Автомобильдің техникалық жағдайының өзгеруіне әсер ететін факторлар

5 октября, 2017 20:59

Әртүрлі пайдалану жағдайында автомомобильдің сенімділік көрсеткіштері де әртүрлі болады.

Автомобильдің техникалық жағдайының қарқынды өзгеруіне әсер ететін факторлар: өндірістік; пайдалану жағдайы; өндірістік-пайдалану (5-сурет).

Өндірістік факторлар — автомобильдің техникалық жағдайының өзгеруіне әсер ететін жағдайлар: осы автомобильдің құрылымдық ерекшеліктері; өндірістің біртектілігі; сенімділігі.

Пайдалану жағдайында жолдың жай-күйі, қозғалыс карқындылығы, табиғи-климаттық, мерзімдік жағдай, қоршаған орта әсерлері есепке алынады.

Жол жағдайлары және жердің рельефі автомобильдің жұмыс тәртібін анықтайды. Олар жолдың техникалық санатымен, жолдың жабындысымен, жолдың элементтерімен (жолдың ені, бұрылу радиусы, еңістігі, т.с.с.) сипатталады.

Жол жабындысы:

Д — цементтібетон, асфальттыбетон;

Д2 — битумды минералды қоспа;

Д3 — уатылған тас;

Д^ — шағылдар, тастар;

Д5 — қара жол (топырақты);

Д. — табиғи топырақты жол.

Жердің рельефі:

Р — тегіс (200 м. дейін);

Р2 — жай адырлы (200…300 м);

Р3 — адырлы (300…Ю00 м);

Р4 — таулы (1000…2000 м);

Р5 — таулы (2000 м. артық).

Қозгалыс жагдайы — қозғалыс қарқындылығы, жылдамдық. Климаттық жагдайы — қоршаған ортаның температурасы, ылғал, жел, т.с.с.

Пайдалану жагдайы — косымша түсетін күш.

Автомобиль бөлшектерінін тозуын азайтатын шаралар:

—        белгіленген уақытта сүзгілерді айырбастау;

—        бекіту жұмысын атқару, уақытылы реттеу жүмысын орындау;

—        майлау жұмыстары (май ауыстыру);

—        шанақтың қорғағыш қабатын қайта орнына келтіру.

Пайдалану барысында автомобиль:

—        ақаусыз;

—        ақауы бар;

—        жұмысқа жарамды;

—        жұмысқа жарамсыз болуы мүмкін.

 

 

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля