін жасайды.

 

 

 

Оқушылар мұқият тыңдап жауап береді.

 

 

 

 

 

Оқулықтан оқиды.

 

 

Сергіту сәті бойынша қимылдар жасайды

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар дәптерлеріне жазады.

 

 

Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне көшіріп алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар жазады.

Мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сөзжұмбақтпен жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптерлеріне өз армандары туралы қысқаша жазады.

 

Жүктеу: Файл — Өзін-өзі тану

5

Автор публикации

не в сети 4 месяца

erkezhan0005

2
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 22-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля