Сүйінбай Аронұлының

28 февраля, 2018 18:30

Сүйінбай Аронұлының (1822 — 1895) толгауларының
такырынтык — пенделык мазмұны.

  1. Сүйінбай Аронұлының шыгармашылығы.
  2. Сүйінбай Аронұлы толғауларының такырыптык идеялык мазмұны.

Сүйінбай Аронұлының шығармашылығы.

Сүйінбай Аронұлы поэзиясы XIX ғасырда жырланса да, оның толғауларЛ өлеңдері біздің заманымызға дейін жетеді. Сол заманда бұкарашыл әдебиетті пайда болуына, халык арасынан акындар шығуына әрине, сол кездегі тари>а әлеуметтік жағдай эсер етпей койган жок. Хангали Сүйіншәлиев пікірі бойынша: «XIX гасырдагы казак эдебиеті өзінің мазмұны мен идеясы жағынаі біраз ілгерленген, когамдық мэні зорайып, әлеуметтік беті айкындала бастағаи эдебиет»,-деген. Осыдан барып XIX гасыр әдебиетімізде дэуір көрінісі айкын бейнеленіп, заман сыры жан-жакты ашылып, қоғамдык ұлттың сананың ояна бастағаны, әлеуметтік теңсіздіктер қоғамдык кайшылыктар жырланып, казак акындарының ел ісіне белсене араласып жаткан кезеңі танылады.Жыр дүлдүгя Сүйінбай акын өзінің шығармаларында үнемі калың еңбекші көптің атынан сөйлеп, карапайым халыктың үміті мен мұрат-максатын бейнелейді. Сүйінба|і Аронұлының «Акиык» жинағына толғаулары, сын-сыкак өлеңдері мен арнаулары және айтыстары енген.

Сүйінбай акын көбінесе елінің байлығын, барлығын мактан етпейдіі Өнерді.өленді мұрат тұтады. Бұл турасында Ілияс Жансүгіровте, ол: «Сүйінбам өленді кәсіп еткен, ұлы дүбірде жарыска түскен, өлеңді ойдан желше соктыра беретін жез таңдай акын. Ел әуезінше айтсак, «дарыған» акын. Мұнын өлеңдерінін өзгешелігі — көбінесе жырмен сокканы. Сүйінбай шұбыртып жырласа, төгіп жібереді, сипалап кетеді»,-дейді ірі таланттың өзіндік мәнеріні стилін дәл тауып айтып Сүйінбай акын шығармалары- образды сұлу суретті жырлар. Онда терең мазмұнға сай көркем бейне, сом тұлғалар дараланыпі көркемдік шыңга көтеріледі. Әсіресе үстемдер бейнесін жасауда олардын типтік мінездерін танытарлык суреттер конымды бояулар аркылы реалистік өнер дәрежесінде тұлғаланды. Ал датка, ұлык, болыс, би, ояз сияқтыларды суреттеуде Сүйінбай Аронұлы Абай Құнанбаевтың «Болыс болдым мінекей!»

 

классикалык шығармасы дәстүріне лайык, соган пікірлес стильде

иякты                                                                     ы

амаша сатиралыктуынды жасаиды.

Адам мінезін жасауда Сүйінбай акын өзі түстас көркем сөз шеберлерімен эсекеге түскендей. Махамбет Өтемісұлының Жэңгір ханга, Шернияз Карылгасұлының Баймағанбет сұлтанга, Жанак акынның Рүстем төреге, Шеже фржаубайұлының Бэйтікке айткандары сиякты Сүйінбай акынның төре- тандар алдында айткан тебіреністері-үндес те, мұңдас; түрі-тілі, стилі де бір салыптас шығармалар. Сүйінбай Аронұлы-ел канаган аксүйек сұлтан, торелерді вшкерелеп, оларга ерік беріп отырған феодалдык кұрылысты сынаган. Ұкынның ондай өлеңдерін «Төресің канды канға кұйып жүрген», «Зар жылатып аомынды», «Болмайсың жайлап айтсам», «Өзге төре өлсе де Сөк өлмейді», <Арамнан төре мал жинар» т.б. өлеңдері жатады. Акынның төре сұлтандарды денеген өлеңдерінде, көп аталып, жиі көрінетіндердің бірі-¥лы жүздің ага ;ұлтаны Тезек Нұралыұлы Абылайханов. Төренің феодалдык заман зилеушісіне лайык кескін-кейпін накты өмір шындыгы аясында сипаттап береді.

Мәселен, «Төресің канды канга кұйып жүрген» деген өленінде Тезектің айлакер ку мінезін, ел мазасын алған жайсыздығын көрсетеді/Акынның «Зар жылатып момынды» атты толгауы бастан-аяк Тезек төренің зұлымдыгын, тойымы жок дүниекоңыздылыгын көрсетуге арналган.

Сүйнбай акын заманынан озып шыккан халык кайраткері, сыншыл акын. Ол әлдекімдер кұсап, өлеңді өлең үшін айтпайды, өленді туган елнін тагдырына, болашагына байланыстырып айтады. Әлсіз, корғансыз адамдарды жактайды, солардың мұң-шерін жырлайды Еңбекші көптің үстем тап өкілдеріне карсы күрескен колдап, эділеттіліктің жебеуші жактасы болған Сүйінбай Аронұлы- жер дауы, жесір дауы, ер кұны тәрізді маңызды, мэнді, жауапты жиындарда халык атынан сөйлеп, өз шешімін өткізе алган ділмар-дипломат шешен. Өзі катыскан мәміле-мәжілістерде ел билеген сұлтан, төрелерді, атка мінер болыстарды шенеген. Әркашан да елдің намысын жактаушы уэкілімін деп санаган.

Сүйінбай акын Бұкар жырау, Шернияз Жарылғасұлы, Дулат Бабатайұлы, Шал акындар сиякты өзінің жас кезең, картая бастаган шагі.ін суреттейді.Сүйінбай Аронұлы өз өлеңдерінде көбінесе сын-сыкак, ащы сарказмді колданған. Сүйінбай акын көбінесе бай, төрелерге арнап мыскыл өлеңдер шығарған. Соның бірі «Өзге төре өлсе де Сөк төре өлмейді» өлеңі. Осы арнауында Сүйінбай акын Сөк төренің елге жайсыз канаушы екенін жиналган көп алдында көзіне айтып, жерге каратады.

Сөк төренің атасы-хан Абылай,

Хан боламын дей ме екен ол да сондай?!

Өзге төре өлсе де Сөк өлмейді,

Осы пұшык кұдайдың кенже ұлындай.

Алды-артыңа, ей төре, карап сөйле,

Бірінші аттың иесі — мен Сүйінбай!

Күш іздесен көрейік сеніменен,

Меніменен, канеки, шыкшы былай!

 

Щл е.чеіше Сөк торе секілді кара күшке ерік берген канаушылардың күнкорі( тэеілі алынган. Сөк төредегі шектен шыккап асқактық, айлалы айбар, өзімсн-03 болын дандайдасу сиякты кисык-кытымырык сыналған. Сыйымсыздыгымеі халыкалдында кадірі кеткен төренің шын кейпі суреттелген.

Сүйінбай акын бүдан баска да шыгармаларында ел билеп, сұлтандык, торемеі күрган хан түкымдарын гана әшкерелеп коймайды, сонымен бірге халыққ; тізесі баткан бай, болыстарды, билерді, атқа мінер пысыктарды да аяусы сынайды. Оііын «Тілеубердіге», «Сүліктен жаман», «Бойын биік болганмен» «Торт биге», «Сарыбайга» атты арнаулары мен толғаулары элеуметтік мэн: терен шыгармалар.

  1. Суйінбай Аронүлы толгауларынын такырыптык идеялык мазмүны.

Акиык акын Сүйінбай Аронүлы-әлеуметтік мәні зор өлеңдерімен катар ірі сюжетті толгау, жырлар тудырган поэзия алыбы. «Акиык» жинагыныі- бірінші болімінде Сүйінбай Аронүлынын жиырма шакты толгау-жырларь жарияланган. Оның көпшілігі бүрын баспа бетін көрмеген, окушы кауымгг жете таныс емес шыгармалар. Акынның толгау, жырларында XIX ғасырдг казак халкы басынан кешкен үлкен тарихи окигалар сипатталған. Өйткені, о; кезеңде қазак жеріне солтүстіктен патша үкіметінің отарлау саясаты дендеп еж бастаса, онтүстіктен Орта азиялык Кокан, Хиуа, Бүқар хандықтары ө: бнліктерін әскери күшпен орнатуға кіріскен еді. Осындай күрделі киын-кыста) заманда Сүйінбай акын орыс халкымен арадағы достыкты жактайды, біраі патшалык имперняның казак халкына жасалған, саяси ауыртпалыгын жэн( опың әскери экімшілік өктемдігінің теріс сипаттарын мақүлдамады. Акын әсіресе, казак жеріне көп таукымет, феодалдык мешеулік пен караңгы наным- сенімдер экелген Коқан хандыгының үстемдігіне карсы шыкты.

Сүйінбай Аронұлы толгауларында көп аталатын Қокан хандығы XIX гасырда Орта Азия хандыктарының ішіндегі ірі феодалдык шапкыншь мемлекет болып саналған. XIX ғасырдың 40-60 жылдарында Қокан колымег казак еңбекшілерінің бірнеше үрыстары болып өтеді. Ол үрыстарда енді феода; билеушілерге сенбеген халық өз ортасынан шыккан Сүраншы, Саурык сиякть каһарман ел батырларының соңынан ереді.

Сүйінбай Аронүлы толғауларының такырыптык идеясын ашпас бүрыг біріншіден толгау және идея сөздерінің мәнін ашып алу керек. Толғау-ХҮ-ХІХ ғасырлардагы қазақ поэзиясында толғау ерекше өркендеп, өзінің ең жоғарғь даму сатысына жетті. Толгау тарихы жыраулык поэзияға тікелей катысты Толгауда маңызды коғамдык-әлеуметтік, саяси-философиялык такырыптар азаматтык эуендер кеңінен орын алады. Идея-Шыгармада айтылатын идеянь бүкіл өн бойынан, бүкіл мазмүн-магынасынан, ондағы уакиғалардың немес£ кейіпкер тагдырынан, барлык бейнелілік, суреттілік касиетінен танимыз Шыгарманын идеясы тек дэлдеп сөзбен айтып берерлік түйін-пікір ғана емес, әдеби туындының барлык мазмүн-байлығы, көркемдік касиеті аркылы күшті эсер ететін ндеялық куаттылығы.

Сүйінбай Аронүлының толғау, жырларында елді бірлікке, ерлікке шакыратыны суреттеледі. Мысалы: «Бөрілі менің байрағым» атты толгауы осындан азаматтык үні басым, патриоттык толғау болып саналады.

А


Жау тисе жапан далада,

Бөрілі найза атамыз,

Қарасайлап шабамыз,

Қызыл қанға батамыз.

Бөрілі байрак астында Ту түсіріп, жау алған,

Қазыбек, Қастек атамыз!

Сүйінбай акын жау әскеріне карсы күресте жауынгерлерге Қарасай, Қазыбек, Қастек сынды ХҮІ-ХҮІІІ ғасырларда жасаған халык батырларының каһармандык жолдарын үлгі етеді. Жау әскерімен соғысып жаткан жауынгерлердің жан дүниесіне елеулі ыкпал етіп, олардың жігерін жандырып, еңсесін, рухын көтеретін өте эсерлі леппен жеткізеді.

Бөрілі байрак көтерсе,

Жокты жонып табамыз.

Бөрілі байрак астында Ту түсіріп, жау алган Шапырашты батыр бабамыз.

Бөрі басы-үраным,

Бөрілі менің байрағым.

Бөрілі байрак көтерсе,

Қозып кетер кайдагым!

-деген жолдарда аскак кайратка көтеретін пэрменді психологиялык агыс, екпін бар. Осы толгауда акын өз атынан сөйлеп, жеке адамның табанды жауыегкрлік ерлік жолын көптің мұрат-максатымен үндестіреді. Бөрілі байрак дегеніміз- каскырдың бас суреті салынған Шапырашты батырдың жебелі туы мен найзасы. Бүл толгаудың идеясы каскыр аңы секілді жауға карсы шағып, оны жеңу жэне өз елін, жерін жауға бермей коргау.

Қарасайлап шабамыз,

Қызыл канга батамыз.

Бөрілі байрак астында (3, 18)

Бүл үзіндіде батырларға рух, күш беріп түрган сөздерді көреміз. Бүл толғауда бүрында ата-бабамыз кұрмет еткен бөрінің (каскыр) батырларға күш бергенін және де сол аркылы рухтанғанын көрсетеді. Бүл толғау үран түрінде айтылган. Мүның идеялык мазмүны жер-дүниені сілкіндіріп жауга карсы аттанып бара жаткан казак халкының каһармандык бейнесі көрсетіліп, суреттелген.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля