12 октября, 2017 9:14
Автопарктегі жай-күй анықтау автомобильдердің техникальқ жағдайын, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үдерістерін басқару үшін қоланылады, ал ақпарат дерекшісі: жүргізуші; автопарктің механигі; автомобильге орнатылған және сырткы жай-күй анықтау құралдары (Д-1, Д-2, ДР) болып саналады. Автомобильге техникалық қызмет көрсету қажеттілігі жөніндегі алғашқы ақпарат жүргізушіден алынады,
одан кейін күй анықтағыш кешендер арқылы анықталған мәліметтер техникалық қызмет көрсететін бригадаға жіберіледі (3.2-сурет). Сонымен бірге осы мәлімет техникалық қызмет көрсету және жөндеу туралы шешім қабылдау үшін автопарктің өндірістік басқару орталығына жіберіледі.
Егер автомобильге жөндеу қажет етілсе, мэлімет жөндеу бригадасына және басқару орталығына жіберіледі. Қарапайым жөндеу жұмысын тез арада АЖ жүргізетін бригада орындайды, ал жүмыстың орындалуын өндірісті басқаратын орталық бақылайды. Күрделі жағдайда жай-күй анықтау мәліметтері келесі жөндеуге дайындық жасау үшін пайдаланылады. Жөндеуден өткен автомобиль сақтауға қойылады.
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйеснсек, күй анықтау екі деңгейлі басқарылады:
1- буын техникалық жағдаймен «слесарь-автомобиль»;
2- буын технологиялық-үдерістермен «Басқару орталығы — өндірісті басқару кешені — жұмысшы — автомобиль». Күй анықтаудың бірінші деңгейінде ТҚ көрсету жұмыстарын жүргізу технологиясымен тікелей байланысты, ал екінші деңгейде ол технологиялық үдерісті ұйымдастырумен, негізінен, автомобильдерге ағымды жөндеу жүргізуге байланысты.
Ірі автопарктерде жай-күй анықтау процестерінің өркендеуіне байланысты автоматтандырылған жай-күй анықтау құралдары пайда бола бастады, сондай-ақ автомобильге күй анықтағыштың орнатылуы қолға алынды. Бұл жағдайда ТҚ және жөндеу үдерістерін басқару үшін күй анықтау кеңінен қолданылады.
Күй анықтау тек автопарктерде ғана емес, сондай-ақ автомобиль жөндейтін кәсіпорындарда, техникалық қызмет көрсететін станцияларда, Мемлекеттік автоинспекциясының бекеттерінде ұйымдастырылған.
Кейінгі жаңа тәсілдерді қолдану, ТҚ және жөндеу жүйесінің жай-күйін анықтау жұмыстарын ұйымдастыруды енгізу автомобильдің пайдалану жағдайын жақсартады.