Жүсіп Хас Хажиб Баласағүн

2 декабря, 2017 18:58

XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне мәшһур болған данышпан-ойшыл, энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам қайраткері.Жүсіп Баласағүн өз замандастарына және өзінен көп жылдар кейін өмір сүрген үрпақтарға орта ғасырдың атақты ғалымы, дәлірек айтсақ, табиғаттану, риезиет (ма- тематика), фәләкият (астрономия), тарих, араб-парсы тіл білімі, т. б. толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғүлама-ғалым ретінде жақсы мәлім болған.

Әйтсе де Жүсіптің есімін әлемдік әдебиет тарихына мәңгілікке өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір әдеби мүрасы — «Қүтадғу біліг» («Қүтты білік») дастаны. Бүл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихы, қоғамдық саяси-өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғүрпы, сенімі, т. б. жөнінде аса қызықты, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды.

Жүсіп Баласағүнның өмірі туралы мәлімет мүлдем аз сақталған. „Қүтты білік» дастанының авторы жөнінде бірен-саран деректер осы шығармаға бірі қара сөзбен, екіншісі өлеңмен жазылған алғы сөздерінде бар. Бірақ бүл алғы сөздерді Жүсіптің өзі емес, кейінірек дастанды көшірушілердің бірі жазған болса керек.

Жүсіп Баласағүн өз өмірі мен ақындық қызметі жай- ындағы кейбір деректерді „Қүтты білік» дастанының соңғы үш тарауында қысқаша түрде, үстірт қана әңгіме етеді. Міне, ақынның осы өзі жазған мәліметтерге қарағанда, Жүсіп Баласағүн орта ғасырда Қарахан әулеті билік жүргізген мемлекеттің бір кездегі астанасы Бала- сағүн шаһарында туылған. Академик В. В. Бартольдтың пайымдауынша, Баласағүн қаласы Жетісу өңірінде, Шу өзенінің бойындағы Тоқмақ қаласына жақын жерде болған.

Сол кездегі түркі тілдес тайпалардың мәдени өмірінде Қашқар қаласы да зор рөл атқарғаны мәлім. Ақынның „Қүтты білік» дастанын Баласағұнда бастап, Қашқарда аяқталуы кездейсоқ жәйіт емес. Бүл дастанға қара сөзбен жазылған кіріспеде ақын: „Бүл кітапты жазған кісі Бала- сағүнда туылған… осы кітапты Қашқарда жазып бітіріп, шығыстың әміршісі Табғаш Қара Бограханға тарту еттім» дейді.

Ақын Жүсіп Баласағүн „Қүтты білік» дастанын хижра есебі бойынша 462 жылы, яғни жаңаша жыл санау есебі бойынша 1070 жылы жазып бітірген. Бүл жөнінде автор- дың өзі дастанда (6495 және 6623-бәйіттер) екі рет ес- кертеді. Бүл көлемді дастанды он сегіз айда жазып бітіргенін автор шығарманың мәтінінде өзі айтады. Жүсіп Хас Хажиб бүл еңбегін жасы егде тартып қалған шағында жазғаны белгілі. Ақын өзі туралы айта келіп: „Елуге де кеп қалдық… Бір кезде қара қарға едік, аққуға аппақ айнал- дық» (364—365-бәйіттер) дейді.

Сөйтіп, осы шығарманы үзақ жылдар бойы зерттеген ғалымдардың есебі бойынша, Жүсіп Баласағүн өз даста- нын шамамен елу төрт жасында жазып бітірген. Демек, ақын 1015—1016 жылдары туылған деп шамалаймыз. Ал, 1070 жылы ол „Қүтты білікті» жазып болып, сол жы- лы оны „хандардың ханына» тарту еткенін жоғарыда айт- тық. Бүл тартуға риза болған Бограхан ақынға Үлы Хас Хажиб „бас кеңесшіміз» немесе, „үлы уәзір» (патша са- райындағы қызметкерлердің басшысы) деген жоғары атақ береді.

Ақын „Қүтты білікте» қандай адам, „үлы хас хажиб» болып істеуі мүмкін деген сауал қойып, оған өзі егжей- тегжейлі жауап айтады. Үлы Хас Хажиб — әмірші-патша- ның көрер көзі, естір қүлағы, ол мемлекет заңдары мен сол елдің әдет-ғүрпының дүрыс орындалуын қадағалап отырады. Ал үлы уәзір — қазына ісін басқарушы адамға, сарайда қызмет ететін хат көшірушілер мен қол өнершілерге патша атынан әмір береді, елшілерді қабылдап, шығарып салып отырады, ресми түрдегі салта- натты жиындардың заңға сәйкес өтуін қадағалайды, әрі кедейлер мен жетім-жесірлердің арызын тыңдап, оны эликбекке, яғни Табғаш Қара Бограханға жеткізіп отыруы тиіс. Бүған қарап, Жүсіп Баласағүнның патша сарайында қандай қызмет атқарғанын ғана емес, сонымен бірге ақын „Қүтты білікте» өзіне өте жақсы таныс мәселелерді мейлінше терең біліп барып жазғанын да аңғарамыз.

Автор өз шығармасының кіріспесінде дастанның қайсы тілде жазылғаны туралы айта келіп, былай дейді:

Әрәбчә тажікчә китабләр укуш,

Бізніңг тілімізгә бу иумғи оқуш.

Мазмүны:

Арабша, тәжікше кітаптар көп,

Ал, бүл — біздің тіліміздегі түңғыш даналық жинағы.

„Біздің тіліміз» деп ақын түркі тілін айтып отырғаны мәлім. Сондай-ақ бүл дастанға қарасөзбен жазылған кіріспеде шығарманың тілі жөнінде айтылған мынадай пікір бар: „Шығыс елдерінде, бүкіл Түркістан ха- лықтарында түркі сөздермен, бограхан тілінде жазылған бүдан артық» кітап жоқ. Табғаш Қара Бограхан әулеті Қарахан мемлекетіндегі билік жүргізген дәуірде кеңінен тараған жазба-әдеби тіл кезінде „бограхан тілі» деп те айтылған.

Сонымен, „Қүтты білік» дастанының тілін қазіргі түркі тілдерінен қайсы тобына жатқызуға болады деген сауал туады. Бүл жөнінде бүгінгі түркология ғылымында әртүрлі пікір айтылып келеді. Мәселен, С. Е. Малов „Қүтты білік» көне үйғыр тілінде жазылған десе, А. М. Щербак қарлүқ тілінде, Г. Ф. Благова дастандағы сөздердің талдану сипа- тына қарап, бүл шығарма қарлүқ-қыпшақ тілінде жа- зылған деген қорьггынды жасайды.

Ал біздің ойымызша, қалай болған күнде де Жүсіп Ба- ласағүн өз дастанын сол кезде Қашқардан бастап, сонау Амударияға дейінгі үланғайыр өлкелер мен уәлаяттарды өзіне қаратқан Қарахан мемлекетінде өмір сүрген түркі тайпаларының бәріне бірдей түсінікті, ортақ әдеби тілде жазғаны даусыз. Оның үстіне, есімі күллі әлемге мәшһур шығыстанушы-ғалым В. В. Бартольдтың: „Қарахан елінің азаматтары өздерін үйғыр деп атаған емес, Жүсіп Бала- сағүн үшін өзі жазған тіл үйғыр тілі болған емес» деген әділ пікірін үмытпау керек.

Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның „Қүтты білік» даста- нының бүгінгі күнге дейін сақталып жеткен үш нүсқасы бар.

Біріншісі, Вена нусқасы, оны Герат нусқасы деп те атайды. Бүл қолжазба қазір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы түр. Сол үшін оны Вена нүсқасы дейді. Ал, дәл осы қолжазбаны Герат нүсқасы деуінің се- бебі, бүл қолжазба 1439 жылы Герат шаһарында көшірілген екен. Оны үйғыр әрпімен көшірген адамның есімі — Хасен Қара Сейіл.

Дастанның осы Вена (Герат) нүсқасының тағдыры қызық. Бүл қолжазба әлде кімдер арқылы Гераттан Түркияға жеткізіледі. Ал, 1474 жылы „Қүтты білік» қолжазбасын біреу сатып алып, Ыстанбүлға әкетеді. Ара- дан үш жүз жылдай уақыт өтеді. 1796 жылы Австрияның белгілі ғалымы Иосиф фон Хаммер-Пуршаль Ыстанбүлда дипломатиялық жүмыста жүрген кезінде біреуден осы қолжазбаны сатып алып, оны Венадағы Корольдік кітапханаға сыйға тартады.

Екіншісі, Каир нуск,асы. Бүл қолжазба араб әрпімен көшірілген. Оны Каирдағы бір кітапхананың сирек кезде- сетін қолжазбалар қорынан 1896 жылы неміс ғалымы Б. Мориц тапқан. Белгілі орыс ғалымы В. В. Радлов Петер- бург Ғылым академиясының Азия Музейі үшін Каир нүсқасының бір данасын көшіртіп алады.

Үшіншісі, Наманган нусқасы. Оны 1913 жылы А. 3. Ва- лидов Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан еді.

Өзбек ғалымы Каюм Каримов Наманган нүсқасы бой- ынша үзақ жылдар бойы зерттеу жүмыстарын жүргізді. Сөйтіп, 1971 жылы дастанды қазіргі өзбек әрпі негізінде транскрипция жасап, оны ғылыми сипаттамасымен бірге жеке кітап етіп басып шығарды.

Әрине, жоғарыда аталған үш қолжазбаның әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, яғни әрбір қолжазбаның өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан ғалымдар үш нүсқаны да өзара салыстыра зерттеп, „Қүтты біліктің» ғылымға негізделген толық мәтінін жасап шығу үшін көп еңбек сіңірді.

„Қүтты білік» дастаны жөнінде тұңғыш рет баспасөз бетінде хабар беріп, оның нүсқасының бір бөлігін 1823 жылы „Азия журналында» бастырып шығарған ғалым француз Жауберт Амадес болды.

Бүл істі кейінірек венгер ғалымы Герман Вамбери қолға алды. Ол дастанның бірнеше тарауын транскрипция- лап, неміс тіліне аударды, оған түсінік беретіндей сөздік жасады. Соның бәрін қосып, 1870 жылы „Қүтты білікті» жеке кітап етіп шығарды.

Әйтсе де мүның бәрі әлі алдағы үлкен жүмыстардың бастамасы ғана еді. „Қүтты білікті» кең көлемде зерттеу, оны басқа тілдерге аударма жасау саласында келелі істер тындырған академик В. В. Радлов болды. В. В. Радлов бүл шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен жи- ырма жыл бойы (1890—1910) айналысты. Дастанның бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, баспасөзде шетінен жариялай бастады. Алайда осы кезде „Қүтты біліктің» бүрын белгісіз болып келген Каир қолжазбасының табы- луына байланысты В. В. Радлов шығарманы неміс тіліне аудару және кітап етіп шығару жүмыстарын уақытша тоқтатып қойды. Өйткені алдымен Каир нүсқасының ерекшеліктерін зерттеп біліп алу қажет еді.

„Қүтты білік» дастанын әдебиеттану, тіл білімі, тарих ғылымы түрғысынан зерттеуге С. Е. Малов, Е. Э. Бертельс, А. Валитова, К. Каримов, С. Муталлибов сияқты ғалымдар мол үлес қосты.

Қазақтың белгілі ақыны, әрі әдебиет зерттеушісі Асқар Егеубаев „Қүтты білік» дастанының қазақ әдебиетінің дамуына идеялық-көркемдік әсері» (Дәстүр, поэтика және аударма мәселелері) деген тақырыпқа ғылыми еңбек жазды. Сондай-ақ ол ақын ретінде „Қүтты білік» дастанының түпнүсқаға мейлінше жақын поэтика- лық аудармасын жасап шықты.

„Қүтты білік» дастанының басты идеясы төрт принцип- ке негізделіп жазылған. Б і р і н ш і с і, мемлекетті дүрыс басқару үшін қара қылды нақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді.

Е к і н ш і с і, бақ-дәулет, яғни елге қүт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі дастанда патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған.

Ү ш і н ш і с і, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғам- дық рөлі уәзірдің баласы Үғдулміш бейнесінде жырлана- ДЫ.

Т ө р т і н ш і с і, қанағат-ынсап мәселесі. Бүл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Одгурміш бейнесі арқылы әңгіме болады.

Композициялық қүрылысы жағынан дастан 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) түрады. Бүл— 13.000 өлең жолы деген сөз. Соның бәрі 85 тарауға бөліп берілген. Шығарманың негізгі бөлімдері екі жолдық месневи түрінде жазылған.

„Қүтты білік» дастанының сюжеті де автор алға қойған дидактикалық міндеттерге, яғни шығарманың әділдікгі, бақдәулетті, парасатты, қанағатты бейнелейтін төрт қаһарманның іс-әрекетіне тікелей байланысты етіп қурылған. Дастанның сюжеттік желісі мейлінше қарапайым болып келеді.

Күнтуды деген патша өзінің әділ саясатымен жер- жаһанға есімі мәшһүр болады. Қүдіретті де, әділ патшаның атақ-даңқын естіп, оған іштей тәнті болған Айтолды деген данышпан сол патшаны іздеп алыс жолға аттанады. ¥зақ сапарда көп қиыншылықтарға үшырап ақыры Күнтудыны іздеп табады. Патша алдымен Айтолдыны жан-жақты, әбден сынап көреді. Ақыры оны патша өзіне уәзір етіп алады. Патша енді мемлекеттің барлық істерін уәзіріне сеніп тапсырды. Айтолды уәзір кезінде ел-жүрттың жағдайы жақсарып, бақ-дәулеті арта түседі.

Жазылмас дертке шалдыққан Айтолды күндердің күнінде жарық дүниемен мәңгілікке қоштасады. Уәзір ажал төсегінде жатып, Күнтуды патшаға және жастай қалып бара жатқан баласы Үғдүлмішке өсиет-уағыз айта- ды. Арада талай жылдар өтеді. Үғдүлмүш ер жетіп, Күнту- ды патшаның қарамағына қызметке кіреді. Ол жас та болса, аз уақыттың ішінде-ақ өзінің іскерлігімен, білгірлігімен, адамгершілігімен көзге түседі. Бірте-бірте ол әкесінің орнын басып, патшаның ең жақын сенімді адамы болады. Патша енді мемлекет істерін соған тапсырады. Үғдүлмүш ел басқару ісін әкесінен де жақсы жүргізеді. Ел-жүрттың бақ-дәулеті еселеп артып, ол басқарған мем- лекет жайқалған гүлстанға айналады.

Бір күні патша онымен әңгімелесіп отырып, Үғдүлмішке көмекші болуға жарайтындай білгір, іскер адам керектігін айтады. Сонда Үғдүлміш іске әбден лайықты бір туысқаны бар екенін ескертеді. Ол адамның аты Одгүрміш екен.

Патша Үғдүлмішке қалайда сол кісіні тауып, маған ертіп әкел деп өтініш жасайды. Үғдүлміш көп іздеп, ақыры Одгүрмішті табады. Бірақ ол бүл өмірдің бар қызығынан безіп, тәркі дүние жолына түскен дәруіш болып, тау кезіп кеткен екен. Дана-дәруіш бес күндік пәни өмірдің күйбең- тіршілігіне қайтыгі оралғысы келмейтінін айтып, патша са- райындағы жоғары лауазымнан, абырой-атақтан, дүние-мүліктен бас тартады.

Патша Үғдүлмішті үш рет жүмсап, Одгүрмішті сарайға қайта-қайта шақырады. Бірақ дәруіш патша сарайына бар- майды. Күнтуды үшінші мәрте шақыртқанда дана-дәруішті қызметке емес, менімен жай әңгімелесіп, қонақ болып кетсін, бізге өсиет-ғибрат айтсын деп сәлеп айтады. Сонда ғана Одгүрміш патшаға келеді. Екеуі үзак, сүхбат қүрады. Бір-біріне сүрақ қойып, оған жауап береді. Содан кейін Одгүрміш қайтадан дәруіш дорбасын асынып, тауға қарай кете барады.

Ақылы көл-көсір дәруінггің бұл қылығы Үғдүлмішті ауыр ойға салады. Адам жасы келіп, қолына таяқ үстағанда бүл өмірдің, күнделікті күйбең істерінен безіп, арғы дүниелік дәруіш болып кету керек пе? Әлде әркім өзінің ғүмыр бойы жасап келген жүмысын өле-өлгенше істей бергені жөн бе? Үғдүлміш осы сауалға жауап таппай дел-сал болады. Ақыры ол таудың бір үңгірін мекен еткен дәруіш — Одгүрмішке барады. Дәруіш оған: „Бүл өмірде адамдар үшін еңбек ету сауап іс, сондықтан өз міндетіңді бүрынғыша адал атқара бер»,— деп кеңес береді. Үғдүлміш оған ризалығын білдіріп, өз қызметіне қайтып оралады.

Жылдар жылжып өте береді. Бір күні Одгүрміш ауыр науқасқа шалдығып, Үғдүлмішті шақыртады. Ол келеді. Дәруіштің жазылмас кеселге үшырағанына Үғдүлміш қатты қайғырып, өзегі өрттене күйіп-піседі. Ақыры Одгүрміш дүниеден өтеді. Ал, Үғдүлміш өз ісін одан әрі жалғастыра береді. Дастанның хикаясы осымен бітеді.

Әрине, „Қүтты білік» дастанының мән-мағынасы бүл қарапайым сюжетінде емес. Мүндай сюжет дидактика- лық шығармаларда көмекші қызмет атқарады. Басқаша айтқанда, бүл дастанда көтерілген басты мәселе шығарма қаһармандарының басынан өткізген оқиғаларында емес, сол қаһармандар арқылы айтылатын автордың өсиет- уағыздары мен ғибрат сөздерінде, сүрақ-жауаптарында жатыр.

Шығарманың негізгі тематикалық бағыт-бағдарын ав- тор дастанның басты қаһармандарымен оқушысын таныс- тыру арқылы аңғартады. Мәселен, ел-жүртты басқарып отырған патшаның есімі Күнтуды болып, мүның өзі аллего- риялық түрғыдан әділдікті, шындықты бейнелеп көрсетуі тегін емес. Сондай-ақ патшаның уәзірі Айтолды да бақ- дәулеттің символы ретінде көрінеді. Шығармада аспандағы айдың дөңгеленіп, толуы — елдің бақ-дәулетінің кемеліне келгенін аңғартады. Үғдүлміш — ақыл-парасаттың бейнесі ретінде алынғаны бесенеден белгілі болып түр. Ал, Одгүрміш адам бойындағы қандай қасиетті бейнелеп көрсетеді? Мүны бірден түсіну қиын. Өйткені оны басқа қаһармандар секілді автордың таныстыру сөзімен емес, тек шығарма текстін оқып барып қана түсінуге болады.

Одгүрміш бейнесі — әрбір адам қолда барға қанағат ете білу керек деген қарапайым қағиданы аңғартады.

Сонымен, „Құтты білік» дастанының сюжеттік бөлімі негізінен шығарманың бас қаһармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, олардың бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Айталық, дастанның 14—20- тараулары Күнтуды мен Айтолдының өзара әңгімесі болып келеді. Ал, Айтолды мен Одгүрміш арасындағы сүхбат шығарманың 21—22-тарауларында баяндалады. Күнтуды мен Үғділміштің диалогіне автор дастанның 24—38 және 72-тарауларын арнаған. Бүдан кейін Үғдүлміш пен Одгүрміш (40—44,  46—67-тараулар), Күнтуды мен

Одгүрміш әңгімелері (70—71-тараулар), Айтолдының Күнтудыға жазған хаты (23-тарау), Күнтудының Одгүрмішке жолдаған екі хаты (39, 45-тараулар), Одгүрміштің Күнтудыға арнаған сәлем хаты (44-тарау) бо- лып келеді.

Қорыта айтқанда, „Қүтты білік» дастанын композиция- лық қүрылысы түрғысынан қарасақ, шығарманың әрбір тарауы белгілі бір моральдық, этикалық, философиялық, т. б. мәселелерге арналған. Соның өзінде автор шығарма желісін үзіп алмай, дастанның бір тарауын екіншісімен сю- жет арқылы шеберлікпен жалғастырып отырады.

„Қүтты білік» дегенде айтылатын „білік» формасының екі түрлі мән-мағынасы бар. Бірі — «білім», екіншісі — «билік ету”, „басқару». Ал, „қүтадғу» сөзінің негізі „қүт” сөзінен яғни „бақыт» екені мәлім. Сонымен бірге, „қүтадғу» сөзі „мәртебелі» деген мағынаны да білдіреді. Сондықтан В. В. Бартольд кезінде кітаптың атын орыс тіліне „Бақыт сыйлайтын білім» («Знание, дарующее сча- стье») немесе „Патшаларды ақылға шақыртатын білім» («Знание, образующее царей») деп аудару жөнінде үсы- ныс жасаған.

Ал, С. Е. Малов дастанды „Бақыт кітабы» («Книга сча- стья») яки „Бақытты етуші басқару» («Осчастливливаю- щее управление») деп аудару жөнінде пікір айтқаны мэлім. Зерттеуші А. А. Валитова „Қүтадғу білігті»— «Басқару туралы білім» («Наука об управлении») деп ауда- рады.

Бүл аудармалардың бәрі дерлік ішкі мән-мағынасы жағынан бір-біріне жақын деуге болады. Өйткені олар билік жүргізу хақында, түрлі әлеуметтік топтағы адамдар- дың өзара қандай қарым-қатынаста болуы керектігі жай- ында екенін аңғартады. „Қүтты білік» дастанын түңғыш рет орыс тіліне толық поэтикалық тәржіма жасаған С. И. Ива- нов бұл мәселеге өзінше келіп, дастанды — «Қүтгьі білік» («Благодатное знание») деп өте сәтті аударған. Өйткені бұл аударма Жүсіп Баласағұн дастанының негізгі идеясын айқын білдіріп тұр.

Сонымен, өз дәуірінің көкейкесті мәселелерін қоғамдық-әлеуметтік түрғыдан терең түсінген ғұлама- ақынның „Құтты білік» дастанында көтерген ең басты мәселелердің бірі — ел басқару мәселесі. Елді, мемлекетті қалай басқару керек? Ел басқаратын адамда қандай қасиеттері болуы шарт. Міне, автор осы сауалдарға өз за- манының оқыған, көзі ашық, ойшыл азаматы ретінде жау- ап береді.

„Қүтты білік» дастаны Қарахан әулеті үстемдік жүргізген орта ғасырдағы аса маңызды қоғамдық-саяси мәселелерге арналған. Жүсіп Баласағүн мемлекет пен пат- ша, әкімдер мен қарапайым халық, патша сарайының қызметкерлері, олардың қүқығы мен міндеттері, әкімдер мен қалың бүқара арасындағы қарым-қатынас туралы оқырманға ой салады.

Ақын ел басқарған патшадан бастап, аспазға дейінгі барлық хан сарайы қызметкерлерінің түр-сипаты, мінез- қүлқы, ақыл-парасаты, міндеттері, жауапкершілігі қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады.

Автор әңгімені әмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел- жүртты басқаратын адам — ақыл парасаты үшан-теңіз, ни- еті түзу, сөзі шырын, өнер мен білімге жетік, қолы ашық, пейілі кең, кек сақтамайтын болуы шарт. Білім мен өнер- ден қүралақан жандар әділ билік жүргізе алмайтынын айтады.

Жүсіп Баласағүн ел басқарған әкімдерді сол кезде хан сарайында кең тараған жаман қылықтардан сақтандырады:

Халыққа жақ, көңілі — тоқ, көзі тоқ,

Ойы — терең, тілі — майда, сөзі — шоқ…

Егер бегі қиянатшыл, сүм болса,

Халқы сорлап, күн көре алмас қүл да онша.

Зүлым күшпен бек үзаққа бармайды:

Күш — зорлыққа халық шыдап қалмайды.

Елді дана келсе үзақ билегің,

Заңды үстап, бүрсын елге бүйрегің!

Қара ішсе — малы желге үшады,

Ішкіш бектің — тозар елі қусады!

Алайда ел басқарған адам қанша зерек, қанша іскер болса да күллі мемлекетті, барша істі жалғыз өзі ойдағыдай басқара алмайды. Мемлекеттің күш-қуатын нығайтып, үлыстар мен кенттерді гүлдендіре түсу үшін әкімшілік нығайып, ел дәулеті еселеп артуы үшін патшаға істің көзін білетін адал, білімді көмекшілер керек. Ақын мүндай кемшіліктердің бірі — әміршінің кеңесшісі, оның көрер көзі, есітер қүлағы саналатын адамы, елдегі барлық істі қадағалап отыратын, уәзірі, ал екіншісі — ләшкербасы дейді.

Жүсіп Баласағүн уәзір мен ләшкербасының міндеттері, ел басқарудағы олардың атқаратын рөлі мен қоғамдағы орны туралы айта келіп, уәзір мен ләшкербасын бір аттың басына салынған жалғыз шылбырдың екі жақ тізгініне үқсатады. Бүлардың бірі — елді қалам-қағазбен басқарса, екіншісі — қылышпен жөнсіздерді жөнге салады:

Уазир ол, экінші сүбашлар әлем,

Бірісі қилыч тутти, бірі — қалам.

Бу эл бағын, өркі бү эккі түзер,

Бү эккі біріксә, аны кім үзар.

Мазмүны:

Бірі — уәзір, екіншісі — ләшкербасы.

Бірі — қылыш, ал екіншісі — қалам үстаған.

Бүлар — ел тізгіні, ал тізгіннің екі жағы бар,

Екеуін тең үстаса, оны ешкім үзе алмайды.

Ақын уәзір мен ләшкербасы қандай адамдар болу ке- ректігін сипаттап береді. Сондай-ақ ақын: есік ағасы (пат- ша сарайында болатын түрлі ресми салатанаттарды басқарушы адам), йалауач (елші), саркотиб (кеңсе қағаздарын жазатын адам), жүлдызшы (астролог-астро- ном), ағычы (қазына ісін басқарушы), ханса (аспаз), ізічі баши (шекер-шәрбәт жасаушы), тағы басқаларға қажетті игі қасиеттерді егжей-тегжейлі сипаттап жазады. Мәселен, ақын елші болатын адамдарға өте жоғары талап- тар қояды:

Елші ерекше, барлық елдің сарасы,

Артық біткен білім, ақыл-санасы.

Қүдайдьщ ең асыл қүлы — елшілер,

Ізгілерде ақылды, үлы — елшілер!

Талай ізгі істі солар тындырар,

Ақылымен жауыздықты сындырар.

Жасқау керек қиялымен жасынды,

Тілге шешен, болу керек ақылды.

Зерек біліп, сөздің тысын, ішін де,

Түзей алса, елдің бүзық ісін де.

Мейірімді болсын көңілі, көзі тоқ,

Қүлқы жақсы, мірдей үшқыр, сөзі — оқ.

Сүқ көзділер көзін ашып қарамас,

Ондай пенде елшілікке жарамас!

Көзі тоқ ер кедейлігін білдірмес,

Сабырымен сараңдарға ілдірмес.

Кітапты оқып, сөздің мәнін түсінсе,

Өлеңді үғып, ойды өлеңге түсірсе.

Жүлдыз танып, жори білсе түсті де,

Сөзі дәл кеп, емдесе оның үстіне.

Аңшы болса, ат қүлағында ойнаса,

Қүралайды көзден атып, қоймаса.

Тілін ашса-ақ, сайрап кетсе сан тілді,

Жазбаларды, білсе әріпті сан түрлі.

Елші ердің төрт қүбылысы тең болсын,

Елде — кісі, сыртта бүтін ел болсын!

Міне, Жүсіп Баласағүн елші болатын адамға осындай жан-жақты әрі жоғары талаптар қояды. Ақын дастанда идеал болатындай патшаны, автордың өз қиялынан, ха- лықтың қиялынан туған ел билеуші әділ әкімдерді арман- дайды. Солардың көркем бейнесін жасайды.

„Қүтты білік» дастанында ақын „елдің (яғни халықтың) әкімдерге» қоятын және „әкімдердің елге» қоятын талап- тарын ашып айтқан. Дастанда ақын ел билеген әкімге қарата мынадай сөздер айтады: „Ей, әкім, халықтың сенде үш түрлі ақысы бар, сен сол ақысын төле, сөйтіп, өз жа- ныңа жәбірлік жасама. Бүл ақының бірі: ақшаның нарқын көтеру, ақша қурамындағы алтын мен кумістің улесін арт- тыру әрі оның төмендеп кетпеуін қадағалап отыру. Тағы бірі: ел ушін сенімді, берік және әділ заңдар шығар, муны ел сенен кутеді. Үшіншісі: жолдарды қарак^шылардан, адам өлтірушілерден тыныш етіп, сақтай біл .

Бүл пікірлер ақын өмір сүрген дәуірде елдегі ішкі және сыртқы сауданың мейлінше өркендегенін көрсетеді. Ақынның әкімдерге қойған талаптарының екеуі (ақшаның нарқын арттыру және жолды қарақшылардан қору) ха- лықтың талап-тілегі болып шығады.

Сонымен бірге, автор әкімдер елге мынадай үш талап қоюға қүқықты деп есептейді: „Ей елдің көсемі, ха- лықтың өзіңе қойған үш талабын орындағаныңнан кейін, өзің де халықтан төмендегі үш нәрсені талап етуге қүқықты боласың: Б і р і — сен қандай жарлық (заң) шығарсаң да жүрттың бәрі оны сөзсіз тез орындауы ке- рек. Е к і н ш і с і — мемлекет салықтарын өз уақытында жомарттық пен мемлекет қазынасына тапсырып түрсын. Ү ш і н ш і с і — бүкіл халық досыңа — дос, дүшпаныңа — дүшпан болу керек».

Жүсіп Баласағүнның қоғамдық-әлеуметтік көзқара- сын әңгіме еткенде мықтап ескертетін аса маңызды бір жәйт бар. Елді надандық пен қатыгездік, үрлық пен маскүнемдік, қанағатсыздық пен әділетсіздік, опасыздық пен өтірік-өсек қара түнектей қаптап алған қилы заманда ақынның адамгершілік, әділет, қанағат, мейірімділік, оқу- білім, ақыл-парасат, т. б. жөнінде сөз қозғауының өзі про- грессивті қүбылыс болды.

„Қүтты білік» дастанының авторы кедейлер, аш-жа- лаңаштар, жетім-жесірлер, кемтар жандар туралы айта келіп, ел билеген әкімдерді шапағатты, мейірімді, жомарт, ынсапты болуға, мал-дүниесін мүқтаж жандарға үлестіріп беруге үндейді:

Иетим, етсүзүг йа тол толсақиғ,

Иа көзсүз, йа өлдрүм, йама ахсақиғ.

Мазмүны:

Жетімге, жесірге, үйсізге қарайлас,

Соқырға, қартқа, ақсақ-тоқсаққа көмектес.

Жүсіп Хас Хажиб Баласағүнның өмірге философия- лық көзқарасы Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу ибн Сина секілді орта ғасыр ақыл-ой алыптарының ықпалымен қалыптасқанын естен шығаруға болмайды. Рас, ақын өзінің ұлы үстаздары секілді материяның жаралуын руха- ни күшпен байланыстырып қарайды. Жүсіп Баласағүн са- на-сезімді, рухты бірінші орынға қояды.

Міне, осындай кезеңде Жүсіп Баласағүн: дүниеде адам зерттеп білмейтін нәрсе жоқ, адамның ақыл-парасаты қүдіретті, ол өмірдегі барлық нәрсенің мән-мағынасын түсінуге қабілетті деген пікір айтты. Мүның өзі сол заман үшін аса батыл, прогрессивті көзқарас еді.

Өз заманындағы сан алуан ғылым салаларын меңгерген ғүлама-ақын Жүсіп Баласағүн бүл өмірдегі барлық нәрседен де ғылымды жоғары қояды, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді тығыз байланыстырып қарайды. Қоғамда орын алған теріс қүбылыстардың өзін ол адамдардың білімсіздігінен, надандығынан деп біледі.

Ақынның білімді қаншалықты жоғары бағалайтынын дастанның атынан-ақ аңғару қиын емес. Жүсіп Баласағүн өз шығармасын „Қүтты білік» (немесе „Бақытқа бастаушы білім», „Берекелі білім», „Нүрлы білім» деп аударуға да бо- лар еді) деп тегін қоймаса керек. Дастанда оқу-білім, ғылым мәселелеріне арналған арнайы тараулар бар. Соны- мен бірге, ақын мемлекет, қоғам, ел басқарған әкімдер, мораль, этика, т. б. мәселелерге арналған тараулары да білімнің күш-қүдіретін ардақтап, ғалымдарды көкке көте- ре мадақтайды. Мысалы:

Ақыл — шырақ, қара түнді ашатын,

Білім — жарық, нүрын саған шашатын.

Ақыл болса, асыл болар — болса ер,

Білім кімде болса, бектік қылар — қылса ер.

Кісі үланы қара жерге қол салды,

Көтерді бәрін, білімін ол қолданды.

Ақылымен кісі асыл атанар,

Бекке ел ісі білімімен жасалар.

Талай ізгі іс, атқарылды ақылмен,

Мың рахмет ақыл-еске асыл кен!

Пайдасы көп, аз ақылды аз деме,

Қадыры көп, аз білімді аз деме!

Жүпарға үқсап білім де тез таралар,

Сақтап болмас басқалардан даралап.

Жасырсаң жүпар, оны иісі білдірер,

Жасырсаң білім, тілің айтып бүлдірер.

Білім — байлық, азаймас һәм жоғалмас,

Еш қарақшы, ұрыға да тоналмас!

Ақыл, білім бейне кісен кісіге,

Кісенді ашып бармас қылмыс ісіне.

Ақын ғалымдарды мадақтай келіп, олардың орны әрқашанда төрде болуы керек дейді. Ал, енді жоғары қызметке ие болып жүрген білімсіз, қараңғы, надан жан- дардың төрден алған орнының өзі босаға секілденіп қалатынын ескертеді:

Білімсізге төрдэ өрун болса кор,

Бү төр ілкә сәнді, ілік болды төр.

Мазмүны:

Наданға төрден орын тисе, қор етеді,

Данышпанға босағадан орын тисе, төр етеді.

Автор білімсіз, оқымаған жандарды жемісі жоқ ағашқа теңейді:

Білімсіз кісі мәуесіз бір ағаш,

Мәуесіз ағашты ешкім керек етпес.

Жүсіп Баласағүн оқыған, парасатты, көзі ашық адам- дар, ғалымдар ел басқару ісінде, ел-жүрттың талап- тілектерін жүзеге асыруда патшаларға, түрлі дәрежедегі әкімдерге, бектерге үдайы ақыл-кеңес беріп көмектесіп отыруы керек деп түсінеді. Ақын ел билеушілердің білімді адамдардың ақыл-кеңесін тыңдап, соған сәйкес елге билік жүргізуге шақырады. Бүған ақын Күнтуды патша мен да- нышпан-дәруіш Одгүрміш арасындағы қарым-қатынасты дәлел етіп көрсетеді.

Кіші ікі түрлүғ кіші атанүр,

Бірі өгратіглі, бірі өгранур.

Мазмүны:

Екі түрлі адамды (нағыз) адам деуге болады:

Бірі — үйретуші, бірі — үйренуші.

Дастанда мынадай ой-пікір бар: патша ел-жүртын қылыштың күшімен, қатал тәртіппен басқарып отыра-


ды, ал ғалымдар — қалың бүқараны ақыл-парасатымен басқаруы керек.

Ақын адам бойындағы жаман қасиеттердің бәрі, атап айтқанда,— зүлымдық, қатыгездік, сараңдық, опасыз- дықты т. б. бәрі түптеп келгенде білімсіздіктен, надан- дықтан туындайды деп есептейді.

Ақын дастанда өзі өмір сүрген дәуір талап еткен бірқатар маңызды мәселелерге өзінше жауап беруге әрекет жасаған. Жүсіп Баласағүн өзінің дидактикалық са- рында жазылған шығармасында мораль, этика, әдепілік, тәлім-тәрбие туралы өсиет-ғибрат сөздер айтады. Қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, сөйлесуі, сыйласуы, әсіресе, тіл әдептілігі егжей-тегжейлі сөз бола- ды. Ақын маскүнемдікті, жалқаулықты, әдепсіздікті, дөрекілікті, жылпостықты, т. б. жаман мінез-қылықтарды өлтіре сынайды.

Шығармада жақсылық пен жамандық, әдептілік пен дөрекілік, шындық пен өтірік, аңқаулық пен аярлық, т. б. өзара қарама-қарсы қойылған. Сол арқылы автор айтар пікірін тереңдете түседі. Мәселен, ақын: ауырмаса — де- нсаулықтың қадірін білмейді, өлім болмаса — тірі кездің қадірін түсінбейді, қайғысыз адам — қуаныш сезімінің қүдіретін толық сезе алмайды, деген секілді бірқатар фи- лософиялық пікірлер қозғайды.

„Қүтты білік» дастанында автор ерекше мән беріп, зор шабытпен жазылған аса маңызды мәселелердің бірі — адамдардың бірін-бірі қүрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы болып табылады. Атап айтқанда, мүнда жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, әкімдердің өз қол ас- тындағы қызметшілеріне, жалшылардың өз қожаларына, балалардың өз әке-шешесіне, ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі-қүрметі қандай болу керек деген сауалға жауап берілген.

Жақсы мінез-қүлық, әдептілік, кішіпейілдік ең алды- мен адамның тәлім-тәрбиесіне байланысты деп түйеді. Сон- дықтан жас нәресте өмірге келісімен-ақ оны тиісінше тәрбиелей бастау — әке-шешенің қасиетті борышы еке- нін айтады. Ақын, әсіресе, жастарды өркөкірек, тәкаб- бар, қуыс кеуде болудан көбірек сақтандырады. Кішіпейілділік — үлкенге де, кішіге де бірдей жарасатын қымбат қасиет екенін ескертеді:

Кісілік қымбат емес, кішілік қымбат.

Үлық болсаң, кішік бол.

Жүсіп Баласағұн әдептіліктің сан түрін жырлай келіп,

 

 

солардың ішіндегі ең бастысы — тіл әдептілігі деген қорытынды жасайды. Дастанның бір тарауы, дәлірек айт- сақ, жетінші тарауы түгелдей осы мәселеге — тіл әдептілігіне, яғни мәнерлі, мәнді, сыпайы сөйлей білу өнеріне арналған. Автор оқушысын абайлап, ойланып- толғанып барып сөйлеуге, тілге сақ болуға шақырады. Қысқаша әрі мазмұнды сөйлей білу — әдептіліктің басы деген пікір айтады.

Енді Жүсіп Баласағүнның сөз өнері туралы жыр жол- дарынан бірнеше мысал келтірейік:

Тілімнен көп жапа жектім, есебім:

Бас кесілмес үшін тілді кесемін!

Біліп айтқан сөз — білікті саналар,

Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар.

Көрген емен көбік сөзбен оңғанды,

Тобықтай түй тоқсан ауыз толғамды!

Сөз кісіні үлы қылар, бек қылар,

Көп сөз басты қара жерге кеп тығар.

Көп сөйлесең, „Езбесің»— деп жек көрер, Сөйлемесең, „Мылқау»— екен деп сөгер!

Бүлай болса, тең ортасы — керегің,

Тілге үстамды болсаң, өсер беделің!

Тіліңді бақ, басың аман болады,

Сөзді қысқа айт, жасың үзақ болады.

Қалар мүра — сөз, кісіден кісіге.

Сөзді мүра түтсаң, пайда ісіңе.

Ақын кісіні адамгершілік арнасынан шығарып, жүртқа әдепсіз, дөрекі, надан етіп көрсететін кейбір мінез- қүлықтарға көркем сөзбен сипаттама береді. Мүндай жағымсыз мінездер: мал-мүлікке тоймайтын ашкөздік, са- раңдық, мейірімсіздік, ашушаңдық, т. б. деп көрсетеді. Әке-шешеден тәрбие көрген, әдепті жандар қашанда нәпсісін тия білетін, жомарт, бауырмал, сабырлы, инабат- ты болып келетінін айтады.

Сөйтіп, Жусіп Хас Хажиб Баласағун ағартуиіылық, мо- ральдық, этикалық принциптерді жырлап оларды әлеуметтік мәселе ретінде көтере білген көрнекті қоғам қайраткері болды.

„Құтты білік» дастаны түркі тіліндегі жазба әдебиет әлі бай тәжірибе жинай қоймаған дәуірде жазылды. Әрине, бұл кезде Жүсіп Баласағұнға өз шығармасын араб яки пар- сы тілінде жазу әлдеқайда жеңіл болар еді. Өйткені осы кезде араб-парсы тіліндегі шығыстың классикалық әдебиеті мейлінше дамып, көркем образдар жасаудың ғажайып үлгілерін көрсетіп жатты. Оның үстіне, „Қүтты біліктің» авторы араб және парсы тілдерін ғана емес, бүл тілдерде жазылған поэзиялық, прозалық туындылармен жан-жақты таныс болды. Алайда Жүсіп Баласағүн араб- парсы поэзиясының дәстүрінен бас тартты. Ол өзінің ана тілінде, яғни түркі тілінде күрделі, көркем шығарма жазып, өзінше жаңа соқпақ салып, жаңа дәстүр тудырды.

„Қүтты біліктің» авторы түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетінің кәусар бүлағынан еркін сусындады. Сол арқылы ақын халық фольклорының қыруар мол мүмкіндіктерін (көріктеу қүралдарын, мақал-мәтелдерін, қанатты сөздерін, фразеологиялық сөз тіркестерін, т. б.) жазба әдебиеттің тәжірибесімен өзара үштастыра білді.

Дастанның басты қаһармандарының есімі Күнтуды, Айтолды деп аталуы да халықтың ежелгі наным-сеніміне байланысты болып келеді. Ислам діні тарағанға дейін түркі тектес елдердің күнге, айға, т. б. табынғаны мәлім. Сон- дықтан мүндай атаулар көне дәуірде өмірге келген ауыз әдебиеті туындыларында жиі үшырайды. Жүсіп Баласағүн ғүлама-ақын ретінде ауыз әдебиетінің сан қилы жетістіктерін зор шеберлікпен пайдаланған.

„Қүтты білікті» оқып отырып, автордың шығыс класси- калық поэзиясының таңдаулы үлгілерімен, әсіресе үлы Фирдоусидің „Шаһнаме» дастанымен жақсы таныс екенін, одан үлгі-өнеге алғанын аңғару қиын емес. Мәселен, Жүсіп Баласағұн жырдағы әрбір сөздің мән- мағынасын қүбылтып, ойнатып пайдалануды, әрбір лекси- калық элементті ажарлап, айшықтап беруді үлы үстазынан үйренген секілді.

„Қүтты білік» дастанының авторы метафора, аллего- рия, гипербола, меңзеп яки астарлап сөйлеу сияқты көріктеу қүралдарын зор шеберлікпен, білгірлікпен пайда- ланып отырады. Сондықтан жырдағы сан қилы адам бей- нелері, табиғат көріністері, қаһармандардың көңіл күйі мейлінше айқын, әсерлі шыққан.

Ақын табиғаттың кейбір сиқырлы қүбылыстарын, жан-жануарлардың түрлі қасиеттерін адамның мінез-

 

к,үлк.ына үқсата отырып, қаһарманның көркем бейнесін айқындай түседі. Сондай-ақ ол адамға тән қасиеттерді та- биғат көріністеріне теңеу арқылы далаларды, асқар тау- ларды, тілсіз өзен көлдерді кәдімгідей жандандырып, қүбылтып, адамның өзіне үқсатып бейнелейді. Мүның бәрін ол зор ақындық шабытпен, өз қаһармандарының ішкі жан дүниесіне терең поэтикалық барлау жасау арқылы суреттейді. Бүған „Қүтты білік» дастанының көркем көріністерін жырлайтын өлең жолдарынан мысал келтірейік:

Қара жер, ағы кетіп, жүпар шашты,

Безенбек болып, дүние көркін ашты.

Қаһарлы қысты қуды көктем лебі,

Жарқын жаз дәулет қүрды, өктемдеді.

Қу ағаштар жасыл тонын жамылды,

Безеніп: көк, жасыл, сары тағынды.

Мың-мың шешек гүлін ашты күлімдеп,

Дүние толып, жүпар шашты дүбірлеп.

Қаз-үйрек, шіл, аққулар қалықтады,

Қиқулап, биік-төмен шарықтады.

Қайсысьі үшып, қайсыбірі, қонады,

Бірі ойнаса, бірі суға қанады.

Қасы — қара, қандай қызыл тамағы,

Кекілік сайрап, күліп-күліп алады.

Қара шымшық шықылықтап баурайды,

Үні ерке қыз үнінен аумайды!

Елік-жайран гүл үстінде ойнайды,

Арқар, киік жүтпаса өріп тоймайды.

Қабақ түйіп, аспан жасын селдетті,

Гүл жүз ашып, күлімдетті жер-көкті.

Ақын көгілдір көктем көріністерін осылайша жырлай отырып, көктемнің жер бетін тегіс әлем-жәлем киіндіру үшін келгенін, көктем самалы адамдарды әбден мезі еткен қысты әп-сәтте қуып шыққанын, кең жазира даланың қызыл-жасыл гүлге оранғанын, аспандағы бүлттар от ша- шып ойнағанын, нөсер жаңбыр жерге нәр беріп жауғанын нағыз сөз зергері ретінде зор шеберлікпен суреттейді.

Жүсіп Баласағүн ойшыл-ақын ретінде түркі тектес ха- лықтардың тағдырын табиғаттың осындай көктемгі жанда- ну, ояну, қайта түлеу кезіндегі көріністеріне астарлап, меңзеп теңейді. Сол арқылы автор ен даланы дүрліктірген, жандандырған, безендірген бүл көктемгі өзгерістер — түркі елінің оянуы деген пікір айтпақ болады.

Дастанда әсіресе мал бағумен айналысатын ру-тайпа- лардың күнделікті түрмыс-тіршілігіне қатысты афоризм- дер, бейнелі сөздер, теңеулер, бейнелер көп үшырайды. Мінез-қүлқы әртүрлі адамдардың бейнесін жасау кезінде ақын қой, қасқыр, жылқы, сүңқар секілді жан-жануар- ларды, жайлаулар мен шөлдерді көбірек ауызға алады. Мысалы:

Ат от бү кіші көңгілі артэр бідір,

Аны кәд қүдазғу әй қылқы қадір.

Мазмүны:

Адамның көңіл-күйі бейне бір ат секілді.

Бірде семіреді, бірде азады.

Немесе:

Арат болды бағлар қанати йуки,

Қанатсыз қүш ужмаз, эй бағлар бағи.

Мазмүны:

Қатардағы жауынгер — бектің қанаты

мен қауырсыны,

Эй, бектердің бегі, қүс қанатсыз үша

алмайды ғой.

Мүндай мысалдарды дастаннан көптеп келтіруге болар еді. Ақын өз шығармасында малшылар тіршілігіне қатысты қайталанбас, оригиналды көркем бейнелер жасайды.

„Қүтты білік» дастаны аруздың ықшамдалған мутака- риб деп аталатын өлшем түрімен жазылған.

Орта ғасырдың аса көрнекті ақыны, ғажайып сөз зер- гері, энциклопедист-ғалымы, көрнекті мемлекет қайрат- кері Жүсіп Хас Хажиб Баласағүнның „Қүтты білік» дастанының әдеби, тарихи, ғылыми мәні ерекше зор.

Бүл көркем шығарма бертін келе қазақ халқының эт- ностық қүрамына енген ру-тайпалардың ежелгі дәуірдегі түрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғүрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін, т. б. зерттеп білу үшін аса қажетті, қүнды мүра болып табылады

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля