БҰҚАШ ЖЫРЫ

1 ноября, 2017 9:55

ЖЫРДЫҢ МАЗМҰНЫ

Хандардың ханы Баюндур аспан астына ала шатыр тіктіріп, қалы кілем төсетіп, жылдағы әдетінше төңі- рекке ат шаптырып той жасайды. Хан тойдың бір шеті- не ақ ту, бір шетіне қара ту, бір шетіне қызыл ту көтер- тіп:

 

—  Перзенті жоқ қу басты қара тудың, ұлы барды ақ тудың, қызы барды қызыл тудың астына жайғасты- рыңдар,— деп әмір етеді.

Дерсехан деген бектің ұлы да, қызы да жоқ еді. Таң- ертең күн шыға қасына қырық жігіт ертіп Баюндур хан- ның тойына келеді. Баюндур аулының жігіттері астына қара киіз жайып, алдына қара қойдың етін тартып, Дерсеханды қара тудың түбіне отырғызады. Бұған на- лыған Дерсехан:

—  Өзімнен төмендер ақ, қызыл туға жайғасқанда, менің қара туда отыратындай не күнәм бар еді?—деп реніш білдіреді.

—  Перзентсіз адам — құдайдың қарғысы атқан жа- ны. Оның орны Қара ту деп әмір еткен Баюндур ханның өзі,— деп жігіттер оған жауап береді.

Бұған налыған Дерсехан үйіне келіп әйеліне бол- ған оқиғаның бәрін баяндап:

—   Құдайдың ұл бермегеніне кінәлі мен бе, әлде сен бе, қылышпен басыңды шауып, қаныңды шашайын ба?— деп қатты ашуланады. 1

1 С. Балмүқанов. Қорқыт ата кітабы —«Қазак. әдебиеті», 23 но- ябрь, 1968 ж.

 

Әйелі оған былай дейді:

—- Жазғырма текке мені, Дерсехан, ашу шақырма, орныңнан тұр, ала шатырыңды орнат, жылқыдан айғыр, түйеден бура, қойдан қошқар сойдыр, той жаса, төңірек- ті түгел шақыр; ашты тойындыр, жалаңашты киіндір, қарыздының борышын өте. Таудай етіп ет үй, көлдей етіп қымыз сапыр; сөйтіп құдайдан ақ тіле, тілеуіңді беріп, ұлды боларсың.

Дерсехан әйелі айтқан шарттың бәрін орындап, той- ға жиналған жұрт қол көтеріп құдайдан перзент сұрай- ды. Тілеуін беріп, көп кешікпей әйелі толғатып, арыстай ұл табады.

Бала алып, ержүрек батыр болып өседі. Жасы он беске жеткенде, жұрт жиналып, Қорқыт Ата баланың атын қояды.

Қорқыт ата:

— Ой, Дерсехан, тағыңды дайында, еншісін бер, ұлыңды бек сайла. Алдына мал сал, астына құрық мо- йынды ат мінгіз. Баюндур ханның тажал бұқасын жең- ді, баланың аты Бұқаш болсын, өмір жасы ұзақ бол- сын,— деп, ат қойып, батасын береді.

Бала таққа отырады. Таққа отырған жас батыр Дер- сеханның қырық нөкеріне көз салмайды. Қадірі кетіп, көңілден таса бола бастаған жігіттер әке мен баланың арасына от салады. Ақырында Дерсехан алда жүрген Бұқаштың ту сыртынан садақ тартып, ат жалын құшқан жас батырдың қызыл қаны жоса болып, төңірек күнәсіз батырдың жас қанына боялады.

Бұл кезде Дерсеханның әйелі мал сойдырып, қасына қырық қыз ертіп Дерсеханның алдынан шығады, бірақ ұлы әкесінің жанында көрінбейді. Бір сұмдықты іші сез- ген ананың кеудесі — шерге, жүрегі қайғыға толып, қияқтай қара көзінен қанды жас көл болып ағады. Тір- шілікте зарығып көрген жалғыз ұлын іздемек болып, дерегін Дерсеханның өзінен сұрайды. Бірақ іштей қан-құса болған Дерсехан әйеліне жауап қатуға жара- майды, қырық батыры: «Ұлың аман, аңда жүр, ертең ке- ліп қалар»— деп алдай салады.

Бұл кезде қансырап жатқан жас батырға Қызыр ке- ліп, аян беріп, жарақаттан айығудың емін айтады.

Тақат қыла алмаған байғұс ана қасына қырық қыз ертіп, Бұқашын іздеуге аттанады.

Шарқ ұрған ана қансыраған баласының үстінен шы- ғып, тау шөбіне өзінің емшек сүтін қосып, Қызыр айтқан осы бір емді жасайды. Сөйтіп бала әбден айығады.

 

Бұқаштан қорыққан қырық зұлым Дерсеханды қыл арқанмен матап, басқа бір елге алып кетеді. Мұны есті- ген анасы Бұқашқа: «Әкең саған зұлымдық жасаса, сен жақсылық істе, жау қолынан азат ет»— деп өтінеді. Ана өтінішін құп алып, Бұқаш әкесінің соңынан аттанады. Бір жерге келсе, әлгі қырық жігіт айдалада шатыр тігіп, шарап ішіп отыр екен. Бұқаш бәрін талқандап, әкесін босатып алып, еліне аман-есен оралып, қайтадан бек болады.

ИДЕЯСЫ

Жырдың басты идеясы қазак эпостарындағы пер- зентке зарығу мотивімен сабақтасады. Қазақ жырла- рындағы бұл фабуланың деректі үлгісін «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қозы Қөрпеш — Баян сұлу» жыр- ларынан айқын көреміз. Сексенге келгенше Байбөрі де, Тоқтарбай да, Сарыбай да дәл Дерсехандай бала көрмей, перзентке зарығып неше түрлі қиямет-қиындық- тардан өтіп барып жететін. Алпамыс, Қобланды ат жа- лын тарта өз елін қорғауға аттанса, Бұқаш аңға атта- нады. Құралайды көзінен атқан мергендікті, аң аулау, аңмен ел асырау мәселесін жырлау қазақ жырларында ежелден бар. Тіпті мұның өзі дами келе бертінде «Қам- бар батыр» жырына басты арқау болғанын білеміз.

Жоғарыда айтылғандардың үстіне «Бұқаш» жырын- дағы екінші бір өзекті идеяны да атап кеткен жөн. Ол —• адамгершілікті ардақтау идеясы. Мұны біз Бұқаштың өзін жаралап кеткен әкесін жау колынан азат етуінен анық көреміз.

Түптеп келгенде, жыр талай жойқын соғыстардан мезі болған түркі руларының өзіне қорған болғандай батырды, бейбіт өмірді аңсауынан туған. Оған жырдың соңындағы Қорқыт жыраудың мына сөзі дәлел бола алады:

«Қара орманың шайқалмасын Мәуелі ағашың құламасын,

Аққан суың сарқылмасын.

Шатырың қисаймасын,

Тұлпарың; шалдықпасын,

Болатыңның жүзі қайрылмасын,

Найзаңның ұшы мұқалмасын,

Шырағың жана берсін».

Жырдағы жаралы Бұқашқа Қызырдың келіп аян бе- руі, құдайдан медет сұрау — бұлар бергі дәуірдің қос- палары. Өйткені, жыр ислам діні тараудан біраз бұрын шыққан.

 

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля