ЖАМБЫЛДЫҢ ҰСТАЗДАРЫ

3 ноября, 2017 10:12

ҚАБАН ЖЫРАУ

(1686—1776)
СҮЙІНБАЙ

(1816—1898)

 

Қенен Әзірбаевтың Жамбылға арнаған «Жамбыл — жыр» атты поэмасында мынадай жолдар бар:

«Ұльі жүз ұлғат кылған Сүйінбайды,

Өлең-жыр Сүйінбайсыз бұйырмайды.

Ақындар Сүйінбайды атамаса,

Баяғы басқан ізді шиырлайды.

Ұстазы Сүйінбайдың Қабан ақын,

Бас иген ұлы Жүзде тамам ақын.

Нағашысы — жалайыр Қабан-ды,— деп,

Жамбыл атам айтатын маған атын.

Атағың үлкен еді-ау, Қабан жырау,

Жамбылдың айтқан сөзі есте тұр-ау,

Жиені — Сарбас ақын сөйлерінде,

Әдеті мұртын қағып, кұлақ бұрау».

Импровизатор ақындарда өзі табынған ақынға елік- теу әдет болған. Қабан — Сүйінбайдың да, Сарбастың да нағашысы. Сүйінбайдың, Сарбастың, Қененнің жыр айтарда аспанға қолын сермеп, құлақ бұрауы сол Қа- баннан қалған.

Қабан кезінде өте ірі жырау болған, айлап айтса таусылмайтын ұзақ эпостарды, замана жайында терең толғауларды жырлаған. Өкініші, соның ешқайсысы да сақталып бізге жетпеген. Сыпыра жырау тәрізді, Қабан- ның есімі өзінен кейінгі ақындардың аузынан түспеген. Сүйінбай жасында Қабанның көшінен жеті күн қалмай ілесіп жүріп батасын алса керек.

Қабанның өмірі жайында да дерек тым тапшы. Біз- дің әзірге білетініміз ілгергіні болжагыш жырау — ақын- дығының үстіне үлкен батыр болған, Жетісудың әйгілі батырлары Өтеген, Райымбек, Қарашпен тұстас екен.

Өтеген батыр жерұйықты іздеп, жаһанды аралап елі- не оралғаннан кейін дулат Қараш, Өтеген, албан Ра- йымбек, жалайыр Қабан, төрт батыр Өтегеннің үйінде бас қосады. Райымбек, Өтеген — құрдас, Қараштың жасы олардан кіші екен, бәрінің үлкені Қабан көрінеді.

Райымбек сөз бастайды:

— Өтеген, ел аралаған — сыншы деген, жер дүниені аралап келдің, жасымыз болса келді, батырсың, әрі көпті көрдің, өлген күнде жәйіміз не болады, қайсысы- мыз қайда қаламыз, соны айтшы,— депті.

 

Өтеген:

—   «Аға тұрып сөйлеген ініден без» деген, дүниеніқ жарыгын бұрын керген алдымызда ағамыз Қабан айт- сын,— деп сөздің кезегін Қабанға бұрыпты.

Сонда Қабан:

—   Екеуің біріңді бірің түрткілеп, ақыры мені сына- ғалы отырсыңдар-ау, тыңдаңдар, айтып көрейін,— деп сөз бастапты.

—    Обалым атымды Қабан қойған әке-шешеме бол- сын, атым Қабан болғандықтан, бір бастаудың басында, шоқ қамыстың түбінде боламын. Үш күн денем жерде жатады, үш күннен соң табылмайды. Ал Өтеген, сенің жайлы, жылы мінезің бар еді, жылжып ақкан судың жағасында қаласың, бірақ түбінде жылжисың. Райым- бек, сен көпшіл ең, қиямет қайымға дейін басыңнан салдыр кетпейтін үлкен жолдың жағасында қаласың,—- депті-міс. Бұл аңызды Қенен Әзірбаев пен Өміркұл Құлшықов айтатын.

Қабан жыраудың өзі жайында не болжағанын айту қиын, ол жағы белгісіз, беріректе үрім-бұтағы Іленің жағасында Қабанға белгі қойды. Өтеген өлген соң ба- лалары оны қазіргі Аяққалған санаториясының маңа- йында, Іле өзенінің жағасына жерлеген екен Қапшағай теңізін толтырумен байланысты, Аяққалған теңіздің астында қалатын болған соң, осыдан он бес жыл бұрын Өтегеннің ұрпақтары үкімет орнынан рұқсат алып, ба- басының сүйегін қазір өздері тұратын Қордай ауданын- дағы «Қеңес» колхозына жерлеп басына ескерткіш ор- натты. Ал, Райымбек батырдың зираты Алматы қаласы- ның машина ең көпжүретін Октябрьдің 50 жылдығы атындағы проспектісінің бойында, қалалық зираттың қарсы алдында, ауданаралық автостанцияның шығыс жақ түбінде жатыр.

Қабан жыраудың ұрпағы бүгінде Талдықорған об- лысы, Қиров ауданында тұрады.

 

«Менің пірім — Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай.

Сырлы сұлу сөздері Маған тартқан сыйындай.

Суйінбай деп сөйлесем,

Сөэ келеді бұрқырап,

Кара дауыл құйындай,

 

Екпініме кезіккен,

Кетер ме екен жығылмай»,—

дейді.

Жамбыл өмір бойы Сүйінбайды ұстаз, пір тұтқан, ірі айтыстарда Сүйінбайсыз сөз бастамаған. Сүйінбай — бір ғана Жамбыл емес, өзінен соңғы ұлы жүз ақындарының бәріне де ұстаз. Сондықтан да аяулы білімпаз Мұхтар Әуезов Сүйінбайды Жетісу ақындарының алтын діңгегі- не теңеген.

Сүйінбай ұзьін бойлы, дене бітімі мінсіз сымбатты, күйектей әдемі сақалы болған, аппақ қағаздай мөлдір, сұлу кісі екен. Жырды домбырамен бастап, қыза келе құлағын бұрап термелеп, құйындатып төгіп айтады екен. Қыза келе айқай салғанда жанында тыңдап отырған кісіні селк еткізетін зор дауысты кісі болған. Сүйекеңді көрген, білген, естігендер өлеңнің қызыл желі деп баға- лайды. Мұның мәнісі мынада: Сүйінбайдың тілінен құ- ты қашқан Тезек төре айтыстырып бір сүріндірмекке арқадан Түбекті шақыртады. Түбек жол-жөнекей түс көріп, түсінде Сүйінбай үздіксіз соққан қызыл жел бо- лып көрініп, онсыз да атағынан именіп келе жатқан Тү- бек қаймығып, айтыспай қояды.

Сүйінбайдың салған жерден сөйлеп кеткелі тұрған ақындық келбетін, қайталанбас сұлу бітімін талантты суретші марқұм Әбілхан Қастеев өте дәл әрі әдемі бей- нелеген. Суреттің дәлдігі, образдың жандылығы сонша, мен өзім көрген сайын ақынның семсер жырларын өз аузынан тыңдағандай әсер аламын.

С. Садырбаев халқымыздың ұлы ақыны Сүйінбай- дың мұрасын жинауда көп еңбек етіп жүр. Жырларын құрастырып «Жазушы» баспасынан шығарды. Сүйін- байдың алғашқы жинағын 1935 жылы Ілияс Жансүгіров пен Фатима Ғабитова жариялағаны белгілі. Әдебиет хрестоматиясындағы материалдарды есептегенде, бұл Сүйекеңнің қалың оқушымен қырық жылдан соң қайта табысуы. Және де соңғы таңдамалысы бұрынғыдан әл- де қайда толық әрі мазмұнды болып шыққан.

Жетісуда қылышынан қан тамған хан Тезектің сағын сындырып, бетін қайтарған үш ұлы өнерпазды білеміз. Олар: Сүйінбай, Бақтыбай, Бөлтірік. «Тезектің бір жа- ғы әкім, бір жағы ақын» деп өзі айтқандай, Тезек беде- лін көтеріп, даңқын асыру үшін төңірегіне ақынды көп жинаған.

Сүйінбайды да, Бақтыбайды да, Бөлтірікті де ығына жығып, хан сарайына сұрқылтай еткісі келген, бірақ

 

үшеуі де Тезектің сағын сындырып, зәре-құтын қашыр- ған. Бұл үшеуі тілдің күшімен қырғыздың ханы Шәбден мен Тезектің бермесін алған.

Ащы да болса әділдікті айтуды, төтелеп тіке айтуды Жамбыл өзінің осы ұстаздарынан үйренген. Ұстаздан шәкірттің үйрену өнегесін, тура, дәл кесіп айтатын ақындық, шешендік жолды көбіне-көп Жамбыл Сү- йінбайдан, Бақтыбай мен Бөлтіріктен үйренген. Мұны Тезектің Сүйінбанмен, Бақтыбаймен айтысынан, Бөл- тірікпен қақтығысынан, Жамбылдың би-болыстарға, айт- қандарынан жақсы білеміз.

«Тұсында Абылайдың Бұкар жырау,

Хан Әділдің кезінде Түбек тұр-ау.

Әр заманның бар, дейді сұрқылтайы Сұрқылтайым менің де екен мынау»,—

деп, дәмеленген Тезектің жүрегіне Сүйінбай сөзден найза қадап:

«Хан Тезек, байлығыңа бас ұрмаймын,

Мен бірак көргенімді жасырмаймын,

Шын дертім ұстап кетсе айнымалы Басымнан ұшкан құсты асырмаймын.

Төресің қанды қанға кұйып жүрген,

Айламен бар дүниені жиып жүрген,

Құдай сүйер бойыңда кылығың жоқ Қазакка кайтіп басың сиып жүрген?

Албан, Дулат, Шапырашты ел емес пе,

Шалқып жатқан ел деген көл емес пе,

Қөл толқыса көбігін кетер басып,

Бетіндегі көбігі төре емес пе.

Төре сайтан болғанда, көп — періште Бар сайтанды каккан да пері емес пе?»—

деп, аптыққан төренің тасыған көңілін сілтідей тынды- рады. «Шешенде — тіл, шеберде мін болмайды, жар- лының байлығы — денінің саулығы» деп, дүние малдан- ған Тезекті тәлкек еткен.

«Мен едім Абылайдың хан Тезегі,

Жылқының ұстатпайды сұр көжегі.

Ордаға кұл мен кұтан басып кірген,

Құдайдың бұл да болса бір кезегі»,—

деген, ханды өз ордасында сүріндірген.

Ал Бөлтірік, шынында да, Тезек қаймыққандай, еш- кімнен жеңілмеген шешен, батыр әрі ақын «Жеті жар- ғы» атанған кісі екен.

Тезек кейінірек: «Мен екі ақын, бір шешенді көрдім: бірі — жалайыр Бақтыбай, біреуі — қызыл екей Сүйінбай және ысты Бөлтірік шешен. Атам—Абылай, әкем — Әділ, өзім Тезек едім, он сегіз мың ғаламды жарылқап,

 

қорғауға күшім жетуші еді, осы үшеуінен біржолата сағым сынды» деп Кожбанбет биге мойындаған екен.

Өз сөзімен айтқанда, Сүйінбай — қынаптағы қылыш, аспаннан түскен жасыл, соғып тұрған құйын, ескен қы- зыл жел, жүйріктей жалын тараған, күніне шауып жа- раған, айтысқанды шаңына көмген жүйрік; айтысқанның басынан өлең жаудырып, миын шайқатқан жырдың бо- раны, қияқты сұңқар. Сүйінбай жырларынан оның ал- мастай өткірлігі де, шайқалған жорғалығы да, тұлпар- лығы да, даңғыл жыраулығы да айқын көрінеді.

1936 жылы Жамбыл қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып Москвадан оралғанда Жәкеңежүз- ден асқан бір ақсақал сәлемдесе келіп:

—   Жамбыл, сен аспанға мұнан ары ұшпасаң, енді түспейсің. Осыдан он бес жыл бұрын сен туралы түс көрдім. Алматы қаласындағы Ташкент көшесімен біреу отыз жорғаны тізіп айдап барады екен, соның ішіндегі ең әдемісіне көзім түсіп, қызығып сұрап едім, айдаушы:

—   Бұл — Сүйінбайдың Жамбылға берем деген жор- ғалары, аманатын өзіне тапсырамын,— деп жүріп кетті. Қазіргі Ташкент көшесі — бұрынғы Ұлы жібек жолы еді, сол ескі, ұлы жолмен айдаған жорғалар жарық- тьіқ Сүйекемнің жырлары еді, ол енді сенің маржандай тізілген сөздерің, саған Сүйінбайдың бағы қонды. Сү- йінбай сияқты майталман жорғасың. Өкімет сені дәл тапты, жолың ашылды, жаңа заманың құтты болсын,— депті.

Бір ғасырдан асқан өмірінде талай жырды естіген кәрі құлақ Сүйінбай мен Жамбыл жырларының басын бір таудан алған байтақ дариядай әрі ұлы, әрі сабақтас, туыстас, әуендес екенін дәл танып, жанымеи ұғынып айтқан ғой. Шынында да, Сүйінбайдың бүкіл ақындық табиғаты сыпаты, шәкірті Жамбылға айнымай дары- ған, сол күйінде қонған.

Жарық дүниеге көзін ашқанда, сол дүниеде Сүйін- байдай ақынның болуы — Жамбылдың ең ұлы бақыты. Жамбыл батаны Сүйінбайдан алды, отыз бес жыл со- ңына ілесіп жырдан өрнек тоқып, ұлы ақынның өнегесін алды.

Жамбыл он төрт жасында елдің салтьшен жарапа- зан айтып жүріп, Сүйінбайдың үйінің тұсынан түн ор- тасында өлеңді ағытып қоя береді:

«Жарапазан айтамын есігіңе,

Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе.

 

Ұлдарың батыр болып өссін деймін,

Азапсыз мұрадына жетсін деймін».

Жас талап ұзақ жырлайды, ұлы ақын жалықпай ұзақ тыңдайды. Сәлден соң ақын Еңлік бәйбішеге шам жақтырып:

— Ей, сен Жамбылмысың? Сені жұрт өлең айтады десіп жүр ғой, зәуімен кеп қалған екенсің, айтысып бай- қасақ қайтеді, жеңсең ат мініп, түйе жетелеп қайтасың, жеңілсең атыңды беріп қайтасың, жоқ, әлде бата алып қайтасың ба?— дейді.

Жамбыл:

-— Атыңызды да алмаймын, атымды да бермеймін, батаңызды беріңіз,— дейді.

«Ал, Жамбыл, бата дедің, бердім саған,

Бақытты, ғұмырлы боп жүргін аман.

Батасын ат орнына берді ғой деп,

Қоймағын былай шығып кінә маған.

Артынан Сүйінбайдың орнын басып,

Тіліңнен балың тамсын сорғалаған»,—-

деп, Сүйінбай батасын беріп, көк серкені жетегіне бай- лағанда, Жамбыл:

«Сүйеке, ат та алдың, атан да алдың,

Көрген ең алдын талай наһандардың.

Түйені түгіменен жұтқанменен,

Сонда да бұл жалғанда қақалмадың»,—

дейді. Сонда Сүйінбай:

«— Ей, бала, келіп қапсың бейуақытта,

Жағалап Сүйінбайдай аруақты Аз кідірсең, атыңнан айрыларсың,

Былжырамай алып кет көк лақты»,—

деп, жетектетіп жібереді. Сүйінбай Жамбылдың болашақ дүр ақын болғалы тұрғанын сезеді, сөйтіп соңына ертіп, той-жиыннан тастамайды.

Жамбыл Сүйінбайдың көп айтыстарының куәсі бол- ды, отты жырларының жарқылдап туған талай сәтін көрді.

«Келдіңдер осы топқа барайын деп,

Бір шайқам май түсе ме, қарайын деп. Момын малын зұлымға алып беріп, Нашардың қайтарсыңдар талайын жеп.

Түспей не ғып тұр екен жер мен аспан, Бос отырып кедейлер өле ме аштан?

 

немесе
Жылап жүрген нашарға көз салмайды, Байдан — бейіл, билерден рахым қашкан».
«Тасбих тартқан молдалар ораза ұстар,

Талап жеуге кедейді байлар құштар.

Тары-талқан ауызға бір тимеген,

Ораза ұстар біздерде қандай күш бар.

Кедей байғұс жыл бойы аш боп жүрген,

Сен бөрі кедей лағын бас сап жеген.

Тамұққа қожа түсер, молда түсер,

Пәлені бұл дүниеден бастап жүрген.

Алдап айтқан аятың дін бола ма,

Бақсы-балгер дін қуса жын бола ма?

Пайғамбармен сыйласқан сен-ақ ұста,

Ұстамасам ораза. мін бола ма!»—

тәрізді Жетісу билеріне айтқан Сүйінбай жырын Жам- был өз құлағымен естіген еді.

Жамбылдың: «Шағым», «Қедей күйі», «Сәт сайла- нарда», «Мәңке туралы», «Шалтабайға», «Қалиға» «Қө- кімге», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» тағы басқа көптеген өлеңдерінен Сүйінбайдың әсері анық байқалады.

Сүйінбай — ірі айтыс ақыны. Ол қырғызда Қата- ған, Арыстанбекпен, қазақта — Тезек төре, Қаңтарбай, Жантай, Тәтті қыз, Қескен кекіл, Өзипа, Қүнбаламен айтысқан, Қарғамен айтысы және бар. Өкініші, бұл ай- тыстардың біразы сақталмаған. Сол айтыстың қай-қай- сысында да Сүйінбайдың ақындық мұраты анық көрі- ніп тұрады: байды мінеп, кедейді қорғайды, халықтар достығын жырлайды, әділдікті, батырлықты дәріптейді, алған бетінен қайтпайды.

«Мына отырған Қатағаң,

Мұнша неге қағынды.

Іздегенім осы еді,

Бүгін, міне, табылды.

Түгел тартып алайын Қолыңдағы барыңды,

Басындағы бағыңды».

Міне, Сүйійбай айтыстары осылай басталады. Сүйін- бай айтыстарындағы озық сыпаттардың бәрімен де Жам- был айтыстарында үнемі қайта табысып отырамыз.

Сүйінбайдың айтыстағы әдепкі адымы оның Қарға- мен айтысы.

Ата-анадан ерте айрылған Сүйінбай жетімдік пен

 

жоқшылықтың азабын көп тартады, жан сақтау, күнел- ту мақсатымен ағайындарының қозы-лағын бағады. Үш жүзге бөлініп дауласқан рушылдықты, байлардың зор- лығын көзімен көріп қатты налиды. Он екі жасар Сү- йінбай Майтөбе жайлауының бауырындағы Кереге таста қозы бағып зарлап өлең айтып отырғанда жартасқа бір қонып, бір ұшып, біріне-бір кезек бермей шуылдасқан қарғаны көріп, өзін қарғамен айтыстырады.

Сүйінбай:

«Ассалаумағалейкүм, қара қарға, Қиялап ұя сапсың биік жарға. Шуылдап ертелі-кеш бас қатырдың, Еліңде арыз тыңдар биің бар ма? Саңқылдап екеу ара дес бермейсің. Еншіге бөліспеген үйің бар ма?»
Қарға:

«Сүйінбай, жастайыңнан қозы бақтың,

Жазуына кім қарсы жазған хақтың.

Шыбын талап, маса жеп, байғұс бала,

Тәніңді жапырақпен талай жаптың.

Сені жеген жауызға біз қас болып,

Тор салып, қақпан құрып, талай қақтым.

Мен-дағы сен секілді сорлы жанмын,

Баяны, тұрағы жоқ жүрген аңмын.

Сүйкімсіз түрімізге ісіміз сай,

Ісіне жаратқанның мен де таңмын».

Әрі қарай қарға олардың да ішінен жуан шыққанын, шау қарға, қара қарға, құзғын қарға деген үш руға бө- лінгенін, сөйтіп үшеу ара соғысқанын, екеу ара сөзге қонақ бермей, бірліктен айрылғанын баяндай келе сө- зін былай аяқтайды:

«Біздің елде би де көп, биік те көп,

Босыған, қансыраған киік текөп.

Ашынып кеттім білем, ей Сүйінбай,

Қайыршы, жетім-жесір күйік те көп.

Сорлымын соның бірі, мені, қара,

Сыртым сау көрінгенмен ішім жара.

Жазуы жаратқанның солай шығар.

Ісіне құдіреттің бар ма шара».

Сүйінбай:

«Естідім хал-жайыңды, қарға жаным,

Есіркер менің-дағы бар ма халім.

Көп екен ел ішінде құзғын-құмай,

Қан сорғыш, тілі майда, өңшең залым»,—

деп Қарғаға бүйтіп, берекесіз шулағанша, бірігіп егін сал, басыңды қос, әділ, турашыл бол:

 

«Қарғажан, кош болып тур есен-аман,

Аман-саулык біліп тұр келсе шамақ.

Немесе макшар күні кездесерміз Қүн туып, көрісетін болса заман»,—

деп, қалың кедейдің жақсы күнін алдан күтіп, ілгері үмітпен өріп кеткен қозы-лақтың артынан жүгіреді.

Айтыстың тілі жатық. Айтыс өнеріндегі осы әдепкі адымнан-ақ Сүйінбайдың ақындық беті танылады. Шу дегенде-ақ жас ақын өмірден философиялық ойлар тү- йіп, қоғамның әлеуметтік мәселесін көтереді.

Сүйінбай — қиыннан қиыстырып дәл табатын аса шешен ақын. Жырларының мінсіздігін былай қойғанда,. ел ішіне тарап кеткен Сүйекеңнің қанатты сөздері, ой- лары өте көп-ақ,

Қысқасы, Жамбыл Сүйінбайдан жойқын жырларды, ұзақ сонар эпостарды, батылдықты, әділдікті, турашыл- дықты, халықтық сыпатты үйренді, өмір бойы ардақтап өтті.

1889 жылы Сүйінбай дүние салғанда, Жамбыл жыл он екі ай ұстазын жоқтады. Қелесі жылы Сүйінбайдың асы Найманбай жазығында өткізілді. Асқа ат тұяғы жететін жердегі ақын-жырау тегіс келеді. Сүйінбайдың асы туралы, ұлы ұстаз бен ұлы шәкірттің жарастығы, ақындық дәстүрдің жалғастығы туралы Сүйінбайды да, Жамбылды да білетін көрнекті ақын Әбділда Тәжібаев республикамыздың Мемлекеттік сыйлығын алған «Қөне қоңырау» аталатын баршамызға қымбат жыр кітабын- дағы «Ақындар» деп аталатын тамаша поэмасында жет- кізіп айтқан. Ақындар туралы шабытпен жазылған та- бысты поэмаға бұл жерде сөз қосуды артық деп білдік.

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля