Иманғали Тасмағамбетов 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада дайындығының қорытындыларын шығарды

19 января, 2017 13:25

Бүгін, 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төралағылығымен Алматы қаласында өтетін 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық барысы жөнінде кеңес өтті.

Қазақстан Республикасының спортшылары алғаш рет Универсиада бағдарламасына енген спорттың барлық түрі бойынша сайысқа түседі.

Сонымен қатар, Қазақстан тарапынан қатысатын 250 спортшының тізімі жинақталып, келісілді. Олардың барлығы жинақталып, сайысқа әзір тұр.

«Біз 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға дайындық барысы жөнінде мәселені, оның ішінде студенттік командалардың оқу-жаттығу жиынын өткізу қорытындысын, FISU конференциясын ұйымдастыру және ұлттық құрама команданы парадтық спорт киімдерімен қамтамасыз ету мәселелерін қарастырамыз».

Универсиадаға даярлық аясында 12 қысқы спорт түрінен 26 оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды және өткізілді. Оның ішінде керлинг, шайбалы хоккей, коньки тебу спорты, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, биатлон, шаңғы жарысы, шаңнымен трамплиннен секіру, тау шаңғысы, фристайл (акробатика), сноуборд және шаңғы қос сайысы бар. Оған 32 жоғары оқу орны мен 5 колледжден 137 спортшы қатысты.

Сондай-ақ, 2-5 ақпан күндері «Университеттік спорт: қоғамның денсаулығы мен болашағы» тақырыбында Универсиада бағдарламасының ресми бөлігі саналатын FISU қысқы конференциясы өтеді. Шараға әлемнің 30 елінен ұлттық студенттік федерациялардың президенттері, ЖОО-ның ректорлары, әлемдік қауымдастықтағы жетекші ғалымдар мен мамандар қатысады деп күтілуде.

Айта кетейік, Универсиаданың басты міндеті — университтерде спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Секретариат заместителя Премьер-Министра РК

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля