Жануарлардың қандай түрлері болады?

23 ноября, 2017 10:30

Сабақ тақырыбы: Жануарлардың қандай түрлері болады?
Күні: 24.10.2017жыл СЫНЫП: 1-сынып Мұғалім: Хасенова Аягоз Бельгибаевна
Қатысқандар саны:14 Қатыспағандар саны:0
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырата алады
Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеу қажеттілігін түсінеді.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Ресурстар: 1.      үлестірмелі парақшалар; жұмбақтар

2.      белгілі үй жануарлары, олардың қорасы, күтуге арналған құралдар бейнеленген үлестірмелі материалдар.

Күтілетін нәтижелер: 1.      Оқушылар:

2.      үй және жабайы жануарлардың кейбір түрлері­мен танысады;

3.      жабайы жануарлардың үй жануарларынан қан­дай ерекшелігі бар екенін түсінеді;

4.      үй жануарларының тұратын жерінен сиырқора­ мен, атқорамен, түйеқорамен, қойқорамен, ит­тің үйшігімен танысады;

5.      жануарларды қалай күту керектігін білетін болады;

Сабақтың мақсаты: 1.2.2.2 жабайы және үй жануарларын ажырату
Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер
 

Психологиялық ахуал:

Ортаға шығарамын, шеңберге тұрғызамын.

Өздерін еркелетіп айтатын сөздерді бір-біріне айтқызамын. М: ботақаным, қошақаным, жаным….

Топқа бөлу (3 топ) Түстер бойынша

Сары түс,  жасыл түс, қызыл түс

Өткен сабақты пысықтау Жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың

ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;
1 топ: Қандай жануарларды білесің?

(түйе, ат, сиыр, қоян, қасқыр)

Қандай өсімдіктерді білесің?

(раушан, қызғалдақ, кактус)

2 топ: Жануарлармен өсімдіктердің ұқсастықтарын ата.

(қоректенеді, тыныс алады, өседі, өледі, көбейеді)

3 топ: Жануарлардың өсімдіктерден айырмашылықтарын ата.

( Жануарлар белгілі бір кезеңде өседі, қозғалады, жүгіреді, өрмелейді, жүреді, секіреді)

Кері байланыс.

Тақырыпты анықтау Сабақты жануарлар туралы жұмбақтар дайындап әкеліп, шешкізуден бастаймын. Әр жауап сурет ретінде ілініп отырады

Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратады.

Сұрақ: “Сонымен сабағымыздың тақырыбы  қандай?”

Тақтадағы суреттермен жұмыс Жануарлар дүниесі. Оқушылар суреттерге қарап: “Бейнеленген жануарлардың қайсысын білесіңдер?  Олар туралы не айта аласыңдар? Қай­сысы біздің өлкемізде тіршілік етеді?” деген сұрақтарға жауап береді.

Суреттердегі жануарларды қандай топтарға­ бөлуге болады. (Жабайы және үй жануарлары). Егер оқушылар жауап беруге қиналса, жетелеуші сұрақтар қою. “Суреттегі әр жануар қай жерде тіршілік етеді? Немен қоректенеді?”­

Жабайы және үй жануарлары

Постермен жұмыс

Топтық жұмыс

1.      Жасыл түс – Ортадағы суреттерді сәкестендіреді . Тақтаға іледі.Түсіндіреді.

2.       қоректену: құндыз қорегін өзі табады, итке адам тамақ береді;

1.      емделу: құндыз жарақатын жалап жазады, ал итке адам қамқорлық жасайды, мал дәрігеріне апарады;

баспана: құндыз өзіне ағаш бұтақтарынан ін жасап алады, ал итке адам үйшік жасайды. Оқу­шылардан өмірде осы әрекеттердің қайсысын­ көргенін сұраңыз.

Сары түс – үй жануарларының төлдерін сәйкестендіреді.

 

Қызыл түс — Адам үй-жануарларын қалай баптайды (суреттер беріледі. Итке үйшік жасайды. Оған тамақ береді, ит үйді, малды қорғайды. Қойға қора жасайды, Шөп, жем береді, бағады. Тауықтарға  қора салады, жем-шөп береді, жұмыртқасын жинайды)

Сергіту сәті

 

“Үй жануарларының хоры” ойыны.

Бірінші — сүт беретін жануарлар (сиыр)

екінші — жүн беретін  жануарлар (қой)

үшінші — тышқан аулайтын жануарлар (мысық)

 

Кезектеп әндетемін

Дәптермен жеке жұмыс 12 – жұмыс парағы

Үй және жабайы жануарлар

Түсіндіру. Орындау

Жауабы:

Үй жануарлары: 2, 4, 5, 9. Жабайы жануарлар: 1, 3, 6, 7, 8.

Қалыптастырушы бағалау 5 МИН орындайды. Жинап  аламын.

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Олардың қайсысы өз бетінше тіршілік етеді? Қайсысына адамдар қамқорлық жасайды? Оларды ата.

2 — тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Әр қатардағы жануарлар тобын ата. Бос орынға сол топқа жататын жануардың суретін сал.

Үйге тапсырма:

 

Есте сақта! Ойлан! Айдарлаын беру. Түсіндіру.
Рефлексия: 1.      Сабақтан не білдім?

2.      Сабақта маған ұнады…

3.      Сабақта маған ұнамады…

Бағалау:  Смайликтер тарату, мадақтаулар айту.
Қосымша метариал: Әлемде жануарлардың орасан көп түрі бар. Алғашында олардың барлығы жабайы болған, бірақ адам кейбірін қолға үйретті. Адамдар үй жануарларына қамқорлық көрсетеді. Қамқорлық көрсету дегеніміз — оларды қоректендіру, емдеу, қорасын салу, олардың ұрпақтарына қамқорлық

көрсету болып табылады.

Үй жануарлары үшін адам малқора соғады. Сиырға арналған малқора — сиырқора деп аталады. Бұл үлкен, жылы қора, онда су құюға арналған науа, жем салатын астау болады.

Жылқыға арналған малқора атқора деп аталады. Бұл — ұзын ағаш қора, екі жағынан қашаларға бөлінеді.

Түйеге арналған қора — түйеқора, ал қойға арналғаны қойқора деп аталады.

Арқар. Жұптұяқты сүтқоректі. Денесінің ұзын­ дығы 1 м-ден 2 м-ге, биіктігі 1 м-ге дейін жетеді. Тау бөктерінде, жартасты тау етегінде, шатқалдарда тір­ шілік етеді.

Құлан. Сырттай есекке ұқсайтын түз жануары, бірақ жылқымен ортақ белгілері көп. Жазықта, шөл және шөлейт жерлерде тіршілік етеді, тау бөктерлерінде де кездестіруге болады.

Құндыз. Сүтқоректі, ірі кеміргіш. Денесінің ұзындығы кейде 1 м-ге дейін жетеді. Жүзе алады, артқы аяқтарының саусақтарының арасында жар­ ғақтары бар, алдыңғы аяқтарымен бұтақтарды қар­ мап ұстап, жерді қаза алады. Судың астында 15 минутқа дейін бола алады. Ағаштың қабығы мен сүрегін қорек етеді.

Ойлан!

Оқушылар мынадай сұрақтар бойынша ойланып көрсін:

Ит қандай әрекеттер жасайды? Қасқыр ше?

Олардың қандай ұқсастығы бар? Негізгі ерек­ шеліктері не?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеру?)

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

 

 

 

 

 

 

 

 

КЕРІ БАЙЛАНЫС ПАРАҒЫ (сабаққа қатысушы мұғалімдерге арналған)

Сабаққа қатысқан мұғалімнің аты-жөні:_____________

СІЗДІҢ ПІКІРІҢІЗ:

1.Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды?

____________________________________________________________________________________________

2.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады деп ойлайсыз?

____________________________________________________________________________________________________

3.Пән мұғаліміне тілегіңіз

____________________________________________________________________________________________

ПІКІРІҢІЗГЕ КӨП РАХМЕТ!

 

ЖҰМБАҚТАР

1.Басындаайды

Бірақ сақалы бар  таяғы бар,

Төрт аяғы бар

Адам деуге болм            (ешкі)

2.Кездесті бір жануар

Арқасында екі тауы бар   (түйе)

3.Есек емес,

Жылқы емес.

Екеуiнiң ұқсастығы

Бередi тұрқы елес.  (Құлан)

4.Жақпар тастың өркешiне,

Секiредi құламай.

Қия құздың өр төсiне,

Орғып шығар ол оңай.   (Арқар)

5.Тастан-тасқа секiредi,

Қалқиып қос құлағы,

Ойын болып көкiрегi,

Аула оның тұрағы.   (Лақ)

6.Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.  (Қоян)

7.Мұртын сипап күн бойы,

Бетiн сусыз жуады.

Тысырды аңдып түн бойы,

Тышқанды көп қуады.    (Мысық)

8.Адамға серiк,

Күзетке берiк.   (Ит)

9.Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. ( Қой)

10.Көкке шаншып құйрығын,

Келеді шауып жүйрігім?         (Құлыншақ)

 

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

_____________________________________

Бөлімше 2.2. «Жануарлар»
Оқу мақсаты 1.2.2.2. Жабайы және үй жануарларын ажырату

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Олардың қайсысы өз бетінше тіршілік етеді? Қайсысына адамдар қамқорлық жасайды? Оларды ата.

2 — тапсырма

Суреттерге мұқият қара. Әр қатардағы жануарлар тобын ата. Бос орынға сол топқа жататын жануардың суретін сал.

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 6 лет

ayagoz.hasenova@mail.ru

0
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 06-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля