ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ

17 ноября, 2017 11:28

Ежелден жыр мекені байтақ қазақ жері 1984 жылы жыр салтанатының, поэзия мейрамының жақсы бір сәттерін басынан кешірді. Күні кеше ғана атақты ақын, ғажайып әнші, даңқты композитор Кенен Әзірбаевтың жүз жылдығын бүкіл ел болып аса бір махаббатпен, шын ықыласпен тойласақ, енді міне, қазақ әдебиетінің бағына біткен үш қыранның тоқсан жылдық тойы қа- тарласа, жарыса тағы келді.

Қазақ совет әдебиетінің керегесін жайып, шаңыра- ғын көтерген, сөйтіп рухани байлықтың жарасқан, әсем күмбезін тұрғызған Сәкен, Бейімбет, Ілиястың социа- листік мазмұндағы жаңа әдебиетті жасаудағы ұшан- теңіз еңбегі үздіксіз айтылуда. Бірақ әлі түгесіліп бол- ған жоқ, олар аршыған сайын маржаннан шашу шаша беретін, есепсіз қазына аша беретін таусылмайтын кені- міз, ұзаған сайын биіктеп, сәулеттене беретін Алатаудай асқар биігіміз.

Солардың ішінде ғасырлар артқан сайын жақсарып, жарқылдай беретін, мәртебесі көкке қарай өрлей бере- тін ерекше мұра — Ілияс мұрасы.

Не ықылым замандардан бері көнермей келе жатқан қазақ халқының байтақ жырын, сұлу хисса-дастанда- рын, ұлы эпостарын былай қойғанда, Сыпырадан бергі өмірі жыр боп өткен терең жыраулар қаншама? Оның ең соңғы ұлысы Жамбыл емес пе еді? Ал халқының алыс арманын арқалап, тағдырына терең үңілген дана ойшылдар мен әбжіл-шешендер аз ба еді, олардың бізге мәлім түпкі атасы Асан Қайғы болса, соңгы үздігі және бір ерекше тұрғысы Абай емес пе еді?

Міне, Ілияс Жансүгіров өзіне қажетті нәрді осынша- ма байтақ қазынадан алып, соның мөлдір бастауынан сусындаған, жыр болып туып, жыр болып өткен. Хал- қымыздың тарихынан, мәдениеті мен әдебиетінен ала- тын Ілиястың орны сондықтан да ерекше. Мейлі, Қасым, Мұқағали болсын, соңғы ғасырлар тудыратын келешек таланттар болсын, олардың еш қайсысы Ілиясты қайта- лай алмайды.

Онан соңғы ойлар оның асқақ поэзиясындағы аза- маттық әуені мен мінсіз шеберлігі, білімдігі мен пара- сатты, айтқыштығы мен болжампаздығы, халық тари- хын жетік білетін тереңдігі мен жан-жақтылығы төңіре- гінде болуға керек.

Нағыз ақын халықтан туып, жырын сол халықтың

 

салмаған ақын. Бұл тұстарда ол желмаядай желіп, қы- рандай қалықтап, өлеңнен өрнек жасайды, жырдан кесте тігеді. Қөздің жауын алатын не бір сиқырлы бояу- лар табады: енді бірде арбаушыдай еркіңнен айырып, бұйдалы ботадай оқушысын жетегіне алады. Сол себепті де оның табиғатты бейнелеудегі шеберлігі қазақ поэзия- сының жарқын беттерін ашады. ■

Ал жылқы баласын суреттеуде Ілияс тіпті Абайдың өзімен тең түскендей ме деп ойлайсың. Мұны біз «Құла- герден» анық көреміз.

Ілияс Жансүгіровтің проза, драматургия, әдебиет- тану, зерттеу саласындағы еңбегі де аз емес. Сонау отызыншы жылдардың басында Қазақ Советтік Жазу- шылар Одағын басқарып, жазушылардың бірінші съезін- де жап-жас болып аталы сөз сөйлегеніне, көп кешікпей «Литературная газетаға» «Братства литератур» деген ойлы мақала жазғанына қайран қаласың. Ілияс жазған «Братства литератур»—«Әдебиеттер туыстығы» қазір совет жазушыларының ең қажетті ұғымына айналды.

Десе де ол — ең алдымен ақын, ақын болғанда жыр құдірет, дүлдүл эпик ақын.

Ілияс творчествосының шыңы —«Дала», «Қүй», «Қүй- ші», Құлагер» поэмалары. Сонымен бірге бұл аталған шығармалар ұлттық мәдениетіміздің, ата жырымыздың озық дәстүрін бойына сіңірген, философиялық ойларға кемел, тарихи болмысты кең қамтыған, халқымыздың өмірін дәл суреттеген әрі заты қазақ поэзиясын жаңа тарихи белеске көтерген, қайталанбайтын классикалық туындылар.

Қең көсілген көне қазақ жерінің сан ғасырғы аза- бын, қасірет кешіп талмай іздеген бақытын, елдің мұ- ңын жоқтаған сиқырлы күйшіні, құдіретті Молықбай- ды, жаралы Ақанды, азулы Құлагерді дәл солай жырлау *иін Ілияс болып тууы керек еді. Өйткені, көркем ойдың ғажайып үлгісін таньітқан бұл төрт поэма маған жыр атаулының төрт тіреуі секілденеді де тұрады.

Ілияс биыл көктемде тоқсан жасқа толар еді… Тірі болса, абыз қартың оқушысын сан жылдар оқып тауы- са алмайтын дана жырға көмер ме еді, қайтер еді… Бірақ: «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп, данышпан Абай айтқандай, Ілияс өлген жоқ, ешқашан өлмейді, халқымен мәңгі бзр- жасай береді. Мұны ақын «Құлагерге» кіріспесінде сон- шалықты көрегендікпен болжап айтқан ғой.

 

«Тасқында, тау суындай көңіл жыры,

Қазақтық сусындасын ойы-қыры.

Бұрқырат кер бұлақды кең далақа,

Бастырмай шөпке шарға токтап құры.

Даланың той болғанда бүгін күні,

Жүйріктей бабындағы жүгір міні.

Орай шап, алдын, артын жиын жұрттың,

Жыр қыла бүгінгіні, бұрынғыны.

Шат көңіл, шадыман жүрт акынысың,

Жүйріктен жұрт куанткан жақынысың.

Баласың бакытты елге, түс майданга,

Халкының қайратысың, ақынысың.

Халкымның қуанышты бұлбұлымын,

Жұртымнық жүйрігінің дүлділімін.

Көтеріп көптің көңілін күнде шауып Жүлда алар жұма сайын туды күнім.

Шат елдің шешенімін, даңғылымын,

Шыным сол, правом бұл, заңды мұным,

Астанам Алатаудан саңқылдасам,

Жетпей ме жер жүзіне жаңғырығым?»

Түптеп келгенде, Ілияс Жансүгіров — қазақ әдебие- тінің төкпе жорғасы, алдына қара салмайтын тұлпары, биік бәйтерегі, жырдың алтын діңгегі, заңғар шыңы, қайталана бермейтін ғажайып құбылысы. Сондықтан да, оның мұрасы жыл өткен сайын жаңарып, көздің жауын алатын оұлу таулардай биіктей береді, биіктей береді.

 

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля