Білім және ғылым саласындағы жобаларды іске асыру

17 февраля, 2015 13:04

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Білім және ғылым саласындағы жобаларды іске асыру туралы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтың қатысуымен брифинг өтті.

А. Сәрінжіпов биылғы жылы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие бойынша инфрақұрылымды дамыту шаралары жалғасатынын атап өтті. Бүгінде құрылысы жүріп жатқан 181 ғимараттың 75 тапсырылады (РБ – 31, ҰҚ – 10 және ЖБ — 34). Сонымен қатар, 431 ғимарат пайдалануға беріледі. Мектепке дейінгі мекемелерде 242 консультациялық бөлімдердің ашылуы жаспарланған.

Негізгі міндет мектеп инфрақұрылымын дамыту болып табылады. 123 жаңа мектептің ашылуы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептердің санын азайтты. Жаңа модификация бойынша жасақталған кабинеттері бар мектептер үлесі артты.

2014 жылы жастарды ТжКБ жүйесімен қамту көлемі ұлғайды. Дуальды білім беру жүйесінің жол картасы бекітіліп, енгізілді. Дуальды білім беру жүйесі аясында 3 225 кәсіпорынның базасында 280 колледж жұмыс істеуде. Білім берумен 21 мың студент қамтылған.

2014 жылы Қазақстан Республикасының 10 ЖОО QS әлемнің үздік университеттері рейтингінде атап өтілді. (Топ-400 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилиев атындағы ЕҰУ; Топ 601-650 – Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ; Топ 651-700 —  М. Әуезов атындағы ОҚМУ, ҚБТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Топ 701+ — Букетов атындағы ҚарМУ, С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ,  Абылай хан атындағы КазХҚжӘТУ)

2015 жылы бағдарламалық-мақсаттық және гранттық қаржыландыру аясында ғылыми-техникалық бағдарламалардың жаңа циклі басталады. 42,5 млрд. теңге бөлінді.

2014 жылы жалпы құны 445 млн.теңге болатын 47 әлеуметтік жоба іске асырылды. 75 жастар ресурстық орталығы құрылды.

Жалпы алғанда, 2014 жылы білім және ғылым жүйесінің барлық көрсеткіштері бойынш оң өзгерістер байқалды. Білім беруді дмытудың мемлкеттік бағдарламасының, стратегиялық жоспардың және 2014-2016 жж. Басым іс-шаралары жоспарының индикаторлары мен көрсеткіштері орындалды», — деп түйіндеді өз сөзін Министр.

Брифинг қорытындысы бойынша 2015 жылы Қазақстанның білім  беру жүйесі қызметінің негізгі міндеттері баяндалды.

edu.gov.kz

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля