Жаркент қаласы.

8 июня, 2019 16:41

 

Жаркент қаласы.

 

Жаркент қаласы – Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесіндегі байырғы қалаларының бірі. Қазіргі таңда Алматы облысы, Панфилов ауданының орталығы. (1928 жылдан). Облыс орталығы-Талдықорған қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 289 км, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 331 км жерде, Іле өзенінің аңғарында, Жетісу (Жоңғар Алатауынан бастау алатын  Үсек (Өсек) өзенінің сол жағалауындағы бұта, шіліктал, аралас бетеге, сұлыбас, сарсазан, т.б. әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен қоңыр, шалғын топырақты шалғын жазықта орналасқан. Тұрғыны 32,7 мың адам (1999). Шоқан Уәлиханов 1856 жылы «Шығыс Түркістанға саяхат күнделігі» атты еңбегінде, қазіргі Жаркент өңірінде  болған кезін суреттей келе: «Жаркент қаласы Түркістан өлкесіндегі қалалардың ең үлкені екен. Қала шеңбері 25 -30 шақырым, оның 5 дарбазасы, 4 керуен сарайы болған, онда 33 мыңға жуық адам тұрған. Базарлары  мен асханалары Шарсу (парсы тілінен аударғанда төрт су) төңірегіне бойлай орналасқан. Керуен сарайлар «Алтын дарбаза» жағындағы көшеге бойлай тізілген. Хотан дарбазасы жағындағы көшеде сүт, қаймақ, нан базара, асханалар болған. Қаланың басқа бөліктерінде жібек тоқитын орындар, күріш, ет сататын, «Соқакөл» жағында темекі сататын дүкендер, кешкі базар,(ахшам базар) тұрған. Онда маталар, қой терісінен жасалған бұйымдар сатылған. Қала төңірегінде бидай, тары егілген тұт, алма, өрік, жүзім, анар ағашы т.б. жеміс- жидектер өсірілген. Қалада кейбір әр түрлі байырғы архиологиялық ескерткіштер бар. Жаркент аймағында археологиялық қазба жұмыстары  жүргізілмеген, сондықтан мұнда жұрттың қай уақытта мекендей бастағаны туралы нақты дерек жоқ. Үсек өзенінің жағасында аялдауға лаж болмады. Шынында да айналасында құм мен тас, тым болмаса бір шөп болсашы, үй тіккендей таза орынның өзін төңіректі барлап, таба алмадық. » деп жазған. Шоқан өткен осы жерде 1882 жылы Жаркенттің іргесі қаланған. 1891 жылы қала болды. Бастапқыда, негізінен, ұсақ колөнершілер мен сауда- саттық қаласы болған. 1928 жылдан аудан орталығы болды. Осы кезде жаңа кәсіпорындар ашылып, құрылымдар салына бастады. Қала 1942-92 жылдар аралығында Кеңес Одағының батыры И.В.Панфиловтың есімімен аталды. Жаркентте құрылыс зауыты, нан, ет, тұрмыстық қажетін өтеу комбинаттары, тігін фабрикасы, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді. Қалада 7 орта мектеп, педагогикалық мектеп, (республикадағы алғаш оқу орындарының бірі, 1929 жылы ашылған), мешіт, 2 кинотеатр, 3 кітапхана, мәдениет үйі, 3 клуб, аурухана, емхана, стадион, автостанция, ірі сауда орталығы т.б. мекемелер бар.(1999). 1979 жылы сәулет өнерінің музейі ашылды. Жаркент арқылы – Алматы-Қорғас-Үрімші автомагистралі өтеді.

Жаркент мешіті  — Орта Азия сәулет өнері   үлгісімен тұрғызылған архиологиялық ескерткіш. 1892-95 жылдары ұйғырдың ірі байы Уәли Юлдашев Қытай сәулетшісі Хон –Пикке Жаркент қаласында салдырды. Құрылыс композициясының кіндігі- ортадан салынған м е ш і т құрылысы. Қасбеті шығысқа қараған, ауданы 28´54м, биіктігі14,5 м, мұнарасының биіктігі 19 м. Мешіт 52 бағана тізбегімен айналдыра қоршалған. Антаблементі ағашқа түсірген әсем оймышпен нақышталған. Тянь- Шань  шыршасынан дайындалған бұл бағаналардың құрылыс қаңқасын құрауда әрі әсемдік көрік беруде мәні зор (әрбір бағананы кендірмен орап, сылап, қызыл жосамен сыртын лактаған). Бағаналарды құрастыруда  шеге  қолданылмаған, қиып, қашап қиюластырған. Интерьері әсем оймыш, нәзік өрнектермен безендірілген. Мешіт қабырғасы да шебер қиюластырылған бағаналардан құралған, төбесе қаңылтырмен жабылған. Жаркент мешітінің порталы ерекше көз тартады. Сүйір арқалы, ғанышқа түсірілген әсем нақышты арабша жазулармен өрнектелген. Мешіт ауласының солтүстік- шығыс бұрышында шағын үй, оңтүстік қапталында медресе орналасқан. Комплекс биіктігі 2,3 м тас қоршаумен қоршалған. Оңтүстігі мен солтүстігінде үлкен қақпасы бар. Сонымен қатар мешіттің ауласындағы шағын үйшіктердің бірінде кішкене ғана мұражай бар.Бірінші бөлмеде: Қазақстандағы атақты ұлы әулие адамдардың кесенелерінің макеті жасалған: Арыстан баб кесенесі, Айша би кесенесі, Омар Тұр кесенесі, Баба ата кесенесі, Қозы көрпеш Баян сұлу кесенесі, т.б. Ал екінші бөлмеде  бұрынғы Жаркент тұрғындарының тұрмысында пайдаланған заттар, айта кетсек: үлкен құмыра, ертоқым, сандық, т.б. Әдемі де әсем үлкен кілемдер, киім-кешектер бар.

Жаркент қаласының маңында «Киелі ағаштар» бағы бар. Ол жердің өзінің аңызы  бар деуге болады.  Біздің заманымызға дейін  7 ғасыр бұрын бір  әулие адам белгісіз моланың қасында түнеуге қалады. Шайтан, пері тиеспесін деп жатқан орнының айналасын дөңгелектеп сызып, басына таяқ қадап қояды. Таңертең тұрса, таяқтың басы гүлденгенін  байқайды. Біраз жылдардан кейін тақыр жерде өзінен -өзі үлкен ағаш өсіп шығады. Аңыз бойынша ол ағаштың жанында балалары, яғни бұталары өсіп шығады. Сол кезден бастап, аңыз, әңгімелерге сүйенсек, бұл бақты «киелі ағаштар» деп атап кеткен. Себебі бұл ағаштың бұталары бір тамырдан тараған және де сол үлкен  ағашқа иіліп сәлем беріп тұрған секілді. Дәу ағаштың айналасында бір тамырдан 7 бұталы ағаш өсіп келе жатыр. Сол ағаштың тамырынан табиғи құбылыстарға белгісіз  бұлақ көзі ағып жатыр.   Бұл бақтың осылай аталу себебі, бұл ағаш адамдардың алладан шын ниетпен сұраған тілектерін орындайды екен.  Ауру сырқаттарын жарады деген аңыз, әңгімелер бар.

     Жаркент қаласының ландшафтысы.

 

Геологиялық негізі өте күрделі құрылымнан тұрады. Төменгі палеозойлық кристалды тақтатас, кварцит, гнейс, мәрмәр тас, граниттерден, орта палеозойлық теңіз шөгінділерінен карбон мен пермь дәуірлерінің вулкандық жыныстарынан түзілген. Беткі жамылғысы неогендік құмтас, сазтас қабаттарынан, антропогендік лёсс, қойтас, малтатастардан құралған. Қойнауында полиметал, мыс, сирек металдар кендері бар.Жаркент қаласы Жоңғар Алатауының етегінде орналасқандықтан, Жоңғар облысы Сібір комплекстері араласқан Ортаазиялық ландшафтармен сипатталады.  Орташа таулы далалық, ормандық- шалғындық-далалық, биік таулы шалғындық, далалық және гляциальдық- нивальдық зоналар дамыған. Орташа таулы далалық зона таулы қызыл қоңыр және қара топырақ түстен қабаттарда өскен астық тұқымдас- түрлі шөпті және бұталы комплекстер түрінде кездеседі.  Бұл зона 700-800 м- ден 1200-1400 м-ге дейінгі биіктіктерде тараған. Биіктігі орташа таулы ормандық- шалғындық-далалық зона 2 белдеуге жіктелген. Таулы ормандық қара сұр және таулы шалғындық қара топырақ іспеттес топырақтағы жалпақ жапырақты ормандар мен астық тұқымдас- түрлі шөпті белдеу 1200-1600 м-ге дейінгі биікті қамтыған. 2200-2300 м биіктікке дейінгі таулы ормандық қара сұр және қара топырақ түстес таулы шалғындық топыраққа шыршалы, май қарағайлы орман өскен. Биік таулы шалғынды зона субальпілік және альпілік ландшафтар белдеуімен сипатталады. 2200-3100 м-лік биіктегі таулы шалғындыұ қара субальпілік топырақта субальпілік шалғынды, аршалы- шалғынды далалық белдеулер жатыр. 3400-3500 м-ге дейінгі биіктегі альпілік таулы шалғындық топырақта альпілік түрлі шөпті шағындық және бетегелі- сұлы басты далалық белдеулер орналасқан. 3200-3500 м-ден жоғарғы тау басылық беткейлерде биік таулы гляциальдық-нивальдық зона орналасқан.  Жаркент қаласының табиғи ландшафтысы өте құрғақ континенті климат жағдайларында қалыптасқан. Қысы қатты тұрақты. Қар жамылғысы болмайды. Жазы ыстық құрғақ, ұзаққа созылады. Климаты орташа. Жылдық жауын мөлшері 100 150 мм-дан аспайды. Жауын-шашын  көбіне Жерорта теңіздік сипатта түседі. Энергиялық байлықтарының мол қоры болмағандықтан, ылғал баланссының кемдігіне байланысты ландшафтың құрамдас бөлігі онша жетілмеген.

        Жаркент қаласында сор жерлер, таудың кәдімгі қара және қызыл қоңыр топырағы, мәңгілік тоң тараған жерлер шекарасы шөлейт жердің сұр топырағы кездеседі.

Жаркент қаласының тектоникасы  жылжыиалы қатпарлы белдеулер: каледон қатпарлықты облыстар (400 460 млн жыл), тауаралық ойыстар, жер қыртысының ірі жарылымдары бар.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля