Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар.

28 января, 2020 19:57

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………..3

 

1.Азаматтық  іс жүргізуге  қатысушы  субьектілер.

1.1. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың

субъектілері.

1.2.  Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар……………………………………………….

1.3. Іске қатысушы тұлғалар………………………………………………………………………

1.4. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар………..

1.5. Соттағы өкілдер………………………………………………………………………………….

1.6. Үшінші тұлғалар…………………………………………………………………………………

 

2-тарау.Азаматтық  іс жүргізудің  негізгі  қатысушылар  ретінде.

2.1. Тараптардың  түсінігі , құқықтары мен міндеттері………………

2.2.Тиісті емес  жауапкердің  түсінігі,оны ауыстыру. …………………………..

 

Қорытынды…………………………………………………………………………………………….

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………………………………….

 

Кіріспе

 

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынасының субъектілері дегеніміз –нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді.

АІЖК-ң субъектілерін 4 топқа бөлеміз:

  1. Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар және іске қатысушыларға: сот, сот мәжілісінің хатшысы, сот приставы, сот орындаушысы кіреді.
  2. Іске қатысушы тұлғалар: АІЖК 44-бабы. Оған: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекет ұйымдары, ерекше өндіріс бойынша арызданушылар, 56 және 57 баптар бойынша арызданушы жекелеген азаматтар.
  3. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар.
  4. Соттағы өкілдер.

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болатын  АІЖ  құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

АІЖ құқықттық  қатынастарының ерекшеліктері:

  1. АІЖ құқығының міндетті субъектісі ретінде: бір тарап сот екінші тарап іске қатысушы тұлғалар болып табылады.
  2. АІЖ құқықтық қатынастары тек құқықтық нысанда пайда болады.
  3. АІЖ құқықтық қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты және әрбір азаматтық іс үшін жеке жүйе құрайды. (іс жүргізу сатылары)

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарын субъективті құрамына қарай былай бөлуге болады.

А) Негізгі құқыққатынастары-сот және талапкер, сот және жауапкер, сот және арызданушы, ерекше өндіріс бойынша  сот және өзге тұлғаның мүддесін қорғап іске қатысушылар (55-56 ст.) арасында пайда болды.

В) Қосымша құқыққатынастары-сот және дербес талабын мәлімдейтін 3-ші тұлғалар арасында.

—  Сот және дербес талабын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалар арасында.

— Сот және басталған іске қорытынды беру үшін қатысатын прокурор арасында.

— Сот және қорытынды беру үшін қатысатын мемлекеттік органдар арасында.

В) Қызметтік –қосалқы құқыққатынастары-бір тарап ретінде сот, екінші жақтан-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар т.б.

АІЖ құқықтық  қатынастарының соңғы 2 түрі алғашқы, яғни,  негізгі құқыққатынасынан пайда болады.

Құқық теориясының жалпыға белгілі ережелеріне сәйкес азаматтық іс жүргізу  құқыққатынастар белгілі алғы шарттардың пайда болуына байланысты туындайды.

Алғы шарттардың  2-түрі бар: 1. Жалпы және арнайы.

Жалпыға құқық нормасы мен құқық субъектілік жатады. Ал арнайыға: заңды фактілер (әрекет, әрекетсіздік, оқиға) жатады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары -әділсотты жүзеге асыруға сот пен іске қатысушыларға қатысты жалпыға міндетті тәртіп ережелері.

Іс жүргізу нормаларының белгілері: -нормаларды мемлекет бекітеді; -нормалар ҚР территорияда барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады; -олар тек азаматтық сот өндірісі саласындағы қатынастарды реттейді.

Азаматтық іс жүргізу құқық субъектілік-бұл азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеттілігі. Ол екі элементтен тұрады: 1) құқық қабілеттілік 2) әрекет қабілеттілік (АІЖК 45-46 баб).

Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтардың  іс жүргізу құқық қабілеттілігі ол туылған кезде пайда болады, қайтыс болғанда тоқтатылады. Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі заңда көзделген тәртіп бойынша заңды тұлға ретінде тіркелген уақыттан бастап пайда болады, ол тараған уақытта тоқталады. Заңды тұлалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болады, бір мезгілде тоқталады.

Сотта құқықтарын өз әрекеттерімен жүзеге асыру  және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру, яғни азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарда толық көлемде болады. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, мүдделерін сотта олардың ата-аналары, заңды өкілдері қорғайды. Алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеттілігі шектеулілердің өздерін тартуға міндетті. Он төрт жасқа толмағандардың және әрекетке қабілетсіздердің құқықтары мен бостандықтарын сотта олардың ата-аналары қорғайды.

Субъективті құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын әртүрлі әрекеттер заңды факт болып табылады. (В.Шеглов)

Заңды факт-оқиға немесе жағдай –құқыққатынастарының пайда болуына, өзгеруіне,  тоқтатылуына негіз болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының субъектілері дегеніміз –нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді.

Сот дәлелдемелерді бағалағанда белгілі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс: — судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығы мен әділ, жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды. Аталған бірінші ереже сот өндірісінің әлемдік практикасында көптен қолданылады. Бұл қағида дәлелдемелердің растылығы мен жеткіліктілігінің қатыстылығы мен жол берілуін, ешқандай сыртқы әсерлерден тыс судьяның өзі дербес жүргізіледі; — судьяның ішкі сенімі  өз бетінше «тікелей» тәжірбиенің көмегенсіз, жалпы айтқанда шығармашылық сипатқа ие болуға тиісті емес. Ішкі сенім істегі дәлелдемелердің толықтығына, жан-жақтылығына әділеттілігіне негізделеді. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау сот шешімінің сипаттау бөлімінде орын алады. Дәлелдемелердің дұрыс бағалануы аппеляциялық және қадағалау сот инстанцияларында тексеріледі. Шығарылған сот шешімінде қай дәлелдемелерді сот қабылдағанын, ал қай дәлелдемелерді сот қабылдамай тастағанын көрсетуі тиіс; — сот дәлелдемелерді бағалағанда заңды, яғни материалдық және процессуалдық құқық нормаларын басшылыққа алады. Судьяның ішкі сенімі  оның заңды біліміне, көзқарасына, заңдылықтың жалпы бастауы мен мағанасын түсінуіне, әділеттіліктің белгілеріне ақыл мен адамгершілікке негізделеді. Дәлелдемелерді бағалағанда ең маңызды орынды заңға дұрыс түсіндірме беру, мағанасын терең түсіну, заң және құқық аналогиясын дұрыс қолдануды қамтиды; — дәлелдемелерді бағалағанда қолданылатын төртінші қағида былай қорытындыланады: Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күні бұрын белгіленген күші болмайды. Тіпті жазбаша дәлелдемелер ретінде табысталған нотариалды жолмен куәландырылған мәмілелер, егер олар тараптардың еркінен тыс жасалған болса, онда сот тарапынан іске қабылдамай тасталынуы мүмкін. Кез-келген табысталған дәлелдемелер сотпен тексерілуі және бағалануы тиіс.

Дәлелдемелерді алдын-ала бағалау сотпен және іске атысушыларымен сот мәжілісі залында, оларды зерттеу барысында жүргізіледі. Түпкілікті бағалау сот шешім шығару барысында заңды фактілерді бекіту негізінде дауласушы тарптардың құқықтары мен міндеттері туралы қорытындылар жасалғанда жүзеге асады. Дәлелдемені дұрыс бағалау заңсыз және негізсіз шешім шығаруға әкеліп соғады.

Сотта азаматтық істерді қарау барысында іс үшін маңызы бар мән-жайларды бекіту соттық тану жолымен жүзеге асырылады. Соттық тану объективті әлемдегі заңдылықты (факті, мән-жайлар) тану процесіндегі адамның танып білуге бағытталған іс-әрекетінің көп түрлілігі.

Азаматтық сот процесінде мән-жайларды танудың негізгі тәсілі ретінде іс үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін, тараптардың қарсылықтары мен талаптарын, басқа да жағдайларды соттағы дәлелдемелер, яғни соттың дәлелдеу жолымен бекітеді.

 

 

 

 

1.Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың субъектілері.

 

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болатын  АІЖ  құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

АІЖ құқықттық  қатынастарының ерекшеліктері:

  1. АІЖ құқығының міндетті субъектісі ретінде: бір тарап сот екінші тарап іске қатысушы тұлғалар болып табылады.
  2. АІЖ құқықтық қатынастары тек құқықтық нысанда пайда болады.
  3. АІЖ құқықтық қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты және әрбір азаматтық іс үшін жеке жүйе құрайды. (іс жүргізу сатылары)

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарын субъективті құрамына қарай былай бөлуге болады.

А) Негізгі құқыққатынастары-сот және талапкер, сот және жауапкер, сот және арызданушы, ерекше өндіріс бойынша  сот және өзге тұлғаның мүддесін қорғап іске қатысушылар (55-56 ст.) арасында пайда болды.

В) Қосымша құқыққатынастары-сот және дербес талабын мәлімдейтін 3-ші тұлғалар арасында.

—  Сот және дербес талабын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалар арасында.

— Сот және басталған іске қорытынды беру үшін қатысатын прокурор арасында.

— Сот және қорытынды беру үшін қатысатын мемлекеттік органдар арасында.

В) Қызметтік –қосалқы құқыққатынастары-бір тарап ретінде сот, екінші жақтан-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар т.б.

АІЖ құқықтық  қатынастарының соңғы 2 түрі алғашқы, яғни,  негізгі құқыққатынасынан пайда болады.

 

2.АІЖК құқықтық қатынастардың пайда болуының алғы шарттары

Құқық теориясының жалпыға белгілі ережелеріне сәйкес Азаматтық іс жүргізу  құқыққатынастар белгілі алғы шарттардың пайда болуына байланысты туындайды.

Алғы шарттардың 2-түрі бар:

  1. Жалпы.
  2. Арнайы.

Жалпыға : а) құқық нормасы

б) құқық субъектілік жатады.

Арнайыға: Заңды фактілер (әрекет, әрекетсіздік, оқиға) жатады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары -әділсотты жүзеге асыруға сот пен іске қатысушыларға қатысты жалпыға міндетті тәртіп ережелері.

Іс жүргізу нормаларының белгілері:

а) Нормаларды мемлекет бекітеді

б) Нормалар ҚР территорияда барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады

в) Олар тек азаматтық сот өндірісі саласындағы қатынастарды реттейді.

 

Азаматтық іс жүргізу құқық субъектілік –бұл азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеттілігі. Ол 2 элементтен тұрады:

а) құқық қабілеттілік

б) әрекет қабілеттілік (АІЖК 45-46 баб)

Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтардың  іс жүргізу құқық қабілеттілігі ол туылған кезде пайда болады, қайтыс болғанда тоқтатылады.Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі заңда көзделген тәртіп бойынша заңды тұлға ретінде тіркелген уақыттан бастап пайда болады, ол тараған уақытта тоқталады. Заңды тұлалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болады, бір мезгілде тоқталады.

Сотта құқықтарын өз әрекеттерімен жүзеге асыру  және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру, яғни азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарда толық көлемде болады. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, мүдделерін сотта олардың ата-аналары, заңды өкілдері қорғайды. Алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеттілігі шектеулілердің өздерін тартуға міндетті. Он төрт жасқа толмағандардың және әрекетке қабілетсіздердің құқықтары мен бостандықтарын сотта олардың ата-аналары қорғайды.

Субъективті құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын әртүрлі әрекеттер заңды факт болып табылады. (В.Шеглов)

Заңды факт-оқиға немесе жағдай –құқыққатынастарының пайда болуына, өзгеруіне,  тоқтатылуына негіз болып табылады.

 

  1. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың субъектілері және оларды жіктеу

Азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының субъектілері дегеніміз –нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді.

АІЖК-ң субъектілерін 4 топқа бөлеміз:

  1. Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар.

Оған: сот, сот мәжілісінің хатшысы, сот приставы, сот орындаушысы кіреді.

  1. Іске қатысушы тұлғалар: АІЖК 44-бабы. Оған: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекет ұйымдары, ерекше өндіріс бойынша арыздаушылар, 56 және 57 баптар бойынша арызданушы жекелеген азаматтар.
  2. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар.
  3. Со Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар және іске қатысушылар

 

1.1.  Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар

 

  1. Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар және іске қатысушылар

Оған: сот, сот мәжілісінің хатшысы, сот приставы, сот орындаушысы кіреді.

  1. Іске қатысушы тұлғалар: АІЖК 44-бабы. Оған: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекет ұйымдары, ерекше өндіріс бойынша арызданушылар, 56 және 57 баптар бойынша арызданушы жекелеген азаматтар.
  2. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар.
  3. Соттағы өкілдер.

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болатын  АІЖ  құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

АІЖ құқықттық  қатынастарының ерекшеліктері:

  1. АІЖ құқығының міндетті субъектісі ретінде: бір тарап сот екінші тарап іске қатысушы тұлғалар болып табылады.
  2. АІЖ құқықтық қатынастары тек құқықтық нысанда пайда болады.
  3. АІЖ құқықтық қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты және әрбір азаматтық іс үшін жеке жүйе құрайды. (іс жүргізу сатылары)

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарын субъективті құрамына қарай былай бөлуге болады./7/

А) Негізгі құқыққатынастары-сот және талапкер, сот және жауапкер, сот және арызданушы, ерекше өндіріс бойынша  сот және өзге тұлғаның мүддесін қорғап іске қатысушылар (55-56 ст.) арасында пайда болды.

В) Қосымша құқыққатынастары-сот және дербес талабын мәлімдейтін 3-ші тұлғалар арасында.

—  Сот және дербес талабын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалар арасында.

— Сот және басталған іске қорытынды беру үшін қатысатын прокурор арасында.

— Сот және қорытынды беру үшін қатысатын мемлекеттік органдар арасында.

В) Қызметтік –қосалқы құқыққатынастары-бір тарап ретінде сот, екінші жақтан-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар т.б.

АІЖ құқықтық  қатынастарының соңғы 2 түрі алғашқы, яғни,  негізгі құқыққатынасынан пайда болады.

Құқық теориясының жалпыға белгілі ережелеріне сәйкес азаматтық іс жүргізу  құқыққатынастар белгілі алғы шарттардың пайда болуына байланысты туындайды.

Алғы шарттардың 2-түрі бар:

  1. Жалпы.
  2. Арнайы.

Жалпыға : а) құқық нормасы

б) құқық субъектілік жатады.

Арнайыға: Заңды фактілер (әрекет, әрекетсіздік, оқиға) жатады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары -әділсотты жүзеге асыруға сот пен іске қатысушыларға қатысты жалпыға міндетті тәртіп ережелері.

Іс жүргізу нормаларының белгілері:

а) Нормаларды мемлекет бекітеді

б) Нормалар ҚР территорияда барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады

в) Олар тек азаматтық сот өндірісі саласындағы қатынастарды реттейді.

Азаматтық іс жүргізу құқық субъектілік –бұл азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеттілігі. Ол 2 элементтен тұрады:

а) құқық қабілеттілік

б) әрекет қабілеттілік (АІЖК 45-46 баб)

Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтардың  іс жүргізу құқық қабілеттілігі ол туылған кезде пайда болады, қайтыс болғанда тоқтатылады.Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі заңда көзделген тәртіп бойынша заңды тұлға ретінде тіркелген уақыттан бастап пайда болады, ол тараған уақытта тоқталады. Заңды тұлалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болады, бір мезгілде тоқталады./13/

Сотта құқықтарын өз әрекеттерімен жүзеге асыру  және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру, яғни азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарда толық көлемде болады. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, мүдделерін сотта олардың ата-аналары, заңды өкілдері қорғайды. Алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеттілігі шектеулілердің өздерін тартуға міндетті. Он төрт жасқа толмағандардың және әрекетке қабілетсіздердің құқықтары мен бостандықтарын сотта олардың ата-аналары қорғайды.

Субъективті құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын әртүрлі әрекеттер заңды факт болып табылады. (В.Шеглов)

Заңды факт-оқиға немесе жағдай –құқыққатынастарының пайда болуына, өзгеруіне,  тоқтатылуына негіз болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының субъектілері дегеніміз –нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді.

АІЖК-ң субъектілерін 4 топқа бөлеміз:

  1. Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар.

Оған: сот, сот мәжілісінің хатшысы, сот приставы, сот орындаушысы кіреді.

  1. Іске қатысушы тұлғалар: АІЖК 44-бабы. Оған: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекет ұйымдары, ерекше өндіріс бойынша арыздаушылар, 56 және 57 баптар бойынша арызданушы жекелеген азаматтар.
  2. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар.
  3. Соттағы өкілдер.

Сот дәлелдемелерді бағалағанда белгілі қағидаларды басшылыққа алуы тиіс;

  1. Судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығы мен әділ, жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды. Аталған бірінші ереже сот өндірісінің әлемдік практикасында көптен қолданылады. Бұл қағида дәлелдемелердің растылығы мен жеткіліктілігінің қатыстылығы мен жол берілуін, ешқандай сыртқы әсерлерден тыс судьяның өзі дербес жүргізіледі.
  2. Судьяның ішкі сенімі өз бетінше «тікелей» тәжірбиенің көмегенсіз, жалпы айтқанда шығармашылық сипатқа ие болуға тиісті емес. Ішкі сенім істегі дәлелдемелердің толықтығына, Жан-жақтылығына әділеттілігіне негізделеді. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау сот шешімінің сипаттау бөлімінде орын алады. Дәлелдемелердің дұрыс бағалануы аппеляциялық және қадағалау сот инстанцияларында тексеріледі. Шығарылған сот шешімінде қай дәлелдемелерді сот қабылдағанын, ал қай дәлелдемелерді сот қабылдамай тастағанын көрсетуі тиіс.
  3. Сот дәлелдемелерді бағалағанда заңды, яғни материалдық және процессуалдық құқық нормаларын басшылыққа алады. Судьяның ішкі сенімі оның заңды біліміне, көзқарасына, заңдылықтың жалпы бастауы мен мағанасын түсінуіне, әділеттіліктің белгілеріне ақыл мен адамгершілікке негізделеді. Дәлелдемелерді бағалағанда ең маңызды орынды заңға дұрыс түсіндірме беру, мағанасын терең түсіну, заң және құқық аналогиясын дұрыс қолдануды қамтиды.
  4. Дәлелдемелерді бағалағанда қолданылатын төртінші қағида былай қорытындыланады: Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күні бұрын белгіленген күші болмайды. Тіпті жазбаша дәлелдемелер ретінде табысталған нотариалды жолмен куәландырылған мәмлелер, егер олар тараптардың еркінен тыс жасалған болса, сот тарапынан іске қабылдамай тасталынуы мүмкін. Кез-келген табысталған дәлелдемелер сотпен тексерілуі және бағалануы тиіс.

Дәлелдемелерді алдын-ала бағалау сотпен және іске атысушыларымен сот мәжілісі залында, оларды зерттеу барысында жүргізіледі. Түпкілікті бағалау сот шешім шығару барысында заңды фактілерді бекіту негізінде дауласушы тарптардың құқықтары мен міндеттері туралы қорытындылар жасалғанда жүзеге асады. Дәлелдемені дұрыс бағалау заңсыз және негізсіз шешім шығаруға әкеліп соғады./21/

Сотта азаматтық істерді қарау барысында іс үшін маңызы бар мән-жайларды бекіту соттық тану жолымен жүзеге асырылады. Соттық тану объективті әлемдегі заңдылықты (факті, мән-жайлар) тану процесіндегі адамның танып білуге бағытталған іс-әрекетінің көп түрлілігі.

Азаматтық сот процесінде мән-жайларды танудың негізгі тәсілі ретінде іс үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін, тараптардың қарсылықтары мен талаптарын, басқа да жағдайларды соттағы дәлелдемелер, яғни соттың дәлелдеу жолымен бекітеді.

Соттағы дәлелдеудің негізгі табиғат пен қоғамдағы құбылысты байланыстырады. Бұл байланыс сотқа бір құбылыстың (факт, мән-жай) бар болуы, екінші бір құбылыстың шығуына негіз болатынын айқындайды.

Жалпы, соттағы дәлелдеуді — соттағы дәлелдемелердің көмегімен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін бекітуге бағытталған субъектілердің әрекеттері деп қарастыруға болады.

Соттағы дәлелдеудің мақсаты азаматтық істерде мән-жайды бекіту.

Соттағы дәлелдеу өзара байланысты және өзара шартты бір-бірінен ажырамайтын үш этаптан тұрады:

— Дәлелдемелерді жинау және табыстау.

— Сот мәжілісінде дәлелдемелерді зерттеу.

— Дәлелдемелерді бағалау.

Азаматтық іс-жүргізу әдебиеттерінде соттағы дәлелдеуге байланысты түрлі пікірлер айтылған.

Бір авторлар соттағы дәлелдеуді дәлелдемелерді бағалаудағы соттардың ойлау немесе тану әркеттері деген (А.А.Старченко) /1/ Егер осы автордың пікірімен келісетін болсақ соттағы дәлелдеудің мазмұны дәлелдемелерді жинау, ұсыну, зерттеуге байланысты іс жүргізу әрекеттерін жоққа шығарады.

Екінші бір автор соттағы дәлелдеуді сот пен іске қатысушылардың дәлелдемелерді жинау, табыстау және зерттеуге бағытталған әрекеттерінің жиынтығы деп түсіндіреді. Бұл пікір бірінші автордың пікіріне тіпті қарама-қайшы, С.В.Курылевтің ойынша логикалық және ойлау әрекеттері соттағы дәлелдеуге тән құбылыс емес, сондықтан дәлелдемелерді бағалау соттағы дәлелдеуге қатысы жоқ деген тұжырым жасайды./2/

Соттағы дәлелдеуді сот пен іске қатысушылардың не ойлау немесе іс жүргізу әрекеті деп қана қарастыра алмаймыз. Мұндай дәлелдемелерді жинауға, ұсынуға, зерттеуге және бағалауға бағытталған ойлау және іс жүргізу әрекеттерінің жиынтығы деп қарастырғанымыз жөн.

Сот пен іске қатысушылардың жоғарыда айтылған әрекеттері азаматтық іс жүргізу нормалары мен реттеледі және іс жүргізу сипатына ие болады. Дегенмен бұл әрекеттер ақылмен, оймен, логикамен тығыз байланысты. Сондықтан да логикалық — ойлау әрекетінен тыс сот пен іске қатысушылардың әрекет жасауы мүмкін емес./19/

Сонымен, соттағы дәлелдеу түсінігін азаматтық іс жүргізу құқық қатынасына түсуші субъектілердің ойлау және іс жүргізу әрекеттері деп түсіндіретін процессуалист ғалымдардың (позициясын) ұстанымын дұрыс деп есептеуге болады. Ондай ұстанымды П.П.Гуреев,/3/ И.М. Зайцев,/4/ В.В Молчанов, /5/М.К.Треушников/6/ сияқты орыстың ұлы ғалымдары ұстанады.

Ғылыми әдебиеттерде дәлелдеу әрекеттерін кім жүзеге асырады және қандай мөлшерде жүзеге асады деген, яғни соттағы дәлелдеудің субъектілері туралы түрлі ғылыми пікірлер бар.

Революцияға дейінгі ғылыми әдебиеттерде дәлелдеу әрекеттерін тек тараптар ғана жүзеге асырады делінген. Мысалы: А.Х.Гольстем /7/  «Дәлелдемелер әрқашанда тараптар арқылы ұсынылады және бұл таптардың ерекше құқығы болып табылады, сот ешқашан дәлелдеме немесе анықтама жинамайды» деген пікірін ұсынады.

Ал, А.Ф.Клейнман: дәлелдеудің өзі тараптар мен іске қатысушылардың сотқа дәлелдемені табыстауынан, оларға анализ жасаудан және дәлелдемелерден даулы фактілерге қатысты қорытындылар жасаудан тұрады дейді./8/

50 жылдармен 80 жылдардың ортасына дейінгі кезеңде сот дәлелдеу процесінің негізгі субъектісі деген пікір қалыптасқан болатын. Сол кезеңдегі заң нормаларында, яғни Қаз ССР-нің Азаматтық іс жүргізу Кодексінде (АЖІК-нің 14,18,48 т.б. баптары) 9/ заң сотқа іске қатысты мән-жайларды толық, жан-жақты, объективті түрде айқындауды міндеттейді.

Дәлелдеу әрекеттеріне  елеулі өзгерістер 80-жылдардың ортасынан бері қарай ене бастады.

Азаматтық іс жүргізу кодексі мынандай ережелерді бекітті:

— Дәлелдемелерді жинау және ұсынуды тараптар мен іске қатысушы тұлғалар жүзеге асырады.(15, 65, 66, 335-б, 3 бөлімі, 377 баптар т.б.)

— Дәлелдемелерді зерттеу сотпен, тараптармен, іске қатысушы тұлғалармен сот мәжілісінде істі қарағанда жүргізіледі. (195-206, 208, 210, 211, 354-356, 376, 398 баптар т.б.)

— Дәлелдемелерді бағалауды сот жүзеге асырады. (16,77 бап) Іске қатысушы тұлғалар дәлелдемелерде бағалауда өз пікірін білдіруге құқылы, бірақ бағалаудың іс жүргізу құқықтың салдары болмайды./10/

Олай болса, дәлелдемелерді жинауға, ұсынуға, зерттеуге байланысты әрекеттер іске қатысушы тұлғалармен жүзеге асырылады. Дәлелдеу міндеті ең бірінші тараптар мен үшінші тұлғаларға жүктеледі. Тараптар, үшінші тұлғалар, арызданушылар т.б. іске қатысушы тұлғалар дәлелдемелерді жинау, ұсыну, зерттеу әрекеттеріне белсене араласуы тиіс./5/

Сот іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында өз бастамасымен дәлелдеме жинаудан толығымен босатылған. Бірақ АІЖК-нің 15-бабының 2-тармағы бойынша заңда көзделген жағдайларда іс үшін маңызы бар материалдарды алып беруге көмектеседі.

Сонымен, тараптар немесе басқа да іске қатысушылар ұсынған немесе мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша соттың сұрату тәртібімен алынған дәлелдемелерді зерттеу және бағалауды сот жүзеге асырады.

Азаматтық іс жүргізу заңдарының мазмұнынан дәлелдеудің субъектісі-тараптар, басқа да қатысушылар және сот екені анықталып отыр.

Жоғарыда айтылған пікірлерді есепке ала отырып: соттық дәлелдеу дегеніміз — дәлелдемелерді жинау, ұсыну және зерттеуге қатысты тараптар және іске қатысушы тұлғалар; дәлелдемелерді зерттеу және бағалауға қатысты соттардың  дәлелдемелерді қолдану жолымен іс үшін маңызы бар заңдық фактілерді бекітуге бағытталған ойлау және іс жүргізу әрекеттері деген анықтама тұжырымға тоқталамыз.

 

1.2. Іске қатысушы тұлғалар

 

Іске қатысушы тұлғалар олар тараптар азаматтық процестің негізгі қатысушылары болып табылады.

Тараптар дегеніміз- шын мәнінде немесе болжанған материалдық құқыққатынасының субъектісі ол талапкер немесе жауапкер болып табылады. Тараптар істің барысында материалдық құқықтық және процессуалдық құқықтық қызығушылыққа ие болады.

Тараптардың белгілері:

1.Материалдың және процессуалдық мүдделерінің қарама-қарсы болуы.

2.Заңды күшіне енген сот шешімінің толық әсер етуі.

3.Іс бойынша сот шығындарын төлеу міндеттерінің жүктелуі.

Өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар-талапкерлер болып табылады.

Талап қоюшының талабына сәйкес сотта жауапқа тартылатын тұлға жауапкер болып табылады.

Азаматтық іс жүргізуде мемлекетте бір тарап болуы мүмкін.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері АІЖК 47,49-баптарында қарастырылған. Іске қатысушы тұлғалар  іс материалдарымен танысуға, олардан көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдемелер табыстауға, сұрақтар қоюға, өтінім жасауға, түсініктемелер беруге, сот жарыссөздеріне қатысуға, хаттамамен танысуға, оған ескертпелер келтіруге, сот актілеріне шағымдануға т.б. әрекеттер жасауға құқылы./9/

Одан басқа талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талаптың мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға, талаптан бас тартуға құқылы.

Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл туралы қолхат жазып беруі тиіс. Тараптар істі бітімгершілікпен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі.

Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға міндетті.

Азаматтық процесте бірнеше талапкер және бірнеше жауапкер бірге бір мезгілде іске қатысуы мүмкін. Мұндай қатысу іс жүргізуде тең қатысу деп аталады.

Тең қатысу АІЖК 50- бабында қарастырылған.

Тең қатысудың мақсаты:

а) Сот процесін жылдамдату  және жеңілдету.

б)Сот пен тараптардың жұмысын оңайлату (дәлелдемелерді шоғырландыру)

в) Сот шығындарын азайту.

Тең қатысу мынандай екі  жағдайда пайда болады:

а) Даудың пәні жалпы құқыққа немесе міндетке негізделсе (мыс:мұрагерлік құқық, міндеттемелік құқыққа жауапкершілік)

б) Талап бір негізден туындаса (мыс:бірнеше тұлғаның бірігіп залал келтіруі)

Тең қатысу активті,  пассивті және аралас болып үшке  бөлінеді.

а) Бірнеше талапкердің  бір жауапкерге қарсы талап қоюы активті қатысу деп аталады.

б) Бір талапкер бірнеше жауапкерге  қарсы талап қойса пассивті қатысу болып табылады.

в) Біренше талапкер  бірнеше жауапкерге қарсы талап қоятын болса бұл аралас қатысу деп аталады.

Тең қатысу –міндетті не факультетті болуы мүмкін.

Міндетті қатысуда сот тең қатысушылардың барлығын іске қатысуға мңндеттейді.

Факультативті қатысу-бірнеше қатысушының бірыңғай талабын өзара бір қатысушыға тапсыру мүмкіндігі. Істі жүргізуді тапсыру сенімхат арқылы немесе ауызша жүргізіледі. Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы  екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады.

Заңсыз немесе негізгіз жауапкер ретінде іске тартылған тұлға – тиісті емес жауапкер деп аталынады. Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.

Тиісті емес жауапкерді ауыстыру үшін талапкердің келісімі керек және ол сот ұйғарымымен рәсімделеді.

Егер тарапты ауыстыру сот талқылауы үстінде жүргізілсе, істі қарау кейінге қалдырылады.

Тарап ауыстырылғаннан кейін істі әзірлеу және қарау басынанан жүргізіледі.Егер тиісті емес жауапкерді ауыстыруға талапкер келісімін бермесе іс қойылған талап бойынша қаралады ( 51- бабтың 2 -тармағы ) және шешім шығарылады.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 54- бабының  1- тармағы бойынша даулы немесе шешіммен белгіленген құқық қатынастарынан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайларда (азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның таратылуы т.б) сот ол тарапты оның құқық  мирасқорымен ауыстырады./4/

Құқық миросқорлығы процестің кез – келген сатысында мүмкін болады. (1,2,3 инстанцияда істі  қарағанда).

Процеске құқық мирасқорының, кіруі жөнінде сот ұйғарым шығарады. Мұндай ұйғарым  шағымдануға жатпайды. Құқық мирасқоры іске қатысу үшін өзінің құқықмирасқоры екенін дәлелдейтін құжатын көрсетуі тиіс. Мысалы, мұраға иелік ету, заңды тұлғаның қайта құрылғаны т.б.

Іс жүргізу құқықмирасқорының тиісті емес тарапты ауыстырудан мынандай айырмашылығы бар:

  1. Құқық мирасқоры процестің кез – келген сатысында пайда болады, ал тиісті емес жауапкер тек 1- инстанциядағы сотта істі қарағанда пайда болады.
  2. Құқықмирасқоры істі келген жерінен жалғастырады, ал тиісті емес жауапкер ауыстырылса іс басынан басталады.
  3. Құқықмирасқорлығында барлық құқықтар мен міндеттер құқық миросқорына өтеді.

Егер құқықмирақоры іске кірісуге қарсылық білдірсе 247- баптың 3- тармағы  бойынша іс қысқартылады.

Құқықмирасқоры өзіне дейінгі қатысқан яғни, құқықмирасын берушінің жасаған әрекеттерін жалғастырады. Мысалы, құқықмирасқоры өзіне дейінгі тапсырылып зерттелген дәлелдемелерді қайта жинауға, тапсыруға құқығы жоқ, егер құқықмирасын беруші оны өз қатысумен тапсырып, зерттеген болса.

Азаматтық іс жүргізуге үшінші тұлғалардың қатысуы. Олардың түрлері.

Үшінші тұлгғалар АІЖҚ 44-бабаына сәйкес іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіреді. Сондықтан іске қатысушы тұлғаларға тән белгілер үшінші тұлғалар да тиісті болады. Атап айтқанда:

— іс барысында заңды қызығушылыққа ие болады.

— іс жүргізуде өз атынан қатысады.

— процестің қозғалуына, өзгеруіне, тоқтатылуына себебін тигізеді.

— сот шешімінің заңды күші тікелей әсер етеді.

Үшінші тұлғалар АІЖК 47-бабында қаратырылған барлық іске қатысушы тұлғаларға тиесілі құқықтар мен міндеттерді  иеленеді.

Егер азаматтық іс жүргізуде тек талаптар мен жауапкер ғана қатысатын болса бұл жай құрамды қатысушылардан тұратын процесс болып табылады.

Кейбір құқық жөніндегі дауларды шешу барысында тараптардың материалдық-құқықтық мүдделерімен қоса басқа тұлғалардың да мүдделері қорғалуы тиіс болады. Осы тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін заң оларға тараптар арасында басталған процеске қатысу құқығын береді. Тараптарға қатысты аталған тұлғалар үшінші тұлға ретінде іске қатысады./1/

Сонымен азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар дегеніміз- тараптар арасында басталған іске қатысатын немесе іске қатысуға тартылатын іске қатысушы тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізуде үшінші тұлғалардың іске қатысуының 2 түрі бар.

  1. Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар.
  2. Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар.

Үшінші тұлғалардың іске тартылуының мақсаты:

-Тарап болып табылмайтын, бірақ іс барысына материалдық-құқықтық қызығушылығы бар субъектінің мүддесін сотта уақтылы қорғау.

-Бір істе әртүрлі бірнеше талапты біріктіріп қарау мүмкіндігін пайдалану. (талапкердің талабы және үшінші тұлғаның талабы)

Дербес талабын мәлімдейтін және мәлімдемейтін тұлғаларға жалпы тән белгілері.

  1. Олар басқа тараптар арасында басталған іске қатысады. Өздігінен ешқашан іс бастамайды.
  2. Олар сотта өздерінің жеке құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
  3. Сот шешімі олардың құқықтарына немесе міндетттеріне әсер етеді

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар. Олардың іске кірісуінің негіздері, тәртібі, құқықтары мен міндеттері.

АІЖК 52-бабы бойынша даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін іске кірісе алады, Үшінші тұлғалар іске өз бастамасы бойынша қатысады. Олар істі сотқа әзірлеу кезінде немесе 1- инстанцияда істі қарап жатқанда шешім шыққанға дейін қатыса алады. Шешім шығып қойғаннан кейін қаралған іске мүдделі тұлға жалпы тәртіппен талап бере алады. Бұндай жағдайда жеке іс қозғалады.

Үшінші тұлғалар іске талап арыз жазу арқылы кіріседі және талап қою бойынша іс жүргізудің соттылық ережесінен басқа барлық тәртібі сақталады. Үшінші тұлғаның іске қатысуы жөнінде сот ұйғарым шығарады./25/

Дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар талапкердің барлық құқықтарын пайдаланады және барлық міндеттерін орындайды. Оның талапкерден айырмашылығы-процеске кірісу уақытына байланысты.

а) Үшінші тұлғалар өздігінен іс бастамайды, олар тараптар арасында басталған іске кіріседі. Ал талапкер талап арыз жазу арқылы істі бастайды.

б) Талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар қатысатын істерде бір мезгілде 2 талап қаралады, талапкердің және үшінші тұлғаның талаптары.

г) Үшінші тұлға мен талапкердің материалдың–құқықтық мүдделері бір-бірімен қарама-қарсы болады.

Сонымен дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар дегеніміз-тараптар арасында басталған іске субъективтік құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске қатысатын іске қатысушы тұлғалар.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар. Олардың іске кірісуінің негіздері , тәртібі, құқықтары мен міндеттері.

АІЖК 53- бабы бойынша даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, егер іс бойынша тараптардың беруіне қатысты шығатын сот шешімі өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талапкер немесе жауапкер жағында іске кірісе алады.

Дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар құқық жөніндегі даудың субъектісі боып табылмайды.

Үшінші тұлғалар мына белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылады.

Мәлімдейтін 3-ші тұлғалар талапкердің барлық құқықтары мен міндеттерін атқарады.Мәлімдемейтін тұлғалар құқық жөніндегі даудың субъектісі болмағандықтан мына құқықтарды иеленбейді;

  • Талаптар бас тартуға, талапты мойындауға, бітімгершілік келісіміне келуге;
  • Қарсы талап қоюға;
  • Сот шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап етуге;

Осы аталған құқықтардан басқа тараптардың барлық құқықтарын пайдаланады, міндеттерін атқарады.

Дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың белгілері:

1.Даудың пәніне жеке талаптарын қоймайды;

2.Қайсы тарап жағынан қатысса сол тараппен материалдық-құқықтық байланыста болады.

3.Тараптардың біріне қатысты сот шешімі үшінші тұлғаның құқығына әсер ету мүмкін болғандықтан 3-ші тұлға жеке мүддесін қорғайды.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалар өз бастамасымен, тараптардың өтініші бойынша немесе соттың бастамасымен іске кірісе алады. Үшінші тұлғаның іске кірісуі сот ұйғарымымен рәсімделеді./6/

Дербес талаптарын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалардың тең қатысушылардан айырмашылығы:

  1. Құқық туралы даудың субъектісі болып табылмайды.
  2. Талапкерге немесе жауапкерге қандай да болмасын талап қоймайды.
  3. Екі тараптың біреуімен ғана материалдың құқықтық байланыста болады.

Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы.

Азаматтың іс жүргізу прокурордың қатысуының негіздері және нысандары.

Азаматтық іс жүргізуде прокурордың іске қатысу негізі — сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуын, азаматтарың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарын, мемлекеттік мүдделерді қорғау болып табылады.

Мемлекет атынан жоғары қадағалау жүргізу ісін ҚР-ң Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады.(АІЖК 55 -бабының 1- тармағы.)

АІЖК-ң 44- бабына сәйкес прокурор іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіреді.

Азаматтық сот өндірісінде прокурордың іске қатысуының 2 нысаны заңмен қарастырылған.

  1. Сотқа талап арыз немесе шағым беру арқылы істі бастау.
  2. Басқа тұлғалардың бастамасымен басталған іске қорытынды жасау үшін қатысу.

Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін және қоғамдық мемлекеттік мүдделерді қорғау туралы сотқа талап қоюға, егер адам дәлелді себептермен өзі сотқа жүгіне алмаса, тек мүдделі адамның өтінішімен ғана прокурор талап қоя алады. Ал, әрекетке қабілетсіз азаматтың мүддесін қорғау үшін прокурор мүдделі адамның өтінішіне қарамастан талап қоя алады.

АІЖК 309-бабының 1-тармағы бойынша азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп жатқызу туралы іс тек прокурордың арызы бойынша қозғалады.

Талап қоюшы прокурор басқа талапкерден мынандай белгілерімен ерекшеленеді.

— Прокурор баж салығын төлемейді және барлық сот шығындарынан босатылады.

— 154- бабтың 1- тармағының 3-4 бөлімдерінде көзделген талап арызды қайтаруға негіз болатын мән-жайлар талап қоюшы прокурорға қатысты болып табылмайды. (қол қоюға өкілеттілігі жоқ адам қол қойса, талапты әрекетке қабілетсіз адам берсе)

—  Прокурор өз талап арызында қандай құқықтың бұзылғандығына  және қай заңға немесе нормативтік актіге жүгінгендігіне сілтеме жасауы, сонымен қатар мүдделі тұлғаның өзі талап қоя алмау себебін және өз атынан талап қоюға келісімін білдіретін құжатты қоса тіркеуі қажет. 55-баптың 4- тармағы бойынша мүдделі тұлға прокурор мәлімдеген талапты қолдамаса, үшінші тұлғалардың заңды мүдделері қозғалмаса онда сот талап қоюды қараусыз қалдырады.

Прокурордың басқа тұлғаның мүдделерін қорғау үшін талап қоюдан бас тартуы ол тұлғаның істің мәнісі бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. Бұл жағдайда талап қоюшы мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылмайды./10/

Прокурор өз бастамасы бойынша немесе соттың бастамасымен басталған істерге қорытынды беру үшін қатысады. Прокурордың бұндай қатысуының өзі 2-түрге бөлінеді.

а) Міндетті қатысу

б) Факультативті қатысу.

Міндетті қатысу заңмен көзделген жағдайда немесе прокурордың қатысуын сот міндетті деп тапқан жағдайда пайда  болады.

Заңмен көзделген жағдайға АІЖК 284,299, Неке және отбасы заңының 68,71,96, баптары т.б кіреді.

Прокурордың қатысуын сот міндетті деп табады, егер іс күрделі немесе қоғам үшін маңызы жоғары болса. Іске прокурордың қатысуы жөнінде істі әзірлеу сатысында судья ұйғарым шығарады және оны прокурорға жібереді.Жоғарыда  аталған жағдайлардан басқа уақытта прокурордың іске қатысауы міндетсіз болады.

Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы. Оның құқықтары мен міндеттері.

Прокурор бірінші инстанциядағы сотта 2 түрлі нысанда іске қатысу барысында іс-материалдармен танысуға қарсылық білдіруге, дәлелдеулер табыстауға т.б АІЖК-ң 47- баб көзделген құқықтар мен міндеттерге ие болады. бірақ прокурор бітімгершілік келісіміне келе алмайды және оған қарсы талап қойылмайды, себебі прокурор даулы материалдың құқыққатынасының субъектісі болып табылмайды./17/

Азаматтық іс прокурордың талабы бойынша басталса, сол іс бойынша прокурор қорытынды беруге құқысы жоқ.

Прокурордың апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттарға қатысуы.

Прокурор апеляциялық немесе қадағалау инстанциясында төменгі инстанцияларда қаралған іс бойынша шығарылатын сот актісіне наразылық келтіру арқылы істі қозғауға немесе шағымдану құқығына ие тараптардың бірінің шағымы бойынша басталған іске қорытынды

беру үшін қатысуға құқығы бар.

Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне ҚР Бас прокуроры мен оның орынбасарлары, облыстық прокурор мен оның орынбасары, аудан прокуроры мен оның орынбасары іске қатысу түрі мен нысанына қарамастан назарылық білдіре алады.

Заңды күшіне енген сот актілеріне ҚР Бас Прокуроры, оның орынбасары, Бас әскери Прокурор, облыс пркуроры және оған теңестірілген прокурорлар наразылық білдіруі құқықтығына ие.

Прокурорға қарсылық білдіру негіздері:

а) егер пркурор: осы істі мұның алдындағы қарау негізінде куә, сарапшы, маман, аудармасшы сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса.

б) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өнімдерінің біреуінің туысы боса.

в) істің нәтижесіне тікелей немесе жанама түрде мүдделі немесе оның әділдігіне негізді күмән тудыратын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыста алмайды.

Азаматтық процеске басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың қатысуы.

 

1.Азаматтық процеске басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін

мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару

органдарының,ұйымдардың және жекелеген азаматтардың қатысуының негіздері және мақсаттары.

  1. Мемлекеттік органдардың қоғамдық және мемлекеттік мүдделері қорғау үшін сотқа жүгінуі, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.

3.Мемлекеттік органдардың іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы. Олардың құқықтары мен міндеттері.

Азаматтық процеске басқа тұлғалардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың қатысуының негіздері және мақсаттары./23/

Басқа тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін іске қатысушы мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдары, жекелеген азаматтар іске қатысқанда  даулы материалдың құқыққатынасының субъектісі болып табылмайды. Сондықтан олар азаматтық процесте талапкер болып саналмайды. Іс бойынша өзінің атынан қозғалған тұлға талапкер болып табылады.

Жоғарыда аталған тұлғалар АІЖК-ң 44-бабы бойынша іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіреді және АІЖК-ң 47-бабы бойынша іс жүргізу құқықтарын иеленеді және міндеттерді атқарады.

Аталған тұлғалардың іске қатысу негізі органдардың заңмен немесе актілермен белгіленген құзіреттерін, функцияларын немесе қызметтік міндеттерін атқаруы болып табылады. Сондықтан олар іс бойынша тек процессуалдық-құқықтық қызығушылыққа ие болады. Аталған тұлғалар процеске өз атынан қатысады, бірақ бөтен адамдардың мүдделерін қорғайды. Басқа тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін іске қатысушы мемлекеттік органдардың  іске қатысу мақсаты:

  • Нақты тұлғалардың мүддесін қорғау арқылы қоғамның немесе мемлекеттің мүддесін қорғау.
  • Өз мүддесін қорғай алмайтын адамдардың құқығын қорғау. (жасына, денсаулығына байланысты)
  • Азаматтық істердің дұрыс шешілуіне көмек көрсету.

АІЖК-ң  56,57-баптарына сәйкес іске қатысудың екі нысаны бар:

  1. Өзге тұлғаның мүддесін қорғау үшін істі бастау. Ондай құқыққа мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар және жекелеген азаматтар ие.
  2. Басқа тұлғалардың бастамасымен басталған іске қорытынды беру үшін қатысу. Оған мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқығы бар.

Мемлекеттік органдардың қоғамдық және мемлекеттік мүдделері қорғау үшін сотқа жүгінуі, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.

Процеске қатысудың бірінші нысаны 56-бапта көзделген. Осы бап бойынша аталған мемлекеттік органдар мен ұйымға мыналар кіреді:

1) Қорғаншы және қамқаошы органдар;

— Некені жарамсыз деп тану (неке және отбасы заң 25- бабының 1 -тармағы)

— Ата-аналық құығынан айыру (68 -б  1- т)

— Ата-аналық құқығын шектеу  (71- б  3- т)

— Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп немесе қайтыс болды деп жариялау (АІЖК 296- б 2 -т)

— Азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі деп тану АІЖК (302- б 1,2- т)

(қамқоршы және қорғаншы органдар болып жергілікті атқарушы ұйымдар кіреді. Олар өз әрекеттерін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, денсаулық сақтау органдары арқылы жүзеге асырады.)

2) Мемлекеттік органдар:

— Жылжымайтын мүлікке меншік құқығын тану. Азаматтық код (314- б 2 тармақ )

3) Кәмелетке толмаған ісін қарайтын комиссиялар.

4) Ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер.

— Психиатриялық емдеу мекемелері –азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану жөнінде.

— Сайлауға байланысты құқықтарды қорғау.

5) Жекелеген азаматтар.

Мемлекеттік органдар, ұйымдар азаматтар өзге тұлғаның мүддесін қорғау арқылы істі қозғағанда мемлекеттік баж салығын және басқа да сот шығындарын төлеуден босатылады, бітімгершілік келісіміне келе алмайды, және оларға қарсы талап қойылмайды.

Аталған органдар мен адамдардың талап қоюдан бас тартуы мүдделеріне сай іс қозғалған адамды істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. Бұл жағдайда талапкер жалпы тәртіп бойынша мемлекеттік баж салығын төлейді./3/

Егер мүдделеріне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса сот талап арызды  қараусыз қалдырады.

Мемлекеттік органдар мен ұйымдар сот жарыссөзінде саңынан сөз кезегін алады.

Мемлекеттік органдардың  іске қатысуының прокурордың іске қатысуынан айырмашылығы мынандай:

  • Прокурор кез-келген категориялы істі бастауға құқығы бар.
  • Мемлекеттік органдар заңмен көзделген тәртіпте тек нақты істерді қозғай алады.

56-бап бойынша аталған тұлғалардың соттағы өкілдерден айырмашылығы:

-56 бапта аталған тұлғалар істі өздерінің қызметтік міндетіне байланысты бастайды.

— Процесте өз атынан қатысады.

Мемлекеттік органдардың іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы. Олардың құқықтары мен міндеттері.

Мемлекеттік органдардың іс бойынша қорытынды беру үшін процеске қатысуы, яғни азаматтық істер бойынша сотқа қатысудың  2-ші нысаны АІЖК-ң 57- бабында  қарастырылған .

Ондай органдарға:

  • Қамқоршы қорғаншы органдар
  • Тұрғын үй ұйымдары
  • Халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары кіреді.

Олар АІЖК-ң  47-бабында көрсетілген құқықтар мен міндеттерді иеленеді. Мемлекеттік органдардың қорытындысы жазбаша нысанда беріледі. Қорытындыға ұйым жетекшісі қол қояды және мөрмен куәләндырылады. Қорытынды сот процесінде барлық дәлелдемелер зерттеліп болғасын оқылады. Сот және іске қатысулар мен олардың өкілдері қорытындыға байланысты сұрақтар қоюға және қорытындыны түсіндіруін өтінуіне болады./27/

Мемлекеттік органдардың  қорытындысының прокурордың қорытындысынан  айырмашылығы

Мемлекеттік органдардың қорытындысы арнайы құзыретіне сай нақты сұрақтарға жауап береді, ал прокурор  қорытындыны бүкіл іс бойынша жасайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар және соттағы өкілдер

 

2.1. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар

 

Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлік жауап беру бұл – азаматтық істерді дұрыс шешуге қажетті мән – жайларды анықтауда заңда бекітілген тәртіпте жеке тұлға – куәнің нақты деректерді хабарлауы немесе айтып беруі. Осы үшін маңызы бар мән-жайлар туралы қандай да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды. Сонымен бірге куәлік жауап беру үшін кез-келген тұлға тартыла бермейді. АІЖК-нің 79-бабының 2-тармағы бойынша аталған тұлғалар  куә ретінде жауап алуға жатпайды./14/

— Балаларды тәрбиелеу туралы даулар бойынша істерді қоспағанда өзінің жастығына, дене немесе психикалық кемістігіне орай фактілерді дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабілетсіз адамдар;

— өкілдің немесе қорғаушының міндетін атқаруына байланысты өзгеруіне белгілі болған мән-жайлар туралы азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс бойынша қорғаушылар;

— шешім немесе үкім шығару кезінде мәселелерді істің мән-жайын кеңесу бөлмесінде талқылау кезінде туындаған мәселелер туралы – судья;

— оларға тәубаға келу кезінде сенім білдірген адамдардан белгілі болған мән-жайлар туралы – дін қызметшілері;

— заңда көрсетілген басқа адамдар жауап алуға жатпайды.

АІЖК-нің 79-бабының 3-тармағы бойынша мына тұлғалар сотта куәлік айғақ беруден бас тартуға құқылы.

— адам өз-өзіне;

— зайыбына (жұбайына) қарсы;

— шеңбері заңмен белгіленген жақын туыстарына қарсы;

Жақын туыстардың шеңбері Неке және отбасы туралы заңда бекітіледі. Осы заңның 1-бабының 13-тармағында жақын туыстарға: ата-аналары, балалары, асырап алушылар, асырап алғандар, ағалы қарындастар, ата-әжелері, немелері кіреді делінген.

АІЖК-нің 17-бабында куәлік жауап беру міндетінен босатылғандар көрсетілген. Осы бапта көзделген жағдайларда аталған адамдар жауаптар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшін қандай да болсын жауапқа тартылмайды.

АІЖК-нің 79-бабының 4-тармағына сәйкес куәні шақырутуралы өтініш жасаған адам оның тегін, атын, әкесінің атын және тұратын жерін немесе жұмыс орнын хабарлауға, бұл куәдан жауап алу қажеттілігін негіздеуге міндетті. Куәдан жауап алу заңда реттелген тәртіп негізінде жүргізілуі тиіс. Керісінше жағдайда олар дәлелдеме ретінде қолданылмайды. Ереже бойынша куәден жауап алу сот мәжілісінде өтеді. Куәлерден жауап алу тәртібі мен оны жариялау  АІЖК-нің 196-200-баптарында қарастырылған./22/

Куәдан жауап алынғанға дейін төрағалық етуші куәнің кім екенін анықтайды, оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіреді және оған жауап беруден бас тартқаныүшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертеді. Куәға – сондай-ақ өз-өзіне, жұбайына (зайыбына) және жақын туыстарына қарсы айғақ беруден, ал діни қызметшілерге өздеріне тәубаға келу кезінде сенім білдіргендерге қарсы айғақ беруден бас тартуға құқығы барын түсіндіреді. Куәдан оған оның міндеттері мен жауапкершілігі түсіндірілгендігі туралы қолхат алынады. Қолхат сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.

Он алты жасқа толмаған куәға судья оған іс бойынша мәлім нәрсенің бәрін шынайы айтып беру міндетін түсіндіреді, бірақ оған жауап беруден бас тартқаны үшін және көрінеу жалған жауап бергені үшін қылмыстық жауапкершілік жөнінде ескертілмейді.

Әрбір куәдан жауап жеке-жеке алынады. Әлі айғақ бермеген куәлер істі қарау кезінде сот отырысы залында бола алмайды. Егер сот оған ертерек кетуге рұқсат бермесе, жауап алынған куә істі қарау аяқталғанға дейін сот отырысы залында қалады./29/

Он алты жасқа толмаған куә сот бұл куәні сот отырысы залында болуы қажет деп таныған жағдайларды қоспағанда, куә одан жауап алу аяқталған соң сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етуші куәнің іске қатысушы адамдарға қатысын анықтайды және іс бойынша оған өзіне мәлім нәрсенің бәрін сотқа хабарлауды ұсынады. Куә іс бойынша заңды қызығушылыққа ие емес тұлға болып табылады. Дегенмен куәнің және іске қатысушылардың арасындағы қатынасты судья оның куәлік жауап беруі кезінде бағалайды.

Куә істің мән-жайы бойынша көріп-білгенін еркін әңгіме нысанында жеткізеді. Бұдан кейін куәға сұрақтар қойылуы мүмкін. Бірінші болып арызы бойынша куә мен оның өкілі шақырылған адам, содан соң іске қатысушы басқа адамдар мен өкілдер сұрақ қояды. Судья куәдан жауап алудың кез-келген сәтінде оған сұрақ қоюға құқылы.

Қажет болған жағдайда сот осы немесе келесі отырыста куәдан екінші реет жауап ала алады, сондай-ақ олардың айғақтарындағы қайшылықтарды айқындау үшін куәлар арасында беттестіру жүргізеді.

Куәлар жауап беру кезінде жазбаша материалдарды пайдалануы мүмкін, егер жауап әлдеқандай сандармен немесе есте сақтау қиын басқа деректермен байланысты болған жағдайларда. Бұл материалдар сотқа және іске қатысушы адамдарға көрсетіледі және соттың ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін. Куәға оның айғақтарына қатысты оның қолында бар құжаттарды оқуына рұқсат етіледі. Бұл құжаттар сотқа көрсетіледі және оның ұйғарымы бойынша іске қоса тіркелуі мүмкін./16/

Заң арнайы кәмелетке толмаған куәлерден жауап алудың тәртібін қарастырған. Он төрт жасқа толмаған куәден жауап алу, ал соттың қалауы бойынша он төрт жас пен он алты жас аралығындағы куәден жауап алу да сотқа шақырылатын педагогтың қатысуымен жасалады. Қажет болған жағдайда кәмелетке толмаған куәнің заңды өкілдері де шақырылады.    Аталған адамдар төрағалық етушінің рұқсатымен куәға сұрақ қоя алады, сондай-ақ куәнің жеке басына және оның Берген айғақтарының мазмұнына қатысты өз пікірін айта алады. Істің мән-жайын анықтау үшін қажет болатын ерекше жағдайларда, кәмелетке толмаған куәден жауап алынған уақытта сот ұйғарымы бойынша сот отырысы залынан іске қатысушы қандай да бір адам шақырылуы мүмкін. Бұл адам сот отырысы залына қайта келгенде оған кәмелетке толмаған куәнің айғақтарының мазмұны хабарланып, куәға сұрақтар қою мүмкіндігі берілуге тиіс./24/

Куәлерден сотта істі талқылағанға дейін АІЖК-нің 73-бабы бойынша сот тапсырмаларын орындау кезінде, 74-бап бойынша дәлелдемелерді қамтамасыз ету кезінде, 190-бап бойынша істі қарауды кейінге қалдырған кезде жауап алынуы мүмкін.

Аталған жағдайлардың барлығында куәлердің жауабы сот хаттамасына тіркеледі және сот мәжілісінде жарияланады. Жарияланған соң іске қатысушылар куәнің жауаптарына қатысты пікірлерін айтуға және түсіндірмелер беруге құқылы.

АІЖК-нің 80-бабында куәлердің міндеттері мен  құқықтары берілген.

Куә ретінде шақырылған адам сотқа тағайындалған уақытта келуге және шынайы айғақ беруге міндетті. Көрінеу жалған айғақ бергені және заңда көзделмеген негіздер бойынша айғақ беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін куә Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 352,353- баптарында көзделген жауаптылықта болады. /25/

Науқастығының, қарттығының, мүгедектігінің  немесе басқа да дәлелді себептерінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот куәден өзі барған жерінде жауап алуы мүмкін.

Куәнің сотқа шақырылуына байланысты шығындарды өтеттіруге және уақытын жоғалтуына байланысты ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.             Шығындар мен өтемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасының заңдарымен  белгіленеді./12/

Аталғандардан бөлек куәлердің мынандай қиындықтары бар:

— куәлік жауапты өз аана тілінде беруге немесе аудармашылардың көмегін алуға АІЖК-нің 14-бабының 3,4-тармағы;

— куәлер соттан істі қарауды кейінге қалдырған кезде өздерінен жауап алуды сұрануға АІЖК 190-бабы;

— сотта іс талқыланып біткенше сот залынан шыға тұру жөнінде өтінуге АІЖК-нің 197-бабының 5-тармағы;

— куәлік жауап беру кезінде жазбаша материалдарды пайдалануына АІЖК-нің 198-бабы;

Куәнің жауаптарын бағалау тұлғалардың түрлі жауап беру мүмкіндіктеріне, істің мән-жайын қабылдау және жеткізу шарттарына, байланысты жүргізіледі.

Істің мән-жайын бақылау, қабылдау, есте сақтау куәлік жауап берушінің мамандығына, мінезінің арнайы ерекшеліктеріне, жалпы мәдени және даму деңгейіне, жасына, көңіл-күйіне, жағдайына байланысты болады.

Сарапшының қорытындысы.

1999 жылы қабылданған ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі сарапшының қорытындысына байланысты сұрақтарды толық реттейді.

Сарапшының қорытындысының ұғымы дәлелдемеменің бір түрі ретінде АІЖК-нің 96-бабының 1-тармағында берілген. Сарапшының қорытындысы – бұл сарапшының алдына сот немесе тараптар қойған мәселелер бойынша іс материалдарын зерттеуге, оның ішінде арнайы ғылыми білімдерді пайдалана отырып жүргізілген заттай дәлелдемелер мен үлгілерге негізделген жазбаша нысанда ұсынылған қорытындылар қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін оның нәтижелерін ескере отырып сарапшы өз атынан қорытынды жасап, оны өз қолын қоюы және жеке мөрі арқылы растап, сараптама тағайындалған сотқа жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының қолы атылған органның мөрімен куәландырылады.

АІЖК-нің 96-бабының 3-тармағына сәйкес сарапшының қорытындысының мазмұны  төмендегідей болуы тиіс:

— қашан, қай жерде, кім (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі) ;

— қандай негізде сараптама жүргізілгені, көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы туралы өзіне ескертілгені туралы сарапшының қол қоюы арқылы куәландырылған белгі;

— сарапшының алдына қойылған сұрақтар ;

— сараптама жүргізу кезінде кімнің қатысқаны және қандай түсініктемелер берілгені;

— сарапшы істің қандай материалдарын пайдаланғаны;

— қандай объектілердің зерттелгені;

— қандай зерттеулер жүргізілгені, қандай әдістер қолданылғаны және олардың қандай дәрежеде сенімді екені;

Қойылған сұрақтарға негізді жауаптар көсетілуге тиіс. Егер сараптама жүргізу кезінде сарапшы іс үшін маңызы бар, олар туралы сұрақ қойылмаған мән-жайларды анықтаса, ол бұларды өз қорытындысында көрсетуге құқылы.

Егер сарапшының зерттеу жүргізілгенге дейін оның алдына қойылған мәселелердің арнайы білімдерінің шегінен тыс екеніне не оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екеніне және олардың толықтырылуы мүмкін емес екеніне, не ғылым мен сараптама практикасының жай-күйі қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермейтініне көзі жетсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарлама жазып, оны сотқа жібереді./25/

Сарапшының қорытындысына зерттеуден кейін қалған объектілер, оның ішінде үлгілер, сондай-ақ фотокестелер, тәсілдер, графиктер, кестелер және сарапшының қорытындысын растайтын басқа да материалдар қоса тіркелуге тиіс. Қорытындының қосымшасына сарапшы қол қояды.

Сарапшы қорытындысы сот отырысында жария етіледі.

Қорытындыны түсіндіру және оны толықтыру мақсатында сарапшыға сұрақтар қойылуы мүмкін. Арызы бойынша сараптама тағайындалған адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң – іске қатысушы басқа да адамдар мен өкілдер сұрақтар қояды. Сот тағайындаған сараптама жүргізу тапсырылған сарапшыға бірінші болып талап қоюшы мен оның өкілі сұрақ қояды. Сот срапшыға одан жауап алудың кез-келген сәтінде сұрақтар қоюға құқылы. Сарапшының ауызша түсініктемесі ол бұрын берген қорытындының бөлігін ғана түсіндірудің дәлелдемелері болып табылады. АІЖК-нің 96-бабының 6-тармағы.

Ғылыми әдебиеттерде сарапшының қорытындысын басқа дәлелдемелерімен салыстырғанда  «ерекше» дәлелдеме ретінде қарастыруға болмайды деп көрсетілген. (М.К. Треушников). Сарапшының қорытындысы дәлелдемелерді бағалаудың жалпы тәртібі бойынша бағаланады. АІЖК-нің 16,70,77-баптары.

Сарапшының қорытындысы сот үшін міндетті болып табылмайды, бірақ оның қорытындысымен  келіспеуі дәлелді болуға тиіс. Сот сарапшының қорытындысын бағалай келе сараптама тағайындауда іс жүргізу нормаларының сақталуына анализ жасайды және тараптармен мүдделі тұлғалардың құқықтары, сарапшының зерттеу әдістерін қолданудағы ғылымилығы сақталынды ма соған көңіл аударады. (М.К.Треушников).

Сарапшы ретінде іске мүдделі емес тұлға тағайындалады. Мынандай тұлғалар сарапшы ретінде тағайындалмайды:

— осы істі мұнын алдындағы қарау кезінде судья, куә, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;

— іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;

— Істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса;

— Іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;

— Ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не осы азаматтың істі қарағанда пайдаланылса, істі қарауға қатыса алмайды.

Сарапшының құқықтары мен міндеттері АІЖК-нің 92бабында көрсетілген:

Сарапшы – істің сараптама нысанасына қатысты материалдарымен танысуға;

— қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтініш жасауға;

— соттың рұқсатымен сот отырысына қатысуға және оған қатысушыларға сараптама нысанасына қатысты сұрақтар қоюға;

— тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеті мен жауаптарының толық әрі дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаға енгізілуіне тиісті ескертулер жасауға;

— өзінің бастамасы бойынша сараптама жүргізу кезінде белгілі болған, іс үшін маңызы бар мән-жайларды қорытындыда көрсетуге;

— өзінің анна тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақ беруге, аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

— сараптама жүргізу кезінде өз құқығына нұқсан келтіретін сот әрекетіне шағым жасауға;

— Өзінің арнаулы білімінің шегінен тысқары мәселелер бойынша, сондай-ақ егер өзіне берілген материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болған жағдайларда қорытынды беруден бас тартуға;

— сараптама жүргізу кезінде келтірген шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің қызметін міндеттерінің шеңберіне кірмесе, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құқығы бар.

Сарапшының мынандай әрекеттерді  жасауға құқығы жоқ:

— Соттан басқа іске қатысушы адамдармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;

— Сараптаманың зерттеу үшін өз бетінше материалдар жинауға;

— Егер сараптама тағайындаған соттың оған арнаулы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға, олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге;

Сарапшының міндеттері:

— сарапшы соттың шақыруы бойынша келуге;

— өзінің алдында қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті қорытынды беруге;

— жургізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақ беруге;

Көрінеу жалған қорытынды бергені үшін сарапшы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 352-бабында көзделген қылмыстық жауаптылықта болады.

Сараптама тағайындаудың тәртібі  АІЖК-нің 81-бабында қарастырылған. Сараптама сарапшы арнайы ғылыми білімдер негізінде жүргізітен іс материалдарын зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар анықталуы мүмкін жағдайда тағайындалады./29/

Азаматтық сот өндірісіне қатысушы басқа тұлғаларда осындай білімінің бар болуы сараптама тағайындаудан босатпайды. Істе ревизия, тексеру актілерінің, ведомствалық инспекциялар қорытындыларының, сондай-ақ мамандарының жазбаша консультацияларының болуы сарапшының қорытындысын ауыстырмайды және сол мәселелер бойынша сот сараптамасын тағайындау мүмкіндігін жоққа шығармайды./18/

Сот сараптаманы тараптың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша тағайындайды.

А.Х. Гольстем өз еңбегінде соттың өз бастамасымен сараптама тағайындауы, жарыспалылық қағидасына кері әсерін тигізбейді. Соттың мұндай ресми әрекеті істің мән-жайын толық ашу мақсатында арнайы ғылыми-білімді қолдану арқылы сарапшының сотқа жәрдем көрсетуі деп жазады. Іске қатысушы тұлғалар соттан сараптама ісін жүргізуді арнайы қажетті ғылыми білімі бар нақты адамға таныстыру туралы сұрай алады.   Сараптама жүргізу сот сраптамасы органдарының қызметкерлеріне тапсырылады. Соттың сараптама жүргізу тапсырылған адамды шақырту талабы аталған адам жұмыс істейтін ұйымның басшысы үшін міндетті.

Іске қатысушы әрбір адам сарапшының алдына қойылуы тиіс мәселелерді сотқа қоюға құқылы. Сарапшы қорытынды беруге тиіс мәселелердің  түпкілікті шеңберін сот айқындайды.Ұсынылған мәселелерді қабылдамауды сот дәлелдеуге міндетті. Соттың сараптама тағайындау туралы ұйғарымына шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін./21/

АІЖК-нің 91-бабының 10-тармағына сәйкес сараптама тағайындау туралы сот ұйғарымының мазмұны мынандай:

— Соттың атауы, сараптаманы тағайындау уақыты, орны;

— Қаралып жатқан іс бойынша тараптардың атауы;

— Сараптаманың түрі;

— Сараптама тағайындау негіздері;

— Сарапшының алдына қойған мәселелер;

— Сот сараптамасы органының атауы немесе сараптама жүргізу тапсырылған адамның тегі, аты, әкесінің аты;

— Сараптама жүргізуге жіберілген объектілерді және істің өзге де материалдары;

Ұйғарымда, көрінеу жалған қорытынды бергені үшін сарапшы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 352-бабында көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертілетініде көрсетіледі.

Сараптама зерттеу сипатына не сот отырысында зерттеу үшін объектілерді жеткізудің мүмкіндігі жоқтығына немесе қиындығына байланысты сотта немесе соттан тыс жүргізіледі. Сараптамалық зерттеу объектілерінің дұрыстығына және жол берілгендігіне сот кепілдік береді.

Сараптамалық зерттеудің объектілері, егер олардың көлемі және қасиеттері мүмкіндік берсе, сарапшыға буылып-түйілген және мөрлеп бекітілген түрде беріледі. Қалған жағдайларда сараптаманы тағайындаған сот сарапшыны зерттеу объектілері тұрған орынға жеткізуді, оларға кедергісіз бара алуын және зерттеу жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Іске қатысушы адамдар сараптама жүргізу кезінде, соттан тыс сараптама жүргізу кезінде сарапшылардың қалыпты жұмысына кедергі келтіретін жағдайларды қоспағанда, қатысуға құқылы. Іске қатысушы адамдарды сараптама жүргізуге қатыстыру туралы өтініштерді сот қанағаттандырған жағдайда аталған адамдарға сараптама жүргізілетін орын мен уақыт хабарланады. Хабарландырылған адамдардың келмеуі сараптама жүргізуге кедергі келтірмейді./14/

Соттан тыс сараптама жүргізу кезінде іске қатысушы адамдар болған жағдайда, сот приставының міндетті түрде қатысуын сот белгілейді.

Сараптаманы жүргізу сот сараптамасы органына тапсырылған кезде сот сараптама тағайындау туралы ұйғарымды және қажетті материалдарды оның басшысына жібереді. Сараптаманы сот сараптамасы органының ұйғарымда көрсетілген қызметкері жүргізеді. Егер сараптама тағайындау ұйғарымында нақты сарапшы көрсетілмесе, сарапшыны таңдауды сот сараптамасы органының басшысы жүзеге асыралы, бұл туралы сараптама тағайындаған сотқа хабарлайды./21/

Сот сараптамасы органының басшысы сараптама жүргізуді ұйымдастырады, оны жүргізу мерзімдерін белгілейді, сараптамалық зерттеудің сапалы жүргізілуіне және сараптама объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады. Сот сараптамасы органының басшысы сарапшыға зерттеу нәтижесін және қорытындының мазмұнын алдын-ала шешетін нұсқаулар беруге құқылы емес.

Азаматтық іс жүргізу кодексі сот сараптамасының бірнеше қарастырады:

— жеке сараптама;

— комиссиялық сарапта

— кешенді сараптама;

— қосымша сараптама;

— қайталама сараптама;

Сараптаманың алғашқы үш түрі сарапшылардың саны мен олардың мамандығына байланысты бөлінеді. Соңғы екі түрі сарапшының қорытындысына соттың қалай бағалануына байланысты.

Сараптама жеке дара бір сарапшының жургізуі жеке сараптама болып танылады. АІЖК-нің 94-бабының 1-тармағы.

Күрделі сараптамалық зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда бір мамандықтағы бірнеше сарапшының сараптама жүргізуі — комиссиялық сараптама деп аталады. АІЖК-нің 94-бабының 2-тармағы.

Сараптамалық комиссияның мүшелері алынған нәтижелерді бірлесіп талдайды және ортақ пікірге келе отырып, қорытындыға қол қояды не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаға қол қояды.    Сарапшылар арасында келіспеушілік болған жағдайда олардың әрқайсысы немесе сарапшылардың бір бөлігі жеке қорытынды береді не пікірі комиссияның басқа  мүшелерінің қорытындысымен сәйкес келмейтін сарапшы пікірін қорытындыда жеке тұжырымдайды. (АІЖК 94-бабы 3-бөлігі)

Соттың комиссиялық сараптама жүргізу туралы ұйғарымы сот сараптамасы органының басшысы үшін міндетті болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы табыс етілген материалдар бойынша комиссиялық сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы./24/

Іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әр-түрлі білім саласының негізінде зерттеулер жүргізу қажет болған жағдайларда – кешенді сараптама тағайындалады және оны мамандығы әртүрлі сарапшылар өзінің құзіреті шеңберінде жүргізеді. (АІЖК 95-бабының 1-тармағы)

Кешенді сараптаманың қорытындысында әрбір сарапшының қандай зерттеуді, оны қандай көлемде жүргізгені және оның қандай қорытындыға келгені көрсетілуге тиіс. Әрбір сарапшының қорытындының осы зерттеулер мазмұндалмаған бөлігіне қол қояды. Әрбір сарапшы жүргізген зерттеулер нәтижелерінің негізінде олар анықтау үшін сараптама тағайындалған мән-жайлар туралы ортақ қорытынды тұжырымдайды. Ортақ қортындыны алынған нәтижелерді бағалауға құзыреті бар сарапшылар ғана тұжырымдайды және оған қол қояды. Егер комиссияның түпкілікті қорытындысына немесе оның бір бөлігінде сарапшылардың бірі (жекелеген сарапшылар) анықталған фактілер негіз болса, онда бұл туралы қорытындыда көрсетілуге тиіс.

Сарапшылар арасында келіспеушіліктер болған жағдайда зерттеулердің нәтижелері АІЖК-нің 94-бабының 3-бөлігін сәйкес рәсімделеді.

Сот сараптамасы органына тапсырылған кешенді сараптама жүргізуді ұйымдастыру оның басшысына жүктеледі. Сот сараптамасы органының басшысы сондай-ақ табыс етілген материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы өз бетінше шешім қабылдауға және оны жүргізуді ұйымдастыруға құқылы./13/

Қосымша сараптама қорытынды жеткілікті түрде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ бұрын зерттелген мән-жайларға қатысты жаңа мәселелер туындаған кезде тағайындалады. Қосымша сараптама жүргізу сол сарапшының өзіне немесе басқа сарапшыға тапсырылуы мүмкін.

Қайталама сараптама – сарапшының алдыңғы қорытындысы жеткілікті түрде негізделмеген не оның дұрыстығы күмән тудырған, не сараптама жүргізудің іс жүргізу нормалары елеулі бұзылған кезде дәл сол объектілерді зерттеу және дәл сол мәселелерді шешу үшін тағайындалады. Қайталама сараптама тағайындау туралы ұйғарымда алдыңғы сараптаманың нәтижелерне келіспеудің дәлелдері келтірілуге тиіс. Қайталама сараптама жүргізу сарапшылар комиссиясына тапсырылады. Алдыңғы сараптаманы жүргізген сарапшылар қайталама сараптама жүргізілген кезде қатысып, комиссияға түсініктемелер бере алады, алайда олар сараптамалық зерттеуге және қорытынды жасауға қатыспайды. Қосымша және қайталама сараптама жүргізу тапсырылған кезде сарапшыға (сарапшыларға) алдыңғы сараптамалардың қорытындылары табыс етілуге тиіс./7/

Маманды іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыруға тарту. Мамандар, сарапшылар сияқты азаматтық іс жүргізуде сот әділдігін көмектесушітұлғалардың қатарына кіреді. Сондықтан аталған тұлғалар азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасына түсушілер субъектілердің заңды қызығушылығы жоқ (мүдделі емес) тұлғалар қатарына енеді. Азаматтық іс жүргізу кодексі мамандар мен сарапшыларға қарсылық білдірудің бірдей негіздерін ұсынады.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 64-бабында мамандардың түсіндірмесін дәлелдемелер ретінде қарастырмаған. Дегенмен, азаматтық іс жүргізу заңнамалары маманның іске қатысуын іс жүргізу әрекеттеріне кіргізеді. АІЖК-нің 90-бабының 2-бөлігінде ғылыми-техникалық құралдарды пайдалану кезінде жәрдем көрсету үшін сот маман шақыруды мүмкін деп айтылған. Ал АІЖК 99-бабының 1-бөлігінде іс жүргізу әрекеттеріне қатыстыру үшін консультациялар алу және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету мақсатында сот мамандар тартуға құқылы. Маман тараптар ұсынған адамдардың арасынан тартылуы мүмкін екені айтылған.

Маманды іске қатыстыру қажеттілігі тәртіп бойынша істі сотта қарауға әзірлеу кезінде сотпен шешіледі. (АІЖК 170-бабы 7-тармақшасы )  Одан да басқа аталған кодекстің 207-бабы азаматтық істерді сотта қарағанда маманның түсіндірмесін таңдау тәртібін бекітеді. Жазбаша түрде берілген маманның консультациясы (түсіндірмесі) сот отырысында жария етіледі. Маманның ауызша консультациясы мен түсіндірмесі сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

Консультацияны түсіндіру және толықтыру мақсатында маманға сұрақтар қойылуы мүмкін. Арызы бойынша маманды тартқан адам және оның өкілі бірінші болып, ал содан соң іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер сұрақтар қояды. Сот шақырған маманға бірінші болып талап қоюшы және оның өкілі сұрақ қояды. Сот маманға кез-келген сәтте сұрақ қоюға құқылы./9/

Атқару өндірісі туралы заңда маманды іске тарту туралы сұрақты реттейді. Атқарушылық іс жүргізу әрекеттерін жасауда кейбір сұрақтарды шешу үшін маманның түсіндірмесі қажет болған жағдайда сот орындаушысы өз бастамасымен немесе атқару өндірісіне қатысушылардың өтініші бойынша маман тағайындауы мүмкін. Қажет болған жағдайда бірнеше маманды іске Тарту мүмкін. Сот орындаушысы бұл жөнінде қаулы шығарады. Маман ретінде іске мүдделі емес, арнайы білімі бар тұлға қорытынды беру үшін тартылады. Мамандар атқарушылық іс жүргізуге қатысып әрекеттер жасағаны үшін сыйақа алуға құқығы бар. Бұл сыйақы және маманды іске тартуға байланысты кеткен басқа да шығындар атқарушылық әрекеттерге кеткен шығындарға жатады (31-бап).

Дәл осындай мамандарды іске тартуға байланысты сұрақтарды Ресей Федерациясының азаматтық іс жүргізу заңдары қамтиды./30/

Заң, маманды соттағы дәлелдемелердің қайнар көзі ретінде қарстырмайды. Сондықтан азаматтық сот өндірісіне маманның қатысуы тек соттық талқылау және сот актілерін орындау барысында ғана жүргізіледі. Ол өз пікірін білдіретін консультант ретінде, дәлелдемелерді зерттеуде техникалық көмек көрсетуші ретінде мүліктің бағасын шығарушы т.б. жекелеген процессуалдық әрекеттер жасаушы ретінде іске тартылады. (М.К.Треушников)

Маманды тағайындау сот ұйғарымымен ресімделеді. АІЖК-нің 99-бабының 3,4,-бөлімдерінде маман ретінде іс тартылған тұлғалардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген. Маманның мынандай құқықтары бар:

— Өзінің шақырылуы мақсатын білуге;

— Егер арнаулы білімі мен дағдысы болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға;

— Соттың рұқсатымен іс жүргізу әрекетіне қатысушыларға сұрақтар беруге;

— Іс жүргізу әрекетіне қатысушылардың назарын заттарды немесе құжаттарды табу, бекіту, алу кезінде, ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, сраптама тағайындау үшін материалдарды дайындау кезінде өзінің іс-әрекетіне байланысты мән-жайларға аударуға;

— Өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиісті бөлігімен танысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелері көрсетілуінің толымдығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізілуде тиісті мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға ;

— Соттың іс әрекетіне шағым жасауға;

— Өзінің іс жүргізу әрекетеріне қатысуға байланысты өзіне келтірілген шығындарға өтем және іс бойынша іс жүргізуге қатысу оның қызметтік міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға құқығы бар;

Мамандар мынандай міндеттерді атқаруға тиіс :

— Соттың шақыруы бойынша келуге:

— Арнаулы білімді, дәлелдемелер мен ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот ісін қарауға қатысуға;

— Консультациялар беруге;

— Өзі орындаған әрекеттер бойынша түсініктемелер беруге міндетті;

Сот өндірісінде азаматтық істерді қарау және шешу кезінде іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс анықтау – сот шешімінің заңды және негізді болуының ең басты шарттарының бірі. Олай болса дәлелдемелерді тараптардың заңды жолмен алуы, оны судьялардың іске қатыстылығы мен жол берілуіне, дәлелдемелерге жол беру мен, олардың жеткілікті болуына процессуалдық және заңды тұрғыдан көңіл аудару соттарға және іске қатысушыларға жүктелген міндет деп қарастыратын болсақ, бүгінгі күні елімізде сот практиктерінің заң нормасын елеулі бұза пайдаланып та кететін кездері аз емес./30/

Жұмыста дәлелдеу институтының тарихына тоқталып, оған тарихи, арнайы құқықтық, логикалық зерттеулер жүргізілді. Дегенмен бұл тақырып төңірегінде қарастыратын мәселелер жеткілікті. Сондықтан да бұл институт келешекте көптеген теориялық зерттеулерді қажет етеді деген тұжырым жасаймыз.

 

2.2. Соттағы өкілдер

 

Сотта өкілдік етудің және соттағы өкілдің түсінігі, мақсаты.

  • АІЖҚ-ң 58-бабы бойынша азаматтық істерді сотта әрбір азамат өзі немесе өкілі арқылы жүргізуі мүмкін.

Істі азаматтың тікелей өзі жүргізуі оны осы іс бойынша өкіл алуқұқығынан айырмайды. Ұйымдардың істерін өз құзіреті шегінде заңмен, нормативті құқықтық актімен немесе құрылтай құжатымен бекітілген органдары немесе өкілдері жүргізеді.

Азаматтық істі өкіл арқылы жүргізу немесе сотта өкілдік ету 3 түрлі себеппен айқындалады:

  • Мүдделі тұлғаның істі өзі жүргізуі қолайсыз болса.
  • Мүдделі тұлғаға біліктілік заң көмегі қажет болса (адвокаттың көмегі)
  • Істі өзі жүргізу мүмкіндігі жоқ болса (әрекет қабілеттілігі жоқ болса, кәмелет жасқа толмаса т.б.)

Сотта өкілдік ету-азаматтық істерді қарау және шешу кезінде туындайтын сот пен өкілдің және өкіл мен өкіл тағайындаушының арасындағы қатынастарды реттейтін азаматтық іс жүргізу құқығының жеке институты.

  • сот пен өкіл арасында
  • өкіл мен өкіл тағайындаушы мыс: (талапкер мен адвокат арасында)

Аталған қатынастар азаматтық іс жүргізу құқығының тиісті нормаларының негізінде туындайды. АІЖК-58,62,63-баптары.

Сотта өкілдік етудің мақсаты:

— Өкілдік беруші тұлғаның мүддесін сотта қорғау.

— Өкілдік берушінің іс жүргізу құқығының жүзеге асуына және міндеттерінің орындалуына көмектесу.

— Соттың азаматтық істі дұрыс шешуіне ықпал ету.

Соттағы өкіл-азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының жеке дербес субъектісі болып табылады. Дегенмен, соттағы өкілдер АІЖК-44-бабы бойынша іске қатысушы тұлғалардың құрамына кірмейді. Себебі ол іске қатысушы тұлғаға тән белгілерді иеленбейді. Атап айтқанда:

  • Өкілдің іс барысында заңды қызығушылығы болмайды.
  • Өкіл өз атынан емес мүдделі тұлғаның атынан қатысады.

Сонымен соттағы өкілдер дегеніміз –заңмен, жарғымен, ережелермен немесе құрылтай құжаттарымен белгіленген өкілеттілік шегінде сенім білдірушінің атынан істі жүргізуші жеке тұлға.

Сотағы өкілдердің белгілері.

—  Өкілдің іс жүргізу құқықтары мен міндеттерінің көлемі сенім білдірушінің немесе өкіл тағайындаушының еркіне байланысты. Бұған заңды өкілдер мен жарғы бойынша өкілдердің өкілеттігі кірмейді.

—  Сотта олар өз құқықтарын емес сенім білдірген тұлғаның  құқықтырын қорғайды.

— Іс жүргізуі нәтижесінде өкіл тағайындаушының процесуалдық құқықтары мен міндеттері туындайды немесе қысқарады.

Соттағы өкілге заңды күшіне енген сот шешімінің материалдық –құқығының салдары болмайды және олар құқық жөніндегі даудың субъектісі болмағандықтан сот шығындарын өтемейді./17/

Сенімхатқа, заңдарға, сот шешімдеріне, немесе әкімшілік актісіне негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі  бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 59 және 63 баптарына сәйкес мына тұлғалар сотта  өкіл бола алады.

— адвокаттар

— заңды тұлғаның қызметкерлері осы ұйымның істері бойынша

— кәсіптік одақтың уәкілетті адамдары.

— заңмен жарығымен немесе ережемен осы ұйым мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымның уәкілетті адамдары.

— тең қатысушының тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі.

— іске қатысушының рұқсатымен басқа да адамдар.

— әрекет қабілеттілігі жоқ және шектеулі азаматтың ата-аналары, асырап алушылары қамқоршылары, қорғаушылары.

-хабар- ошарсыз   кеткендердің   мүлкіне қатысты істер бойынша мүлкіне қамқорлықты жүзеге асыратын адам.

— қайтыс болған адамдардың мүлкіне қатысты іс бойынша сақтаушы немесе қамқоршы.

Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар.

АІЖК-ң 60-бабы бойынша сотта өкіл бола алмайтын тұлғаларға  мыналар кіреді.

1.Судьялар,тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органның депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымның уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдер ретінде қатысу  жағдайынан басқа жағдайда сотта өкіл бола алмайды.

  1. Адвокатура туралы заңдармен белгіленген ережелерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма алған адвокаттар сотта өкіл бола алмайды.
  2. Адам егер мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамадарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса.
  3. Бұрын осы іс бойынша судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, куә ретінде қатысса.
  4. Істі қарауға қатысушы лауазымды адаммен туыстық қатынастарда болса өкіл бола алмайды.

Өкілдің түрлері мен негіздері. (тапсырма бойынша және заңды өкілдік). Тапсырма бойынша өкілдіктің әр түрлері.

Сот пен өкілдердің арасында құқықтық қатынастар белгілі заңды фактілерге байланысты туындайды. Ол фактілерге:

  • Сотқа өкілеттігін куәландыратын құжаттарды табыстау немесе өкіл берушінің өкіл тағайындау жөніндегі ауызша өтінішін хаттамаға тіркеу. АІЖК 59-бабы 6, 7 тармағы.
  • Өкілді іске қатыстыру жөніндегі соттың ұйғарымы жатады.

Азаматтық іс жүргізу заңдары бойынша сотта өкілдік етудің 2 түрі бар.

а) Тапсырма бойынша өкілдік ету.

б) Заңды өкілдер.

Тапсырма бойынша өкілдік етудің өзі бірнеше түрлерге бөлінеді.

— Шарттық өкілдер-тапсырма шарты бойынша немесе еңбек шарты бойынша пайда болады. Оған адвокаттың қызметі немесе азаматтардың өтініші бойынша кез-келген тұлғанаң өкіл ретінде қатысуы және тең қатысушылардың біреуінің басқа қатысушылар атынан өкіл ретінде іске қатысуы жатады. АІЖК 59-бабы 1, 6, 7 –тармағы.

— Қоғамдық өкілдер- азаматтық қоғамдық бірлестіктерге мүше болуы негізінде пайда болады.

— Заң көмегін заңмен немесе жарғымен басқа адамдардың мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары жүргізеді. АІЖК 59-бабы 3,4 –тармақтары.

— Жарғы бойынша өкілдік ету –ұйымдардың ісін сотта заңмен, құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттік шегінде олардың органдары немесе өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғалардың басшылары сотқа олардың қызметтік жағдайын немесе өкілеттіктерін куәландыратын құжаттар береді. АІЖК 58-бабы 2 -тармағы, 59-бабы 2, 5-тармағы.

Заңды өкілдер АІЖК 63,304- баптарында көзделгендей әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттігі шектеулі адамдарға тағайындалады. Олардың өкілдері ретінде ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары , қорғаншылары қатысады. Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушінің атынан жасау құқығы өкілдік берушіге тиесілі барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды.

       Өкіл ретінде адвокаттың іске қатысу ерекшелігі.

Азаматтық сот өндірісінде адвокаттың іске қатысуы арнайы заңмен реттеледі.

Адвокаттық алқаларда мүше болатын және мамандық негізінде заң көмегін көрсете алатын  жоғарғы заң білімі бар, 2 жылдан жоғары жұмыс стажы бар, адвокаттың әрекетті жүзеге асыруға лицения алған ҚР азаматы адвокат бола алады./22/

Қасақана қылмысы үшін сотталған немесе әрекет қабілеттілігі жоқ немесе шектелген азаматтар, адвокаттық алқалардын шығарылғандар –адвокат бола алмайды.

Лицензия беру тәртібі ҚР Әділет Министрлігі 1998 ж 21 қаңтар қабылданған «Адвокаттық қызметпен шұғылдану үшін лицензия беру тәртібі туралы.» бұйрығымен реттеледі.

Лицензия біліктілік емтиханы тапсырылғаннан кейін беріледі және оның күші ҚР-ң бүкіл территориясына қатысты болады.

Заң көмегін көрсету жөніндегі төлемақылар адвокат пен клиент арасындағы келісімдермен реттеледі.

Адвокат заң көмегін көрсету негізінде белгілі болған мәліметтерді құпия түрінде сақтауға міндетті. Құпияны сақтамаған жағдайда жауапкершілікке тартылады.  Адвокаттық қызмет туралы заңның 3, 18 –баптары.

Соттағы өкілдің өкілеттіктері.

Соттағы өкілдердің өкілеттігі жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Жалпы өкілеттілікке сот шешімі мен ұйғарымына шағындану құқығынан басқа АІЖК-ң 47-бабында көзделген барлық әрекеттер кіреді.

Арнайы өкілеттілікке АІЖК-ң 61-бабында аталған әрекеттер кіреді. Аталған іс-әрекеттерді әрқайсысын жасауға өкілеттігі өкілдік беруші берген сенімхатта арнайы көзделуі тиіс.

Әрбір өкіл өзінің өкілеттігін куаландыратын  құжатын және жеке басын куаландыратын құжатын сотқа табыс етуі тиіс.

Адвокаттың нақты іс жүргізуге арналған төкілеттігі немесе адвокаттың кеңсе берген ордермен, ал ол кызметін дербес жүргізген жағдайда адвокат клиентпен жасасқан шартпен куәландырылады./21/

Кәсіптік одақтар мен басқа ұйымдық уәкілеттік берілген адамдар сотқа осы іс бойынша өкілдікті жүзеге асыруға арналған тапсырманы куәландыратын құжаттарды беруге тиіс. 159 бап, 3,4,5-тармақ.

Заңды тұлғаның басшылары заңды тұлға атынан тиісті сенімхаттар береді.

59-баптың 6,7-тармағы бойынша ауызша сенім бірдіру сот хаттамасына енгізілуі тиіс.

Ата-аналар заңды өкіл ретінде сотқа АХАЖ органдар берген баланың тууы туралы куәлігін беруі тиіс.

Асырап алушылар-сот шешімдерін және жаңадан алған тууы туралы куәлікті көрсетуі тиіс.

Қамқоршылар мен қорғаушылар сол органдардан берілген актілерді көрсетуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтардың  іс жүргізу құқық қабілеттілігі ол туылған кезде пайда болады, қайтыс болғанда тоқтатылады.Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі заңда көзделген тәртіп бойынша заңды тұлға ретінде тіркелген уақыттан бастап пайда болады, ол тараған уақытта тоқталады. Заңды тұлалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болады, бір мезгілде тоқталады.

Сотта құқықтарын өз әрекеттерімен жүзеге асыру  және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру, яғни азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарда толық көлемде болады. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, мүдделерін сотта олардың ата-аналары, заңды өкілдері қорғайды. Алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеттілігі шектеулілердің өздерін тартуға міндетті. Он төрт жасқа толмағандардың және әрекетке қабілетсіздердің құқықтары мен бостандықтарын сотта олардың ата-аналары қорғайды.

Субъективті құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын әртүрлі әрекеттер заңды факт болып табылады. (В.Шеглов)

Заңды факт-оқиға немесе жағдай –құқыққатынастарының пайда болуына, өзгеруіне,  тоқтатылуына негіз болып табылады.

Азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының субъектілері дегеніміз –нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді.

Сотта азаматтық істерді қарау барысында іс үшін маңызы бар мән-жайларды бекіту соттық тану жолымен жүзеге асырылады. Соттық тану объективті әлемдегі заңдылықты (факті, мән-жайлар) тану процесіндегі адамның танып білуге бағытталған іс-әрекетінің көп түрлілігі.

Азаматтық сот процесінде мән-жайларды танудың негізгі тәсілі ретінде іс үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін, тараптардың қарсылықтары мен талаптарын, басқа да жағдайларды соттағы дәлелдемелер, яғни соттың дәлелдеу жолымен бекітеді.

Соттағы дәлелдеудің негізгі табиғат пен қоғамдағы құбылысты байланыстырады. Бұл байланыс сотқа бір құбылыстың (факт, мән-жай) бар болуы, екінші бір құбылыстың шығуына негіз болатынын айқындайды.

Жалпы, соттағы дәлелдеуді — соттағы дәлелдемелердің көмегімен істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін бекітуге бағытталған субъектілердің әрекеттері деп қарастыруға болады.

Соттағы дәлелдеудің мақсаты азаматтық істерде мән-жайды бекіту.

Соттағы дәлелдеу өзара байланысты және өзара шартты бір-бірінен ажырамайтын үш этаптан тұрады:

— Дәлелдемелерді жинау және табыстау.

— Сот мәжілісінде дәлелдемелерді зерттеу.

— Дәлелдемелерді бағалау.

Азаматтық іс-жүргізу әдебиеттерінде соттағы дәлелдеуге байланысты түрлі пікірлер айтылған.

Бір авторлар соттағы дәлелдеуді дәлелдемелерді бағалаудағы соттардың ойлау немесе тану әркеттері деген (А.А.Старченко) Егер осы автордың пікірімен келісетін болсақ соттағы дәлелдеудің мазмұны дәлелдемелерді жинау, ұсыну, зерттеуге байланысты іс жүргізу әрекеттерін жоққа шығарады.

Екінші бір автор соттағы дәлелдеуді сот пен іске қатысушылардың дәлелдемелерді жинау, табыстау және зерттеуге бағытталған әрекеттерінің жиынтығы деп түсіндіреді. Бұл пікір бірінші автордың пікіріне тіпті қарама-қайшы, С.В.Курылевтің ойынша логикалық және ойлау әрекеттері соттағы дәлелдеуге тән құбылыс емес, сондықтан дәлелдемелерді бағалау соттағы дәлелдеуге қатысы жоқ деген тұжырым жасайды.

Соттағы дәлелдеуді сот пен іске қатысушылардың не ойлау немесе іс жүргізу әрекеті деп қана қарастыра алмаймыз. Мұндай дәлелдемелерді жинауға, ұсынуға, зерттеуге және бағалауға бағытталған ойлау және іс жүргізу әрекеттерінің жиынтығы деп қарастырғанымыз жөн.

Сот пен іске қатысушылардың жоғарыда айтылған әрекеттері азаматтық іс жүргізу нормалары мен реттеледі және іс жүргізу сипатына ие болады. Дегенмен бұл әрекеттер ақылмен, оймен, логикамен тығыз байланысты. Сондықтан да логикалық — ойлау әрекетінен тыс сот пен іске қатысушылардың әрекет жасауы мүмкін емес .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

  1. Старченко А.А. Логика в судебном доказывании. – М. : Госюриздат, 1958
  2. Курылев С.В. Основы теории доказывания в советском правосудии – Минск : Белорусск. гос.ун-т, 1969.
  3. Гуреев . П.П. О понятии судебных доказательств в советском гражданском процессе // Советское государство и право. 1966.
  4. Зайцев И.М. Устранение судебных ошибок в гражданском процессе- Саратов, 1985.

5.Молчанов В.В. Собирание доказательств в гражданском процессе.- М.: МГУ, 1991

  1. Баймолдина З.Х. Доказывание и доказательства в гражданском судопроизводстве. Алматы: «Жеті жарғы», 2001ж.
  2. Гольстем А.Х Юридическая квалификация гражданского процесса – Казань ,1916.
  3. Клейнман А.Ф. Новейшие течения в советской науки гражданского процесуального права – М.: МГУ,1967
  4. Қаз. ССР Азаматтық іс жүргізу кодексі Алматы, 1963ж.
  5. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі Алматы: «Жеті жарғы», 1998ж.

11.Сергун А.К. Штрафы за неисполнение судебного решения.- Калинин, 1984.

  1. Штутин Я.Л. Предмет доказывания в советском гражданском процессе.- М.: Госюриздат, 1963.

13.Треушников М.К. Доказательства и доказывание в советском гражданском процессе.- М.: МГУ, 1982.

14.Юдельсон К.С. Проблемы доказывания в советском гражданском процессе.- М.: Горюриздат, 1951.

15.Осипов Ю.К. Основные признаки судебдных доказательств. Труды Свердловского юр. ун-та, 1968.

  1. Чечот Д.М. Участники гражданского процесса.- М.: Госюриздат, 1960.
  2. Васьковский Е.В. Учебник гражданского процесса. Издание второе. перераб. –М.: Бр. Башмаковы, 1917.
  3. Абдуллина З.К. Проблема доказывания в гражданском судопроизводстве Алматы: Данекер, 2004.
  4. Треушников М.К. Судебные доказательства М.: Городец, 1999.
  5. ҚР Нотариат туралы заңы,- Алматы : «Жеті жарғы», 1999ж.
  6. Боннер А.Т. Правило допустимости доказательств в гражданском процессе: необходимость или анахронизм // Советское государство и право, 1990,
  7. Баймолдина З.Х. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан. Алматы: КазГЮА, т. 1,2001
  8. Треушников М.К. Относимость и допустимость доказательств в гражданском процесее. – М.: Юрид.лит., 1981.
  9. Решетникова И.В. Доказательственное право в гражданском судопроизводстве. Екатеринбург,1997.
  10. ҚР Қылмыстық кодексі Алматы, «Жеті жарғы», 1997 ж.
  11. Коломыцев В.И. Писбьменные доказательства по гражданским делам. М.: Юрид.лит., 1978.
  12. ҚР Азаматтық кодексі Алматы, «Жеті жарғы» –1998 ж.
  13. 28. Козлов А.С. Актуальное проблемы теории доказательств в науке гражданского процесса. Учебное пособие, Иркутск –1980.
  14. Фаткуллин Ф.Н. Общие проблемы процессуального доказывания.- Казаньск. гос. ун-т. 1976
  15. Курылев С.В. Сущность судебных доказательств. Минск, 1969.

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар және олардың субъектілері.

 

  1. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың түсінігі және оның ерекшеліктері.

Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастар азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру кезінде сот пен іске қатысушылар арасында пайда болатын  АІЖ  құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

АІЖ құқықттық  қатынастарының ерекшеліктері:

  1. АІЖ құқығының міндетті субъектісі ретінде: бір тарап сот екінші тарап іске қатысушы тұлғалар болып табылады.
  2. АІЖ құқықтық қатынастары тек құқықтық нысанда пайда болады.
  3. АІЖ құқықтық қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты және әрбір азаматтық іс үшін жеке жүйе құрайды. (іс жүргізу сатылары)

Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарын субъективті құрамына қарай былай бөлуге болады.

А) Негізгі құқыққатынастары-сот және талапкер, сот және жауапкер, сот және арызданушы, ерекше өндіріс бойынша  сот және өзге тұлғаның мүддесін қорғап іске қатысушылар (55-56 ст.) арасында пайда болды.

В) Қосымша құқыққатынастары-сот және дербес талабын мәлімдейтін 3-ші тұлғалар арасында.

—  Сот және дербес талабын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалар арасында.

— Сот және басталған іске қорытынды беру үшін қатысатын прокурор арасында.

— Сот және қорытынды беру үшін қатысатын мемлекеттік органдар арасында.

В) Қызметтік –қосалқы құқыққатынастары-бір тарап ретінде сот, екінші жақтан-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар т.б.

АІЖ құқықтық  қатынастарының соңғы 2 түрі алғашқы, яғни,  негізгі құқыққатынасынан пайда болады.

 

2.АІЖК құқықтық қатынастардың пайда болуының алғы шарттары

Құқық теориясының жалпыға белгілі ережелеріне сәйкес Азаматтық іс жүргізу  құқыққатынастар белгілі алғы шарттардың пайда болуына байланысты туындайды.

Алғы шарттардың 2-түрі бар:

  1. Жалпы.
  2. Арнайы.

Жалпыға : а) құқық нормасы

б) құқық субъектілік жатады.

Арнайыға: Заңды фактілер (әрекет, әрекетсіздік, оқиға) жатады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары -әділсотты жүзеге асыруға сот пен іске қатысушыларға қатысты жалпыға міндетті тәртіп ережелері.

Іс жүргізу нормаларының белгілері:

а) Нормаларды мемлекет бекітеді

б) Нормалар ҚР территорияда барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады

в) Олар тек азаматтық сот өндірісі саласындағы қатынастарды реттейді.

 

Азаматтық іс жүргізу құқық субъектілік –бұл азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін иелену қабілеттілігі. Ол 2 элементтен тұрады:

а) құқық қабілеттілік

б) әрекет қабілеттілік (АІЖК 45-46 баб)

Азаматтық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей дәрежеде танылады. Азаматтардың  іс жүргізу құқық қабілеттілігі ол туылған кезде пайда болады, қайтыс болғанда тоқтатылады.Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі заңда көзделген тәртіп бойынша заңды тұлға ретінде тіркелген уақыттан бастап пайда болады, ол тараған уақытта тоқталады. Заңды тұлалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір мезгілде пайда болады, бір мезгілде тоқталады.

Сотта құқықтарын өз әрекеттерімен жүзеге асыру  және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру, яғни азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарда толық көлемде болады. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, мүдделерін сотта олардың ата-аналары, заңды өкілдері қорғайды. Алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеттілігі шектеулілердің өздерін тартуға міндетті. Он төрт жасқа толмағандардың және әрекетке қабілетсіздердің құқықтары мен бостандықтарын сотта олардың ата-аналары қорғайды.

Субъективті құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын әртүрлі әрекеттер заңды факт болып табылады. (В.Шеглов)

Заңды факт-оқиға немесе жағдай –құқыққатынастарының пайда болуына, өзгеруіне,  тоқтатылуына негіз болып табылады.

 

  1. Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың субъектілері және оларды жіктеу

Азаматтық іс жүргізу құқыққатынасының субъектілері дегеніміз –нақты азаматтық іске қатысушы және сол іс бойынша белгілі процессуалдық статуста иеленуші тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу құқығының субъектілеріне ҚР азаматтары заңды тұлғалары, шетел азаматтары мен ұйымдары, халықаралық ұйымдастырушы және мемлекет кіреді.

АІЖК-ң субъектілерін 4 топқа бөлеміз:

  1. Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар.

Оған: сот, сот мәжілісінің хатшысы, сот приставы, сот орындаушысы кіреді.

  1. Іске қатысушы тұлғалар: АІЖК 44-бабы. Оған: тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекет ұйымдары, ерекше өндіріс бойынша арыздаушылар, 56 және 57 баптар бойынша арызданушы жекелеген азаматтар.
  2. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін көмектесуші тұлғалар-куәлер, сарапшылар, мамандар, аудармашылар.
  3. Соттағы өкілдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық іс жүргізудегі тараптар.

              

  1. Тараптардың түсінігі, құқықтары мен міндеттері.
  2. Іс жүргізуге тең қатысу (түсінігі, мақсаты, негізі) тең қатысудың түрлері.
  3. Тиісті емес жауапкедің түсінігі, оны ауыстыру шарттары, тәртібі, салдары.
  4. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы. Құқық мирасқорының процеске кіру тәртібі және оның құқықтық жағдайы.

 

 

1.Тараптардың түсінігі, құқықтары мен міндеттері

Тараптар азаматтық процестің негізгі қатысушылары болып табылады.

Тараптар дегеніміз- шын мәнінде немесе болжанған материалдық құқыққатынасының субъектісі ол талапкер немесе жауапкер болып табылады. Тараптар істің барысында материалдық құқықтық және процессуалдық құқықтық қызығушылыққа ие болады.

Тараптардың белгілері:

1.Материалдың және процессуалдық мүдделерінің қарама-қарсы болуы.

2.Заңды күшіне енген сот шешімінің толық әсер етуі.

3.Іс бойынша сот шығындарын төлеу міндеттерінің жүктелуі.

Өз мүдделерін немесе талап қойылған мүдделерді көздеп талап қоюшы азаматтар мен заңды тұлғалар-талапкерлер болып табылады.

Талап қоюшының талабына сәйкес сотта жауапқа тартылатын тұлға жауапкер болып табылады.

Азаматтық іс жүргізуде мемлекетте бір тарап болуы мүмкін.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері АІЖК 47,49-баптарында қарастырылған. Іске қатысушы тұлғалар  іс материалдарымен танысуға, олардан көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдемелер табыстауға, сұрақтар қоюға, өтінім жасауға, түсініктемелер беруге, сот жарыссөздеріне қатысуға, хаттамамен танысуға, оған ескертпелер келтіруге, сот актілеріне шағымдануға т.б. әрекеттер жасауға құқылы.

Одан басқа талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талаптың мөлшерін ұлғайтуға немесе азайтуға, талаптан бас тартуға құқылы.

Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл туралы қолхат жазып беруі тиіс. Тараптар істі бітімгершілікпен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі.

Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға міндетті.

Азаматтық процесте бірнеше талапкер және бірнеше жауапкер бірге бір мезгілде іске қатысуы мүмкін. Мұндай қатысу іс жүргізуде тең қатысу деп аталады.

Тең қатысу АІЖК 50- бабында қарастырылған.

Тең қатысудың мақсаты:

а) Сот процесін жылдамдату  және жеңілдету.

б)Сот пен тараптардың жұмысын оңайлату (дәлелдемелерді шоғырландыру)

в) Сот шығындарын азайту.

Тең қатысу мынандай екі  жағдайда пайда болады:

а) Даудың пәні жалпы құқыққа немесе міндетке негізделсе (мыс:мұрагерлік құқық, міндеттемелік құқыққа жауапкершілік)

б) Талап бір негізден туындаса (мыс:бірнеше тұлғаның бірігіп залал келтіруі)

Тең қатысу активті,  пассивті және аралас болып үшке  бөлінеді.

а) Бірнеше талапкердің  бір жауапкерге қарсы талап қоюы активті қатысу деп аталады.

б) Бір талапкер бірнеше жауапкерге  қарсы талап қойса пассивті қатысу болып табылады.

в) Біренше талапкер  бірнеше жауапкерге қарсы талап қоятын болса бұл аралас қатысу деп аталады.

Тең қатысу –міндетті не факультетті болуы мүмкін.

Міндетті қатысуда сот тең қатысушылардың барлығын іске қатысуға мңндеттейді.

Факультативті қатысу-бірнеше қатысушының бірыңғай талабын өзара бір қатысушыға тапсыру мүмкіндігі. Істі жүргізуді тапсыру сенімхат арқылы немесе ауызша жүргізіледі. Талап қоюшылардың немесе жауапкерлердің әрқайсысы  екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады.

 

3.Тиісті емес жауапкедің түсінігі, оны ауыстыру шарттары, тәртібі, салдары. Іс жүргізу құқық мирасқорлығы.

Заңсыз немесе негізгіз жауапкер ретінде іске тартылған тұлға – тиісті емес жауапкер деп аталынады. Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.

Тиісті емес жауапкерді ауыстыру үшін талапкердің келісімі керек және ол сот ұйғарымымен рәсімделеді.

Егер тарапты ауыстыру сот талқылауы үстінде жүргізілсе, істі қарау кейінге қалдырылады.

Тарап ауыстырылғаннан кейін істі әзірлеу және қарау басынанан жүргізіледі.Егер тиісті емес жауапкерді ауыстыруға талапкер келісімін бермесе іс қойылған талап бойынша қаралады ( 51- бабтың 2 -тармағы ) және шешім шығарылады.

Азаматтық іс жүргізу кодексінің 54- бабының  1- тармағы бойынша даулы немесе шешіммен белгіленген құқық қатынастарынан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайларда (азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғаның таратылуы т.б) сот ол тарапты оның құқық  мирасқорымен ауыстырады.

Құқық широсқорлығы процестің кез – келген сатысында мүмкін болады. (1,2,3 инстанцияда істі  қарағанда).

Процеске құқық мирасқорының, кіруі жөнінде сот ұйғарым шығарады. Мұндай ұйғарым  шағымдануға жатпайды. Құқық мирасқоры іске қатысу үшін өзінің құқықмирасқоры екенін дәлелдейтін құжатын көрсетуі тиіс. Мысалы, мұраға иелік ету, заңды тұлғаның қайта құрылғаны т.б.

Іс жүргізу құқықмирасқорының тиісті емес тарапты ауыстырудан мынандай айырмашылығы бар:

  1. Құқық мирасқоры процестің кез – келген сатысында пайда болады, ал тиісті емес жауапкер тек 1- инстанциядағы сотта істі қарағанда пайда болады.
  2. Құқықмирасқоры істі келген жерінен жалғастырады, ал тиісті емес жауапкер ауыстырылса іс басынан басталады.
  3. Құқықмирасқорлығында барлық құқықтар мен міндеттер құқық миросқорына өтеді.

Егер құқықмирақоры іске кірісуге қарсылық білдірсе 247- баптың 3- тармағы  бойынша іс қысқартылады.

Құқықмирасқоры өзіне дейінгі қатысқан яғни, құқықмирасын берушінің жасаған әрекеттерін жалғастырады. Мысалы, құқықмирасқоры өзіне дейінгі тапсырылып зерттелген дәлелдемелерді қайта жинауға, тапсыруға құқығы жоқ, егер құқықмирасын беруші оны өз қатысумен тапсырып, зерттеген болса.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар.

 

 

 

 

 

1.Азаматтық іс жүргізуге үшінші тұлғалардың қатысуы. Олардың түрлері

Үшінші тұлгғалар АІЖҚ 44-бабаына сәйкес іске қатысушы тұлғалардың құрамына кіреді. Сондықтан іске қатысушы тұлғаларға тән белгілер үшінші тұлғалар да тиісті болады. Атап айтқанда:

— іс барысында заңды қызығушылыққа ие болады.

— іс жүргізуде өз атынан қатысады.

— процестің қозғалуына, өзгеруіне, тоқтатылуына себебін тигізеді.

— сот шешімінің заңды күші тікелей әсер етеді.

Үшінші тұлғалар АІЖК 47-бабында қаратырылған барлық іске қатысушы тұлғаларға тиесілі құқықтар мен міндеттерді  иеленеді.

Егер азаматтық іс жүргізуде тек талаптар мен жауапкер ғана қатысатын болса бұл жай құрамды қатысушылардан тұратын процесс болып табылады.

Кейбір құқық жөніндегі дауларды шешу барысында тараптардың материалдық-құқықтық мүдделерімен қоса басқа тұлғалардың да мүдделері қорғалуы тиіс болады. Осы тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін заң оларға тараптар арасында басталған процеске қатысу құқығын береді. Тараптарға қатысты аталған тұлғалар үшінші тұлға ретінде іске қатысады.

Сонымен азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар дегеніміз- тараптар арасында басталған іске қатысатын немесе іске қатысуға тартылатын іске қатысушы тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізуде үшінші тұлғалардың іске қатысуының 2 түрі бар.

  1. Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар.
  2. Даудың нысанасына дербес талабын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар.

Үшінші тұлғалардың іске тартылуының мақсаты:

-Тарап болып табылмайтын, бірақ іс барысына материалдық-құқықтық қызығушылығы бар субъектінің мүддесін сотта уақтылы қорғау.

-Бір істе әртүрлі бірнеше талапты біріктіріп қарау мүмкіндігін пайдалану. (талапкердің талабы және үшінші тұлғаның талабы)

Дербес талабын мәлімдейтін және мәлімдемейтін тұлғаларға жалпы тән белгілері.

  1. Олар басқа тараптар арасында басталған іске қатысады. Өздігінен ешқашан іс бастамайды.
  2. Олар сотта өздерінің жеке құқықтары мен мүдделерін қорғайды.
  3. Сот шешімі олардың құқықтарына немесе міндетттеріне әсер етеді

 

2.Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар. Олардың іске кірісуінің негіздері, тәртібі, құқықтары мен міндеттері

АІЖК 52-бабы бойынша даудың нысанасына дербес талабын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін іске кірісе алады, Үшінші тұлғалар іске өз бастамасы бойынша қатысады. Олар істі сотқа әзірлеу кезінде немесе 1- инстанцияда істі қарап жатқанда шешім шыққанға дейін қатыса алады. Шешім шығып қойғаннан кейін қаралған іске мүдделі тұлға жалпы тәртіппен талап бере алады. Бұндай жағдайда жеке іс қозғалады.

Үшінші тұлғалар іске талап арыз жазу арқылы кіріседі және талап қою бойынша іс жүргізудің соттылық ережесінен басқа барлық тәртібі сақталады. Үшінші тұлғаның іске қатысуы жөнінде сот ұйғарым шығарады.

Дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар талапкердің барлық құқықтарын пайдаланады және барлық міндеттерін орындайды. Оның талапкерден айырмашылығы-процеске кірісу уақытына байланысты.

а) Үшінші тұлғалар өздігінен іс бастамайды, олар тараптар арасында басталған іске кіріседі. Ал талапкер талап арыз жазу арқылы істі бастайды.

б) Талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар қатысатын істерде бір мезгілде 2 талап қаралады, талапкердің және үшінші тұлғаның талаптары.

г) Үшінші тұлға мен талапкердің материалдың–құқықтық мүдделері бір-бірімен қарама-қарсы болады.

Сонымен дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар дегеніміз-тараптар арасында басталған іске субъективтік құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін іске қатысатын іске қатысушы тұлғалар.

 

  1. Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тқлғалар. Олардың іске кірісуінің негіздері , тәртібі, құқықтары мен міндеттері.

АІЖК 53- бабы бойынша даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, егер іс бойынша тараптардың беруіне қатысты шығатын сот шешімі өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса, іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талапкер немесе жауапкер жағында іске кірісе алады.

Дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар құқық жөніндегі даудың субъектісі боып табылмайды.

Үшінші тұлғалар мына белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылады.

Мәлімдейтін 3-ші тұлғалар талапкердің барлық құқықтары мен міндеттерін атқарады.Мәлімдемейтін тұлғалар құқық жөніндегі даудың субъектісі болмағандықтан мына құқықтарды иеленбейді;

  • Талаптар бас тартуға, талапты мойындауға, бітімгершілік келісіміне келуге;
  • Қарсы талап қоюға;
  • Сот шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап етуге;

Осы аталған құқықтардан басқа тараптардың барлық құқықтарын пайдаланады, міндеттерін атқарады.

Дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалардың белгілері:

1.Даудың пәніне жеке талаптарын қоймайды;

2.Қайсы тарап жағынан қатысса сол тараппен материалдық-құқықтық байланыста болады.

3.Тараптардың біріне қатысты сот шешімі үшінші тұлғаның құқығына әсер ету мүмкін болғандықтан 3-ші тұлға жеке мүддесін қорғайды.

Даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалар өз бастамасымен, тараптардың өтініші бойынша немесе соттың бастамасымен іске кірісе алады. Үшінші тұлғаның іске кірісуі сот ұйғарымымен рәсімделеді.

Дербес талаптарын мәлімдемейтін 3-ші тұлғалардың тең қатысушылардан айырмашылығы:

  1. Құқық туралы даудың субъектісі болып табылмайды.
  2. Талапкерге немесе жауапкерге қандай да болмасын талап қоймайды.
  3. Екі тараптың біреуімен ғана материалдың құқықтық байланыста болады.
0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля