«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Жас сарбаз күні аталып өтті

17 апреля, 2015 13:03

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының № 5 механикаландырылған бригадасында жас сарбаз күні өтті. Әскери бөлімнің тарихы, оның күнделікті тыныс-тіршілігі және қызмет ету шарттарымен танысуға бригадаға Тараз қаласындағы бірнеше мектептер мен гимназиялардың жоғары сынып оқушылары, ТЖМ мамандандырылған колледжінің студенттері келді.

Әскери бөлімнің бақылау-өткізу пунктінде қонақтарды бригада командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша орынбасары подполковник Дархан Үмбетов қарсы алды. Ол жастарға арнап мотоатқыш және штабтық батальон жауынгерлері әскери бөлім алаңында қару-жарақ үлгілерін, сондай-ақ жауынгерлік машиналар тұрағында жаяу әскерлерге арналған әскери техникаларды көрсету мүмкіндігі туып отырғанын хабардар етті.

Балалар алғашқы әскери даярлық пәні бойынша кітаптан ғана көріп жүрген атқыш қарулар мен техникаларды қызығушылықпен тамашалады. Бригада мамандары қонақтарға қаруларды көрсетіп қана қоймай, олардың тактикалы-техникалық сипаттамасын айтып берді.

Бұл орайда, № 5 механикаландырылған топтың командирі полковник Қуанышбек Үштаев Тараз қаласында әскери қызметші кәсібі танымал екендігін атай отырып, балалардың алдағы уақытта осы бөлімге келіп әскери міндетін өтеу мүмкіндігін жеткізді.  Бұл оңтүстік әскери округі штабының, кейінірек «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Жамбыл облысында құрылумен байланысты.

Бөлім басшылығы мектеп оқушылары арасында осындай кездесулер мен экскурсиялар тұрақты өтетіндігін мәлімдеді. Аталған шара Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, әскерилер кәсібіне құрмет көрсету, балалардың дүниетанымын кеңейту мақсатында ұйымдастырылып отыр.

13каепврап 14вапир дюоблрпаопваы 1 2ыаапыв 4льпотпа 5опарвпав 6епми 7пи ыв 8пит

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля