БЕЙІМБЕТ МАЙЛИННІҢ ДРАМАТУРГИЯСЫ

14 ноября, 2017 11:15

Қазақ драматургиясы дербес жанр ретінде Ұлы Октя- брь социалистік революциясынан бері қарай жасап, үнемі дамып келеді. Бүгінгі таңда кейбір классикалық үлгіде жазылған шығармалар («Қозы Қөрпеш — Баян сұлу», «Еңлік — Қебек», «Ақан сері — Ақтоқты») берген ка- зақ драматургиясының туу, қалыптасу дәуірі Бейімбет есімімен тыгыз байланысты.

Бейімбет драматургияга жиырмасыншы жылдардың басында араласады. Ауыл кедейінің психологиясын, өмі- рін поэзияда, прозада шебер, шыншыл суреттеген жазу- шы ел арасындагы өрескел мінездерді, жаңа қогамға жат зиянкес элементтерді күлкіге айналдыру, халық алдында масқаралаудың тиімді жолдарын іздеп, ақырын- да солардың барлығын сахнаға әкелді. Социалистік қо- ғамның принциптерін сақтау, залалды адамдарды, олардың сұмдық әрекеттерін сахнада, көруші алдында мейлінше ажуаға айналдыру, міне, Бейімбет драматур- гияға алып келген міндеттер, мақсаттар осы болатын.

Пьеса жазуда тәжірибенің жоқтығы, оны жүзеге асы- ратын ұлттық театрдың болмағандығы әдепкі кезде дра- матургиямен шұғылданған авторларға көп қиындықтар’ туғызды. Соған қарамастан, Бейімбет 1920 жылы «Қа- ламқас», «Алданған» деп аталатын күлкілі пьесалар жа- зып, көруші жұртшылықты күлкіге кенелтті. Бұл атал- ған шығарманың екеуі де Қостанай қаласында әуесқой қазақ жастарының күшімен сахнада көрсетіледі.

Қазақ халқының ұлттық театры өз шаңырағын кө- терген жылдары Бейімбеттің «Ауыл мектебі», «Шаншар молда» деп аталатын комедиялары театр сахнасынан берік орын алады. Сөйтіп, Бейімбет драматургияға өзі- мен бірге комедия жанрын ала келеді. Автордың кейіні- рек жазған «Неке қияр», «Жасырын жиылыс», «Қө- зілдірік», «Қос қақпан», «Қелін мен шешей» тәрізді шағын көлемді водевильдері жоғарыда айтқан пікірді растайды. Осы аталған шығармалардың қай-қайсысы да ауыл арасындағы ескі әдет-ғұрыпты, салтты әзіл-оспаққа айналдырып, халыққа жексұрын етіп көрсетеді. Жазушы сынына үнемі кедейге жасаған бай қорлығы, қазақ қыз- дарын саудаға салған алыпсатарлар, жаңа қоғамды жат- сынған өгейлер ұшырайды. Ескерте кететін бір жаи Бе- йімбеттің алғашқы драматургиялық туындыларының дені фельетон үлгісінде жазылған.

Задында, Бёйімбет — юморист жазушы. Жазушының

 

кай шығармасында да саяси сатиралық мотивтен гөрі жеңіл күлкі, әзілмен сынау үстем тұрады.

«Қос қақпан» (1925) деп аталатын водевиль байдан көрген жалшы қорлығын әңгімелейді. Үстем таптың қы- сымшылығына қарсы әрекеттер істеп баққан Жоламан мен ездікке көнген жасық жалшы Үкібастың мінезі са- лыстырылады.

Маңдай терін төгіп аянбай еткен еңбегіне алған ақы- сына («Қос қақпан») наразы болған Жоламан — кейінгі көріністе санасы жетілген совет қоғамының белсенді өкі- лі дәрежесіне көтеріледі. Тұрмысы, жағдайы түбірімен өзгерген Жоламан қазірде ел қадірлеген, болашақ игі- лікті істің ұйытқысы болған ауыл ағасы. Революцияның он жылдығына арналған қуанышты мереке үстінде өзін құлдыққа салып, талай езген Асыл бай Жоламаннан ке- шірім сұрайды:

«Мен Асылмын,

Бір кезде сені Малай деп басындым.

Айып менде, кеш,

Аяғьща бас ұрдым»1.

Еңбекші халықтың тап жауы Асылдың өтінішін қа- былдамай, Жоламан оған қалың бұқара атынан кекті ызаның қатал үкімін естіртеді.

«Қос қақпан»—драматургияның барлық принципте- ріне жауап бермегенмен, автордың іздену, үйрену жыл- дарында жазған, тап тартысының бір сәтін дәл көрсет- кен, өз дәуірінде лайықты шығарма.

«Ауыл мектебі» (1926) — сауатсыздықты, әйелдерді оқытуға қарсы болған топастықты сынайтын бір перделі күлдіргі скетч. Шығармадан әйел баласын адам санаты- на қоспаған қараңғы дәуірдің, оның өкілі Дәрібай бай- дың топастығы, надандығы орынды әжуаланған. Ауыл арасынан сауат ашуға талпынып шыққан Зейнеп, Мәреш, Маржандардың алдынан үздіксіз шығатын кедергілер от басынан, өмірдің дәл өзінен алынған. Бірінің оқуына ері қарсы, енді біреулеріне үй тіршілігі тосқауыл жасап, олар уақтылы сабағына қатыса да алмайды. Ауыл ара- сындағы жабайылық сол күйінде сахнаға шығады.

Жапай әйелі Зейнепті іздеп мектепке кіріп келеді:

Ж а п а й: Біздің қатын бар ма? Не ғып отырсьщ мұнда?

1 Бейімбет. Қос қакпан. Қызылорда, 1927 ж., 16-бет.

 

Зейнеп: Оқып отырмын.

Ж а п а й: Оқып жатқаныңды есіттім… Иттен жарал- ған, жүр үйге… (желкесінен түйіп жібереді).

М ұ ғ а л і м: Ой, сені жын ұрды ма, мұның не?

Жапай: Қатын менікі, жұмысың болмасын. Оқыт- паймын. Саған сыйға тартар қатыным жоқ1.

Бейімбет суреттеген бұл оқиға сол кезеңнің шынды- ғын көзіміздің алдына әкелгендей болады. «Ауыл мекте- бі» надандық пен сауатсыздықты, оқуға деген теріс көз- қарасқа бағытталған күрестің аса қажеттігін көрсетті. Шығармада есте сақталатын тәуір шыққан образдар да бар.

Жарқырап атқан революция таңы жаңа ғана ояна бастаған қазақ сахарасына жаңалық үстіне жа- ңалықты тынымсыз әкеліп жатты. Сол революция әкел- ген жаңа лепті қазақ ауылы жалпылама тегіс қабылдай берген жоқ. Бірінің санасы жетпеді, енді кейбіреулері жаңалық атаулыға дін уытын қарсы жұмсаған діндар молдалардың ықпалында қалды. Бейімбет осы та- қырыпқа арнап көптеген шығармалар жазды. Осыған орай жазушының драматургиядағы лабораториясынан маңызды екі туындыны атауға болар еді. Олар: «Шаншар молда», «Неке қияр».

«Шаншар молда» (1926) атты бір перделі күл- діргі пьеса — ойын-сауықтарда жиі қойылған, халық ұнатқан шығарма. Пьесада ескі, схоластикалық, діни оқудың зияндығы, молдалардың психологиясы терең ашылады. Шаншар молда шәкірттеріне кәпірмісің, мұ- сылманбысың дейтін түкке қажетсіз сөздерді жаттатумен әуре болады. Дәріс алып жүрген шәкірттер тұрмақ, мағ- насына өзі түсініп болмайтын сөздерді жаттатып, жұма сайын алымын жеп, дайын астан несібесін үзбеуді, баю- ды армандайды. Тегін алған дүние аз көрініп, кісі өлі- мін тілейді. Құлқынға құл болған Шаншар көрінбеген өлімді аңсап, кұдайдан осы ауылға соны көптеп жібер деп жалбарынады. «Мен бір бақытсызбын»—дейді Шан- шар бір сөзінде,— өзім сияқты молдалар ақшаны кү- ректеп тауып жатыр. Олардың елінде түсім көп; күні құрғамай өлім… Менің келгеніме айдан асты, әлі бір тышқан мұрны қанаған жоқ. Қанапияның шешесін мен келгенде өледі деп жүр еді, о да тіріліп кетті. Екі-үш

1 Б. Майлин Шығармаларынын, толық жинағы, IV т. Алматы, 1936, 218-6.

 

баланың 10-15 тиыннан берген жұмалығынан не өнсін…»1

Өлімді аңсаған арамза молда осылай құлазиды. Шы- ғармада «өлеңді жерде өгіз семіреді, өлімді жерде мол- да семіреді» дейтін қазақтың дана мақалы нанымды дә- лелін табады.

«Неке қияр» (1927). Қазақ халқының жарамсыз әдеттерінің бірі — сүймегенді күштеп некемен қосу салты. Халық ұзақ уақыт өрескел әдеттің үкіміне көніп, талай қыздардың бағын байлап жылатқаны да рас. Бей- імбет осындай ескілікке үзілді-кесілді қарсы шықты. Зорлап неке қиған молданың төңірегінде жарамсақ, пы- сықсымақ дүниеқорлардың бір тобы «Неке қиярда» аяу- сыз күлкіге ілігеді. Зәуре атты жас қыз бен Жәлен се- кілді кеңкелестің, неке жолында жүрген жеңгетайлар- дың, күйеу мен қалыңдықтың арасындағы әрекеттерді автор өте нәзік береді де, олардың арасындағы диалог шындықтың үлкен философиясын туғызып жатады.

Уылжыған, бейкүнә, жас Зәурені қолпаштап бергелі жүрген Жәлені кім? Ол қалталы есуас, жарым. Не сөй- леп, не қойғанын аңғармай да қалатын сәттері көп. Қыз- бен алғаш кездескен уақытта жырық ауыздан ірік сөздер қап-қабымен шығады. Автор геройын этикадан жұрдай етіп көрсеткенде, ойдан шығарған жоқ. Ондайлар өмірде көп болатын. Жәлен амандықтан соң бірден мынадай сұрақ қояды: «Жасыңыз нешеге келді? Тамыр бозбалаң бар ма?» Басқасын былай қойғанда, осы сұрақтың ар жағында тұрған иесінің кім екенін оқушы сыпаттамай-ақ бірден түсінеді.

‘ Ауыл өмірінің жаңалығы мен көлеңкелі жақтарын қанық білген Бейімбет оны қай шығармасында да бұл- жытпай, айнытпай жеткізеді. Бейімбет жасаған көп кейіпкерлердің мінезін, тіпті, қазіргі адамдардың кей- біреулерінен әлі де кездестірсек, ол жазушының өмірді жетік білгендігі, сол жайлардан типтік геройлар жасай алғандығы деп білуіміз керек. Бейімбет жасаған герой- лардың тек кітап бетінде ғана емес, арамызда, ауылда жасайтындығы Майлин шығармаларының ең артық қа- сиеті — өміршеңдігін растай, қуаттай түседі.

Бейімбет — қазақ әдебиетінде драматургияның ша- ғын формасын қалыптастырған, әрі өндіріп жазған автор. Оның он тоғызыншы жылдардың аяғында жазылған «Шапай», «Әмеңгер» деп аталатын шағын пьесалары бертінде күлкіге, әжуаға толы жоғарыда біз атаған шы-

 

ғармалармен жалғасты. Өкінішке қарай, неге екені бел- гісіз, драматургияның ұтымды осы бір шағын формасы- на қазақ драматургтері әлі де мән бермей келеді. Әсіре- се жер-жерден халық театрлары ұйымдасып жатқан шаңта бір-екі актылы пьесалардың аса ңажеттігін еш ұмытуға болмайды.

Комедия саласындағы Бейімбеттің үлкен табысы — «Талтаңбайдың тәртібі» (1934).

Колхоздастыру кезіндегі тап тартысы, ауылдағы ке- дей қауымды артельге ұйымдастыру, сол тұстағы колхоз өмірінің күрделі жаңалықтары — жазушының тынбай, талмай жазған тақырыптары. Талай пікірлер тудырған, жақсы туынды ретінде танылған «Талтаңбайдың тәртібі» атты комедия коллективтік шаруашылықты ұйымдастыру жолында көлденең тұрған нағыз зиянкестерді, адам- гершілік ардан безген азғындарды сатираның садағына алып, әшкере етеді. Комедияның бас кейіпкері солакай Талтаңбаев аудандық партия комитетінен алған өкілдік мандаттың лебімен колхозға келіп, жұртты мазалап, бос сөйлеуден бөтен ештеме бітірмейді. Шаруашылық атау- лыдан беймағлұм, ештеңе сезбейтін «өкіл» өкілдікті бет- ке ұстап кеуде қағады. Елге үгіт-насихат жұмысын жүргізе келген Талтаңбаев ауылдағы жігерлі жастарды, комсомол мүшелерінің игі істеріне тыйым салады. Тал- таңбаев алалап, шұбарлап сөйлейді: «Товарищи! Мен түн ішінде келдім. Неге? Тәртіп бере келдім. Понятно! Темпі жоқ соқада, саботаждық, лодырлық күшейді… Массаның арасында жұмыс жоқ. Комсомолдар преданный активі- мізді қаралап газет шығарып, массаның аптариқатын түсіреді…» Осы сөздердің өзінде ауданнан келген өкіл- дің болмысы, сиқы оқушыға жан-жағымен түгел көрін- ген. Драматург көзбояушылықтың барлық түрін меңгер- ген, асьіра сілтеп колхоз ісіне іріткі салған боскеуде, белсендісымақтардың әрекетін қатты сынға алған.

Комедияда Талтаңбаев жалғыз емес, оның шашба- уын көтеріп, дем берген, оған өте ұқсас кейіпкерлер бар. Олар: колхоз бастығы Шапшаңбай мен тонын айналды- рып, жасырын жүрген бухгалтері Сүндет. Бұл екеуі де сатиралық геройлар. Тындырған істері жоқ, ауданнан біреу келсе жайылып л<астық, иіліп төсек болып күніи көрген, колхоз ісіне, оның болашағына жаны ашып, бал- тыры сыздап көрмеген жылпостар. Халық болып жұмы- лып жатқан тірліктің бабына барып көрген емес. Колхоз- ды ‘жатып жеп, түйені түгімен жұтқан мұндай активсы- мақтардың коллективтендіру дәуірінде тіпті күні кешеге

 

дейін арамызда жиі кездескені рас. Комедияның осы қасиеті күні бүгінге дейін өз күшін жойған жоқ. Шап- шаңбайдын әйелі Күнжан да лайығымен тауып қосыл- ған, өмірден азғындықты қалаған арсыз адам. Табиғат берген аз көркін саудаға салып, Күнжан ауданнан кел- ген өкілдермен ойнап-күлуді теріс көрмейді. Сөзі өктем, қызметі жоғарыға қызықтап, сәті түссе сондайдың бірі- нің қолтығында жанасып кете барсам дейтін жасырын пиғылы да көрініп қалып отырады.

Комедияда қолына жаңа істің тізгінін алған жалын- ды жас комсомолдар мен екпінді колхозшылар образы да әртүрлі қырымен көрінеді. Комедия көтерген екінші бір басты линия — қазақ ауылдарындағы комсомолдар- дың колхоздастыру науқаны кезіндегі қажымас ерлігін, қыруар бейнетін көрсету — осы ұнамды кейіпкерлердің оқиғаға араласуы арқылы шешіледі. Ұнамды образдар: Жұпар, Қамза, Қайдар, Өтеміс секілді комсомолдар өкі- лі мен Бекен, Жанбол, Дәурен сияқты колхозшылар. Бұлар болашақ үшін жүргізген күресті жалғастырушы әрі қайтпас қайраттың адамдары. Күні-түні дамылсыз өзі еткен еңбекті олар ұрыдан да, «өкілден» де қори бі- леді. Колхоз бидайын ұрлап жатқан бухгалтер бастаған ұры топты ұстайтын да, Талтаңбаев, оның атқосшысы Парызды қабырға газетінде масқаралап сынайтын да осылар болатын.

Осы тәуір комедияның кейбір міндері де сыншылар тарапынан кезінде орьінды көрсетілген еді. Қаншалықты сатиралық планда жазылғанмен, ұнамды образдардың тасасында қалып қоя беретін жағымсыз топ характер ретінде ашылмай қалады.

Драматургияның комедия, драма, трагедия деп те аталатын түрлерінің бар екені мәлім. Комедия қоғамға жат, өрескел, қисынсыз жайларды зілсіз күлкімен де, уытты сатирамен де әшкерелеп отырса, драмада үлкен қоғамдық тартыстар (конфликт) алынып, сол тартыс- тарда күреске түскен кейіпкерлер бүтін ойымен, әрекеті- мен өмірдің сан алуан философиясын туғызып отырады. Сол себепті комедияға қарағанда драманың көтерер жүгі де мол. Ал трагедия болса, ол сахнадан көрушіге өмірдің қасіретті жайларын баяндайтыны белгілі.

Бейімбет драматургияны алғаш жеңіл шағын воде- вильдер мен комедия жазудан бастайды да, тәжірибесі молыққан соң орыс драматургтерінің классикалық шы- ғармаларымен жете танысқаннан кейін, қоғам өмірінің үлкен полотноларын суреттеген күрделі драмалар жазу-

 

ға кіреседі. Бейімбет қаламынан туған: «Майдан», «Біз- дің жігіттер», «Жалбыр» (либретто), «Шұға» (трагедия), «Амангелді» (Ғ. Мүсреповпен бірігіп жазған) тәрізді шығармалар революцияға, ұлт-азаттық көтерілісіне, аза- мат соғысына қатысқан қазақ халқының саяси-әлеумет- тік өмірін кеңінен суреттеді. Бұл тұста Бейімбет әбден игерген, өндіріп жазған колхоздастыру тақырыбын да тастаған жоқ. Бейімбетті драматургияның сырын, прин- циптерін, дәстүрін меңгерген жазушы ретінде танытқан да жоғарыда аталған драмалары болатын. Жазушының қаламынан туған драмаларды бір ғана автордың табысы деп түсінбей, қазақ драматургиясын есейткен бүкіл қа- зақ әдебиетінің табысы деп қарау керек.

«Майдан» драмасы өзі жиі жазған коллективтендіру тақырыбына, ондағы тап тартысының көрінісін суреттеуге арналған. Бұл драманың колхоз құрылысы дәуіріндегі тап жауларын айқын көрсеткен қасиеті үшін, Қазақстан жазушыларының тұңғыш съезінде Мұхтар Әуезов өте жоғары бағалады. Расында да бүгінгі жұрт сүйіп оқып, ұнатып көріп жүрген қазақ совет драмаларының төркіні осы «Майданнан» басталады.

Ауыл кедейлерін жаңа іске жұмылдыру, олардың са- насын коммунистік рухта тәрбиелеу, жаңа дәуірдің биік тұлғаларын жасау — міне, «Майдан» драмасының алды- на қойған мақсаты осындай. Драматургтың өрелі ойла- рын іске асыратын ұнамды геройлары — ауыл кедейі До- сан, аудандық партия комитетінің хатшысы Махмудов, жергілікті советтің председателі Зәуре, ауылдық партия ұйымының хатшысы Орынбай. Бұлар революцияға әр түрлі тағдырмен, әр жаста келген адамдар. Бірақ осы- лардың бәрін де бір арнаға әкеп құятын заңғар биік мақсат бар. Ол — қанау атаулыкы түп тамырымен жой- ған, кедей, жалшы атаулыға теңдік берген қоғам орнату үшін күрес. Бейімбеттің жағымды геройлары берік идеал үшін жүргізген күресте нығайып, өсу үстінде көрінеді.

Досан — революциядан бұрынғы өмірі жалшылықпен, жоқшылықпен өткен тақыр кедей. Білімді тек Совет өкі- метінің тұсында ғана алып, алдағы өмірдің мәнісін ұғынып, біржолата күрестің туык ұстайды. Деген- мен, әдепкі кезде Досан байлардың, кулактардың зұлым істерінің байыбьіна тереңдеп бара алмай да жүреді. Бұл оның тәжірибесіздігінен еді. Біздіңше, Досан ‘образын автор өте дұрыс шешкен. Олай дейтініміз, білім жоқ, ре- волюциялық күрес тәжірибесін әлі де игермеген батрақ- ты бірден белсенді дәрежесіне көтерсе, жазушының мұ-

 

нысына оқушы сенбеген болар еді. Драматург, керісінше, жаңа өмірге Досанды біртіндеп араластырып, үнемі өсу үстінде суреттейді де, оны қайраткер дәрежесіне дейін көтереді. Қешегі батырак, бүгін сөйтіп, үлкен шаруашы- лықтың — колхоздың председателі боладЫ. Бул — өмір- дің шындығы еді.

Шығармада Махмудов, Орынбай секілді партия өкіл- дерінің образы да жасалған. Бірақ бұл аталған герой- лар типтік характер дәрежесіне көтеріле алмаған. Оқушы олардың бойынан, іс-әрекетінен партия өкіліне тән қа- сиеттерді таба алмайды.

Зәуре — қазақ кыздарының ішінен тұңғыш шыққан кеңес белсенділерінің бірі. Зәуреге ұстамдылық, кез кел- ген жағдайда дұрыс қорытынды жасай аларлық пайым- дылық қасиет тән. Драматург Зәуре мен оның ері Әліш арасындағы қатынасты да қызықты штрихтармен беріп отырады.

Пьесада жаңа істің жетекшілерімен қатар, советтік қоғамды іштен шалуға тырысқан, бар куат, айла-әдісін зиянкаетікке арнағдн бір топ ұнамсыз геройлар бар. Олардың бәрі де кешегі теңсіз күннің өзіне жасаған қо- шеметін аңсаған үстем-таптың өкілдері — Бекболат, Кө- дебай, Мамық, Демесіндер әр түрлі айла әрекеттерге барудан тайынбайды. Өзіне тартар кедей топтан демеу де іздейді, момын, аңқау Әлішті Зәуреге талай айдап та салады. Бірақ мұның бәрі бос әуре еді. Сөйтіп, драма- тург шығарманың өн-бойында жаңалық атаулының ме- рейін үстем етіп көрсетеді.

«Жалбыр», «Біздің жігіттер», «Амангелді»—ұлт- азаттық көтерілісі, азамат соғысы тақырыбына арнап жазылған, тарихи шындықты суреттеген шығармалар. Бұның бәрі де кезінде қазақ театрының сахнасында қойылып, сыншылар тарапынан көп пікірлер тудырды.

«Жалбыр» (операға жазылған либретто) өмірде бол- ған көтеріліс басшысы, ерлігімен елді сүйсіндірген халық өкілі Жалбыр Құдайбергенов бастаған көтерілісті сурет- теуге арналған. Шығарма 1916 жылғы Июнь жарлығы- на қарсы бұқара халықтың кекті ызасын сыпаттаудан басталады. Жалбыр бастаған көтеріліс өз елінің болы- сын өлтірумен тынады. Сайым болысты талай жыл жал- шысы болған Қайрақбай өлтіреді.

Шығармадағы көтеріліс саяси мәнге ие бола алмай, өштікпен кек алудың, наразылықтың төңірегінде қалған. Олай дейтініміз, өзі бастаған қол болысты өлтіргенде, Жалбыр Қыдырдың шаңырағын ойрандағанына ырза бо-

 

лып, соған қанағаттанады. Рас, қарусыз қол қарулы патша әскерлерінен жеңіліп, інісі Елемес пен келіні Қа- диша оққа ұшқан кезде қатты жараланған Жалбыр қай- тадан кектеніп, жалынды сөздер де айтады. Бірақ ол сөз күйінде қалып қойған.

«Жалбырмеһ» тақырыптас драма «Біздің жігіттер», Мұндағы Жалбыр тек қана кек іздеуші емес, саяси көте- рілістің басшысы дәрежесінде көрінеді. Драма қазақ арасындағы азамат соғысының бір кезеңін суреттейді. Мұндағы көтеріліс таптық сипат алған. Шығармаға негіз болған тартыс бір жағы кедей табы, қызылдар мен екін- ші жағы ақтар, арасындағы тартысқа құрылған. Шу дегенде-ақ, Қазақстан жеріне кірген патша жендет- тері — ақ гвардияшыларды қошаметшіл бай тобы қуа- нышпен қарсы алса, Жалбыр бастаған бұқара халықтың оларға кекпен аттанғанын көреміз.

Драма қазақ кедейлері мен жұмысшы табының дос- тығын жақсы суреттеген. Тағдыры туыстас орыс, қазақ халқының көтерілісіне мұнда Ефим сияқты саналы орыс жұмысшысы саяси басшылық етеді. Шығарманың ең бір құнды қасиеті де — осында.

Әдепкі кезде Алшынбай тұқымынан кек алуды ғана көздеген Жалбырды бірте-бірте өсу үстінде, отты күрес- тің ортасында көреміз. Бұқара көтерілісін басқаруды қолына алған Жалбыр драманың соңғы актілерінде ел ағасы, қолбасшы дәрежесіне көтеріледі. Ол Ақтан бас- таған болыстықты жойып, ауылда революциялық коми- тет құрады.

Қысқасы, «Біздің жігіттер»—халық көтерілісін, оның стихиясын, сол стихиялы көтерілістің серпінді күреске, азамат соғысына ұласқан кезеңін дәл суреттеген сәтті шығарма. Драманы тек Бейімбет творчествосының ғана емес, қазақ драматургиясының өскендігін айқындайтын, жаңа леп, жаңа характерлер әкелген табысты шығарма деуге әбден болады.

Б. Майлиннің азамат соғысы тақырыбына арнап жаз- ған шығармасының бірі —«Амангелді» (Ғ. Мүсреповпен бірігіп жазған) драмасы. Драма Торғай даласында Аман- гелді Иманов бастаған халық көтерілісін көрсетеді. Шы- ғарманың көптеген кейіпкерлері өмірде болған адамдар.

Патша самодержавиесіне, оның өкілдеріне қарсы ха- лық көтерілісін бастаған қолбасшы, даңқты қазақ ба- тыры — Амангелді Иманов. Драма осы Амангелді баста- ған көтерілістің сыр-сипатын ашуға арналған. Шы- ғармадағы Амангелді бастан-аяқ жау оғынан таймаған

 

батыр ретінде көрінеді. Амангелдіге, оның қольңіа саяси басшылық берген Әліби де революция рухында тәрбие- ленген партия қайраткері. Жау қолынан қапылыста Амангелді қаза тапқанда Қызыл әскерді бастап, же- ңіске апаратын да осы Әліби. Шығарма ре^олюция күші- нің жеңісімен аяқталады. Бірақ бұл жеңіс оңайға түс- кен жоқ. Ол үшін талай қан төгілді, реролюция маңызын түсінбеген халық санасын тәрбиелеу қйжет еді, қару-жа- рақ жетіспеді. Бірақ халық осы қиңіндықтардың бәрін жеңіп, ақыры, теңдік қоғамын орнатты.

Амангелді, Әліби бастаған азйттық күресінің Анто- нов сықылды жаулары оңайлықпен берілетін жау емес- ті. Олар — айлакер, сұм істердің иесі. Коммунист атын бүркеніп жүрген Қәрім секілді сатқынды Амангелді от- рядының өзіне айдап салып, іштен іріткі туғызады. Дра- мадағы Қәрім авторлардың табыспен суреттеген, шебер жасаған геройы. Бұл — Шекспирдің атақты Ягосы тәріз- ді екі жүзді, сұм адам. Бертінде қазақ әдебиетінде солар типтес геройлар жасалды. Біз мұны Ғабит Мүсреповтың «Қозы Қөрпеш — Баян сұлуындағы» Жантықтың, Зейін Шашкиннің «Тоқаш Бокин» романындағы Яшайло бей- несінен көреміз.

Аталған драма жайында көптеген сынның, пікірдің болғаны белгілі. Дегенмен, солардың дені шығарманың кемшілігін орынды атаған болатын. Негізінен, драма- ның сол кемшіліктері неде?

Біріншіден, қандай шығарма болмасын, оған тұтас сюжет керек. Драмада оқиғаны заңды даму жолымен баяндайтын сюжет жоқ. Оқиға, көбіне, бірімен-бірі қию- ласпай, бірінен-бірі дамымай жатады.

Екіншіден, драмадағы байланыс таппаған жер дауы, жесір дауы, ер құны, мектеп жайы, қыз тағдыры тәрізді мәселелер драманың бүтін өзегінен алыстатып отырады. Мұндай қисынсыз жамала берген қысқа көріністер оқу- шы көңіліне ұялап, есте қалатын характерлер жасай ал- майды. Драмада кесек, нанымды образдардың жасал- мауын осыдан деп ойлаймыз. Тіпті өмірде өжет, аты аңызға айналған Амангелдінің өзі тарихи шындықтан көш төмен шыққан. Мұндағы Амангелді тым кешірімді, жасық, тым ынжық.

Үшіншіден, шығармаға арқау болған конфликт жасанды. Ендеше, жасанды тартыс бұрын-соңды соны характер де, шебер шығарма да тудырып көрген емес. Өзінің мотивін таппаған тартыс екі таптың арасында

 

бітіспес күрес сыпатын аша алмаған. Кемшіліктің ең не- гізгісі де осымен байланысты айтылуға тиіс.

Төртіншіден, қазақ, орыс халқының күрес күндерінде табысқан, шыңыққан достығы өз дәрежесінде көрінбей қалған.

Бертінде жайүшылар драманы қайта өңдеп, соның негізінде көп кемшіліктерден арылтып, «Амангелді» де- ген атпен сценарижжазып, зкранға шығарды.

Жұртқа белгілі «Шұғаның белгісі» атты повесін ав- тор біраз өзгертіп, «Шұға» деген атпен сахнаға лайық- тап қайта жазған. ПоЬесте айтылатын жайдың бәрі де дерлік сақталған. Осы шығарманың жанры жайлы да бір сөз. Драматургияны біраз зерттеген ғалым Сейділдә Ордалиев «Шұғаның» жанрлық түрі жайында «Қазақ драматургиясының очеркі» (1964 ж.) деп аталатын мо- нографиясында былай депті: «Шұға» пьесасының басты геройы Шұға да махаббат бостандығын аңсаған, сүйге- ніне қосылуды арман еткен жастың бірі. Ол сүйген жі- гіті Әбішке қосылу арманын орындай алмай, қайғы-шер- ден қаза табады. Бұл жағынан алып қарағанда пьесаны «Трагедия» десе де боларлық: өйткені басты герой арманына жете алмай қайғылы жағдайда қайтыс бола- ды, өз ортасының әдет-ғұрпына қарсы тұрады. Дегенмен пьесаны «трагедия» деуден гөрі трагедиялық элементтері бар пьеса деген дұрыс сияқты. Өйткені жалғыз Шұға- ның басында болған қайғылы оқиға үшін пьесаны «тра- гедия» деп атауға әлі жеткіліксіз» (99-бет).

Біздіңше, бұл дұрыс емес. Біз алдымен автор нені көрсеткісі келді, нендей мақсатпен жазды деген мәселені дұрыс ұғып алуымыз керек. Қазақ халқының өткен ға- сырларынан қыз басына түскен қасіреттің мехнатын көреміз. Уылжыған жас қызды қалталы, малды байдың қанжығасына байлап беру; көрмеген-білмеген адамына зорлап беру — теңсіздік қоғамының тамырын терең жай- ған әділетсіз салты болатын. Осьі теңсіздікті, басқа жазушылар сияқты Бейімбет те бүкіл творчествосына арқау етті. Біз «Шұғадан» сүйгеніне қосыла алмай құ- салықпен қаза тапқан, дегеніне жете алмаған қазақ қьізын көреміз.

Трагедия деп аталатын драматургияньщ бұл түрінде геройлардың түгелдей қайтыс болуы шарт емес. Тіпті шығарманың бас кейіпкерлері түгел өлген күннің өзінде де трагедия деп атауға тұрмайтын шығармалар болуы мүмкін. Гәп, біздіңше, басқада. Жазушы өз шығарма- сында халық өміріне таңба басқан теңсіздікті көрсете

 

алды ма? Көрсете алса, қалай көрсетті?— дегйн мәселе тұрғысынан алу керек. Драматург «Шұғадауфеодалдық қоғамның ауыр салты — әйел теңсіздігі мәселесін көрсе- туді мақсат еткен де, соның бүкіл шындьлғын, ауыр қа- сіретін оқушыға жеткізе білген. Шығаріуаның соңында Шұға сол ауыр дерттің құрбаны боладьі. Автор шығар- масында феодалдық заманның ауыр і^асіретін көрсетті. Оны қалай көрсетті, дәл жеткізе алды ма?—деген мәсе- ле өзінше бөлек. Сондықтан, «Шұғаны» жанрлық жағы- нан алып қарағанда, оның трагедия’ екендігіне шүбә кел- тірудің қажеті жоқ.

«Шұға» еркін махаббатты, жастар арманын суреттей- ді. Ауыл мұғалімі Әбіш бай қызы Шұғаға ғашық бола- ды. Бірін-бірі қатты ұнатысқан екі жас адал махаббат- тың алыс армандарын аңсайды. Бірақ араға Шұғаның әкесі Есімбек түсіп, қызын өзі секілді дәулетті адам Ережеп байдың баласы Қарасай дегенге ұзатуды көк- сейді. Әке үкіміне қарсы шығуға еркі жоқ Шұға сүйгені Әбішке қосылып, ойдағыдай өмір сүре алмас халді түсі- неді де, қайғы-шермен қажып, ақырында дертке ұшы- рап, құсалықпен қаза табады. Бұл сол кездегі өмірдің ез шындығы болатын. Сүйгеніне қосылу, сөйтіп бақытты өмір сүру ол уақытта тек жүзеге аспас жырақ арман ғана болатын.

Дерт күйігі бойды дендеп, өлер алдында Шұға сан- дырақтап, жарық дүниеден сүйгені Әбішін іздейді де. Амал не, іздегенмен таппайды.

Трагедиядағы ауыр хал, қыз басындағы қайғы-қасі- рет жалаң суреттелмей, әлеуметтік сипат алады. Автор сол арқылы өмір тартысын, қоғамға тән типтік жағдай- ларды аса білгірлікпен дәл жеткізген.

Қоғамға, өмірге деген көзқарастарымен, бүкіл қимыл- әрекеттерімен шығарма геройлары екі топқа бөлінеді. Бір жағы әділет атаулыны аңсаған Шұға, Әбіш, Қабен, Қәрім, Мақпал секілді ұнамды кейіпкерлер мен дөрекі күштің иелері Қарасай, Есімбек, Ережеп, Айнабай, Шоқ- парбайлардың арасында өмір үшін, махаббат үшін ты- нымсыз тартыс жүріп жатады.

Шұға — жас кезінде ерке өскен, көрікті қыз, адал махаббат иесі. Ол Қарасайдай бай ұлының тасыған дәу- летіне қызыққан жоқ. Бұған Шұғаның адамгершілігі, ары жібермеді. Ол өзінің бар өмірін таза махаббатқа арнап, жарық дүниеден сол адалдығымен, асыл арман- дарымен аттанды.

 

Әбіш -г Шұға армандаған жігіт. Оның бүкіл әрекет- тері де Шұғаға косылудың айласына арналады. Әбіштің кейде халықты көтеріліске шақыратыны да бар. Бірақ автор ұранды сөздерді Әбіштің аузына сала салған тә- різді. Өйткені, ол ұрандарға халықтың ере қоюы да, оған оқушы жұртшылықтың сене қоюы да қиын.

Дегенмен «Шұға» Бейімбет творчествосындағы тәуір туындының бірі болып есептеледі.

Бейімбет Майлин — өзі жасаған туындылармен қа- зақ драматургиясын қалыптастыруға ат салысқан, әсі- ресе оның комедия саласында еңбек еткен жазушы. Бейімбеттің қай пьесасы да қайнаған өмірдің дәл орта- сынан алынып, ондағы геройлар автор өмір сүрген дәуірдің сырын оқушы алдына өз бояуымен жайып отырады.

Бейімбет шығармаларының тілі де әсерлі, қарапайым келеді. Оның қай шығармасында да оқушыны күлкіге кенелткен юморға толы, жылы, әдемі диалогтарды жиі кездестіруге болады. Бейімбет пьесалары автордың өзін толғантқан жайларға арналды да, қоғам өміріндегі өзекті мәселелерді көтерді. Б. Майлин шығармаларын- да кемшілік жоқ дей алмаймыз. Бүгінгі драматургия- ның биік талабы тұрғысынан алып қарағанда, Бейімбет пьесаларының қай-қайсысы да олқылықтан құр алақан емес екендігі байқалады. Жазушының кейде өзі көрген, байқаған нәрселерді түгелдей шығармасына енгізе бере- тіні де бар. Бейімбет пьесаларының кемшілігі өмірді білмеуде емес, әлі де жаңа-жаңа қалыптасып келе жат- қан драматургияның бүкіл задын, дәстүрін толық мең- гере алмағандығына байланысты еді. Әйткенмен, Б. Май- лин шығармаларының кезінде үлкен қоғамдық роль атқарғаны, қазақ драматургиясын қалыптастырып, оны өсіру жолында орасан ықпал жасағаны даусыз. Бейім- бет Майлиннің қазақ драматургиясын қалыптастырып, дамытудағы ролі де, міне, осында.

 

0

Автор публикации

не в сети 1 год

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля