СӨЗ ТІРКЕСІ ЖӘНЕ ОҒАН ҰҚСАС ТҰЛҒАЛАР

15 апреля, 2018 10:54

 

Сөз тіркесіне байланысты мәселені оқыту үшін, ең алдымен, сөз тіркесінің табиғатын, өзіндік мәнін ашып алу қажеттігі бірінші орында тұрады. Осындай кажеттілікті шешу үшін, біріншіден, сөз тіркесін өзіне ұқсас тұлғалардан, атап айтқанда, сөйлемнен, атаулы сөйлемнен, атау мәнді тіркестерден, фразеологиялык тіркестерден, түйдекті тіркестерден, сондай-ак, күрделі сөздерден бөліп алып, өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету қажет болса, екіншіден, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен формаларын тілдік материалдардың негізінде айқындап алу керек.

Сөз тіркесі және помипативті тіркестер. Сөз тіркесі де сөйлем сиякты синтаксистік единица екендігіне ешкім талас туғызбайды, бірақ сөз тіркесі мен сөйлемнің арасында кандай айырмашылық бар деген сұрақ әлі де шешімін таба қойған жоқ. Бұл мэселе — тек түркі тіл білімінде гана емес, тіпті орыс тіл білімінің өзінде де талас туғызып жүрген жайттардың бірі.

В.В.Бабайцева, В.В.Виноградов, А.С.Смирницкий, К.Аханов, Н.А.Баскаков сөз тіркесіне номинативті қасиет тэн десе, Ю.В.Фоменко, А.Моисеев, М.Балакаев сөз тіркесінің номинативтілігін жоққа шығарады.

В.В.Виноградов: “Сөйлем құрамына ғана жэне сөйлем арқылы сөз тіркестері коммуникативті құралдарының жүйесіне ене алады. Сөйлемнен тыс, тек соған керекті кұрылыс материалы ретінде каралатын сөз тіркестері сөздер тэрізді болады да, тілдің номинативті кұралдарының саласына, заттарды, құбылыстарды, процестерді белгілеу құралдарының қатарына ене алады”-дейді [19].

К.Аханов бұл пікірді қуаттайды. “Сөз тіркестері номинативті сипатка бұрыннан жасалып койған, даяр тұрған единицалар ретінде емес, сөздердің тілдік грамматикалық зандары бойынша тіркесуі аркылы ие болады”[6].

Біздің ойымызша, екі номинативті мэнге ие сөздердің тіркесуінен үшінші бір номинативті мән пайда болады деу — дұрыс емес. Мысалға екі номинативті сөз алайык, ақылды қыз. Осы екеуінің тіркесінен үшінші бір номинативті мэн пайда болып тұрган жоқ, жаңа грамматикалык мағына жасалып тұр. Ол — анықтауыштық катынас.

М.Балакаев номинативтілік қасиет туралы өз еңбегінде анык көрсеткен [12]. Ол сөз тіркесінің бэріне номинативтілік мэн тэн емес екендігін, тек олардың жұмсалу орайында аткаратын кызметі тұрғысынан номинативті деп тануға болатындары бар деп, оган сөз тіркесі құрылысында пайда болған терминді к, тұракты атауларды (социалистік жарыс, қант қызылиіасы, темір жол т.б.) жатқызады. Сол сияқты газет, журнал, кеңсе атауларын да номинативті тіркестердің катарында карастырады. Ғалым, профессор С.Исаев мұндай тіркестерді атаулық тіркестер деп атауды ұсынады. Тіл білімінде тіркес атаулы екі үлкен топқа бөлініп қарастырылатынын (еркін сөз тіркестері жэне фразеологиялық тіркестер немесе идиомалық тіркестер) айта келіп, осы екі топтан да айырмашылығы бар тіркестерге тоқталады. Олардың бір-бірінен айырмашылығын мысалдар арқылы салыстыра отырып дәлелдейді де, “… атаулык тіркестердің басыңқы немесе тіркес кұрауға ұйткы болған діңгек сөзі көрініп тұрады… Беретін магынасы, негізінен, заттың я құбылыстың атауы болғандыктан, оларды атаулык тіркестер деп бөліп отырмыз” дей келіп, ашық хат, аяқ киім, кәмелеттік аттестат, балалар бақшасы т.б. тэрізді тіркестерді атаулық тіркестердің катарына жатқызады да, “… казак тіліндегі атаулык тіркестер жаңа сөз жасаудың да бір көрінісі болып есептелсе керек” деп тұжырымдайды [29].

Сонымен, номинативті тіркестер немесе атаулық тіркестер — еркін тіркестер мен біріккен, кіріккен, сондай-ак, күрделі сөздер аралығындағы, яғни белгілі бір атауға көшіп бара жатқан тіркестер. Мұндай тіркестерді тұрақталған атаулар деп те айтуға болады. Мысалы: Алматы қаласы, Арал теңізі, опера және балет театры т.б. Бұдан шығатын қорытынды — сөз тіркесіне номинативті қасиет тэн емес, ол күрделі сөздерге тэн касиет.

Сөз тіркесі және сөйлем. Жалпы сөз тіркесі мен сөйлемнің арасында Кандай айырмашылық бар, ол неден байкалады деген сұрак — әлі де болса толық шешімін таба қоймаған мәселе.

Белгілі түркітанушы Н.К.Дмитриевтің сөз тіркесін сөйлемнен айырып тану туралы айтқан пікірлері де тіл білімінде біраз талас тудырды. Әсіресе бастауыш-баяндауыштық қатынаста тұрмаған сөздер табының бәрін сөз тіркесіне жатқызу, байымдауды (суждение) сөйлемнің сөз тіркесінен ажыратушы меже деп тануы біраз дәлелдеуді кажет етеді [17. 202-203].

Байымдауды сөйлемді сөз тіркесінен ажыратушы меже деп тану туралы көзқарастар Н.А.Баскаков еңбектерінде де кездеседі [17.50]. Ғалымның сонымен бірге аталған екі синтаксистік категорияны (сөз тіркесі мен сөйлем) ажыратуда басыңкы сыңардың грамматикалык формасын меже етіп алу керектігі туралы пікірі де бар. Автордың пікірінше, атқа мінді десек — сөйлем, ал, атқа мініп, атқа мінген десек — сөз тіркесі, дэлірек айтсак, сөз тіркесі болу үшін оның басыңкы сыңары есімше, көсемше түлғаларынан жасалуы керек.

Қазіргі казақ тіл білімінде предикаттык емес (бастауыш-баяндауыштык) катынаста тұрған тіркестердің барлығы бірдей сөз тіркесі бола алмайтындығы, байымдаудың грамматикаға емес, логика ғылымына тэн екендігі туралы пікірлер орнықкан.

Сөз тіркесін жан-жакты зерттеГен галымдардың бірі -Е.И.Убрятова якут тілі синтаксисіне катысты еңбегінде сөз тіркесінің негізгі түрлерін синтаксистік байланысқа негіздей қарастырады [63.38]. Ғалымның сөз тіркесін “предикативті”, “предикативті емес” деп карастыруы жэне т.б. пікірлері, бір жағынан, сөз тіркесін грамматикалық тұрғыдан зерделеуінен туған болса, екінші жағынан, өзіндік қыр-сыры мол тіркес табигатын тануда сол кезде үстемдік алған көзкарастардың ықпалынан екені айқын сезіледі. Ғалым ұсынган таптастыруды тек синтаксистік тіркестерге қатысты емес, жалпы бір- бірімен грамматикалык байланысқа түскен сөздер тобына қатысты алсақ дұрыс болар еді. Сөйтіп, тіліміздегі тіркеске түсуші сөздердің арасындағы синтаксистік катынастарды предикативті және предикативті емес деп топтастырсақ, бастауыш пен баяндауыштың катынасы — сөйлем предикативті қатынаска, ал сөз тіркесіне тән аныктауыштык, толықтауыштык, пысықтауыштық катынастар предикативті емес катынаска негіз болатынын аңғару киын емес.

Сөйлем, оның ішінде жай сөйлем мен сөз тіркесі өзара ұқсас, бірак олардың елеулі айырмашылықтары бар. Сөйлем сөз тіркесінен коммуникативті кызметі жағынан ажыратылады. Мынадай мысалдар келтірейік: 1 ІМарат келді. Ол жазды. 2/ Ауылдан келді, қаламмен жазды. Біріншісі — сөйлем, екіншісі — сөз тіркесі.

Сөйлемнің өзіне тэн кұрылымдық үлгісі болады. Ол — бастауыш, баяндауыштык кұрылым. Сөйлемге мұнан баска мынадай белгілер тэн: коммуникативтілік, предикативтілік, интонация, модальділік. Сонымен, сөйлем сөз тіркесінен коммуникативтілік қызметімен, предикативтілік қасиетімен, интонациялық, модальділік белгілерімен ажыратылады. Ал, мұндай ерекшеліктер сөз тіркесінде болмайды.

Сөз тіркесін өзге кұбылыстардан ажыратуга негіз болатын бірнеше белгілер бар, соның ішінде ең негізгісі — бағыныңкы, басыңкылык касиет. Осы тұрғыдан предикативтілік қатынас негізінде жасалған тіркестерді сөз тіркестерінің қатарына жатқызамыз ба деген сұраққа тіл мамандары осы уақытка дейін эр түрлі жауап беріп келеді. Бұл жайында О.С.Ахманова былай дейді: “Байланыстың негізгі үш түрі — атрибутивті, комплективті және предикативті түрлерінің ішінен біріншісі әркашан да сөз тіркесін тудырады: байланыстың екінші түрі өздерінің тығыз байланысты формаларында ғана сөз тіркесін туғызады, үшіншісі оны (сөз тіркесін) ешқашан да тудыра алмайды” [5. 454-455].

Мұндай пікірді жактаушылар предикативті қатынас негізінде жасалған тіркестерді сөз тіркестерінің катарында карамай, предикативті конструкция немесе предикативті тізбек деп есептеп, бұларды сөз тіркесінің синтаксисі емес, сөйлемнің синтаксисі деп тану керек дейді.

М.Балақаев мұндай көзкарасты кұптамайды: “Сөйлемді сөйлемдік касиеттеріне карап, сөз тіркестерін де өзіндік касиеттеріне карап танып, мысалы жазық дала дегенді сөз тіркесі деп танысак, атқа мінді дегенді әрі сөйлем, эрі сөз тіркесі деп карау керек”, — дейді [12,94].

К.Аханов жоғарыда сөз болған белгілі түркітанушылардың көзқарасына сүйенген Балакаевтың пікірін теріске шығара келіп былай дейді: “…бір ғана кұбылысты (атқа мінді) эрі сөйлем, эрі сөз тіркесі деп карау сөйлем мен сөз тіркесінің жігін ажыратпауға, оларды бір-бірімен араластырып жіберуге әкеп соғады” [6. 385].

Біздің ойымызша, атқа мінді деген — сөйлем емес, сөз тіркесі. Өйткені мұнда сөйлемге тэн бастауыш, баяндауыштық кұралымдык үлгі, предикативтілік, модальділік, интонациялык касиет жоқ, меңгерудің бағыныңқы байланысына тэн тәуелді септік тұлғасы бар.

Ал жоғарыдағы жазық дала тіркесі тек сөйлем ішінде ғана сөз тіркесі болады да, жеке тұрган кезде атаулы сөйлем болады. Мәселен, жазық дала типтес егіс даласы дегенді алалық. Егіс даласы. Жайқалган алқап көз тартады. Комбайндар егіс дапасында сап түзеп барады деп алсақ, осындағы бірінші сөйлемдегі “егіс даласы» атаулы сөйлем, ал екіншісі — сөз тіркесі. Себебі, атаулы сөйлемдердің мазмұны осы шактағы болмысты, кұбылысты білдірумен байланысты болады. Атаулы сөйлем көбінесе мезгілді, айналамыздағы табиғат кұбылыстарын, заттардың сол заттық бейнелі калпын айтуға арналады. Ал сөз тіркесі сөйлемнен тыс колданылмайды, ол тек сөйлем ішінде танылады.

Кез келген сөздер тіркесі атаулы сөйлем бола алмайды. Атаулы сөйлем болу үшін оның айтатын ойға катысы болу керек. Өзінен кейін келетін атаулы емес сөйлеммен мезгілдес, сабактас болуы шарт. Сондыктан газет-журналдың, мекеменің маңдайшасына жазылган атаулар атаулы сөйлем бола алмайды. Мұндай тіркестерді кейінгі кезде ғалымдар “атаулық тіркестер” деп атап жүргенін айттып кеттік.

Сөз тіркесі жәпе фразеологиялық тіркестер. Сол сиякты фразеологиялық тіркестер де еркін сөз тіркесінің катарына жатпайды, өйткені фразеологиялык тіркестер грамматикалык мағынаны емес, баска бір лексикалык мағынаны білдіреді, орны жағынан тұракты, бір гана сұракка жауап береді, өзге тілге сөзбе-сөз аударуға көне бермейді.

Еркін сөз тіркесі кұрамындагы сөздер бірігіп келіп, баска бір лексикалык магынаны емес, грамматикалық мағынаны, яғни анықтауыштық, пысықтауыштык, толықтауыштык катынасты білдіреді.

Сөз тіркесінің эрбір сыңарларының арасындағы байланыс анағұрлым еркіндеу болады. Бірак бұл еркіндіктің де шегі болады. Ал фразеологиялық тіркестің сыңарларының арасындагы байланыс бекем болады. Еркін сөз тіркесі сөйлеу кезінде жасалса, фразеологиялық тіркестер бұрыннан даяр тұрған Қалпында қолданылады.

Сол сиякты фразеологиялык единицалардың бір катарының негізі еркін Сөз тіркестеріне келіп тіреледі, баскаша айтқанда, еркін тіркестер көптеген тұракты тіркестердің жасалуына ұйткы болады. Мұны көптеген тұрақты тіркестердің еркін сөз тіркестері модельдері негізінде жасалғандығы, әрі ондай кұбылыстың осы уақытқа дейін сакталғандығы қуаттайды. Салыстырып көрелік: етпетінен жату — етпетінен түсу, зат көру — қол көру (ойын); жіп жалгау — жүрек жалгау т.б. Осылардың алдыңғылары — еркін сөз тіркестері де, соңғылары — тұрақты тіркестер, яғни тұрақты тіркестер еркін сөз тіркестерінің кұрылымдық үлгілері негізінде жасалып тұр.

Күрделі сөздер тэрізді тұрақты сөз тіркестері де сөйлеу кезінде жасалмай, бұрыннан даяр тұрған қалпында сөз тіркесінің немесе сөйлемнің кұрамына келіп енеді.

Тұракты тіркестердің бір ерекшелігі — олардың тұтасымен бір ғана лексикалық мағынаны білдіретіндігі. Ал еркін сөз тіркестерінің әрбір сыңарлары дербес мағынаға ие.

Тұрақты тіркестердің тағы бір ерекшелігі — кұрамындағы сөздердің орны жағынан тұракты болып келуі. Сондықтан да тіркес сыңарларын басқа бір сөздермен ауыстыруга болмайды, ауыстырған жағдайда олар тұрақты тіркес болудан қалады. Ал еркін сөз тіркестерінің сыңарларын орны жағынан ауыстыруға болады, одан грамматикалық мағынаға нұқсан келмейді, мэселен, ақ қагаз тіркесін, сары қагаз, қара қагаз, жасыл қагаз т.б. деп алмастыра беруге болады, өйткені бұл тіркестердің барлығы анықтауыштық қатынаста жұмсалып тұр. Бірақ кез келген сөзбен ауыстыра беруге болмайды, бұл жерде ескеретін бір жайт — тіркес негізге алынады. Сонымен бірге лексикалык тұрғыдан да байланыс болуы кажет.

Синтаксистік сөз тіркесі болу үшін магына дербестігі міндетті болса, ал фразеологиялык тіркес үшін мұның қажеті жоқ, өйткені тұрақты тіркес кұрамындағы сөздер лексикалық магынасы жағынан не солғындап, не айырылып, сол тобымен өзге бір лексикалык мағынаны білдіретіндей болып қалылтасқан. Тұракты тіркестер тұтас қалпымен сөз тіркесінің бір сыңарынын кызметін атқармаса, өзі дербес тұрып сөз тіркесі бола алмайды.

Сөз тіркесі жәпе күрделі сөздер. Еркін сөз тіркестерінің сыңарлары белгілі бір сапаны, іс-әрекетті, белгіні, түрді, түсті білдіреді. Егер сөз тіркестерінің сыңарларының бірі сапаны немесе іс-эрекетті білдіру қасиетінен айырылып, лексикаланып, мағыналық тұргыдан өзгеріске түссе, мұндай тіркестер сөз тіркестері болудан қалып, фразеологиялық тіркестердің немесе күрделі сөздердің қатарына карай көшеді. Демек, бұл тіркестердің түпкі тегі — еркін сөз тіркестері. Мысалға бозторгай,_қараторгай деген сөздерді алайык. Бұлар тарихи тұрғыдан алғанда, еркін сөз тіркестері болған да, тілдің дамуы барысында лексикаланып, белгілі бір заттың атауына көшкен. Бірак бозторгай сөзін боз кілем тіркесімен шатастыруға болмайды, боз кілем тіркесіндегі боз сөзі заттың түрін, түсін білдіру мэнінде жұмсалып, өзінің лексикалык мағынасын сактап, соған орай кілем сөзін аныктап, аныктауыштық қатынаста жұмсалып тұр. Сондықтан да боз кілем тіркесінің құрамындағы сөздер жеке- жеке сұрақка жауап береді, сөйлемнің белгілі бір мүшесінің кызметін атқарады. ретіне карай тіркес кұрамындағы сөздердің орнын ауыстыруға болады. Мэселен кілем сөзін боз сөзімен емес қызыл кілем деп айтсак, одан грамматикалык мағына өзгермейді, сол анықтауыштык қатынаста қала береді. Бозторгай тіркесінің бойынан мұндай қасиетті таба алмаймыз, ейткені боз сөзі лексикаланып, анықтауыштық қасиеттен айрылған.

Балқия Қасым өз еңбегінде:»… күрделі сөздің қай-қайсысы болмасын, онын көзінде-сөз тіркесі тұргандығы белгілі. Ең бастысы олардың тіл зандылығына қалай келіп, қалай жасалатындығында болса керек,-”дейді[38.21].

Сөз тіркесі жәпе сөздердіц салалас қатарлары. Тұрақты тіркестер сияқты салаласа байланыскан тіркестер де сөз тіркесі бола алмайды. Салаласа байланысқан тіркестер қатарына әке мен бала, бойжеткен мен бозбала, ақылды да айбатты тәрізді тіркестер жатады. Осы типтес тіркестер тіл білімінде салаласа байланысқан тіркестер немесе сөздердің салалас қатарлары деп аталып жүр. Мұндай тіркестердің ерекшеліктерін сөз тіркесінен ажырату үшін, оның кұрылымдық ерекшелігіне назар аударған жөн. Сөз тіркесі өзінің тұйықтылык қасиетімен сипатталады, сөз тіркесі сыңарларының бірінің басыңкы, екіншісінің бағыныңқы болып келу касиетінен көрінеді. Мысалы биік үй, мектепке келді тәрізділердің бірінші сыңарлары — тәуелді, бағыныңқы мүше де, екінші сыңарлары — ұйтқы, басыңқы мүше. Демек, сөз тіркесін жасауда ұйткы мүшенің рөлі зор. Сөз тіркесі сөйлем құрамындағы өзге сөздермен басыңқы сыңарлардың тұлғалық өзгерістерге түсуі аркылы байланысады, ал бағыныңқы сыңарлар өзінің бастапкы қалпын сақтап өзгеріске түспейді. Бұл қасиет түркі тілдеріне ғана тэн, ол оның артықшылығына емес, ерекшелігіне байланысты. Орыс тіл білімінде бағыныңкы сыңар басыңқы сыңардың ыңғайына қарай жекеше, көпше, септік жэне тек (род) тұлғасына карай түрленіп отырады. Ал салаласа байланысқан тіркестерде мұндай ерекшелік жоқ, олар бір-бірімен өзара тең дәрежеде байланысады. Салаласа байланысқан тіркестердің бір ерекшелігі — олардың орнын алмастырып айтуға көнеді, бірак бұдан салаластық қатар ыдырамайды, жойылып кетпейді. Мысалы, ұл мен қыз, қыз бен ұл — сөйтіп, бұлар сөйлемнің бірыңғай мүшелерін кұрайды. Ал сабақтаса байланысқан сөз тіркестерінің сыңарларының орнын бұлай алмастыруга болмайды, өйткені мұндай жагдайда сөз тіркесінің мазмұны мен грамматикалық табиғаты өзгеріп кетеді.

Сөз тіркесі жәпе толық магыналы сөздер мен көмекші сөздер тіркесі. Сөз тіркесінің кұрамындағы сөздер өзара сабактаса байланысуы керек, әрі Дербес мағынасы болуы қажет. Осы тұрғыдан қарайтын болсак, толык лексикалық мағынасы бар сөздер мен көмекші сөздердің (шылаулардың, көмекші етістіктердің, көмекші есімдердің) тіркесі сөз тіркесін кұрай алмайды, өйткені көмекші сөздер өзі тіркесіп тұрған сөздердің мағынасын толыктырады, жетілдіреді, бірак жаңа бір грамматикалық мағына тудыра алмайды, яғни толықтауыштык, анықтауыштық, пысықтауыштык катынасты білдірмейді, сонымен, сөз тіркесінің кұрамындағы сыңарларының әркайсысының дербес, толық лексикалык мағынасының болуы — сөз тіркесіне тэн басты шарттардың бірі.

Тарихи тұрғыдан қарайтын болсақ, толық лексикалық мағынасы бар сөздер мен көмекші сөздердің байланысы сөз тіркесін кұраған, өйткені казіргі ^езде көмекші сөздер деп жүргеніміз — ертеде өзінің лексикалық мағынасы болган сөздер. Олар тілдің дамуы барысында, кажеттілікке орай, көмекші сөздер катарына косылған. Осыган байланысты, олар сөз тіркесі болудан калғаң. бірак сөз тіркесіне тэн байланысу амал, тәсілін сақтап қалған. Мысалы: үйге дейін, концерттен соң (синтетикалық тэсіл арқылы, меңгеріле байланысқан), көпірдің үсті, үйдің маңы (синтетикалық тәсіл арқылы, матаса байланысқан). Осы тэрізді тіркестер казақ тіл білімінде түйдекті тіркестер деп аталып жүр.

Мүндай тіркестер сөз тіркесі болу үшін, баска бір лексикалық мағынасы бар сөздермен тіркесуі керек: үйдің маңын тазалау, көк майса, концерттен соң барды т.б.

Сөз тіркесі және сөздер тіркесімділігі. Біз ойымызды екінші біреуге жеткізу үшін тіліміздегі сөздерді пайдаланып, тіркестіріп, сөйлемдер құрап. кажетіне карай пайдаланамыз. Бірақ, мұнда ескеретін бір жайт — кез келген сөзді тіркестіре беруге болмайды. Мысалы, ақылды сөзін тек адамга байланысты ғана айта аламыз, ал ақылды сиыр, ақылды түйе деп айта алмаймыз. Демек, сөздер мағыналық тұрғыдан үйлесімін тапқанда ғана өзара тіркеседі. Мұндай ерекшелік қазақ тіл білімінде сездердің тіркесу қабілеті немесе сөздердің тіркесімділігі деп аталады.

Жоғарыда келтірілген мысалдардан кез келген екі сөздің тіркесімділігі сөз тіркесін кұрай бермейтіндігін көреміз. Бұдан шығатын қорытынды, грамматикалык касиеті жагынан сөздер өзара тіркесе беруі мүмкін. Мысалы: ақылды жер, былтыр барады. Бірак бұлай қолдануға болмайды. Оның себебі — бұл сөздер лексикалык мағынасы жағынан үйлесімділігін таппаған сөздер. Сондықтан, сөздердің бір-бірімен тіркесе түсуінде лексикалық магынаның атқаратын кызметі зор.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келгендегі айтар түйін — эрқайсысы дербес лексикалық мағынаға ие сөз таптарының синтаксистік карым-қатынасы негізінде сабақтаса байланысқан кем дегенде екі сөздің тіркескен тобы — сөз тіркесі деп аталады.

Осы анықтамаға сүйенсек, түйдекті тіркестер, фразеологиялық тіркестер, салаласа байланысқан тіркестер, терминдік тіркестер, бастауыш пен баяндауыштан тұратын тіркестер, тіркес ыңғайындагы атаулы сөйлемдер сөз тіркесінің қатарына жатпайды. Олардың сөз тіркесі катарына жатпайтындығы тіл фактілері негізінде жогарыда баяндалды.

5

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля