26 ноября, 2017 13:55
Шу батыр» дастаны — қазіргі түркі тектес ха- лықтардың арғы тегі саналатын, көне тарихқа біздің зама- нымыздан бүрынғы ежелгі дәуірлерден мәлім сақ және ғүн тайпаларының шежіресін аңызға айналған тарихи де- ректер бойынша жыр еткен ерлік эпосы.
Ежелгі түркі ауыз әдебиетін зерттеуші ғалымдардың пікірі бойынша, „Шу батыр» дастаны қадым заманда, сақтар дәуірінде-ақ өмірге келген жыр. Белгілі түрік ғалымы Н. С. Банарлы өзінің „Түрік әдебиетінің тарихы» атты зерттеуінде „Шу батыр» дастаны бізге Қытай көне жазбалары арқылы жеткенін, соның өзінде, дастанның жалпы сюжеттік желісі мен жеке үзінділері ғана сақталғанын айтады . Қытай жазбалары арқылы жеткен мәліметтер бойынша, сақтар өз мемлекетінің үланғайыр бір аймағын Шу өлкесі деп атаған екен .
„Шу батыр» дастанын ғылыми негізде дүрыс пайымдау үшін біздің заманымыздан бүрынғы төрт мыңыншы жыл- дың орта кезінде қазіргі Қазақстан жерінің Шу өзені маңайында болған кейбір оқиғаларды білген жөн.
Әлемдік әдебиеттер тарихында түрлі аңыздарды өзінің сюжеттік желісіне арқау етіп алған дастандарды үзақ жылдар бойы зерттеген ғалым Нихад Сами Банарлы түрік дастандары негізінен тарихта орын алған маңызды оқиғалардан елес беретінін ескертеді
Аса даңқты түрік билеушісі, есімі кезінде әлемге мәшһүр болған дарынды қолбасшы Шу батыр сақтар мем- лекеттік бірлестігіне қарасты Шу аймағында өмір сүргені мәлім. Ал, сақтар қазіргі Орта Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін біздің жыл санауымыздан бүрынғы дэуірлерде мекен еткен тайпалардың бірі. Иран тарихшы- лары сақтарды үш топқа бөліп қарастырады. Солардың ішінде, Арал теңізі төңірегін, Қаратау мен Жетісу жерін, Яксарт (Сырдария) пен Оксус (Амудария) өзендеріне дейінгі аймақты мекен еткен сақтарды кезінде парсылар өз тілінде: „Тьяйпарадарая» (яғни теңіздің арғы жағындағылар) деп атаған.
Ежелгі дәуірлерде қазіргі Қазақстан жерін мекенде- ген көне тайпалар тарихын жан-жақты зерттеген қазақ ғалымдары К. Әкішев пен Г. Қошаев өздерінің бірігіп жазған „Іле өзені алқабындағы сақтар мен үйсіндердің ежелгі мәдениеті» (1963) деп аталатын зерттеуінде біз сөз етіп отырған кезеңдегі сақтардың түрмыс-тіршілігі, өмір салты, биік мәдениеті жайында аса қүнды деректер келтіреді
Сонымен, „Шу батыр» дастанында алдымен оқиға бо- лып отырған осы өңірдің көз тартатын ғажайып табиғат көріністері, бау-бақшалы егістік алқаптар, жыландай бүралаңдап ағатын өзендер мен айдынында аққу қүстар қиқу салған көлдер, өзен бойында қалың болып өскен қүрақ-қамыстар суреттеледі.
Байырғы Баласағүн шаһарының маңайынан жас әмірші Шу батыр жаңадан салдырған Шу қала-қамалының сәулеті жайында айтылады.
Сондай-ақ дастанда биік-биік тау шатқалдары мен кең жазық далада ойнақ салып жүрген сансыз көп арқар, бөкен, елік, таутеке, марал, барыс, аю, бөрі, арыстан сияқты аңдар көрініс тапқан. Мысалы:
Шу дариясы береке:
Қаз, үйрегі қаптаған,
Арқар, киік сусындап Жағалауда ойнаған.
Аққу қүстар қалықтап Дегелектер ойнаған.
Қалың қамыс ішінде Жолбарыс жатыр жол аңдып,
Арыстан жатыр аң аңдып,
Таудың арғы бетінде,
Табғаш жатыр бізді аңдып.
Айналаға от жағып,
Қараңғыны қашырдык,.
Кеше шайқас кезінде,
Қан ішетін қорқақты,
Биік таудан асырдық.
Көктен тілеп күш-қуат,
Тәңірі бізді қолдады.
Тізе бүкпей тік тұрды,
Көк бөрінің улдары
Міне, осы суреттерден кейін ғана дастанның бас қаһарманы — Шу батыр туралы хикая басталады. Шу ба- тыр — еңсегей бойлы, қақпақ жауырынды, өткір көзді, түсі суық, шашы узын, білектерінде бұлшық еттері ойнаған, сақал-мұрты енді ғана тебіндеп шығып келе жатқан бала жігіт ретінде бейнеленген.
Ел билеушісі Шу батыр әрдайым, қысы-жазы көктем күніндей жайқалып тұратын өзінің ғажайып бау-бақшасы ішінен айналасы атшаптырым, аса үлкен күміс хауыз (әуіз, бассейн) салдырады. Ол хауызда көптеген үйректер, қаздар, аққулар лек-легімен қысы-жазы жүзіп жүреді екен. Ал, Шу батыр сарайдағы ел басқару істерінен, қиян- кескі соғыстардан, аңшылықтан қолы босаған сәттерде осы хауызға келіп, ондағы қүстарға қарап, терең ойларға шоматын болған.
Дастанда Шу батыр осы киелі қүстардың қимыл- әрекетіне қарап отырып өз елінің болашағын болжап біледі. Мәселен, дастанда Шу батыр сақтар еліне қалың қолды қалың қамысты.
Шайқасқа шықты Шу батыр,
Бермеу үшін намысты.
Лек-лек жасақ тоғысты,
Аспан мен жер қағысты.
Сөйтіп, „Шу батыр» дастанында батырдың көңіл-күйін, ішкі психологиясын тікелей суреттемей, оны пернелеп айту әдісімен, табиғат қүбылыстарын сөз ету жолымен жеткізіп отыр.
Дәл осындай көріктеу тәсілі қазақтың батырлық жыр- ларында да кең орын алғаны мәлім. Мәселен „Ер Тарғын» жырында батырдың мертігіп, жан күйзелісіне түсіп жатқан сәті төмендегіше бейнеленген:
Күнді бүлт қүрсайды,
Күнді байқай қарасам,
Күн жауарға үқсайды,
Айды бүлт қүрсайды Айды байқай қарасам,
Түн жауарға үқсайды.
Көгілдерін еріткен Көлдегі қулар шулайды,
Шулағанға қарасам,
Көктен сүңқар соғылғанға үқсайды.
Бойды байқай қарасам,
Қол-аяғым көсіліп,
Аузы-мүрным ісініп,
Алланың хақ бүйрығы маған таянғанға үқсайды
„Шу батыр» дастанында тау бөктеріндегі кең жазира жазықта қым-қиғаш қанды майдан, шайқас басталып ке- теді. Шайқас алдында жекпе-жекке шыққан Ескендірдің бір сарбазын Шу батырдың бір нөкері қас-қағымда қақ белінен қылышпен шауып тастайды. Сонда әлгі өлген ба- тырдың кесіліп кеткен былғары белбеуінен бір уыс алтын жерге төгіліп қалады да, оған әлгі нөкердің қаны шашырап кетеді. Сонда Шудың нөкерлері: „Алтыны — қан бол- ды!“—деп қайта-қайта айғай салады. Содан сол соғыс болған жер „Алтынқан» деп аталып кетіпті.
Ал Ескендір патша өзінің ең таңдаулы қырық нөкерінің жеңілгенін мойындап, Шу батырмен бейбіт келісім жасасыпты. Тіпті екеуі достасып, Шу батыр өз елін, халқын қырғын соғыстан аман алып қалыпты.
Дастанда Шу батырдың „алуан түсті жібек әшекей- әлемішке малынып», төбесі көкпен тілдесіп түрған көгілдір шатыры бейнеленген. Бүл көк орданың айналасындағы саф алтынмен апталған биік діңгектер үшына іліп қойылған әшекейлі қүмыралар ішіндегі хош иісті май қараңғы түсісімен лаулап жанып, айналаны жап-жарық етіп түр.
Алайда бізге көк сарай туралы үзақ жырдың қысқа- қысқа үзік жолдары ғана келіп жеткен. Соның өзінен-ақ түріктердің арғы ата-бабасы саналатын сақтар мен ғүндар- дың Көк Тәңірісіне табынып, көк бөріні тотем түтқаны, көк түсті киелі санағаны, көк түсті байрақтарын желбіреткені тарихтан жақсы мәлім.
Жалпы түркі тектес көшпелі тайпалар ежелгі дәуірлерден бері көшіп-қонуға қолайлы, қыста адам тоңбайтын, жазда ысып кетпейтін, дауылға қүламайтын, қар-жаңбыр өтпейтін киіз үйде түрып келген.
Тарихта „Көк түріктер» деп аталып кеткен осы ха- лықтың тайпалық дәуірдегі ата-бабалары да өздерінің киіз үйін көк түске бояп, немесе үйдің сыртын көгілдір жібекпен орап қоятын болған.
Ежелгі түркі дәуірінде өмір сүрген Қытайдың бір үлы шайыры түрік елінде болып қайтқан соң көшпелілердің киіз үйі туралы өлең шығарған екен. Ақын ханның да емес, бекзаттың да емес, қатардағы орта шаруаның киіз үйін жыр еткен. „Көк орда» («Голубая юрта») деп аталатын бүл жыр бізге сол табғаш (Қытай) жазбалары арқылы жет- кен:
Мың қаралы қойдың жүні кетті ғой,
Екі жүздей жүзік ала кепті ғой. Керегесін үйеңкіден қашаған Неде болса, бір керемет жасаған. Солтүстіктің аспанындай көрікті — Көкшіл орда көк шалғынға қоныпты. Көк күмбездей көк аспанмен таласып, Оңтүстікке қалыпты өзі жарасып. Қанша соқсын, шайқалмайды дауылға, Қанша төксін, мыңқ етпейді жауынға. Қуыс та жоқ, бүрыш та жоқ бірақ та Кіргендейсің жүпар иіс жүмаққа. Сағынса да кең даласын, тауларын, Төрінде түр енді біздің ауланың.
Ай астында көлеңкесін айт оның,
Ол түрғанда басқа жерді қайтемін. Жан-жағына кілем, киіз үстаған,
Түк етпейді қақап түрған қыс та оған. Текеметтер — көздің жауын алатын, Отыра ғап, сазды әуенге салатын.
Бір жағында сүңқылдайды жыршыңыз, Бір жағында мың бүралған биші қыз. Көк ордамда рақатқа батамын,
Ақ киізде аунап-аунап жатамын.
Қақ ортада қызыл алау желбіреп, Қараңғылық түріледі селдіреп.
Жібек самал желпиді бір бетіңді,
Жупар шашқан орхидея секілді.
Түнгі аспанға баяу ғана бүралып,
Сиқыр түтін сіңіп жатыр шүбалып.
Бояуларың балқып, еріп барады,
Жыр дегенің тасқын судай ағады.
Пенделердің — күркесі бар қамыстан Қысы-жазы жел-қүйынмен алысқан,
Орхидея шымылдығын көрсе де,
Көк ордадан кетпес еді өлсе де.
Көк ордаға қызығады монах та,
Қызықпайтын жан бола ма жанатқа. Қонағымды осы жерде баптаймын,
Көк орданы үл-қызыма сақтаймын.
Төрелерің сарайларын сырлайды,
Бірақ менің көк ордамда түрмайды.
Көк сарайға өрнек салып тастаған,
Көк ордамды өлсем — айырбастаман.
Міне, сол кездегі қарапайым шаруаның киіз үйі ақын жырлағандай болса, онда Сақ мемлекетінің түтас бір аймағына билік жүргізген Шу батырдың ордасы қандай болғанын көз алдымызға елестету онша қиын болмаса ке- рек.
„Көк орданы» жырлаған ақын өмір шындығынан алыс- тап кетпегені анық. Мүны дәлелдейтін жазба деректер бар. Мәселен, Түрік қағанатына елші болып келген Визан- тия императорының бекзаты Менандр Протектор өзінің көптеген қалаларда болып, талай-талай сәулетті сарайлар- ды көргенін айта келіп, „түрік жеріндегідей әсем, тіпті есіктеріне дейін алтынмен апталған, түрлі-түсті жібекпен көмкерілген ғажайып көк шатырларды ешқашан көрме- генін» тамсана отырып жазған (126, 377).
Бүл дастанда тағы да назар аударарлықтай көрініс бар. Шу батырдың көк шатырын үстіне мүздай қару-жарақ асынған, арғымақ атқа мінген 360 нөкер күндіз-түні қоршап түрады.
„Шу батыр» дастаны бізге толық күйінде жетпесе де шағын үзінділері бойынша-ақ мүның өзі көлемді, оқиғасы тартымды, желісі ширақ, көркемдік дәрежесі жоғары, сол дәуірдің тарихынан мол мәлімет беретін шежіре-дастан болғанын аңғару қиын емес.
Сақтар дәуірі ауыз әдебиетінің ғажайып үлгісі болып табылатын Шу батыр жайындағы дастан өзінен кейінгі түркі жазба әдебиетінің қалыптасуына зор әсер етті.
Түрік қағанаты дәуірінің аса көрнекті ақыны Йол- лығтегін „Күлтегін» жырын жазу барысында өзінен бүрынғы ауыз әдебиеті үлгілерін шынайы қаламгерге ғана тән зор шеберлікпен пайдалана білді. Сөйтіп, сан ғасырлар бойы ауызша айтылып келген дастан үлгілері жазба әдебиетте өзінің көркемдік жалғасын тапты.
Бүған „Шу батыр» дастанының бізге жеткен сюжеттік желісін, шағын үзінділерін жазба әдебиеттің ғажайып үлгілері саналатын „Қорқыт ата кітабымен», „Күлтегін» жырымен салыстыра отырып көз жеткізуге болады. Мәселен, Шу батыр үлкен бір іске кірісер алдында елдің батырларын, үлықтарын, бектерін шақырып алып, оларға қарата үндеу тастайды. Дәл осындай салт-дәстүр „Қорқыт ата кітабында» жиі үшырайды.
Күлтегін батыр да жауға аттанар алдында:
Түркі бектері, халқы,—
Сөзімді тыңда!—
деп бастайды.
„Шу батыр» дастанында қаһарманның соғыста мінетін аттары мадақталады:
…Шу ақ айғырға мініп шапты,
Жаулары ажал қапты.
Немесе:
Ханзада мінген қараторы ат,
Арғы тегі — қүс еді.
Ал, Түрік қағанаты дәуірінде өмірге келген түркі жазба әдебиетінің алғашқы үлгілерінің бірі саналатын „Күлтегін» жырында батырдың майданға мінетін арғымақтары жай- ында айтылған мынандай жыр жолдары бар:
…Күлтегін алып Шалшы атына мініп,
Жауға үмтылды.
Ол ат сонда қүлады.
…Күлтегін Азман атын мініп,
Шапты, талқандады.
Әскерін жеңдік, елін алдық
Бүл екі батыр да шайқас алдында Көк Тәңіріден демеу, күш-қуат, медеу сүрап жалбарынады. Екеуі де „аш ха- лықты — тоқ еткенін, аз халықты — көп еткенін» мақтаныш етіп айтады. л
Шу батыр мен Күлтегін батырдың тағы бір ұқсастығы
- екеуіне де оқ өтпейді, қылыш шаппайды.
Сондай-ақ „Шу батыр» дастанында үшырасып қалатын кейбір мақал-мәтелдер мен қанатты сөздер («Жау жағадан тартқанда — бөрі етектен тартады», „Көз қорқақ
- қол батыр», „Тіл — тас жарады, тас жармаса бас жара- ды», „Сабыр түбі — сары алтын», „Ат жемейтін ащы шөптің шыққанынан гөрі шықпағаны жақсы. Ал, әке-ше- шесіне қайырымы жоқ баланың туғанынан гөрі тумағаны жақсы», т. б.) орта ғасыр поэзиясында, атап айтқанда Жүсіп Баласағүнның „Қүтты білік», Хорезмидің „Мүхаб- бат-наме», Саиф Сараидың „Түркі тіліндегі Гүлстан» дас- тандарында сол күйінде қайталанады.
Қорыта айтқанда, ежелгі түркі тайпаларының сан ғасырлық ауыз әдебиеті мен түркі халықтары жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері арасындағы мазмүн, форма, стиль бірлігін аңғару қиын емес.