Автомобильдің жай-күйін анықтау тәсілдері

8 октября, 2017 10:33

Автомобильдің қозғалу қауіпсіздігіне әсер ететін өлшемдерді анықтау, автомобильдің техникалық жағдайын қалпына келтіру, сондай-ақ оның маңызды механизмдерін реттеу, агрегаттары мен түйіндеріндегі жасырын ақауларды, бөлшектеп бұзбастан, аспаптар жэне стендтер аркылы анықтап, қалыпты көрсеткіштермен салыстырып тексеру тәсілін жай- күй анықтау (диагностика) деп атайды. Ол дәл уақытысында техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жүмыстарын жүргізуге, ақаулардың пайда болуын ескертуге, агрегаттардың пайдалану мерзімін арттыруға, қосалқы бөлшектердің шығынын кемітуге, жөндеу жэне техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын еңбек қажеттілігін азайтуға мүмкіндік туғызады. Автомобильдің жасырын ақауларын анықтауға жай-күй анықтау аспаптарын пайдалану арқылы қол жеткізіледі. Мұндай жағдайда механизмдерді бөлшектеу талап етілмейді.

Қызмет көрсету жэне жөндеу жоспарлы-ескерту жүйесінің ережесінде жай-күй анықтаудың келесі түрлері қарастырылған:

—        жедел күй анықтау — күн сайын, ішінара немесе барлық жылжымалы құрамдар үшін, негізінен, қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін механизмдер жэне жүйелер бойынша жүргізіледі (кейде МАИ жүргізеді);

—        жалпы (кешенді) күй анықтау — автомобильдің жұмысқа шығу көрсеткіші бойынша оның жұмысқа жарамдылық қабілетін (жалпы қуаты, тежеу жолы т.с.с.) анықтау;

—        элементтері бойынша күй анықтау автомобильдін жай-күйі анықталатын механизмдері мен жүйесіндегі ақаулардың нақты себебін анықтау.

Жай-күй анықтау техникалық қызмет көрсету немесе ағымды жөндеуге дейін кейде осылардан кейін де атқарылады. Бірінші жағдайда жасырын ақаулар түрлері анықталатын болса, екінші жағдайда орындалған жұмыстың сапасы анықталады.

Техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу барысында:

—        жалпы (кешенді) күй анықтау (Д 1);

—        тереңдетілген күй анықтау (Д 2);

—        жөндеу алдындағы күй анықтау (Др), қарастырылады.

Жай-күй анықтау жабдықтары сыртқы және бірге орнатылған болуы мүмкін. Бірге орнатылған жабдық автомобильдің бір бөлігі болып есептеледі де, аспаптар панеліне орнатылып, автомобильдін техникалық жағдайын анықтайтын кейбір техникалық өлшемдерді өлшеп тұрады. Қазіргі бірге орнатылған жай-күй анықтау аспаптары жүргізушіге тежеу жүйесінің жағдайын, жанармай шығынын, жұмыс істеген газдың зияндылығын, автомобильдің үнемді жұмыс істеу тэртібін қадағалау үшін қолданылады.
Сыртқы жай-күй анықтау жабдықтары автомобиль құрылғысына жатпайды. Оған стендтер, жылжымалы аспаптар және өлшегіш құралдармен жабдықталған станциялар жатады.

 

5

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля