Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру және өткізу

1 февраля, 2017 7:29

1. Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру негізі: ұсыныс, талап.

2. Зерттеу кезеңі және әрекеті.

3. Зерттеудің ғылыми аппараты

Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру — қойылған міндеттерді тиімді және сапалы қезеңді өтілуге барлық зерттеуші ұжымды бағыттауды қамтитын ғылыми негізделген шаралар комплексі.

Зерттеуді ұйымдастырудың негізгі міндеті: мақсатқа сайкес ғылыми – теориялық, әдістемелік және ұйымдастыру-техникалық процедуралардың келісімділігін қамту.

Зерттеуді ұйымдастырудың негізгі талаптары:

Психологияның жалпы принциптеріне сүйену; зерттеу барысының жоспарлығы, барлық жұмыстардың тиімді бірлесуі және керекті ресурстармен қамту; жұмыс түрлерін атқаратын біліктілік деңгейдің сайкестілігі; зерттеуге қатысуға мұқтаж адамдарды сенімді, деректі конструктивті нәтижелермен қамту; біліктілігін толық қолданып, ғылыми қызметкерлердің шығармашылық өсуіне жағдай жасау; ғылыми потенциалды икемді қолдану, психологиялық зерттеу әдісін тиімді қолдану, жұмыстың сапасы мен орындалу мерзімін жүйелі қадағалау.

Ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары — барлық психологиялық зерттеу процесімен басқару құжаты. Ол мақсатқа жетуге қажетті бағдарламаға, күнтізбелік мерзімге, материалды, кардлі ресурстармен сайкес шараларды реттейді және де уақытша (сеткалы) жұмыс орындалу кестесі кіреді.

Сеткалы график (кесте) — жұмысты жоспарлау құжаты. Бұл арқылы жеке жұмыстың кезеңдердің, процедуралардың, операциялардың орындалуындағы бірізділік және координациясын орнатады.

Процедура — тәсілдер ізділігі; нақты мақсатқа жету үшін тххникалық құралдар және жабдықтар қолдану әрекеті. Психологиялық зерттеу процедурасының объектісі болып логикалық анализдің бірліктері (единицалары) (ұғым, проблема, жорамал т.б.) жатады.

Психологиялық зерттеу кезеңі- оның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асырудың сатысын құратын процедуралар комплексі. Екі түрлі кезең анықталады: логикалық жоспар кезеңі және ұйымдастыру-процедурлық кезең. Логикалық жоспар кезеңі зерттеудің стратегиялық міндеттер іздерін бейнелейді. Ұйымдастыру-процедурлық зерттелетін объектінің нәтижесімен байланыс жасап тактикалық міндеттердің орындалу барысын анықтайды.

Инструментарий — бөлек міндеттерді орындауға құрал ретінде қызмет атқаратын зерттеуші құрастырған арнайы әдістемелік құжаттар жиынтығы.

Ғылым әдіснамасы бұл — табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы. Ұзақ уақыт философияның бір бөлігі болған педагогика екі негізгі философиялық әдіснама, идеалистік және материалистік тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды және қазір де дамып отыр. Ғылыми методология (әдіснама) өзіне барлық зерттеу әдістерін қамтиды. Ғылыми методология әдістерді таңдауды, оларды ұштастыруды, әрбір әдісті жинақтауды анықтайды, зерттеу нәтижелерін салыстыру мен оларға баға беруді белгілейді.

Ғылыми зерттеудің бес кезеңі бар:

1.​  Диагностикалық кезең — мәселенің пайда болуы мен қазіргі кездегі жайы анықталады;

2.​  Прогностикалық кезең — зерттеу пәні мен обьектісі анықталады, гипотеза қойылады;

3.​  Ұйымдастыру кезеңі — зерттеу мерзімі, базасы анықталады;

4.​  Практикалық кезең — эксперимент жүргізіледі;

5.​  Қорытынды кезең — нәтижені талдау, безендіру;

Әрбір ғылым өзінің дербес әдіснамасын, зерттеу әдістерін жасайды. Психологияның да өзіне тән ғылыми-зерттеу әдістері бар. Бұл әдістерді зерттеуші әрбір психологиялық құбылыстың ерекшеліктеріне сәйкес қолданады.

Психологиялық зерттеулер әдістемесі, бірлесуі психологиялық ақиқатты, өте кең нақтылықпен зерттеуге мүмкіншілік беретін теориялық және эмпирикалық әдістерінің жиынтығын береді.

Психология әдіснамасы — психология білімі жөніндегі ілім және оны табу үдерісі, яғни психологиялық таным, алғашқы қалып, құрылымы, ғылыми-психологиялық зерттеулердің әрекеттері мен әдістері.

Психологиялық зерттеу әдісінің әдіснамадан айырмашылығы, бұл — психологиялық құбылыстарды зерттеудің тәсілдері, заңдылықты байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру мақсатындағы ғылыми ақпарат жинау. Барлық көп тектілікті үш топқа бөлуге болады: психологиялық тәжірибені зерттеу әдісі, теориялық зерттеу әдісі мен математикалық әдіс.

Психологиялық тәжірибені зерттеу әдісі – бақылау (қадағалау), әңгіме, сұхбат, сауалнама, құжаттарды зерттеу.

Теориялық әдістер мәселені анықтап, болжамды құрау үшін және жинақталған деректерді бағалауға қажет. Те​ориялық әдістер әдебиетті оқумен байланысты: классиктердің психология жөніндегі еңбектері; жалпы және арнайы жұмыстар мен құжаттар, психологиялық ақпарат құралдарын; психологиялық анықтамалық әдебиет​ті, психология және аралас ғылымдар бойынша оқулықтар мен әдістемелік құралдар.

Математикалық және статистикалық зерттеулер психологияда алынған деректерді сауал және тәжірибе әдістері арқылы өңдеуде, сонымен бірге зерттелетін құбылыстар арасындағы мөлшерлік кіріптарлықты анықтау үшін қол​данылады. Бұлар тәжірибе нәтижелерін анықтауға көмектеседі, қорытынды сенімділігін арттырады, теория​лық жинақтау үшін негіздеме береді. Математикалык әдістердің психологияда ең көп қолданылатыны — тіркеу, өрнектеу, сызба сызу. Осы әдістер көмегі арқылы өңделген нәтижелер кесте, графика, таблица түрінде мөлшерлік кіріптарлықты керсетуге мүмкіндік тудырады.

Психологиялық ақиқат мәні, оның өкілдері жүзеге асыратын және психологиялық деп аталатын қызметпен айқындалады. Бұл адамзаттың жинақталған мәдениеті мен тәжірибесін аға ұрпақтан кіші буынға беруге бағытталған, тұлға дамуына жағдай тудыратын және қоғамға белгілі бір рөл атқаратын әлеуметтік қызметтің ерекше түрі болып есептеледі. Бұл қызметті тек психологтар ғана емес, сонымен қатар ата-аналар, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б. жүзеге асырады. Осының барлық жиынтығы психологиялық ақиқатты құрайды.

Ғылыми аппарат бірнеше компоненттерден тұрады. Кіріспе зерттеудін маңыздылығын, мақсатын, міндеттерін, көлемін көрсетеді.

Зерттеудің маңыздылығы бірнеше факторлармен анықталады:

-​ зерттелетін мәселеге байланысты теориялық ұғымдарды толықтыру үшін керектігі;

-​ сол мәселе жайында жаңалықтардың керектігі;

-​ зерттеудегі жаңа әдістемелер керектігі;

-​ зерттелетін мәселенің іс жүзінде керектігі.

Зерттеу объектісі — мәселелік жағдаят туғызатын белгілі бір процесс немесе құбылыс.

Зерттеу пәні зерттелетін объектінің шекарасына кіреді. Ол объектінің қасиеті.

Зерттеудің мақсаты — зерттеу кезінде пайда болуға тиіс нәтиже.

Кейбір жиі қойылатын мақсаттар:

-​  кейбір тексерілмеген, әрі белгісіз анық зерттелмеген құбылыстарды анықтап сипаттама беру;

-​ құбылыстардың арасындағы байланысты анықтау;

-​ құбылыстың жаңа табиғатын ашу;

-​ жалпы заңдылықты қорытындылап анықтау;

-​ құбылыстардың жүйесін құру;

-​  әдістемені белгілеу;

-​  әдістемені адаптациялау.

Гипотеза (болжам айту) — құбылыстың байланысы немесе себептері негізінде қорытынды жасалынады, бірақ бұл қорытындыларды толық дәлелді деп есептеуге келмейді. Гипотезаның формуласы — «егер, онда».

Зерттеудің міндеті — болжанған гипотезаға байла​нысты мақсатқа жету үшін керекті жолдармен, іс-әрекеттерді таңдап, белгілеу. Зерттеудін мақсатына жету үшін оны бірнеше мақсаттарға бөліп жұмысты соны орындауға бейімдеу.

Зерттеудің негізгі эдістемесі — қандай әдістемелерді қолдану арқылы зерттеуді жүргізуге болатындығын көрсету.

Зерттеудің кезеңдері — зерттеушінің жұмыс жүргізу кезеңдері белгіленеді.

Зерттеудің құрылымы — зерттеуші қолданылған материалдарды, бөлімдерін, кестелерін, қосымша мағлұматтарды, оның санын көрсетеді.

Ғылыми жаңалық — басқалармен ашылмаған қандай іс істелгенін және одан қандай нәтиже алынғанын көрсету.

Ӏс жүзіндегі маңызы — алынған ұсыныстардың қан​дай пайдасы бар екендігі және оны оқу-тәрбие жүмысында қолдануға болатындығы.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Ерек

3
Комментарии: 0Публикации: 26Регистрация: 25-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля