15 октября, 2017 10:02
Автопарктің жылжымайтын (стационарное) жабдықтары қолданылуына байланысты: жинастырып-жуатын, көтеріп-қарайтын жұмыстарға
арналған; тасымалдайтын; майлау және автомобильге сұйықтарды құятын болып бөлінеді.
Жинастырып-жуу жабдықтары жұмысты механикаландырылған немесе құрамдастырылған тәсілдермен орындауға мүмкіндік туғызады.
Автомобильді механикаландырылған тәсілмен жуатын жабдықтар: сорғалап ағатын; щеткалы; шашыратқыш-щеткалы болып бөлінеді.
Шашыратып жуатын қондырғыға су немесе ерітінді бүріккіш арқылы беріледі. Шашыратып сумен жуу жүк автомобильдері үшін, ал ерітіндімен жуу жеңіл автомобильдерді жуу үшін қолданылады.
ІЦеткалы жуатын қондырғының жұмыс органы айналып тұратын щетка болып есептеледі, щетка айналғанда онымен бірге су шашырап беріледі.
Автоматты жуатын қондырғыда автомобиль жуу камерасына жеткенде, жуатын жұмыс органдары іске автоматты түрде қосылып, жуу камерасынан шыққанда автоматты түрде жұмысын тоқтатады.
Жеңіл автомобильдерге арналган автоматты жугыш қондыргы — П тэрізді қондырғы үш айналып тұратын щеткадан тұрады — екеуі тігінен, біреуі көлденең орналасқан (5 щеткалы модельдері де бар, мысалы, ІзІоЬаІ М18). Бұл қондырғы жууға және кептіруге арналған.
Портальды жуғыш ШоЬаІ М18+ қондырғысы жеңіл автомобильдерді жууға арналған, оның құрылысы айналатын щеткадан және жоғарғы кысымда су беру жүйесінен тұрады. Бұл жуғыш кұрылғы бес щеткамен жабдықталған, әрі өте жоғары сапалы тазалауды қамтамасыз етеді, кептіруге бар болғаны 6-7 мин кетеді. Бұл жабдықтың бұдан басқа да тиімділігі — бар болғаны ұзындығы 11-12 м. бөлмеге орнатуға мүмкіндік береді. Құрылысы компьютермен басқарылады да, 15 гүрлі жуу бағдарла- масымен жұмыс істей алады.
Техникалық сипаттамасы:
Өнімділігі………………………………………………………9-15 авто/сағ.
Электр қуатының қажеттігі……………………………………… 30 кВт
Бір автомобильге қажетті су ……………………………………… 120 л
Қысымдағы ауа қажеттігі …………………………………….150л/ мин
Портальды жуу ЫоЬаІ М17+ жеңіл автомобильдерді жууға арналған. Бұл құрылғы екі жуатын жэне кептіретін порталдан тұрады. Жуатын порталда бірден екі автомобиль жуылады. Жуу үдерісі компьютермен басқарылады, 15 түрлі бағдарламамен жұмыс істеу мүмкіндігі бар.
Техникалық сипаттамасы:
Қуат қажеттілігі ………………………………………………………… 23 кВт
Өнімділігі………………………………………………………… 7-13 авто/сағ
1 маіЛинаға жұмсалатын су………………………………………….. 120 л
Қысымдағы ауа қажеттігі ……………………………………… 150л/ мин
Екіпорталды автожуғыш Сһгі*1 С162 Уагіи* 1+1 жеңіл автомобильдерді жууға арналған. Бұл автомобиль жуғыштың ерекшелігі, біріншіден, кептіргіш портал орналасқан. Құрылғының жұмыс істеу тэсілі: автомобильді белгілі орынға қойғаннан кейін құрылғы автоматты түрде ілгері-кейін жылжып, қажетті операцияларды орындап шығады. Бірінші жүрісте жуудан бұрын автомобильге щеткамен көбік жағып шығады, одан кейін жуатын порталға барады. Құрылғының жұмыс үдерісінің бұлай құрылуы өнімділікті арттыруға септігін тигізеді. Бұл кұрылғының өнімділігі — айына 1200-2300 автомобиль жуады және де тағы бір ерекшелігі — ені кеңейтілген айна тұратын жерінде, биіктігі 2100 мм-ден 2650 мм-ге дейін биіктеген. Кептіру жүйесі жақсартылған.
Техникалық сипаттамасы:
Жуу порталының қуаты……………………………………. 3,5 кВт
Жуу порталының қуаты (бойлермен) ………………. 12 кВт
Кептіргіш порталдағы қуат ………………………………. 19 кВт
Сығылған ауаның қысымы………………………………….. 8 бар
Судың қысымы…………………………………………………. 3,5 бар
Судың шығыны…………………………………………….. 35 л/мин
Порталды автомобиль жугыш Сһгізі С169 Ргітиа — жеңіл автообильдерді жууға арналған, барлық техникалық талаптарға сай соңғы колданыстағы қондырғы. Жанын кептіретін шүмек биіктігі 1,6 м. 30 см-ге дейін жан-жағына ауытқи алады. Шүмек автомобильді тез арада кептіруге мүмкіндік туғызады. Желдеткіштің қуатын 4 кВт-тан 3 кВт- қа дейін төмендетуден электр энергиясын үнемдеуге болады. Шүмектер бұралып тұратын құрылғылармен жабдықталған, ол 180°-қа дейін бұралатындықтан, автомобильдің алдыңғы және артқы бамперлерін сапалы кептіреді. Дөңгелектерді жуатын щетканың диаметрі үлкейтіліп, үлкен дискілі дөңгелекті диаметрі 21″(дюим) жуа алады. Жанындағы щеткалардың реттелетіндігінен автомобиль қондырғының екі жүрісінде толық тазаланып шығады. Бірдей нәтижеде бұл қондырғы суды және электр энергиясын 50%-ға дейін үнемдей алады
Техникалық сипаттамасы:
Сығылған газдың қысымы ………………………………………. 8 бар
Қуаты……………………………………………………………………… 17 кВт
Сығылған газдың шығыны ………………………………. 250 л/мин
Судың қысымы……………………………………………………….. 3,5 бар
Судың шығыны…………………………………………………… 35 л/мин
Қондыргы шағын автоорталықта, автопаркте, май кұятын жерде сағатына 6-12 автомобиль жуатын жерлерге орнатылады. Сһгізі С164 Сепіиз қондырғысы кейінгі талаптарға сай, өнімді қондырғы болып есептеледі.
Техникалық сипаттамасы:
Жуатын ені ……………………………………… 2400 мм. ден 2700 мм. ге дейін
Жуатын биіктігі…………………………………. 2050 мм.ден 3100 мм. ге дейін
Қуаты ……………………………………………………………………………………… 11 кВт
Сығылған ауаның қысымы………………………………………………………… 8 бар
Судың қысымы……………………………………………………………………….. 3,5 бар