Аякқиім

13 декабря, 2017 13:31

Сырт киімдер сияқты аяқкиімдер де иленген теріден, былғары- дан тігіледі. Кең байтақ Қазақстан аумағын мекендеген рулар мен тайпалардың аяқкиімдерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Төрт түлік мал өсірген қазақ халқы көбіне атпен салт жүрген, ал соған ықшам- далып тігілген аяқкиімдер өте қолайлы әрі жайлы болған. Соны- мен қатар, көшпенді өмірге бейімделіп, көп жүргенде аяқтың шар- шамауы да ескерілген. Халық арасында көп тараған аяқкиімдер өкшелі, өкшесіз болып бөлінеді.

Өкшесіз аяқкиімдерге мәсі, кебіс, ішік жатады (15-сурет).

Мәсі — өкшесіз, жүмсақ, аяққа жеңіл, қолайлы тігілген етік. Оны үй ішінде, сәнді өрнекпен киеді. Көбінесе әйел адамдар, қариялар киген. Қыстыгүні киетін мәсілерді кең етіп, ішінен жүн байпақ есебімен екі қабат жүмсақ былғары салып тіккен. Оларды былғарының ерекше жүмсақ түрінен (юфть) қызыл, көк түске бояп, түрлі өрнектермен құрақ арқылы әшекейлеген.
Ішік — жұмсақ, өте сәнді, мәсіге үқсас етік. Мәсіні де, ішікті де үй жағдайында киген, ал сырт шыққанда сыртынан кебіс (галош) киіп шығады. Етікшілер оларды өте әдемі етіп асқан шеберлікпен көркемдей білді. Ішікті қызыл, көк сафиянмен, тері қиындылары немесе күміс қаңылтарлармен, қүрама өрнекпен көркемдеді.

15-сурет
Өкшелі аяқкиімдерге саптама, кебіс, шәркей жатады.
Кебіс — былгарыдан тігілген, басы жұмсақ, табаны мен күлшіні, шажамайлығы қатгы үлтаннан пішіліп тігіледі. Кебісгі мәсімен киеді.
Саптама етік — өкшелі, қонышы үзын, тұмсығы жоғары қарай қайқы болып келген етік. Ішкі табанына ұлтарақ салып, киіз бай- пақпен киеді. Саптамалардың қонышы кейде екі жанынан жарма- ланып, кейде бітеу қусырылып, тізеден асыңқырап түрады. Оны алыс сапарларға шыққанда, қыстыгүні жылқы баққанда киіз бай- пағын қара санның ортан беліне жеткізіп, қалың, әдемі матамен көмкеріп киеді. Киіз байпағының немесе шүлғаулы мәсінің әрдайым етіктің ішінде болуына байланысты саптама деп аталса керек.

Саптаманың шоңқайма, мықшима, көк етік деген түрлері бар, олардың өкшелері биік, сүйір тұмсық, қонышы тізеден аспайды, киіз байпақпен, шүлғаумен киеді. Бүл етіктер жастарға, сал-серілерге арнап тігіледі. Сәнге кию үшін бұлардың қонышын, өкшелігін кестемен оюлап, өрнектейді. Етіктерді түтас былғарыдан да, жеке-жеке пішіп те тігеді. Бөлек пішілген басы мен үлтанын және қылтасынан тігілген қонышты қосып, қүрастырып, тарамыспен тігеді. Тарамысты ірі қараның не жылқының жіліншік сіңірінен алып, әбден кепкеннен кейін соғып, одан алынған жіпке тарамыстарды біріктіріп ширату әдісімен дайындап алады (16-сурет).

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля