Демеуліктер

16 мая, 2018 18:19

 

Демеуліктер — өз шылауында тұрған сөздерге эртүрлі грамматикалык мағына, реңк үстейтін сөздер. Олар модальдык — экспрессивті сипаты зор, семантикалык мүмкіндігі мол сөздер. Апа сіздің де бір жас иісті сүйетін кезіңіз болды — ау (Мұканов ). Дүниеде жаман да көп те, кызық та, ермек те көпте, бастапкыда кім шыдайды, соңғыга кім азбайды (Абай). Демеуліктердің білдіретін мағыналары сан алуан. Олар өзі катысты сөздерге я сөйлемге сұраулық, шектік, нактылык, күшейту, тежеу, болжапдык, күмэн сиякты грамматикалык иагыналар үстейді. Демеуліктер негізгі сөзге үстейтін магыналарына карай бірнеше топқа бөлінеді:

I Сұраулық демеуліктер: ма, ме, ба, бе, па, пе, ше ;

  1. Күшейтпелі демеуліктер: -ак, -ай, -ау, эсіресе, да де, та, те ;
  2. Шектеу (тежеу) демеуліктері: ғана (кана), тек, -ак;
  • Болжалдык демеуліктер: -мыс, -міс, -ау;
  • Болымсыздық, карсы мэнді, салыстыру мағынасындагы демеуліктер: түгіл, тұрсын, түрмак. құрылым;

б.Нақтылау мэнді демеуліктер: кой\ғой, -ды\-ді, ты-\ті;

2 Қомсыну мэнді демеуліктер: екен.

Сұраулық демеуліктер

Сұраулык демеуліктер көбіне баяндауыш күрамында келіп, сүраулык магына беред; А) ма,ме, ба,бе, па, пе; демеуліктері есім сөздерге, үстеуге, етістіктерге тіркесіп колданылып баяндауыш кызметіндегі сөз кұрамында болады.

Ардацты атың шьщңан қан майданда, Атамас атагыңды таңдай бар ма? (Жамбып) -ган ба еді, -ган бе екен, а ма екен, — ып па еді тұлгалы етістіктермен бірге жұмсалганда сұраулык демеулігі негізгі сөз бен көмекші сөз ортасында қолданылады. Бір сорды бір со[>г„ қосқанда ырыс туа ма екен? (Мусірепов).

Сұраулық демеуліктер ма-ме, ба-бе, -па-пе баяндауыш кызметінде жұмсалған II жақ жіктіц жалгауымен катар келгенде, түбір мен жалгаудың арасына кірігіп кетіп, мы\мі, бы\бі, пы\п болып өзгеріп кетеді. Әуелі өзің қаруын қайтарлық қартаюга жетемісін. жоқ па? (Абай). І Баяндауыш қызметінде жұмсалған болжалды келер шақ есімшеге тіркесіп лепті сөйлем кұрамында кездеседі. Бүгінгі күні қазақ халқы қандай тұрмыста тұратынын, қалай еңбеч ететінін көрерме еді солар? (Мүсірепов).

Де көмекші етістігі аркылы жасалған күрделі етістік құрамында келіп, -ма,- ме сұраульіқ демеуліктері болжалдык мағына үстейді: келе ме деймін? Болар ма екен деп (дэмеленіп еді). Ше сұраулық демеулігі есім сөздермен, үстеумен, етістікпен тіркесіп келіп сұраулық мэн береді. — Бозбалалар неге өлең айтпайды? — Қыздар ше? (Майлин). — Билер ше? Бидің бэрі жемтік емес пе? (Әуезов).

Күшейткіш демеуліктер

Күшейткіш демеуліктердің қатарына — ак, -ау, -ай, эсіресе, да/де, та/те шылаулары жатады. Күшейткіш демеуліктері сөйлемге, айтылған ойға күшейту мэнін косу үшін қолданылады. Өлеңге әркімнің- ақ бар таласы (Абай). Жарасбай әсіресе, мол шыгынмен, әупіріммен орнында қалды (Әуезов).

-ак демеулігі — тілде жиі колданылатын шылаулардын бірі. Бұл шылау өзіне катысты, ягни есім сөздерге, үстеу сөздерге тіркесіп, олардың мағынасын күшейту немесе ой екпінін түсіру үшін жұмсалады. Күшті -ақ екен, жарықтық! (Жароков). Сүйемін туган тілді, анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім (Торайгыров).

-ай демеулігі адамның эр түрлі көңіл-күйін білдіру үшін қолданылады, көбіне аяу, таңырқау мэнінде колданылады. -ай демеулігі зат есім мен сын есімдерге тіркесіп, окшау сөз ретінде қызмет аткарады. Сары алтын, сопы меруерт, қарагым-ай (Ақан Сері).Таласпа, жаным-ай, қолыңнан келмеске (Абай). Жамандар өтірікші өсегі көп, Ел-жұрттың іріткі салар арасында-ай! (Сүйінбай).

-ау демеулігі есім сөздермен, етістік, одагай сөздермен тіркесіп, куану, ренжу, күйіяу мағыналарын үстейді.Далші апарамыз, қарагым-ау, біздің қолымыздан не келеді (Мүсірепов). Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат қызықмол жылдар?! (Абай).

Әсіресе демеулігі сөйлемге күшейткіш мағына үстейді. Әсіресе қолқабыс ететін адамдарыңызга риза болдым (Мүсірепов). Әсіресе өзінің атын ататтыргысы келмейтін сияқты (Сонда).

да/де, та/те демеуліктері өзі тіркескен сөздерге күшейту мэнін косу үшін колданылады.

Багың өскенше, тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің… (Абай). Арманын да, азабын да, қуаныш, қайгысын да әнге сыйдыра білген, айналайын елім-ай (Мақатаев). Жылататын да. жұбататын да — сөз (Момышұлы).

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля