ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ АУДАРЫЛУЫ

21 октября, 2017 12:12

 

Орхон ескерткіштерінің бүгінгі таңда орыс тілінде жарияланған аудармасының екі түрлі үлгісін атай ала- мыз. Біріншісі — қара сөз үлгісіндегі мағыналық аудар- ма. Бұған В. В. Радлов, П. М. Мелиоранский, С. Е. Ма- ловтардың аудармасы жатады. Екіншісі — И. Стеблева- ның өлең аудармасы.

Академик С. Е. Маловтың аудармасы дәлдігі тұрғы- сынан да, ғылыми негізділігі тұрғысынан да өзіне дейін- гі еңбектерден әлдеқайда жетік, биік дәрежеде жасал- ған еді. Дегенмен, түркі тілдерінің білгірі С. Маловтың аудармасының да әлі жетілдіре, жеткізе түсетін жер- лері бар. Бұл айтып отырғандарымыз негізінен мынадай мәселелерге әкеп саяды:

Біріншіден, Малов, біздіңше, ескерткіштің мазмұнын, мағынасын беруді басты мақсат етіп қойған. Сондықтан да ондағы жыр шумақтары бүтіндей ескерілмей қалған. Екіншіден, кейбір жеке сөздердің баламасын дәл бермеген және түп нұсқадағы кейбір сөздер түсіп қал- ған. Мәселен, Күлтегінге арналған кіші жазудың алғашқы шумағындағы білге сөзі түсіп қалған. Оның

 

керісінше Күлтегінге арналған үлкен жазуда кездеспей- тін іті сөзін қосқан. Немесе мындай жолдарды алып қарайық:

«Кісі оғлынта үзе екүм-апам Бумын қаған, Істемі қаған олурмыш».

Осындағы курсивпен берілген тіркесті (ата-баба деген сөз) ғалым ағам деп теріс аударған. (С. Е. Малов. Памятники древнетюркской письменности. Москва, 1951, 33-бет.)

Тағы бір мысал келтірейік. Үлкен жазудың отыз үшінші тобында мынадай жолдар бар: Йарақынта йалмасынта йүз артуғ оқун урты. Иезек башына бір (тегүрмеді).

Осыны С. Малов былай аударады: В его вооруже- ние и в его плащь более чем ста стрелами попали; но начальника его авангарда ни одна (стрела) не попала. (Сонда, 141-бет.). Бұл жерде әңгіме авангард — басшысы жайында болып отырған жоқ, керісінше жауынгердің сауыты, киімі аталып отьір. Ал текстідегі йез сәзі қа- зақтьщ жез дейтін сөзінен бөтен дәнеңе емес.

Осыған орай көне түрктердің тарихын терең зертте- ген тарихшы Л. Н. Гумилевтің мына бір пікірін келтіре кеткеніміз орынды: «Боевая одежда (әңгіме түркілер туралы болып отыр — М. Ж-) не имеет различия, что дает основание толковат ее как униформу. Она состоит из головного убора и пакциря. Голозной убор напоми- нает современкый казахский малахай. Малахай покрыт металлическими пластинками, как показывает расцвет- ка — сочетание желтого, белого и синего цветов, соз- дающее впечатление металлического набора (железо и медь) (Л. Н. Гумилев «Статузтки воинов из Туюк—- Мазаса»—«Сборник музея антропологии и этнографии», ХП, М —Л, 1949, 233-бет).

Сауыттың бұл түрін қазақ батырлары бертінге дейін кигені белгілі.

1965 жылы Москвадағы Азия және Африка инсти- тутьшың ғылыми қызметкері И. В. Стеблеваньщ Орхон ескерткіштерін орыс тіліне аударған бағалы еңбегі жарық көрді (И. Стеблева «Поэзия тюрков VI—VIII веков», М., 1965). Бұл кітабында автор Орхон ескерт- кіштерін бүтіндей әдеби шығарма деп қарап, түгелдей өлең деп тапты.

Аталмыш мұраны поэзия үлгісіне жатқызған еңбек- терді бұдан да бұрын кездестірген болатынбыз. Алайда

 

дәл Стеблевадай үзілді-кесілді кесімді пікір айтқан, сол тұжырымын жан-жақты дәлелдеген зерттеу жазылған жок-ты.

И. Стеблева ескерткіштің жанрлық ерекшелігін анық- тауда да айтарлықтай еңбек еткен. Бұған қатысты пікірімізді кейінірек айтамыз. Әзірге Стеблеваның ау- дармасы жайында тағы да бір-екі ауыз сөз айта ке- телік.

Бұрынғы аудармашылардың бәрі де ескерткіштің қара сез үлгісіндегі мағыналық аудармасын ғана жаса- ған болса, И. Стеблева оны өлең жолдарына түсіріп, тұңғыш рет орыс тіліндегі өлең-аудармасын жасады. Осы себептен ескерткіштің стилі біраз дәрежеде сак- талған деп айтуға болады.

Одан соң, ғалым өзіне дейінгі нұсқалардың кемші- ліктерін ескеріп, көптеген жеке сөздердің де баламасын дәл тапқан.

Дегенмен әлі де жетпей жатқан, дөп баспаған сәт- тер И. Стеблеваның аудармасында да баршылык. Мә- селен, «Анта ічрекі будун коп маңа көрүр» деген сәй- лемдегі курсивпен терілген сөздің баламасын (бұл шын- дығында қауым, халық, көпшілік деген сөз) көп (много) деген мағынада алуы дұрыс емес. С. Малов аударма- сында да осыны ұшыратқан едік.

Орхон ескерткіштерін орыс тіліне аударудың жәйі әзірге осындай. Сонымен, корыта айтқанда, екі түрлі аудармамен таныс болып отырмыз. Бірі — қара сөз үл- гісіндегі мағыналык аударма. Бұған Радлов, Мелиоран- ский, Маловтардьің аудармасы жатады. Екіншісі — Стеблева жасаған өлең аударма.

Шындығьінда, мұкият қарасақ, рунальіқ жазулардың кейбір жолдары шығарманың мазмұнын ғана беріп тұр- ған жоқ, сонымен бірге өлең шумақтарын да жасап тұр.

Өлең атаулының ең көне үлгісі — Орхон ескерткіш- терін қазақ тіліне аударумен біз біраздан бері шұғыл- даньіп келеміз. Қазақ өлеңі Бұкардың, Махамбет пен Абайдың тұсында бірден туа қалған жоқ. Ол сонау бағы замандарда туып, келе-келе түрленіп, Абайдың қолына сан түсті бояуларымен, әдемі өрнектерімен жеткен. Ұлы Абай өлең кестесіне зәру нәр мен жиһазды сол халык өрнектерінен алған.

Енді ескерткіштерді қалай аудардык және нендей принциптерге сүйендік дегенге келетін болсак, бұл ретте біз алдымызға екі түрлі мақсат қойғандығымызды ай> туымыз керек. Біріншіден, сол бір көне әдебиет үлгісін

 

бүгінгі оқушыға бүтін көркем шығарма түрінде жеткі- зуді мақсат еттік. Өйткені, Орхон ескерткіштерін өзінің эстетикалық нәрін, қуатын әлі күнге дейін жоймаған құнды мұра деп есептейміз. Осыған орай біз көне автор қолданған көркемдік тәсілдерді бүтіндей сақтауға ты- рыстық.

Екіншіден, бірді-екілі үзінділерді есептемегенде, Ор- хон ескерткіштерінің әлі күнге дейін қазақ тіліндегі то- лық ғылыми аудармасының жоқтығын ескере отырып, біз мүмкіндігінше аудармамызды ғылыми дәлдіктің та- лаптарына жауап бере алатындай етіп жасауға тырыстық.

Орхон шығармаларын қазақшалаудың қиындығы да жеңілдігі де бар. Қиындығы дейтініміз, жоғарыда айт- қанымыздай, көне түркі мұраларын қазақ тіліне толық аударудың бұрын-соңды тәжірибесін кездестіре алма- дық. Бұл жерде Ғ. Айдаровтың Тоныкөк ескерткішін ау- даруын ғана атауға болады. Оның өзі де прозалық (ма- ғыналық) аударма.

Бізде көркем аударма мәселесі көп дәрежеде шеші- мін тапқан да, ал ғылыми аударма жәйі күні бүгінге дейін ауызға да, қолға да алынбай келеді. Мәселен, ғылыми аударма көп еркіндікті, түп нұсқадан ауытқу- шылықты қаламайды; дәлдікті, нақтылықты қажет ете- ді. Біз жұмыс үстінде осыны мүмкіндігінше жадымызда мықтап ескеруге тырыстық.

Содан соң, бізге алдымен көне түркі диалектісіндегі өлеңдік ұйқастардың өзін ажыратып, Орхон ескерткіш- терінің жыр ізіндегі транскрипциясын жасау керек еді.

Жеңілдігі дейтініміз, өзімізге дейін аталған ескерт- кіштердің орыс тілінде бірнеше аудармасы, соның ішін- дегі өлең аудармасы дайын болатын. Сол себепті кей тұстарда ескерткішті басқа нұсқалармен салыстырып отыруға да мүмкіндік болды.

Алайда біз дайын істің ізіне түскеніміз жоқ, жырды аударуда көбіне қазақ тілінің, қазақ өлең құрылысы- ның тұрғысынан келдік. Сол себептен де біздің жұмы- сымыздың орыс тіліндегі нұсқасынан көп өзгешеліктері болатыны да өзінен-өзі түсінікті.

Атап айтқанда: Біріншіден, Орхон жырларының қа- зақ тіліндегі аудармасын орыс тіліндегідей таза аудар- ма деп түсінбей, жартылай аудармаға жатқызу керек. Олай дейтініміз, сол көне ескерткіштің тілі, ондағы өлең ұйқастары мен қазіргі қазақ тілі, қазақ өлең ұйқаста- рының арасында пәлендей бөгделік, алшақтық жоқ. То- лып жатқан сөздер, «Қызыл қанымды ағыздым; Қара

терімді төктім» секілді өлеңдік ұйқастар сол күйіндс өзгеріссіз алынды. Орыс тіліндегі аудармадан біздің мүмкіндігіміздің мол болғандығын дәл осы ерекшелік- тен деп білу керек. Сондықтан да біз аудармамызды осы сөздің тура мағанасындағы аударма демей, бір тіл- дің көне формасынан сол тілдің дамыған, қазіргі түріне жаңашалау деп есептейміз. Басқа сөзбен айтқанда, бұл ескерткіштердің тіліне ана тіліміздің байырғы форма- сы ретінде қараймыз.

Екіншіден, Орхон ескерткіштерін аударуда біз оның рухын, стилін түгел сақтауды мақсат еттік. Осыған орай лгазудың әрбір жолын, ұйқасын, буын санын да өзгерт- пеуге тырысып отырдық. Бірер мысал.

«Түн удусуқум келмеді,

Күнтүз олурсукум келмеді» (ТК).

Аудармасы:

«Түнде ұйықтағым келмеді,

Күндіз отырғым келмеді».

Осы үзіндінің түп нұсқасының әрбір жолы сегіз бу- ыннан тұратын болса, жаңашасы да сегіз буынға құ- рылды.

Немесе:

«Қаның субча йүгірті — Қаның судай акты,

Соңүкүн. тағча йатды — Сүйегін, таудай жатты.

Бегілік уры оғлуң кұл болту — Бек ұлдарың құл болды,

Сілік қыз оғлуң күң болту — Прк кыздарың күң болды».

Осындағы ұйқастарда да пәлендей өзгешелік жоқ сияқты. Біздің аудармамызды бөгде тіл үлгілерінің ау- дармасы демей, бір тілдің байырғы формасынан бүгінгі түріне жаңашалау дейтініміз де, міне, сондықтан. Ұстаз- дарымыз — орыс достарымыз жасаған аудармадан біз- дің аудармамыздың түп нұсқамен бүтіндей үндесіп жа- татындығын да аудармашының пәлендей шеберлігінен деп түсінбей, сол көне түркі тілі мен қазіргі қазақтілі- нің туыстығынан, тектестігінен деп білу қажет. Мәселен:

«Тізлігіг сәкүртіміз — Тізеліні бүктірдік,

Башлығығ йүкүнтүртіміз — Бастыны еңкейттік» (КТү).

деген жолдарды орыс тіліне мынадан артық етіп аудару еш мүмкін болмас еді: «Имевших колени заставили пре- клонить колени, имевших головы заставили склонить головы» (С. Малов аудармасы).

Бұған қарай, шығармадағы жолдардың бәрі бірдей осындай түсінікті екен деп ұқпау керек. Ескерткіштерде қазіргі қазақ оқушысы бірден түсіне қоймайтын сөздер

 

де кездесіп отырады. Ондай сөздердің дәл баламасын табуға тырыстық. Түсінеді-ау деген сөздерді сол күйінде қалдырдық.

Сырттай қарағанда мұның өзі біржақтылық болып көрінуі мүмкін де, аударма дәл қазіргі өлеңдердей ой- нап, құлпырып тұрмауы ықтимал. Бірақ біз бұдан ұтыл- маймыз. Керісінше, осылай еткенде ғана қазақ өлеңдері- нің ең ертедегі, байырғы кұрылысы, ерекшелігі жайында зерттеулер жасауға мүмкіндік тудыратын боламыз.

Алдағы уақытта Орхон ескерткіштерінің талай ау- дармалары жарық көріп, бірте-бірте жетіле түсетіні ақиқат.

Бұл тұста орыс әдебиетінің орта ғасырдағы тамаша жыры «Игорь полкы туралы сөздің» 1800 жылы Мусин- Пушкин жасаған аудармасы мен 1965 жылы жарық көрген үлгісінің (аударғандар: В. Стеллецкий, Л. Тимо- феев) арасьшда елуден астам аударманы басынан кеш- кендігін ескертсек те жеткілікті.

Басқа ғалымдардан, соның ішінде И. Стеблевадан біздің аудармамыздың өзгешелігі неде, енді соған тоқ- талайық.

Руналық ескерткіштердің орыс тіліндегі тұңғыш елең аудармасын жасаған И. Стеблева шығарманың табиғатын, құрылысын, стилін негізінен дұрыс сақтаған дедік. Әйткенмен, ғалым көп ретте ескерткіштегі ұйқасты жолдарды түркі халықтарының поэзиясына ортақ болып табылатын төрт жолды бір шумақ өлеңге еріксіз бағын- дыра бергендігін ескертуге тиіспіз. Басқаша айтқанда, зерттеуші қисыны келсін, келмесін, әйтеуір төрт жолдан тұратын бір шумақты өлең жасай берген. Мәселен, мы- на бір үзіндіні алып қарайық.

«Ілгерү — Шаңтүң йазыққа тегі сүледім,

Талуйқа кічік тегмедім,

Біргерү — Токуз ерсенке тегі сүледім,

Түпүтке кічіг тегмедім.

Құрығару — Иінчу үгізіг кече

Темір Қапығқа тегі сүледім.

йырғару — Йер Байырку йеріне тегі сүледім.

Бунча йерге тегі йорытдым» (КТү).

Жаңашасы:

«Ілгері — Шаңтүд жазыққа дейін жауладым,

Теңізге сәл жетпедім.

Түстікте — Тоғыз ерсенге дейін жауладым,

Тибетке сәл жетпедім.

Батыста — Інжу өзенін кеше Темір қақпаға дейін жауладым.

Терістікте — Байырқы жеріне дейін жауладым. Осыншама жерге дейін жорыттым».

 

Осы сегіз жолдан И. Стеблева екі шумақ өлең жа- саған. Біздіңше, бұл дұрыс емес. Өйткені, Орхон ескерт- кіштерінен өлең шумақтарын жасау үшін тек ұйқас, ыр- ғақ қана іздеу жеткіліксіз. Өйткен жағдайда біз шығар- маның болмысын жете анықтамаған боламыз. Сол се- бепті ондағы ұйқас, ырғақтарға мән берумен қатар, ең негізгісі —• белгілі бір тиянақты аяқталған ойға құрыл- ған түйдектерді табуға тиіспіз, олай дейтініміз, ескерт- кіш көбіне ой ұйқастарына құрылған. Сондықтан да біз жоғарыда келтірілген үзіндіні екі шумақ деп қарамай, жорық сапарларын суреттеген сегіз жолды тұтас шумақ деп қараймыз,

Сонымен қатар дәл Стеблеваның ұғымындағыдай, ескерткіштегі сөз біткеннің бәрін бірдей ағыл-тегіл өлең деуге болмайды. Қазақтың «Қозы Қөрпеш — Баян сұлу», «Алпамыс», «Қобыланды» тәрізді әйгілі жырларында кездесетін өлең арасындағы әлқисса-түсіндірме көркем қара сөздер мұнда да кездесіп, араласып отырады. Мы- салы, «Өтүкен йышда иді йоқ ерміс, ел тұтсық йер Өтү- кен йыш ерміш. Бу йерде олурып, табгач будун бірле түзелтім. Алтун, Қүмүш, Ісігті, қутай буңсыз анча берүр тағбач будун сабы сүчіг, ағысы йымшақ ерміс»—«Өтү- кен қойнауының нағыз иесі жоқ еді, бірақ ел тұтатын жер осы Өтүкен қойнауы еді. (Дәл) осы жерде отьірып табғаш халқымен тағдырластым. Алтынды, күмісі, да- қылды, жібекті осыншама шексіз беріп жатқан табғаш халқының сөзі тәтті, бұйымы асыл еді» (ҚТ к).

Тағы бір мысал: «Қелігме беглерін, будунун ітіп йу- гур (аз)ч) а будун тез — іс ерті, он оқ сүсін сүлетдім»— «Қелген бектерін, халқын жайғастырып жатқанда, бі- раздаған жұрт қашып кетті. Он оқтың әскерін аттандыр- дым» (ҚТк).

Қелтірілген жолдарды И. Стеблеваның зерттеуіндей өлең үлгілеріне жатқызу қиын-ақ. Қөне түркі автор- лары, өзімізге әбден қанық қазақтың батырлар жыр- ларындағыдай, болашақ жорықтарды немес өткен оқи- ғаны ақындық тәсілмен, үлкен пафоспен баяндай оты- рьш, өздеріне елеусіз деп есептеген сәттерді жыр ара- сында қара сөзбен жеткізіп те отырған. Әдетте мұндай прозалық жолдардың көркем болуы шарт емес, керісін- ше түсінікті болу жағына баса мән берілген. Осы заң- дылықты Қүлтегін, Білге Қаған, Тоныкөктерге арналған үш шығарманың үшеуінде де кездестіреміз. Өз кейіпке- рін дәріптеуде, оның жойқын соғыстарда көрсеткен есеп- сіз ерліктерін суреттеуде сан түрлі бояуды, бейнелеу тә-

 

сілдерін мол пайдалана отырып шабытпен жырлаған автор бір сәт прозалық баяндауды да қолданады. Мұны біз көне түркі ғұламаларының эпикалық мұра жасау- дағы қалыпты, дәстүрлі әдісі ме деп ойлаймыз.

Екіншіден, Орхон ескерткіштеріндегі өлеңдер тек қа- на төрт жолды бір шумақ қана болып келмейді, онда өзіміздің батырлар жырында жиі ұшырасатын аралас ұйқас та, шалыс, шұбыртпалы ұйқас та мол. Осыған сәйкес біз бір шумақтың үш жолдан, сегіз жолдан да, он үш, кейде тіпті одан да көп жолдардан тұратынды- ғын аңғардық.

Ескерткіште кейбір жолдар өшіп, сол күйінде түсі- ніксіз қалған. Бірақ текстіні аса зейінмен оқыған кісі түпнұсқадан әңгіменің не жайында, кім туралы болып отырғандығын түсінеді. Ондай жолдарды біз төменге түсіріп, түсініктеме беріп отырдық.

Сол сияқты, шығарманың табиғатын неғұрлым дәл беру мақсатымен жырдағы кездесетін байырғы, бірақ қазіргі оқушы түсінетін кейбір сөздерді де сол күйінде қалдырып, ол туралы анықтаманы төменде беріп отыр- дық.

Филология ғылымдарының докторы Ғ. Мұсабаев Күл- тегін ескерткішінің кіші жазуын қазіргі қазақ тіліне ау- дарып жариялады («Жұлдыз» журналы, 1963 ж., № 3).

Бұл әбден құптарлық әрі игі жұмыс. Сонымен бірге біз мынаны да айтуға тиіспіз. Ғ. Мұсабаевтың аударма- сын дәл аудармаға да, еркін аудармаға да жатқызу қиын. Кей тұста ғалым ескерткіштің стилін сақтайды да, кей тұстары бүгінгі өлеңдердей болып шыққан.

Мәселен, ғалым тек әйтеуір ұйқастыру мақсатымен бір ғана сүледім (аттандым) деген сөзді жүргіздім, өргіздім, кіргіздім деп аударған. Ал, шындығында, бұл үшеуі үш түрлі мағынаны білдіретін сөздер. Көне әдеби ескерткіштерді жаңашалағанда мұндай еркіндікке жол беруге болмайды.

Қысқасы, бұл ескерткіштерді аудару керек; бірақ ау- дарғанда, көне мұраның өзіне тән стилін, ерекшеліктерін берік сақтаған абзал.

Орхон жырларын қазақ тіліне жаңашалау, аудару мәселесі жаңа ғана қолға алына бастады деу керек. Көне мұралардың бірнеше өлең аудармасын, жаңаша- сын жариялап, соларды салыстыра отырып, әбден же- тілген нұсқасын жасау — алдағы міндет. Мұны орыс ғалымдарымен қатар, өздерін Орхон жазуларының мұ-

рагері есептейтін советтік түркі халықтары зерттеуші- лері де істеуге тиіс.

Қазақ ақындары да бұл игілікті жұмысқа ден коя бастаған тәрізді. Мұның куәсі ретінде «Жұлдыз» жур- налының 1970 жылғы 3-санында ақын Қадыр Мырза- лиев аударып жариялаған «Қүлтегін» жырының үзінді- сін атауға болады. Бұл табиғаты жағынан әсілі ақындық тәсілден туған еркін аудармаға жатады. Десе де Қадыр- дың аудармасы өте сәтті шыққан. Сондықтан да ескерт- кіштің эпикалық сарыны бүгінгі оқушыға дәл жеткен. Ақындық шабыттан туған бұл аудармадан ежелгі жы- рау Йоллығ-тегіннің қол таңбасын да, ұлылығын да танығандаймыз.

Енді Орхон ескерткіштерінің көне түркі тіліндегі нұс- қасы мен қазіргі қазақ тіліндегі жаңашаланған үлгісіне назар аударыңыз.

 

0

Автор публикации

не в сети 1 год

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля