Ақша қаражатының аудиті.

28 февраля, 2020 15:15

КІРІСПЕ

Аудит — кәсіпорындардың, фирмалардың, ұйымдардың, мекемелердің, бірлестіктердің  және  акционерлік  қоғмдардың  қаржылық  шаруашылық  қызметтеріне  білікті  талдау  жасау. Аудит  негізінде  кәсіпорын  басшыларының  не  болмаса  қатарлас  және  аралас  кәсіпорындардың, контрагенттердің  мемлекеттік  басқару  органдарының  сұраныс  бойынша  жүргізледі. Оның  негізі  кәсіпорынның  қаржы-қаражат  жағдайын  анықтау  және  оны  жақсарту  туралы  менеджмен  және  салық  ісі  мәселелері  бойынша  кеңес  беру  қызметін  көрсетеді. Аудитор – акционерлік  бірлестіктердің, фирмалар  мен  кәсіпорындародың  қаражатын, шаруашылық  іс-әрекетін  басшылармен  келісе  отырып, жасалған   шарт  арқылы  тексеретін  заңды  тұлға  немесе  фирма  болып  табылады. Аудитордың  негізгі  мақсаты  тексерілген  бірлестіктердің  кәсіпорындар  мен  фирмалардың  қаражаттары  мен  іс-әрекеттеріне, шаруашылық  қызметтеріне  әділ  әрі  нақты  баға  беріп  жылдық  есептің  кіріс-шығысын  жариялау. Аудиторлық  фирмалар  тексеру  міндеттерімен   қатар  кеңес  беру  қызметтерінде  атқарады. Аудиторлық  қызметтер  коммерциялық негізде  жүргізіледі. Аудиттің  объектісі  болып  нарықтық  экономикада  қызмет  ететін  шаруашылық  субъектілері  табылады. Қазақстан  Республикасының  экономика  ғылымдарының  докторы,  профессор  К.Ж. Дүйсенбаев  аудиттің  мазмұнына  келесідей  анықтама  береді: «Аудит – бұл  ұйымдардың  қаржылық  есеп  беруін  және  басқада  экономикалық  ақпараттарын  тәуелсіз  сараптау  және  талдау, ішкі  бақылаудың  жағдайын  және  бухгалтерлік  есептің  Республикада  заңдылықтарымен   тексеру, сонымен  қатар  клиенттердің  сұрақтары  бойынша  қызметтер  көрсету».

Қазақстан  Республикасы  2000  жылы  5  наурызда  аудиторлар  конференциясында  Аудиторлардың   Халықаралық  Стандарттарын  ұлттық  деп  тануына  шешім  қабылдады  және  халықаралық  деңгейге  көтерілуіне  үлкен  қадам  жасап  отыр. Қазіргі  кезде  елімізде  1999 жылы  Халықаралық  Бухгалтерлік  Федерациясында  құрылған  Аудиторлардың   Халықаралық  Стандарттарына   сай  өз  қызметтерін   жүзеге  асыруда.

І – тарау. Аудит даму кезеңі, мәні және мақсаты.

 

1.1. Ақша қаражатына жалпы сипаттама.

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Таура – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келегн заттауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіденген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтанда әр бір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. “Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлінеп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша”.

Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын түрге болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады. Тауарлар және ақшалар бір және тауарлар формасын нақты қарама-қарсы жақтары бола отырып, айырбас прцесінде бір –бірін табады және өзара бір – біріне ауысады.

Біртіндеп жалпы кұндық эквивалент рөлін белгілі бір тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпықұндық формасы ақша  формасына айналды.

Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді күн өлшемі ретінде пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшалар “өгіз” деген атауға ойып өрнектеленіп жазылап жүрді. Латынның сөзі “пекуния” (ақша) “пекус” (“мал”) сөзінен шыққан. “Рупа” (“мал”) сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы “рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда ақша метал ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 ж былай деген “біздің жинаған малымыз: ерлерден 4 күн, старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривеннен тұрады”. Ол кездегі  қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны – “мал ұстайтын орын” деп аталынды.

“Капитал” сөзінің шығуыда малмен байланысты, өйткені ескі герман тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.

Солтүстік халықтары ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді пайдаланды. Құс жүні Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка халқында жалпы эквивалент түрінде қолданылды.  Жүн ақша Монғолияда, Тибетте, және Памир аудандарында кең көлемде таралды. Ежелгі русь елінде жүн ақша жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алынған орыстардың әскери кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 руб. жүн табылды.

Жылы теңіздердің жағасына мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде боқалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды. Безендірулер түрінде жіпке тізілгендер Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппи аралдарында алғашқы ақшалардың қызметін атқарды. Американдық үнділердің белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет – кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Балқаштарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауында, Поленезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас туралы ретінде пайдаланылды.

Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып

 

 

 

табылады. ХХ ғасырдың 70-жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны – қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат – қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.

Әлемде әр түрлі “экзотикалық” ақшалар болған. Каролин аралдары тобына кіретін Ява аралында осы күнге дейін фей ақша айналысында қызмет етеді. Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай “монеталардың” диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға дейін жетеді. Сауда мәмлесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы иесінің белгісін өшірііп, өзінің белгісін соғады.

Юрий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.

Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спарттада, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайдаланды. Рим императоры Дионисий Сиракуз және орта ғасырлардағы ағылшан корольдары мырыш ақшаларды құрайды. Қытыайда және Ежелгі Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды. 17-ғасыр Солтүстік Америкада (Массачусетс штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.

Бірақ б.э дейін ХШ ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен аталады. Алғашқыдағыдағы белгілі массасы бар формасыз метал ақшаларды кейін келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар метал ақшалар ауыстыра бастады.

Монеталардың пайда болуы – ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып табылады.

 

Ақша — өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасында белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні, оның үш қасиетінің біруігімен көрініс табады.

  • жалпыға тікелей айырбастау;
  • Айырбас құнының дербес формасы;
  • Еңбектің сыртқы заттық өлшемі.

Жалпыға тікелей айырбастау формасында ақшаны пайдалану, кез келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екендігін көрсетеді.

Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б.

Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

Қайта құру кезеңіне дейін “ақша айналымы” мен “ақша айналысы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындарының ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндірісі қаражаттарының бөлінуін қарастырады. Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тайар айналысы процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындармен қаржы несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.

 

Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады.

Қағаз ақшаның шығу тарихы б.ғ.д. 1 ғ. тән, ол яғни ол кездегі теріден жасалған ақшаларға байланысты. Бұл уақытта Қытайда ақ бұғы терісінен жасалған ақшалар пайда болды. Ақ бұғылардың барлығы императордың меншігінде болған.

ХIII ғ. Марко Поло Қытайда ағаш қабығынан жасалған ақшаларға кез болды, ол сол уақытта қағаз қызметін атқаратын. Бұл ақшалардың төрт бұрышты пластин формасы және олардыңерекше белгілері мен мөрі болған. Олардың сатып алу қабілеті де әр түрлі болды.

Нағыз қағаз ақшалардың пайда болуын Шыңғысханның немересі Хубила ханмен байланыстырады.

Қағаз ақшалар 1690 ж. Солтүстік Американың Британиялық отар елдерінде, 1716 ж. Францияда, 1795 ж. АҚШ-та, 1762 ж. Австралияда пайда болды. Халық арасында оларды “катенька” деп атады, себебі оның бетінде императордың суреті болды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қағаз ақшалар барлық елдерде болды. Жалпы алғанда қағаз ақшалардың құнсыздануы бұл тұрақсыз экономикаға тән нәрсе.

1964 ж. Экономикалық ынтымақтастықтың халықаралық банкінің құрылуымен байланысты, 1991 ж. Дейін Экономикалық өзара көмек кеңесіне мүше елдердің арасында көп жақты клирингтік есеп айырысу үшін қолданылатын ақша бірлігі – аудармалы рубль енгізілді.

1992 ж. Бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республиканың жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығару үшін ағылшынның “Хариссон” фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 ж. 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100

 

 

теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізілді. Оларды қолдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар.

1993 ж. 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан Республикасының Ұлттық валютаны енгізутуралы” жарғыға қол қойды. Осы жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап ұлттық валюта – теңге енгізілді.

КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жж. Ресей үлгісіндегі қазыналық және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашадан сағат 18-де аяқталды.

Қолма-қол ақшалардың, рубльдік шоттардың, салымдары мен міндеттемелердің теңгеге айырбасы 1 теңге үшін 500 рубль айырбас бағамы бойынша жүргізілді.

15 қарашадан 18 қарашаға дейінгі аралықта халық теңгемен және рубльмен де есеп айырыса алды.

Кәсіпорындардың баланстарындағы рубльмен берілген активтер пассивтер екі күн ішінде (15-16 қарашада) қайта есептелінді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі теңгенің валюталық бағамын: 1 доллар= 4 теңге 70 тиын шамасында белгіледі. Келесі жылдары ол бірден өсіп кетті. Соған сәйкес баға мен жалақыда өсті.

Инфляцияның өсуі біршама ірі ақша купюраларын қажет етті. 1994 ж. 200, 500, 1000 және 2000 купюрадағы ақшалар айналысқа шығарылды. 1995 ж. ұсақ тиындар біртіндеп айналыстан шығып қалды, олардың орнына никельден  жасалған 1, 3, 5, 20 теңгедегі монеталар шыға бастады. Сонымен қатар, Абай Құнанбайұлының жүз жылдық мерейтойының құрметіне 100 теңгелік күміс монеталар шығарылды. 1995 жылдың  аяғында “Жібек жолы” жиынтығын құрайтын жоғары сыныпты төрт алтын монеталар шығарылды.Жалпы салмағы 57,54 г құрайтын жиынтығына 1, 2, 5 және 10мың теңгелік монеталар кірді. Жиынтық 816 доллар тұрды.

Сонымен Қазақстан теңгесі соңғы жылдары тұрақты төлем құралы

болып қана қоймай, еркін алмастырылатын валюталарға шексіз айырбасталады және біршама тұрақты валюталар құрамына кіреді.

Қазақстанға ұлттық валютаның сәтті енгізілуі, әрі қарай оның сыртқы және ішкі тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етеді.

 

1.2. Аудит даму тарихы.

Еліміз экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында ғылым  мен білімнің практикалық қызметінің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуға алып келді. Тәуелсіз бухгалтер – аудитор кәсібі өткен ғасырда Еуропаның акционерлік қоғамында пайда болды. Мұның өзі акционерлік қоғамның есептілігін объективті баға беру, кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы шынайы деректер алу қажеттілігіне байланысты болды. Мұндай обьективті мәліметтерді кәсіпкерлерге тәуелсіз маман ғана бере алады.

Аудит сөзінің өзі латынның audio деген сөзінен шыққан, мұның өзі сөзбе – сөз “ол естиді” дегенді білдіреді. Бастапқыда ол “тыңдаушы” деген мсөзді, яғни бір нәрсені тыңдап отырған адамды білдіретін аудитор сөзі туындаған.

Шаруашылық жұмыс барысында тиісті мәліметті тексеруші немесе бақылап басқарушы тыңдаушы болған бухгалтермен есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та қоғам бухгалтері, Францияда – бухгалтер сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда – шаруашылық басқарушысы және т.б деп атады. Аудитордың ең негізгі мақсаты аудиторлық қорытанды жасау. Аудитор өз кезегінде әр түрлі қызмет көрсеттеді: бухгалтерлік есеп жұмыстарын ұйымдастыру туралы, салық мекемесімен есеп айырысу тәсілдері туралы, банк операцияларын жүргізу туралы тұжырымдамаға кеңес беру сияқты т.б. сонымен қатар шаруашылық субъектілеріне өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктер кеңес

 

 

берумен және компонияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат, есеп  беру мәліметтерін тексеріп, өзінің аудиторлық қорытынды жасауды және кепілдік береді.

Аудитке қажеттілікті тудыратын объективті жағдайлар

  • инвнсторлар мен кәсіпорын әкімшілігінің бір – біріне сенімсіздік көрсетуіне байланысты. Себебі олардың мүдддесі бір емес. Әсіресе кәсіпорын әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін;
  • кәспорын әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дұрыс болмаса, соған сәйкес шаруашылықты басқару шешімі дұрыс болмауынан;
  • кәсіпорын әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін;
  • кәсіпорын шаруашылығының күрделілігіне сәйкес “коммерциялық құпияны” сақтауға байланысты, есепке алынған мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан.

 

Қазақстан Республикасындағы аудиттің қалыптасуы.

Қазақстан республикасы аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы Қазақстан Кеңес өкіметінің министірлер кеңесінің қаулысы бойынша құрылды (15.11.1990 жыл №60). Осы қаулы негізінде Республиканың Қаржы министрлігі жанынан шаруашылық есеп қағидасында аудит орталығы “Қазақстан аудит” фирмасы ашылды, ал обылыстарда оның территориялық бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан бастап дербес акционерлік компания болып, республикамыздағы барлық түрдегі меншіктегі кәсіпорынға, мекемелерге аудиторлық қызмет көрсетіп отыр. Еліміздегі аудит жұмысынан тиянақты дамуына бірбен-бір негіз болған, заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге,  құқылығын анықтап отырған 1993 жыл 18 қазан айында жоғарғы Кеңес қабылдап, бекіткен “Қазақстан Республикалық қызмет” туралы заңы. Бұл заң

аудит қызметін бір жүйеге келтіріп, оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы заңға сүйене отырып еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шетел аудит фирмаларымен қарым-қатынас, бірлесіп аудит жүргізу, қолдану жолдары бөлінеді.

Ол заң 1998 жылы өзгеріске енді.

Қазақстан Республикасының “Аудиторлық қызмет туралы” 1998 жылы 20 қарашадағы заңында көрсетілгендей:

Аудит аудиторлардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптарға сәйкес қаржы есептілігінің растығы мен жасалу обьективтілігі туралы тәуелсіз пікірді білдіру мақсатымен заңды және жеке тұлғалардың (аудиттелетін субъектілер) қаржы есептілігін тексерін білдіреді.

Аудит басқа экономикалық ғылымдар сияқты шаруашылық субъектісінің қызметі барысында қалыптасатын өндірістік қатынастарды зерттейді. Бірақ ол бұл қызметтің белгілі бір дербес жағын зерттейді, мұның өзі оның пәнін құрайды.

Қазіргі кезде біздің елімізде үлкен 5 фирмалардың филиалдары  жұмыс істейді. (Дэлойд Энд Туш, Эрист Энд енг, Прайс Уотерхауз, Росс эксерта, Фукоп аудит). Сонымен қатар аудит фирмасы да қосылып өзінің қызметін атқаруда соның салдарынан аудит қызметінде басқа да қызмет тексерудің сапасы көтеріліп отыр. Қазақстан Республикасы нарықтық қатынасқа көшу жолында тиянақты қатал бақылау, тексеру ерекше орын алады. Себебі нарықтың қатынастардағы қағидалардың дамуын қамтамасыз ету үшін ол елдерде бәсекелестік шешуші орын алады.Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау, тексеру болу қажет. Сонымен қатар аудит жұмысының қажеттілігі көптеген себептен анықталады. Олар:

  1. Кәсіпкерлер өз жұмысының тиянақтылығын қамтамасыз ету үшін;
  2. Өз жұмысын өзі сенімді түрде басқару жүргізу үшін;
  3. Кәсіпкерлер өзара қарым-қатынаста сенімді жұмыс істеу үшін және өзінің капиталының тиімділігіне сенімді олу үшін.

Бухгалтерлік есептілік пен шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметі туралы басқа экономикалық ақпаратты олардың толықтығын, дәлдігін және растығын тиімді бағалау мақсатымен шарттық жағынан және құпиялық негізде, тәуелсіз сараптау мен талдауды жүзеге асыру, тапсырыс берушіге кәсіпорынның шынайы қаржы жағдайы мен оның қаржылық болжамдарының мүмкіндігі туралы білікті қорытынды жасап беру, сондай-ақ ішкі бақылаудың жағдайын, қабылдаған есеп саясатының қолданыстағы заңдар мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру, клиенттерге оларды қызықтыратын мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсету аудиттің пәні болып табылады.

Аудиттің обьектісі шаруашылық жүргізуші субъекті қызметінің қаржылық жағы болып табылады. Аудитор тексерушіден қолда бар есеп және басқа да қаржы құжаттарын талап етуге құқылы.

Аудит оңтайлы басқару шешімдерінің негізінде жатқан экономикалық ақпараттар жүйесіне негізделеді.

Аудиттің көздері есептік, талдау және есептен тыс болып бөлінеді.

Аудиттің есептік көздеріне жататындар: бухгалтерлік есеп пен есптілік, статистикалық есеп пен есептілік, жедел есеп пен есептілік іріктемелі есептік деректер.

Қаржы нәтижелері бойынша аудиттің ақпарат көздері:

  • Сатылған өнімдерден (жұмыстан, қызметтен) түскен түсімдер туралы, өзге сатулардан түскен түсімдер туралы, сатудан тыс нәтижелер туралы ай сайынғы деректер.
  • Қандай да бір айдағы қаражаттар қозғалысының елеулі

 

өзгерістері туралы жазбаша түсіндірмелер

  • Өнімдерді (жұмысты, қызметті) сатуға, басқа сатулар мен сатудан тыс нәтижелерге жұмсалған шығыстар мен шығындар туралы ай сайынғы деректер.
  • Жекелеген айлардағы қаражаттар қозғалысының елеулі өзгерістері жағдайында берілген жазбаша түсіндірмелер.
  • Басқа табыстар мен болған жағдайларды растайтын құжаттар.
  • Өнім бірлігінің өзіндік құнының жоспарлы калькуляциясы.
  • Залалдар мен қаржылық санкцияларды, залалдардың есептен шығарылуын растайтын құжаттар.
  • Барлық активтердің, негізгі құралдардың, болашақ кезеңдер шығыстарының, тауарлы материалды қорларының, дебиторлық берешектердің, шоттардағы және жолдағы барлық қалдықтар бойынша банк жазбалары өшірмесінің тізімі.
  • Барлық салық түрлерінің схемасы, барлық болжанбаған шығыстарға жазылған шолу, барлық қорлар мен резервтерді өсіруді және орындауды растайтын құжаттар.
  • Пайда туралы ақпарат және оның орындалуы

Аудиторлар мен аудиторлық фирмалар көрсететін қызметтердің түрлеріне, оның негізгі мақсаттары мен міндеттеріне орай аудит орындайтан негізгі функциялар туралы тұжырым жасауға болады.

Аудиттің функциялары төртке бөлінеді:

  1. Сараптамалық:
  • есептілікті;
  • есептің жәй-күйін;
  • ішкі бақылаудың жай күйі.
  1. Талдаулық:
  • талдау;
  • болжамдау;
  • ұсыныстар әзірлеу.
  1. Консультациялық (сұрақтар бойынша):
  • есеп;
  • салық салу;
  • құқық;
  • мүлікті бағалау және т.б.
  1. Өндірістік:
  • есепті ретке келтіру алдыңғы қатарлы нысандар мен әдістерді өндіру;
  • есептілік пен декларацияны жасау;
  • есептілікті жасау арқылы есепті тұрақты жүргізу.

 

Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасын әзірлеу экономикалық субьекті туралы алдын ала деректерге және талдау рәсімдерінің нәтижелерінен негізделеді.

Жалпы жоспарда аудитті жүргізудің және оны жүргізудің кестесін жасаудың, есеп пен аудиторлық қорытындыны әзірлеудің мерзімдерін қарастыру керек.

Аудиттің жалпы жоспарының мағынасы кесте түрінде орындалады.

Жалпы жоспарды мыналар көздеу ұсынылады:

  • Аудит маңызды болу үшін нақты салаларды зерттеу қажет;
  • Қамтылуға тиіс елеулі сәттер қандай;
  • Қандай іріктемелері жоспарларда жасау қажет;
  • Аудиторлық топты қалыптастыру, оның саны және мамандардың біліктілігі;
  • Аудиторларды аудиторлық тексерудің нақты учаскелеріне бөлу;

 

  • Аудиттің әр бір сатысы үшін жұмыс уақытының бюджеті;
  • Топтың барлық мүшелерін олардың міндеттемелерін және аудиттің жалпы жоспарының ережелерімен таныстыру;
  • Басшының жоспарының орындалуын бақылауы;
  • Аудиторлық рәсімдерді нақты іске асырумен байланысты әдістемелік мәселелерді басшының түсіндіріуі;
  • Нақты фактіні бағалау кезінде қайшылықтар туындағанда аудиторлық топтың айрықша пікірін құжатпен рәсімдеу.

Аудитті жүргізудің бағдарламасын әзірлеу аудиттің жалпы жоспарын әзірлеудегі сатылары қамтиды. Бағдарлама аудиттің жалпы жоспарының жалғасы болып табылады және аудиттің жоспарларын іске асыруға қажетті аудиторлық рәсімдердің егжей-тегжейлі тізбесін білдіреді.

Аудитті жоспарлау процесі аяқтал,аннан кейін аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасы құжатпен рәсімделуге және белгіленген тәртіппен бекітілуге тиіс. Аудиттің жалпы жоспары мен бағдарламасының мағынасы кесте түрінді рәсімделеді.

 

 

  • Аудиттің жалпы жоспары.

 

Тексерілетін ұйым;

Аудит кезеңі;

Адам – сағат саны;

Аудиторлық топтың басшысы;

Аудиторлық топтың құрамы;

Жоспарланатын аудиторлық тәуекел;

Мәнділіктің жоспарланатын деңгейі.

 

Р/с Жұмыстың жоспарланатын түрлері Өткізу кезеңі Орындаушы Ескерту
         

 

Аудиторлық қорытындыға аудиторлық ұйымның атынан қол қоюға құқығы бар басшысы.

Аудиторлық топтың басшысы

Әрбір аудитор өзін — өзі ұстау мәнерінің негізгі ережелерін үйреніп,

кез-келген жағдайда болу мүмкін проблемаларды анықтауда негізгілер ретінде қолдануға тиіс. Олардың аудиторлық ұғымдағы ең маңыздыларын қарастырайық:

  • тәуелсіздігі
  • Адалдық және объективтілік
  • Стандарттарды сақтау
  • Құпияны сақтау
  • Жарнаманы шектеу.

 

1.4. Аудиттің түрлері.

 

Аудит әр кезге байланысты әр түрлі болып бөлінеді.

  1. Даму сатысы бойынша:

—  растайтын аудит – тексеруді болжайтын және іс тәжірибедегі әрбір               шаруашылық операцияларды растайтын аудит.

  • жүйелі бағдарланған аудит – тексерілетін кәсіпорынның ішкі

бақылау жүйесінің қызмет етуін және ұйымның міндетті түрде бағалаушы болжайды. Егер ішкі бақылау жүйесі жеткілікті тиімді ұйымдастырылса аудиторлар жеке объектінің тексерісте өз дері таңдауы мүмкін  және олар тестілеу мен шектелуі мүмкін. Ол клиенттердің операцияларын басқаратын жүйелерге бақылау жасауға мүмкіндік береді.

— тәуекелге негізделген аудит — әр түрлі салаларда тереңінен жүргізгенде мүмкін болатын жоғары қате заңды бұзушылық тәуекелдігін болжайды. Қысқа мерзімді операциялар таңдалынып, яғни тексеру сол операцияға жүргізіледі.

  1. Құқық негізі бойынша:

—   міндетті аудит – ол Қазақстан Республикасының қойылған заңдарына байланысты жүргізеді. Шаруашылықпен айналысатын субъектілер жылына бір рет қаржылық жағдайын тексеру үшін аудиторлар шақырып тексеру керек (заңды түрде) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі актілермен немесе мемлекеттік органдардың тағайындалуымен жүргізіледі.

— Индикативті (ерікті) аудит – екі жақты қызығушылығы бойынша жүргізіледі. Егер тексеру заңға байланысты емес болса. Мұндай тексеру клиенттердің білгені бойынша жүргізіледі. Ұйым басшының шешімі бойынша жүргізіледі.

  1. Субъектінің қызметінің саласы бойынша:

—  жалпы аудит

—  банкілік аудит – банкті және несие ұйымдарында жүргізілетін болып есептеледі. Растылығын, дұрыстылығын тексеру, сонымен қатар оның Қазақстан Республикасының конституциясына және Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкінің нормативтік актілеріне сәйкес жүргізілуі бақылайтын аудит.

  1. Аудитордың статусы бойынша:

—  сыртқы аудит – ол тәуелсіз аудиторлардың, аудиторлық фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің келісім шарттары бойынша жүргізеді, олардың қызметі Қазақстан республикасының Конституциясымен және Ұлттық банктің нормативтік актілерді реттеледі. Ол ешкімге тәуелсіз, ішкі тұтынушыға мәліметтер беруге міндетті емес. Оны “Заң негізінде жүргізілетін аудит” деп аталады.

— ішкі аудит – жалпы жүиенің ішкі тексерулердің белгілі бір бөлігі ретінде қаралады. Оны былай анықтауға болады. Қызметті  тәуелсіз бағалау субъектінің шаруашылығының ішінде қызмет көрсету болып табылады.

  1. Тексеру обьектісі бойынша:

— Операциялық аудит – админстрацияның қызметін бағалайтын және фирма қызметінің тиімділігін тексеретін аудит.

—   Сәйкестікке негізделген аудит – кәсіпорын персоналдарының заңды, нормаларды, стандарттарды, нұсқауларды, ішкі жағдайларды және ережелерді сақталуын бақылайтын аудит.

—   Қаржылық есеп беру аудиті – бұл кәсіпорын қаржылық есеп беруінің растылығын, дұрыстылығын бағалайтын аудит.

  1. Жүргізу кезеңділігіне байланысты

— бастапқы аудит – берілген ұйымда аудитормен немесе аудиторлық фирмамен алғаш рет тексеру жүргізілуін білдіреді.

  • Келісілген аудит – ол аудиторлардың фирма мен қайта және үнемі

жүргізіледі. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп дұрыс және дұрыс еместігін клиентпен ұзақ уақыт қарым-қатынастағы нәтижесіне байланысты болады.

 

ІІ – тарау.   Ақша қаражатының аудиті

 

2.1. Банк операцияларының аудиті.

Ақшалай қаражат аудитіне банктік операцияларын тексеруге көп назар аударуды талап етеді. Қолданып жүрген ақшалай қаражатын қызмет көрсететін банк мекемелерінесақтауға міндетті. Банк мекемелермен есеп айырысу ағымдағы, корреспонденттік, жинақ шоттарында ақша сақтауға, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер алумен, оларды өтеумен және қайта рәсімдеумен, шоттарды жаңылыс жазулар жөніндегі талап – тілекпен байланысты туындайды. Кәсіпорындар арасындағы банк мекемелері арқылы есеп айырысулар есептеудің қолма-қол ақшасыз түрі бойынша атқарылады.

Ағымдағы (есептік) шоттағы операциялардың аудитінде бірнеше жағдайларға назар аудару қажет:

  1. Ағымдағы шот ашылған банк мекемесі;
  2. Соманы банк көшірмелері бойынша оларға тіркелген бастапқы құжаттарды көрсетілген сомаға сәйкестігі;
  3. Көшірмелерге тіркелеген бастапқы құжаттарда банкте мөр таңбаның бар болуы; жасалған операциялардың дұрыстығын анықтау мақсатымен банкте қарама-қарсы тексеру өткізген жөн;
  4. Банкке тапсырылған қолма-қол ақшаның және басқадай ақшалай қаражаттың кәсіпорының ағымдағы шоттарына дұрыс және толық есепке алынуы.

Банк көшірмелерін тексеру банк құжаттары бойынша зерттеп білу керек. Сонымен бірге ауитор мыналарды анықтау тиіс: заңсыз банктік операциялар жасала ма, несие немесе қарыз алуға, сондай-ақ есеп беретін адамдарға қолхат арқылы беріле ме, чек кітапшаларын қолдану туралы есеп жасайма және т.б. жатады.

Валюталық шоттары операциялар аудитіне төмендегі  келтірілген

 

 

 

ерекше жағдайлармен сұрақтарға мұқият көңіл бөлу және анықтау керек:

  1. Валюталық шот ашылған банк мекемесі;
  2. Банк көшірмелері бойынша оларға тіркелген сома бастапқы құжаттарды көрсетілген сомаға сәйкес келе ме?;
  3. Сыртқы экономикалық істердегі есеп айырысу түрлерін қолданудың негізділігі;
  4. Валюталық шоты ақша үшін комиссиялық сыйақы төлеудің дұрыстығы;
  5. Валютаны сатумен сатып алу операциялардың есепте көрсетудің дәлдігі;
  6. Есепте бағамдық айырманы анықтау мен көрсетудің дұрыстығы.

Сонымен қатар аудитор мыналарды тексеру қажет:

а) Егер есеп айырысудың бұл формасы шартпен белгіленсе және жабдықтаушы сатып алушыны есеп айырысудың аккредитивтік түрін қолданудың дұрыстығы мен заңдылығына көзін жеткізсе, әр бір аккредитив тек бір ғана жабдықтаушымен есептеге арналған. Аккредитивтен қолма-қол ақшамен төлеуге қолданыстағы заңмен тиым салынған

б) Дара балансқа бөлінген құрылымдық бөлімшелерден баланстар мен басқа қажетті құжаттар ұсынылған ба?

в) Банктен алынған депозиттік сертификаттардың бар болуын;

г ) Дара балансқа бөлінбеген құрылымдық бөлімщелер шығынан негізі өндірістің шығыстары немесе айналымшығындары.

Егер арнайы шотта шетелдік валюта есепке алынса, онда олар жөніндегі операциялар валюталық шот жөніндегі тәртіппен атқарылады.

Жолдағы ақша аудитімен бухгалтерлік есепте 1030 “жолдағы ақша қаражаттары” шотында есептелетін соманың шынайылығын, сондай-ақ бухгалтерлік өткізбе желі құрудың дұрыстығын және бастапқы құжаттардың

 

 

 

№ 3 журнал – ордерде және бас кітапта осы шот жөніндегі жазбалардың сәйкестігін тексеру қажет.

 

2.2. Кассалық операциялар аудиті.

 

Кассалық операцияларды аудиторлық тексеру бағдарламасы  кесте түрінде берілген

         Аудит процедуралары             Ақпарат көздері
1. ақша мен кассадағы басқа құндылықтардың бар жоғы мен жағдайын түгендеу Касса ревизиясы бойынша комиссияны тағайындау, кассирды тағайындау туралы кәсіпорын басшысының бұйрығы, кассирмен материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу актілері,№ 1 тізімдеме, № 1 журнал-ордері, Бас кітап
2. Кассалық операцияларды құжаттық рәсімдеудің дұрыстығын тексеру Кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу, № 1 журнал-ордері, №1 тізімдеме, Бас кітап және т.б.
3. Қолма-қол ақшаны кіріске алудың мерзімділігі мен толықтығының дұрыстығын тексеру Банк көшірмелері, чек кітапшалары, заңды және жеке тұлғалармен шарттар, банк көшірмелеріне тіркелген бастапқы құжаттар, кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), №1 журнал-ордері, Бас кітап және т.б.
4. Ақшаны шығысқа есептен шығарудың дұрыстығын тексеру КО-1, КО-2, КО-3, КО-4, КО-5, №1 журнал – ордері, Бас кітап және т.б.
5. Бухгалтерлік есептегі шоттарда операцияларды көрсетудің дұрыстығын тексеру Бастапқы құжаттар, №1 журнал-ордерге №1 тізімдеме, №1 журнал-ордері, Бас кітап және т.б. аналитикалық кестені әзірлеу және тұжырымдармен ұсыныстарды негіздеу
6. Кассалық операциялар аудитінің қорытындылары бойынша тұжырымдар мен ұсыныстарды әзірлеу Кассаны тексеру актісі, ескертулер, оларды жою жөніндегі ұсыныстар.

 

Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілер мыналар:

< Кассадағы ақшаны толықтау, парақтап қайта санау мен басқа құндылықтарды тексеретін, кенеттен болатын ревизияның кәсіпорында жолға қойылмауы;

<  Кассир ауысқанда (жұмыстан шыққанды) кассаға ревизияны сырт көзге ғана өткізу;

< Кәсіпорында тексерудің мерзімділігін белгілейтін басшы бұйрығының жоқтығы;

< Штатта кассирдің болмауы – бұл функциялар кәсіпорын басшысының қызметкеріне жүктелсе;

< Кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың жоқтығы;

Касса мен кассалық операциялардың аудиті негізінде үш бағыт бойынша өтеді: қолма-қол ақшаны түгендеу, оларды түгел және уақытылы кіріске алуды тексеру, ақшаны шығыстарға есептеп шығарудың дұрыстығын тексеру.

Жалпы алғанда касса мен кассалық операцияларды тексергенде бірнеше әдіс қолдануға болады:

  1. Кассаны түгендеу аудитордың тексеру орнына келгенінде бірден өткізіледі. Оны өткізуге дейін аудитор мыналарды

анықтауы тиіс: кәсіпорында басшының кассадағы ақшаның

бар жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізу үшін тұраұты

жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы бар ма, бұл бұйрық

орындала ма?

  1. Кассға тексеруді жүзеге асырғанда, аудитор мынадай шарттарды сақтауға міндетті: тексеру құрамында кәсіпорынның кассир мен бас бухгалтері міндетті түрде кіруге тиісті, кассаны тексеру кезінде кассаға бөгде кісілерге кіруге рұқсат етілмейді және кассадан тыс операциялар тоқтатылады;
  2. Касса есебіне бас бухгалтер қол қояды және тиісті шоттар мен бухгалтерлік регистрде ақша қозғалысы туралы операцияларды көрсету үшін бухгалтерияға беріледі;
  3. Кассадағы бар ақшаны жекелеген түрденемесе банктік орауда тұрғанына қарамастан түгел қайта санау жүргізіледі.

Кассалық тәртіпті бұрмалау жағдайлары байқалғанда ол міндетті түрде тексерілуге тиіс. Сонымен бірге, едәуір сомадағы қолма-қол алған немесе салған кәсіпорындармен есептеулерді салыстырған жөн.

Тексеруде кассалық операциялар бойынша есептік құжаттаманың мынадай пішіндері қолданылады: КО-1 “Кірістік кассалық ордер”, КО-2 “Шығыстық кассалық ордер”, КО-3 және КО-3а “кірістік және шығыстық құжаттарды тіркеу журналы”, ақша қабылдау мен берудің ордерсіз рәсімделетін құжаттары, КО-4 “Кассалық кітап”, КО-5 “кассир қабылдаған және берген ақша кітабы” формалары, есептік регистрлер (№1 журнал- ордер, №1 тізімдеме Бас кітап, тиісті ай-күн, жылға баланстар және т.б. қолданылады. ) .

 

 

 

 

2.3. Ақша қозғалысының аудиті.

 

Транзиттік экономика жағдайында функционалды аудиттің өте өзекті бағыты – ақша мен оның қозғалысн тексеру болып табылады.

Операциондық аудитор төлем мен ақша қозғалысы циклін функционалды аудитін өткізгенде мыналарды анықтайды:

  • касса-банк операцияларын атқаратын қызметкерлердің сандық және сапалық құрамы;
  • Касса-банк құжаттарын жасап, өңдейтін адамдар үшің есеп пе ақша бақылауды әдістемелік және ереже белгілейтін қамтамасыз етудің бар-жоғы;
  • Бұл жұмыс учаскасінің қызметкерлі кімге есеп беред;
  • Касса-банк және басқа ақшалай оерациялардың дұрыстығын кім, қашан және қалай тексереді.
  • Кәсіпорында кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізуге арналған тұрақты жұмыс істейтін комиссияны тағайындау туралы басшының бұйрығы бар ма?
  • Бұл бұйрық орындала ма, кассаны кенеттен тексеру, актілері бар ма және олардың мазмұны қандай?
  • Аналитикалық және синтетикалық есеп, шаруашылық бақылау мен ақшалай операцияларды жедел қолдау жолға қалай қойылған?

Осыларға сүйене келіп мына таблицаны көрсетуге болады.

 

        Аудит процедуралары Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері
                           1                               2
1. Ақшалай операцияларды атқаратын (кассир, бухгалтер және т.б.) қызметкерлер құрамын білу. Кадр бөлімінің мәліметтері, білім мен біліктілік туралы куәліктер, жұмыс өтімі, зияткерлік және іскерлік қасиеттері және т.б.
2. Ақша алу сақтау және қолдану үшін әдістемелік, нормативті және материалдық базамен қаматамасыз етуді тексеру Заңнамалық актілердің, стандарттардың, нормалардың, ережелердің, нұсқаулықтың, құжат бланкілерінің, касса, сейф бөлмелерінің, күзет дабылдамасының және т.б. бар-жоқтығы
3. операцияларды құжаттық рәсімдеу мен ақша басқару жағдайын алдын-ала шолудың дұрыстығын тексеру Кірістік және шығыстық касслық ордерлерді тіркеу журналы, ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы есебі кітабы, бастапқы құжаттар және т.б.
4. Ақша қозғалысы жөніндегі операцияларды көрсетудің дұрыстығын, толықтығын, дәлдігін тексеру Төлем тапсырмалары мен талаптары, журнал-ордерлер, тізімдемелер (ведомсть), сенімхаттар, вексельдер, бланк көшірмелері, чек түбіртектері және т.б.
5.Кассаны түгендеу мен кассалық операцияларды, ақшаны, құнды қағаздарды және қатаң есептегі бланкілерді тексеру Кәсіпорын басшысының тұрақты жұмыс істейтін комиссия мен кассирді тағайындау туралы бұйрықтары, жеке материалды жауапкершілік туралышарт, кассаны түгендеу актісі, кірістік және шығыстық ордерлер (КО-1, КО-2),кассалық құжаттарды тіркеу журналы (КО-3), касса кітабы (КО-4), кассир қабылдаған және берген ақша есебінің кітабы (КО-5), аванс есебі, журнал-ордер № 1, №1 тізімдеме (ведомсть), Бас кітап және т.б.
6. Ақшаның сақталуы мен мақсатты пайдалануын тексеру
7. касса-банк операцияларын атқару мен есеп сақтау шарттарын айқындау үшін тексеру, байқау және тестілеу
8. Банк операцияларын, құжаттардың түгелдігі мен анықтығын тексеру
9. Ақшаны есептен шығару, кассалық және қаржылық тәртіпті сақтауды тексеру
10. Инкассо қолданудағы, есеп айырысудың аккредитивтік және чектік түрлерінің, құрылымдық бөлімшенің ағымдағы басқа шоттарын ашудың дұрыстығы мен заңдылығын тексеру Банк көшірмелері мен бастапқы құжаттар, оларға тіркелген: аккредитивтер, чек кітапшалары, төлем тапсырмалары, пошта аударымдарының түбіртектері,№ 1-3 журнал-ордерлері мен № 1-3 тізімдемелері, қолданыстағы заңнамаларға нормативті-анықтама ақпаратының, тізімдемелік нұсқаулықтар, стандарттар мен ережелердің сәйкес келуі
11.Жол-жөнекей ақша сомасының шынайылылығы, өнімді және басқа іс-әрекетті, жұмысты және көрсетілген қызметті өткізуден түскен түсімнің түгелдігін тексеру № 3 журнал-ордер, № 3 журнал-ордерге № 1 тізімдеме,      шоты бойынша Бас кітап, шот-фактуралар, тауарлық-көліктік жүк құжаттары, қабылдау-тапсыру актілері және басқа бастапқы құжаттар
12. Баланс көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтерінің сәйкестігін тексеру Баланс

шоттар бойынша Бас кітап

13. Ақша қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізу дұрыстығын тексеру Бас кітап, № 1-3 журнал-ордерлер, № 1-3 журнал-ордерлердің тізімдемелері, касса  кітабы және ақша қозғалысы туралы басқа құжаттар
14. Қысқа мерзімді инвестициялар бойынша операциялардың дұрыстығын тексеру Акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазынашылық вексельдер, опциондар, варранттар, фьючерстік мәлімелер.

 

Ақшалай қаражатпен, әсіресе оның жылдамдығы бөлігі – қолма-қол ақшамен (еңбек ақы бергенде, өндірістік шығыстарды төлегенде, есеп берілетін соманы беру мен пайдалану және т.б.) жасалатын операциялар – міндетті тұтастай тексеруді талап етеді.

Ақшаның есеп шот бойынша қозғалысын төлеу циклін тексеру үшін кәсіпорын банк көшірмелері мен бастапқы құжаттардың мәліметтерін салыстыру қажет. Сонымен бірге көшірмелердің өңделетіндігін (шот корреспонденциялары жазыла ма), құжаттардың нөмірленетінін, ақшаны есептен шығару толық, жеткілікті расталғандығын тексеру қажет. Алынған ақпаратты мынадай тәртіппен топтастыруға болады:

 

 Банк көшірмесі Растайтын құжат Айқындалған (табылған) айырмашылықтар
№, ай-күні, ж. мазмұны сома №, ай-күні, ж. Мазмұны сома сома    %
   1      2     3    4       5       6          7       8

 

 

Сол уақытта қолма-қол ақшалай қаражаттың қозғалысы бойынша операцияларды көрсетудің ұсынылған тәртібінен айырмашылықтарды айқындау қажет. Бұл мақсаттар үшін шығатын мәліметтерді мынадай пішінде көрсетуге ұсынылады:

 

Операциялар мазмұны Банк көшірмесі Бухгалтерлердің мәліметтері бойынша Аудитордың мәліметтері бойынша
Құжат

Ай-күні, жыл сома Шоттың дебеті Шоттың кредиті Шоттың дебеті Шоттың кредиті
         1     2     3    4      5      6       7      8

 

 

Тағы бір өрескел қате – ақшаны кәсіпорын кассасына кіріске алмау. Тексеру кезінде аудитор бар ақшаның қозғалысын талдауы, іс жүзінде жасалған төлемді дебиторлық борышты өтеу сомасы мен касса есебіне алынған сома арасындағы айырмашылықты анықтауы керек.

Түсімді банкке тапсырудың мерзімділігін мұқият зерттеп, бақылау және оның әр түрлі қажеттіліктерге шығыс жағдайларын анықтау керек. Бұл мақсаттар үшін мәліметтер жинау мен өңдеуді мынадай кесте көмегімен іске асыруға болады;

Ай,күн, жыл                               Ақша қозғалысы
                   түсу                          Шығыс
Ай,күн, жыл өнім үшін Жұмыспен көрсетілген қызмет Бас-қа-лары Бар-лығы Банк-ке тапсы-рыла-ды Кәсіп-орын-ның қажет-тілігі-не Жаб-дық-таушы-ларға Бар-лығы
                 

 

Тексерудің жеке обьектісі – нақты мақсаттарға, сонымен бірге еңбекақы төлеуге, іссапар шығыстарын жабуға, шаруашылық қажеттіліктерге және т.б. чек кітапшасы бойынша банктен алынған ақша қозғалысы.

Тексеруде ақша алу мен істен шығу туралы мәліметтерді салыстыру қажет. Мұндай ақпаратты мынандай кестеде орналастыруға болады:

 

Есепті кезең Еңбекті өтеу бойынша шығыстары Іссапар шығыстары Шаруашылық шығыстары
Банк-тен алын-ды Кас-са дан беріл-ді Ауытқу Банк-тен алын-ды Кас-садан беріл-ді Ауытқу Банк-тен алын-ды Кас-садан беріл-ді Ау-ыт-қу
     1     2     3      4     5     6       7     8     9    10

 

Кәсіпорының кассадығы ақшасы қозғалысын анықтап, оларды кіріске және шығысқа алудың уақтылығы мен толықтығын, мынандай кестені тіркеуді қолдана отырып, техникалық және мазмұнды қателерді табу үшін бухгалтерлік есепте операциялардың көрсетілуі дұрыстығын тексеру керек;

 

Операция-лар мазмұ-ны Кассалық ордер Бухгалтерлік мәліметтері бойынша Аудитордың мәліметтері бойынша
Ай-күні, жылы сома Шот дебеті Шот кредиті Шот дебеті Шот кредиті
          1     2      3    4     5        6        7       8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бұл күндері экономикалық қатынастардың мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және санаға сиярлық тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналып  отыр. Осындай  мәселелерді қазіргі  нарықтық   жағдайға  сай   кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің  басшылары  дұрыс  шешім  қабылдау  өте  күрделі  мәселелердің  бірі  болып  отыр. Өйткені, қазіргі  заманда  жемқорлықтың, коррупцияның  өсуі   осы  кәсіпорындардың,  ұйымдардың, мекемелердің  т.б.  бизнес  орталықтарының  жағдайына   айтарлықтай  әсерін  тигізіп  отыр. Болашақта  мұндай   жағдайларды  жою  еліміздің  алдына  қойған  ең  негізгі  мақсаттардың  біріне  айналды. Осындай  мәселелрдің  бірден – бір  өзінің   септігін  тигізіетін  аудиторлық  ұйымдар  мен  аудиторлар  және  ревизорлар екенін  өзімізде  біліп  отырмыз.

Аудитор – акционерлік  бірлестіктердің, фирмалар  мен  кәсіпорындародың  қаражатын, шаруашылық  іс-әрекетін  басшылармен  келісе  отырып, жасалған   шарт  арқылы  тексеретін  заңды  тұлға  немесе  фирма  болып  табылады. Олардың  осындай  үлкен  қызметтерді  тексеріп,  бақылап, қадағалап,  реттеп, ауытқуларын, себебін, заңға  сәйкесітігн анықтауы  және оларға  жалпы  қорытындысын  жасауы  ұйым, мекеме, кәсіпорын  басшыларына  өз  септігін  тигізіп, елеміздің  дамуына   өз  үлесін  қосуда. Сондықтанда  менің  жазған  баяндамамның   аты  « Ақша  қаражаттарының  аудиті »   болғандықтан   бұл   мәселе   кең   мағынаны   қамтиды. Ақша  операцияларының  жүргізілуін  тиімді  бақылап, қадағалау, тиімді  шешім  қабылдау, нарықтық  экономика  бейімделу, аз  шығын  шығарып  көп  пайда  табу  кез-келген  шаруашылық  субъектінің  алдына  қойған  ең  негізгі  мақсаты. Ал  осы  мақсатқа  көрінген  жете  бермейді. Сондықтанда    шаруашылық  субъектілерінің  басшылары осындай  алдына  қойған   мақсаттарына  жету  үшін  жалданбалы  аудиторлардың  қызметіне  сүйенеді.

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

 

  1. Ержанов М.С “Аудит – 1” Алматы, 2005 жыл

 

  1. Балапанов А.Ж. Аудиттің теориялық негіздері” Алматы, 2003 жыл

 

  1. Абленов Д.О “Аудит негіздері” Алматы, 2005 жыл

 

  1. Дюсенбаев Ш.К. “аудит и анализ хозяйствующего субьекта” Алматы, 2001 год.

 

  1. Сейтқасымов Ғ.С. “Ақша, несие, банктер” Алматы, 2001 жыл

 

  1. Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан Республикасына  Ұлттық валютаны енгізу туралы” жарлығы.

 

  1. Сатмурзаев “Аудит теориясы” Алматы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля