«Қазақстанның физикалық география» оқулығының мақсаттары

3 октября, 2018 1:55

Категории:

Приобрели: 3 раз

Бесплатно В корзину

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
2. «Қазақстанның физикалық география» оқулығының мақсаттары мен міндеттері
3. Мектептік география курсының оқушыларға білім беру мен тәрбиелеудегі маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

География оқу құралы ретінде – білім жүйесінің белгілі дидактикалық негізінде іскерлік пен дағдыдан құралған, ғылымдардан сұрыпталған, негізі мектептің оқу жоспарында қарастырылған, оқушылардың білім беру мен тәрбиесін дамыту болып табылады. Мектеп географиясында физикалық география жаратылыстану пәндерінің цикліне, экономикалық география-гуманитарлық пәндер цикліне жатады.
Мектепте оқытылатын физикалық географияның оқу жоспарына Жер туралы ғылым, бірінші кезекте физикалық география енеді. Олар: жалпы жер тану, шетелдер, ТМД, Қазақстаннң аймақтық физикалық географиясы, геоморфология, климатология, океанология, гидрология, топырақтану, геоботаника, зоогеография т.б. картография және бірқатар аралас ғылым салалары – геология, метеорология.
Мектептің экономикалық географиясы қоғамтану курсымен бірге оқушыларға экономикалық білім береді. Оқу жоспарында экономикалық география ғылымдарын оқыту қарастырылған. Қазақстан мен ТМД-ның жалпы және аймақтық экономикалық географиясы, халықтар географиясы, саяси география, сонымен бірге бірқатар экономикалық ғылымдар — өнеркәсіп экономикасы, ауыл шаруашылығы, транспорт, статистика және демография. Ғылымның негізін құрайтын көптеген және әр трүлі материалдардың ішінде ең керектілері ғана мектеп географиясының курсына енгізіледі.
Мектептегі география курсының мазмұнын оқушылардың ой-өрісін тәрбиесін арттыратын – ғылымның негізін салатын – ойлар, теориялар, фактілер ғылыми әдістер кіреді. Айта кетерлік нәрсе – мектеп географиясына таңдап алынған материалдар адам өмірен өте қажетті. Оқушылар алған білімін практикада қолдана білуі тиіс. Осы білімді игеруде іскерлік пен дағдыны қамту қажет.
Осындай көзқараста таңдалынып алынған білім, іскерлік пен дағды мектеп географиясының мазмұнын құрайды. Мектепті бітіруші «ғылымдар негізінің» орта мектептік білімін алады. Мектепте географияны оқытудың басты мақсаты – ғылыми негіздермен оқушыларды қаруландыру.
Жаңа ғылыми-техникалық революция кез-келген мамандықтар иесінің еңбектегі ойлау қабілетін арттырады. Сонымен қатар ғылыми-техникалық революция кезіңінде ғылыми білімнің өсуі, география ғылымының да алға жылжуы байқалады. Осыған байланысты білім беру ісінде ойлау үрдісінің ролі өсіп келеді.
Мектепте оқушы өмір бойы қолдана алатын географиялық білім ала алмайды, ол география саласында оның қызығушылығын арттыратын танымдық әдістерді үйретеді. Ойлау қабілетінің дамуы географиялық білім алудың нәтижесі ғана емес, географиялық білімді географиялық облыстарда қолдана алу мүмкіндігі.
Таным қызығушылығын дамыту география аймағындағы оқушылардың талап қажеттілігі, олардың танымдық өнері, олардың географиялық білімді өз бетімен қабылдауы. Бір сөзбен айтқанда, оқушылардың ойлау қабілетін және оларды кейінгі өзіндік географиялық білімін дамыту – географияы мектепте оқытудың екінші мақсаты.
Мектепте географияны оқытудың үшінші міндеті – оқушыларға тәрбиелеу арқылы жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Тәрбие беру ісі географиядан білім беру мен ойлау қабілетін дамыту барысында бірге жүреді. Бірақ білімді қабылдау, тәрбиеде нәтиже бермеуі мүмкін. Сондықтан материалдармен қамтылауы тиіс. Оқу жұмысын ұйымдастыру арқылы оқушылардың өзіндік жұмысы мен творчестволық қабілеттерін арттыруға болады. оқушылардың географиялық біліммен, іскерлік пен дағдысы, ойлау қабілеттілігі жәге адамгершілік рухта тәрбиеленуі шексіз бірлікте. Сонымен қатар осы үш мақсаттың әрқайсысы мазмұнында және оқу үрдісін құруда қарастырылуы тиіс.
Мектептегі география жүйесі басқа пәндер сияқты курстар мен бөлімдерден тұрады. Курс бөлімдерді оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысынан құралып, негізі – педагогикалық логикадан тұрады. Логика – оқушыларда ғылыми білімнің қалыптасуын, кеңеюі мен тереңдеуін, дағды мен іскерліктің бекітілуін қамтамасыз етеді. Ол әрбір кезеңде оқушы жаңа оқу материалын қабылдауды жүзеге асырады.
Мектепте география жүйесін құрғанда ғылымдар арасындағы өзара байланыстылықты, физикалық және экономикалық географияны оқытуда ғылыми логикалық тұрғыдан қарастыру қаже.
Адамдар белгілі бір табиғи ортада өмір сүреді: шаруашылық әрекетте олар табиғатқа әсер етеді және оны қолданады. Бұл ғылымның өзара байланысын анықтайды. Эконом-географиялық білім – физикалық география білімінің нәтижесінде құрылады. Физикалық география табиғи құбылыстарды, экономикалық география қоғамдық қатынастарды оқытады. Сол себепті ғылыми логика тұрғысында физикалық географияны оқыту эколномикалық географиямен жлғасады.
Географиялық ғылымда Жер табиғатының жалпы заңдары мен заңдылықтары қоршаған орта тұрғысынан түсіндіріледі. Географияда кез келген табиғи облысты оқытқанда оны табиғаттың жалпы заңдары мен физ-географиялық заңдылықтары арқылы өзара байланысын қарастырады. Логикалық тұрғыдан алғада жалпы жер жеке бөліктердің аймақтық физ-географиясын оқытудан, ал ірі аймақтарды оқыту – оның құрамына кіретін кіші аудандардан тұрады.
Педагогикалық логика тұрғысынан мектеп географиясы қалай құрастырылған? Кеңес мектептерінде география 5-10 сыныптарда өтеді. Қазіргі таңда ТМД мен Қазақстан Жалпы орта мектептік білімге көшкенде, курс сызықты-сатылы құрылысқа көшті. Сызықтық құрылымда уақытты үнемдеу мақсатында оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескере келіп, материал алынды. Сатылы құрылыста сыныптан-сыныпқа көшу барысында материалдың қиындығы, оқушылардың ойлау қабілетіне кері әсер етті.
Дидактикадағы маңызды талап-оқушыларда ғылыми түсінік қарапайым, таныс және нақты біліммен қалыптасып, күрдеіге өту болды. Осы көзқарас бойынша дидактикада курстың отандық принциптері — өзінің ауданының географиясын оқытудан, елін содан кейін шет елдерді оқытудан тұрады.
Екінші жағынан алғанда, Қазақстан территориясына оқытқанда – оның Евразия материгінде жатқандығын, осы материктің табиғаты мен заңдылықтарын ертерек қарастырып өтеді. Қазақстанның табиғаты жайында терең білім болу үшін, салыстырмалы әдіс қажет. Осыған сәйкес оқушылар Қазақстанның физ-географиясын материктің физ-географиясын оқытудың бастайды.
Дидактика – оқушылардың алған теориялық біліммен, танымдық әдістерінен құралады. Мектепте географиядан біріншіден, оқушыларды жалпы географиялық түсінік – заңдар мен заңдылықтар, ой-өрісінің дамуы және географиялық білімді дамытуда өзіндік жұмыстар атқарса, екінші жағынан осы білімді қолдана білу керек. Осы екі міндет географиялық білімде өте байланысты.
Мектепте география курсындағы біртекті түсінікті 4-негізгі топқа бөледі:
1. Физ-географиялық объектілер туралы түсініктер (нақты тау, жазық, теңіз, өзен, көл, шөл т.б. Мысалы, Қаратеңіз, Еділ өзені)
2. Нақты эконом-географиялық объектілер туралы түсініктер (қала, мекеме, канал. Мысалы: Санк-Петербург, Сагнитогорск металлургия комбинаты, Суэц каналы т.б.)
3. Материктер, дүние бөлігі, табиғи облыстар мен оның бөліктері жайындағ түсінік.
4. Елдер мен аудандар, оның бөліктері туралы түсінік.
Мектеп географиясын да жалпы түсінікті 4-топқа бөлеміз:
1. Физ-географиялық объектілер мен құбылыстар жайындағы жалпы түсінік. Мысалы: өзендер, рельеф, ауа-райы, климат т.б.
2. Эконом-географиялық объектілер мен құбылыстар жайындағы жалпы түсініктер. Мысалы: өнеркәсіп салалары, қолөнері, халықтың тығыздығы, елдердің географиялық орналасуы т.б.
3. Табиғат элементтерінің өзара байлансы, табиғат пен шаруашылықтың байланысы, шаруашылық салаларының байланысы.
4. Географиялық карта, картада объектілер мен құбылыстарды бейнелеу әдістері туралы түсінік.
Идея, заңдар мен заңдылықтар – география ғылымындағы басты теориялық жағдайлар, оқушыарда географияны оқу барысында қалыптасады. Негізгі сипаттары:
1. Табиғи, ортаның дамуы. Мысалы: табиғаттағы заттардың айналымы географилық қабықтың тұтастығы мен бірлігі, географиялық зональдылық ландшафт-табиғи-территория комплексі, адам қоғамы – географиялық қабықты құрудағы маңызды фактор.
2. Халықтар және олардың шаруашылық әрекеттері. Мысалы: адам басты өндіргіш күш, еңбектің қоғадық және территориалды бөлінуі.
Материк, елдер мен аудандардың физ-географиялық және эконом-географиялық объектілердің ерекшелігін білу үшін оқушы алдымен географиялық ортаны құрушы бөлшектер мен оны құрушы элементтерді оқытудың құралдары менәдістерін, географиялық ортадағы процестер мен құбылыстарды және де картадан жер бетінің әр түрлі бөліктерін білуі керек. Біртекті және жалпы түсініктің өзара байлансын «климат» арқылы түсіндіруге болады. климат – ауу райының белгілі жердегі көпжылдық режимі мен оның элементтері-температура, жауын-шашын, жел, қысым және оны өлшеу әдістері туралы ұғым алады. Оөушылардың климат туралы білімін кеңейту барысында оны атмосферамен байланстырады. Мысалы, су беті мен құрлық беті ауасының суынуы мен тыйылуы.
Оқу құралының жүйесін құрғанда оқушылардың жасы мен оқу кезеңдері ескерілуі тиіс. Бұл әсіресе, пәнаралық байланысы кең география үшін маңызды. Физикалық және экономикалық географиядан көптеген сұрақтарды шешу үшін – физика, химия, биология, математика, тарихты білу керек. Мысалы: физикалық білім – атмосфера қысымының айналымын, химиялық білім – пайдалы қазбалар мен су құрамын, биологиялық білім – ауылшаруашлығы мен өсімдік жамылғысын, математикалық білім – картография мен топография негіздерін білуде, тарихи білім елдердің шаруашылық кезеңдерін білуде қолданылады.
Екінші жағынан географиялық білім басқа пәндер үшін де қажет. Тарихта географиялық картаны түсінуде, биологияда географиялық ортамен климат туралы белгенде қажет.
Географияны оқытудың алғашқы кезеңінде оқушылар күрделі географиялық түсініктерді қабылдай алмайды. Оларда абстрактілі ойлау әлсіз дамиды, физика, химия, геометрия, биология ғылымдарын білмейді.
Оқушыларда Қазақстан аудандары мен елдер туралы тұтас білім қалыптасу үшін, олар шет елдер мен Қазақстанның экономикалық географиясын оқу керек. Мысалы: Франция немесе Кавказдың алдымен табиғатын, содан соң халқы мен шаруашылығы оқытылады. Елдер мен аудандардың физ-географиясын оқығанда пайдалы қазбалары, ал экономикалық географиясында шаруашылық пен табиғи ресурстардың өзара байланысы түсіндіріледі.
Географияны оқытуда қиындықтар да кездеседі. Мысалы: эконом-география (ел, аудан, елдер экономикасы) оқытылатын территориялардың шекаралары, физикалық географияда оқытылатын территорияға сәйкес келеді. Екінші қиындық оқушның дайындығының аздығы.
Физикалық географияның бастапқы курсын оқытуда алдыға білім беру, дамыту және тәрбие беру мақсаты қойылады. «Дүниетану» сабақтарында қалыптасқан табиғаттану түсініктері географиялық ұғымдар деңгейіне көтеріледі. Мұғалім жер планетасы, оның қабықтары туралы физикалық географиялық ұғым бере отырып, олардың өзара байланысын, заңдылықтарын түсіндіреді.
Курстың негізгі бағыты. «Жер – Күн жүйесінің планетасы», «План және карта» тарауы бойынша әлем кеңістігі жайлы мағлұматты бере отыртп, оқушыларға жалпы картографиялық тұсініктер мен заңдылықтар жүйесін игерту мақсаты қойылады. Оқулық мазмұнындағы географиялық құбылыстардың өзара байланыстылығы мен әрекетттестілгі,күн мен түн, жыл мезгілдерінің ауысып келуі, жанартау,жер сілеіну. Табиғат кешендері жүйесі, т.б. білімдер оқушыларды географиялық мазмұнды игерге бағыттайды.
Географияны оқыту барысында тарихи, елтану, өлкетану, экологиялық мақсат-міндеттерге назар аудару керек.
Мектеп географиясы алдындағы келесі мәселенің бірі оқушының географиялық білім деңгейін қарапайымнан күрделіге қарай көтеру. Осы мақсатта олардың өз бетімен жұмыс істеу жолдарын қарастыру қажет.
Оқулықтың мазмұнына байланысты төмендегі міндеттер айқындалады.
1.Физикалық географияны І-ІV сыныптарда өткен «Дүниетану» пәнімен тығыз байланыста оқыту.
2. Табиғаттағы құбылыстар мен заңдылықтарды түсіндіре білу.
3. Картографиялық білім қорын тереңдете отырып, планнан әр тұрлі карталарға дейінгі кезеңді оқып үйрену жолдарын қарастыру. Сабақта картамен жұмыс істеу, картаны оқи білу.
4. Оқулықтың мазмұнындағы табиғат туралы материалдарға байланысты қоғам, адам,табиғат арасындағы байланысты аша отырып, экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын қарастыру.
5. Физикалық география курсының сарамандық жұмыстарын, күзгі және көктемгі топсеруендерді ұйымдастыру.
Қазақстанның физикалық географиясын оқып үйрену мын төмендегі мақсаттарды көздейді:
1. Білім беру мақсаттары:
— жер бетіндегі табиғат құбылыстары мен процестеріне 8-сынып оқушыларының көзқарастарын қалыптастырудың ғылыми негізгі ретінде Қазақстан аумағындағы табиғат генезисі мен дамуынң себептері туралы оқушыларға геоография пәнінен өткен курстарға қарағанда тереңірек білім беру.
2. Тәрбие беру мақсаттары:
— шаруашылық іс-әрекет кезінде табиғатқа және оның байлықтарына ұқыпты қарау жолдарын жаратылыстану ғылымы тұрғысынан негіздеу, табиғат байлықтарын шаруашылықпен, ұқыпты пайдалануға, жерге, орманға, өзендер мен жануарлар дүниесіне қамқорлқ жасауға деген сенімге тәрбиелеу;
— экологиялық ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік туғызу, оның өте маңызды белгісі – табиғатты комплексті қабылдау, табиғатты тиімді пайдаланудың негізі ретінде ғылыми жаратылыстану заңынының тұтастық мәнін түсіну.
3. Дамыту мақсаттары:
— белгілі бір аймақтың табиғат ерекшеліктеріне, жекелеген географиялық нысандар мен құбылстарды, табиғатқа саналы көзқарастың нақты проблемаларына және оны шаруашылық жағынн игеру, жаңғырту және жақсарту кезінде қорғау жолдарын түсіну үшін білімді шығармашылықпен қолдана білу іскерлігін дамыту.
Айтылып отырған мақсаттарға жету үшін Қазақстанның физикалық географиясы курсының мазмұны қолайлы жағдай туғызады. Курстың жалпы бөлімі бұрынғы меңгерген географиялық бөлімнің және бірқатар сабақтас оқу пәндері білімдерінің негізінде 8-сыныптарда табиғаттың негізгі компоненттері жайында жалпы физикалық-географиялық ұғымдардың жаңа жүйесін қалыптастыруды және олардың Қазақстан Аумағындағы даму заңдылықтарын анықтауды; біздің еліміздің аумағындағы табиғат жағдайларының ерекшеліктерін танып білу үшін меңгерілген ұғымдарды қолдану негізінде тереңдете түсу және пысықтауды мақсат етеді.
Қазақстан табиғатын жалпы шолудың әр тақырыбы бойынша картамен сарамандық жұмыс істеу қарастырылған, көзделген мақсат – оқулықтармен, схемлармен, таблицалармен жұмыс жасағанда өздерің тұрған облыстағы (өлкедегі) әр түрлі географиялық (табиғат) нысандар мен құбылыстарды байқағанда, табиғат және адамдар арақатынасы фактілерін анықтағанда, оқулық тапсырмалаын шешкенде әр түрлі мазмұндағы карталарды пайдаланудағы іскерлік дағдыларын қалыптастыру.
Өлкетану материалы курс мазмұының ажыратылмайтын бөлігі болып табылады, ал оқудың өлкетану принципін орындау оқудың табысты болуна қажетті жағдайлар жасайды.
Оқушы білімінің сапасын арттыру оның көзқарасын, дүниетанымын қалыптастыру, дамыту үшін сабақтарда жергілікті жердің материалдарын, оның ішінде зерттеу жұмыстарының нәтижелерін сабақта пайдалану өте тиімді. Себебі, ауылда өсіп, табиғатпен, қоршаған ортамен етене жақын болған жас жеткіншек маңайындағы заттар, жануар өсімдік, жер бедері, климатын ондағы құбылыстарды көре өседі, ол туралы өзіндік білім жинақтайды. Осы білімді мектепте ғылыммен ұштастырса, алынған білім оқушының есінде мәңгі қалары сөзсіз. Сондықтан осы мақсатқа жету үшін сабақты ұйымдастырудың төмендегі принциптеріне сүйенген жөн.
1. Сабақта нақты материалдарды пайдалану (материал жеңіл де түсінікті болуы керек).
2. Сабақты сарамандық жұмыстармен байланыстыру. (Картамен жұмыс, схема, диаграмма құрастыру, кескін карта жасау т.б.)
3. Сабақты ғылыми негізде өткізу.
Біріншіден, жергілікті материал арқылы оқушының білімі мен іскелігі тереңдетілетін болса, екіншіден, теория білімі мен практикалық байланыс жүзеге асырылады.
Жаңа ғылыми-техникалық революция кез-келген мамандықтар иесінің еңбектегі ойлау қабілетін арттырады.

Қорытынды
Қорыта келгенде, орта мектепті бітіргенде оқушы өзінің елінің экономикалық географиясын терең және нақты білуі керек. Мектеп курсының соңында экономикалық, тарихи, техникалық білімдермен қаруланған оқушы – саяси-қоғамдық қатынастарға дайындалады.
Сол себептен мектептегі геограйфия курсының жүйесін ғылыми және әдістемелік логикалық тұрғыдан құру керек. География көптеген елдерде өзіндік оқу сабағы ретінде қалыптасқан. Көптеген елдерде география курсының құрылымы мен көлемі мектептің құрылымы мен оқу жылына байланысты әр түрлі құралған. Ауытқушылық 5-9 пайыз. Көптеген елдерде географияны оқыту үш сатыда: төменге, орта, жоғары өтеді. Әрбір саты аяқталған білім циклінен тұрады.
Көп елдерде география жеке пән комплексті түрде басқа пәндермен бірге оқытылады. Төменгі сыныптарда 2-3, кейбір кезде 8-9 жаста 4-сыныпта оқытылады. Төменгі курста – отандық сипат береді. Оқушылар өздерін қоршаған ортаның табиғаты, адамы мен өмірлерімен танысады. Көптеген елдерде бастауыш сыныптарда туған өлкенің географиясының элементтер оқытылады.
Географияны жүйелі оқыту көбінесе 11-12 жаста, 5-сыныптан бсталады. 4-6 жыл, аптасына 2-3 сабақтан. Курс әр түрлі. Орта сатысы жалпы географиялық элементтермен (Польша, Германия, Румыния, Болгария Югославия т.б.) бірқатар елдеде өз елдерінің географиясы оқытылады. Бірқатар европалық елдерде аймақтық география Европаны оқытудан басталады. Оқушылардың мектептегі география курсынан алатын білімі – бұл елестетулер, түсініктер мен заңдылықтар, басты белгілерінің кескінделуі және оқытылған пәндерге байланысты табиғат құбылыстары мен адам қоғамының қасиеттерінің мәнін көрсетеді. Мектепте географияны оқыту барысында оқушылардың білімі өзгеріссіз болмайды, ол әрдайым дамып отырады. Осыған байланысты ойлу үрдісінде түсінік пен елестету байланыста болып, бір-бірін толықтырып, бірлікте болады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Б.Асубаев, Г.Сүлейменова, К.Ысқақова, С.Көбенқұлова «Қазақстанның физикалық географиясы» /Оқыту әдістемесі/ А., 2004 ж.
2. Е.Сағындықұлы «Педагогика» /Дәрістер курсы 25-бет/ А., 1995 ж.
3. К.Қожахметова «Ұлттық мектеп қандай болу керек?» /Қазақстан мектебі 2000 №7, 68-бет/
4. В.П.Буданов «Карта в преподавания географии» М., 1990 г.
5. Т.П.Герсимова «Воспитание на уроках географии» М., 1993 г.
6. В.П.Максаковский «Географическая культура» А., 2000 г.
7. «Биология, география және химия» №4, 2001 жыл 3-бет

Бесплатно В корзину

Автор публикации

не в сети 4 года

roman

1
Комментарии: 0Публикации: 10Регистрация: 07-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля