21 қаңтар күні Қарулы Күштерде Инженерлік әскерлер күні атап өтіледі

20 января, 2017 20:48

Аталмыш құрылым Қарулы Күштердің құрылған сәтінен бастап қызмет жасауда. Қазақстандық армияда оларға жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу үшін жағдай жасау бойынша айрықша тапсырма жүктелген.арулы Күштерде инженерлік әскерлер қозғалыс жолдарын, көшіру маневрлерін инженерлік барлау, мина-жарылғыш қоршауларды орнату, жолдарды, су кедергілері арқылы өткелдерді жабдықтау және ұстау, шептерді, бекіністерді, әскери бөлімдердің орналасу пункттерін фортификациялық жабдықтау, басқару пункттерін өрістету бойынша тұтас тапсырмалар кешенін орындайды. Әскери инженерлердің пішімі мен ауқымы бойынша еліміздің аумағында және одан тысқары жерде өтетін оқу-жаттығулар мен миссияларға қатысуда мол тәжірибелері бар. Олардың бірі – Ирактағы бітімгершілік миссия. 2003 жыл мен 2008 жыл аралығында «Қазбат» бітімгершілік батальонының инженерлік-саперлік бөлімшесі тұрақтандырғыш күштер құрамында жерде жарылмаған оқ-дәрілер іздестіру, анықтау, белгілеу және оларды жою, сумен қамтамасыз ету пункттерін жабдықтау және суды тазарту бойынша тапсырмаларды орындады. Ол кезде қазақстандық әскери қызметшілер жоғары кәсіпқойлық пен шеберлікті, тапсырмаларды орындауда жауапкершілік пен нағыз батылдықты паш етті.

Бүгінде инженерлік әскерлер – бұл мамандармен жасақталған, әскери техникамен, инженерлік қару-жарақ құралдарымен жабдықталған құрамалар мен әскери бөлімдер. Инженерлік әскерлер жақында жаңа заманауи үлгілермен, яғни, жер қазатын инженерлік техникамен, мина-жарылғыш қоршауларды орнатуға арналған техникамен толығады, инженерлік барлауды жүргізу, әскерлердің орналасу аудандарын, қорғаныс шептері мен бекіністерді фортификациялық жабдықтау, сондай-ақ, су шығару және оны тазартуды қамтамасыз ету сияқты міндеттерді атқарады деп күтілуде.

0

Автор публикации

не в сети 1 год

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля