7 сыныпқа арналған

26 декабря, 2017 12:42

Загрузка файла:
7.2 А Атомдар. Молекулалар. Заттар
Тақырыбы: Изотоптар
Оқу мақсаты: 7.1.2.5 — изотоп түсінігін білу
Саралау мақсаты:

 

Барлық оқушыларға: Көміртегі, сутегі мысалында изотоп ұғымын түсіну, анықтама құру.

Көпшілік оқушыларға: Изотоптар бойынша элементтердің атом құрамын анықтау.

Кейбір оқушыларға: Изотоптар арқылы элеметтің салыстырмалы атомдық массаларын анықтау.

Бағалау критерийлері: —          көміртегі, сутегі мысалында изотоп ұғымын түсінеді, анықтама жазады.

—          изотоптар бойынша элементтердің атом құрамын анықтайды және жазады.

—          изотоптар арқылы элеметтің салыстырмалы атомдық массаларын анықтайды.

Оқу дағдыларының деңгейі: Білу және түсіну
Тілдік мақсат:

 

Пәнге қатысты лексика мен терминология: ядро, протон, нейтрон, электрон, изотоп.

Диалогқа/жазылымға қажетті  тіркестер:

  • Атомнан кіші кез келген бөлшек …, … немесе … бола алады
  • Екі немесе одан көп атомдар … түзу үшін біріге алады
  • Протон мен нейтрон элементтің ….. массасына тең болады
  • Атомның бүкіл массасы ….. шоғырланған
  • Заряды жоқ бөлшек ……

Тыңдалым – бейнекөріністі, мұғалімнің түсіндірмесін тыңдау;

Айтылым – мұғалімнің сұрақтарына жауап айту;

Оқылым – оқулықпен жұмыс жасағанда;

Жазылым – тапсырмалар орындағанда, анықтама жазғанда;

Құндылықтарға баулу: Тиянақтылыққа, өз білімі үшін жауапкершілікке, ұйымшылдыққа дағдыландыру
Пәнаралық байланыс: Физика пәнімен байланыс — атом ядросының құрамы, математика пәнімен байланыс – салыстырмалы атомдық массаны анықтағанда.
Тақырып бойынша алдыңға білім: 7.1.2.5 – протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын, зарядын білу;

7.1.2.6 – алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p, n, e) мен атом ядросының құрамын білу;

Заттар және физикалық денелер (жаратылыстану 5 сынып)                                                                                                                                      Химияға кіріспе. Элементтер, қосылыстар және қоспалар (7. 1 A бөлім)

АКТ қолдану: Таныстырылым, бейнекөрініс, ғаламтор желісі
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз) Ресурстар
Басы

1-2 мин

 

 

 

 

 

3-4 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу: Na, O, Be, K, S (оқушылар жеке-жеке келіп тақтаға жабысқан стикер қағаздарын алады. Стикер қағаздарында, топ атауымен байланысты элементтер жайлы сандық мәлімет бар. Оқушылар мәліметке қарап, топқа жиналады)

Тапсырма №1:  «Химиялық диктант» жұптық жұмыс

  • Атомнан кіші кез келген бөлшек …, … немесе … бола алады
  • Екі немесе одан көп атомдар … түзу үшін біріге алады
  • Протон мен нейтрон элементтің ….. массасына тең болады
  • Атомның бүкіл массасы ….. шоғырланған
  • Заряды жоқ бөлшек ……

Мұғалім: Оқушыларға үлестірме қағаздар таратады. Үлестірме қағаздарға тақырыпқа сәйкес сөйлемдер жазылған.

Оқушылар: Бірнеше сөздері түсіп қалған толық емес сөйлемді толықтырады.

Бағалау: Оқушылар жеке жұмыс жасайды, орындаған жұмыстарын жұптарымен ауыстырып тексереді.

 

Слайд №2-3

Ортасы

 

 

(37 секунд)

 

5-6 мин

 

 

 

7-11 мин

 

 

 

 

 

 

12 -15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16-20 мин

 

Бейнекөрініс «Изотоп».

https://www.youtube.com/watch?v=6QPHfEy-yHA

Мұғалім: Хлор изотоптарының салыстырмалы атомдық массаларын анықтау мақсатында шағын түсініктеме береді.

Оқушылар: Мұғалімнің айтқан түсініктерін тыңдап, жазып отырады.
Тапсырма №2: «Вавилон мұнарасы» топтық жұмыс

Мұғалім: Оқушыларға көміртегі изотоптарының атом құрамын моделдеу (суреттеу) тапсырмасын береді.

Оқушылар: Флипчартқа изотоп атом құрамын суреттейді (әдіс-тәсіл ережесі: топ мүшелері дыбыс шығармай ыммен не бәрі 4 түс бояу қарындаштарымен атом құрамын қағазға суреттейді)

топтық жұмыс:

126С , 136С,   146 С көміртегі изотоптарының атом құрамын моделдеңіздер (суреттеңіздер):

Бағалау: Моделдердің дұрыс орындалуын тақтадан тексеріп,

өз-өздерін бағалайды

«Жалғасын тап» топтық жұмыс

Бағалау критерийі: Элементтердің изотоп құрамын анықтай алады.

Тапсырма №:3 Магний изотоптары үшін атомдық массасы мен құрамын көрсетіңіз:

 

Магнийдің изотопы Магний-24 Магний-25 Магний-26
протон саны
нейтрон саны
электрон саны
атомдық массасы

Дескриптор:

магний изотоптарының протон сандарын жаза алады

магний изотоптарының нейтрон сандарын жаза алады

магний изотоптарының электрон сандарын жаза алады

магний изотоптарының атомдық массасын жаза алады

 

Тақтамен жұмыс: жеке жұмыс                                                  

Тапсырма №:4 Мыс атомының салыстырмалы атомдық массасын анықтаңыздар:

Табиғатта 63Cu (72,7%) және 65Cu (27,3%)  изотоптар қоспасы кездесетін мыс атомының салыстырмалы атомдық массасын анықтаңыздар.

 

Бағалау: мұғалімнің кері байланысы

 

Слайд №4-5

 

Слайд №6-7

 

 

 

Слайд №8-9

 

 

 

Слайд №10

 

 

 

Соңы

21-39 мин

1 мин

 «Атомдар, молекулалар. Заттар» тарауы бойынша жиынтық бағалау

 

Рефлексия «Екі жұлдыз, бір тілек!»

 

 

Слайд №11

Қосымша ақпарат
Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз? Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен

байланыс

— презентация, бейнекөрініс көрсетіледі

— жеке, жұптық, топтық жұмыстарда қолданатын әдіс-тәсілдерді дұрыс ұйымдастырылады,

—  қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындалады,

— оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беріледі,

— сенімділік пен бағалау қалыптастырылады.

Барлық оқушыларға: Көміртегі, сутегі мысалында изотоп ұғымын түсіну, анықтама құру.

Көпшілік оқушыларға: Изотоптар бойынша элементтердің атом құрамын анықтау.

Кейбір оқушыларға: Изотоптар арқылы элеметтің салыстырмалы атомдық массаларын анықтау.

— жұмыстарын жұптарына тексеріледі

— өз-өздерін бағалайды

— қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес  дескрипторлар  құрылады.

 

Физика пәнімен байланыс — атом ядросының құрамы, математика пәнімен байланыс – салыстырмалы атомдық массаны анықтағанда . Тиянақтылыққа, өз білімі үшін жауапкершілікке, ұйымшылдыққа дағдыландыру. Таныстырылым, бейнекөрініс, ғаламтор желісі.
Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
 
Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1: изотоп атомдарының моделдерін жасау дағдылары қалыптасады

2: қалыптастырушы бағалаудың а тапсырмасы: магний изотоптарының құрамы мен атомдық массасын көрсете алады

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1: бейнекөрініс;

2: мыс атомының орташа атомдық массасын есептеу;

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

0

Автор публикации

не в сети 6 лет

kz.1310@mail.ru

0
Комментарии: 0Публикации: 2Регистрация: 25-12-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля