КӨМЕКТЕС СЕПТІК

28 марта, 2018 22:53

 

Бұл септіктің жалғаулары -мен,-бен,-пен,-менен,-бенен,-пенен. Көмектес септік жалғауларының бір ерекшелігі-олардың тілімізде фонетикалык жуан варианты жоқ.

Көмектес септіктің басты мағыналары:

  • істің, кимылдың немен, қандай кұралмен істелгенін білдіреді. Мысалы, Орамалмен терін шапшаң сүртіп, самай шашын асығып түзеді (Н. Ғабдуллин).
  • іс-әрекетті, қимылды аткаруга қатынасқан адамды білдіру де көмектес септіктің негізгі магыналарының бірі. Мысалы, Ол әскерге Досандармен бірге аттанған жігіт еді (К. Оразалин).
  • көмектес септігіндегі зат есім кейде істің, қимылдың амалын білдіреді. Мысалы,… істің жедел колга алынғанын ризалықпен еске алды (сонда).
  • көмектес жалғаулы зат есімнен кейде істің, кимылдың, мекені, мезгілі көрініп тұрады. Мысалы, Бұлактың арасымен жарыса жүріп, жазыкка түсейік (сонда).

Көмектес септік жалғаулы сөз жанама толыктауыш болады. Мысалы, Назыммсн телефон арқылы хабарласты. Атты қамшымен айдама, жсммен айда.

Көмектес септік жалғаулы сөз сөйлемде пысыктауыш та болады. Мысалы, Домбыра үлкен шеберлікпен жасалыпты.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля