БАҚЫТ АЯСЫНДА

10 ноября, 2017 11:00

Жамбыл бастаған халық ақындары тәрізді Кенен Әзірбаевтың да ақындық жолы халқымыздың өмір жо- лымен біте қайнасады, бірге өсіп-толысады. Жамбыл мен Кененнің ғажап ұқсас тағдыры халық тағдырымен сабақтасады. Революциядан бұрынғы кедей-жалшының азапты өмірін жырға қосқан екі ақын, екі дүние — екі өмірдің есігін бірге ашты, совет тұсында бақыт тапты, жыр салтанатын қайта құрды; жаңа заманды, шұғыла- лы болашақты, халықтар достығын бірге жырлады. Жамбылдың даңқы күллі әлемге аңыз болып тарап жат- қанда, жанында әндетіп үнемі Кенені жүрді.

 

Жалшылық, жоқшылық азабын әбден тартқан Кенен ұлы ұстазы тәрізді Октябрь таңын құшақ жайып, қуа- нышпен қарсы алды.

«Кедейлер, құттықтаймын тойларыңды,

Жазатын күнің туды бойларыңды.

Большевик партиясы көзіңді ашып,

Көксеген тауып отыр ойларыңды».

 

Октябрьден қуат алған, шабытына қанат байлаған Кенен ендігі жерде Октябрьдің нұрын, дана Ленинді жырға қосып, әнге бөлейді. Бұл тақырыпқа арналған жырларынан Кененнің Жамбылдан үйренгені, ұлы ұс- тазына мықтап еліктегені аңғарылады. Мысалы:

«Мұндай қызык көрмеп ем,

Жер гүлденді елменен,

Мал көбейді төлменен,

Қызыл тілім қырқылар Бұл қызыққа желмеген.

Мұндай заман тарихта Еш уақытта келмеген.

Етікшіге — біз дәулет,

Ақындарға сөз дәулет,

Шешендерге — тіл дәулет,

Күйшілерге — күй дәулет,

Әншілерге — үн дәулет,

Мәңгі бақыт орнаған Халыққа келді шын дәулет».

Бір ғана Кенен емес, Жамбыл дәстүрінде барлық халық ақындары дәл осылай өресін алған, тұсауын кес- кен жорғадай, бұрауы келген домбырадай жосылған.

Еркіндік, теңдік алған Кенен мың тоғыз жүз жиыр- масыншы жылдан бастап советтік құрылыстың белсенді күрескеріне айналады. Әуелі ауылдық кеңестің предсе- дательдігіне сайланып, содан соң Қордай болыстық революциялық комитетінің председателі болып тағайын- далады.

«Құтылып нашарлықтан жетілгенім,

Ойдан кетті бұрынғы өкінгенім.

Большевик партиясы көтермелеп,

Қордайға ревком болып бекінгенім»,—

деп ақын дәл осы кезде жырлаған. Осыдан бастап Ке- нен жырымен де, әнімен де, ісімен де жаңа өмірге аян- бай қызмет етеді.

Ақын 1921 жылы Алматы уездік революциялық ко- митетінің тапсырмасымен, жанына уезд ревкомы пред- седателінің орынбасары И. Шпегальскийді ертіп Ысты елінен Қызыл Армияға үш жүз түйе жинау үшін Бал- қашқа келеді. Осында Ләтипа деген ақын келіншекпен айтысады. Жетісу елінің салты бойынша екеу-екеу қо- сылып айтысатын болған. Барған Жерде ыңғайлы ешкім болмаған соң Кененге қасындағы бірге ілесіп келген серігі Иван Шпегальский косылады. Сөзді Кенен бас- тайды:

 

«Мен келдім Кенен ақын Қордайдағы,

Төгейін өлеңімді таңдайдағы.

Ләтипа, дабысыңды естіп келдім,

Жатсаң да төмен Балкаш шалғайдағы.

Өзіңдей өнерпазды кергенімде Қайнайды зығырданым кай-қайдағыу;

Ләтипа айтыста әбден ысылған ақын, сондықтан бұл сөзден сескене қоймайды, шу дегенде-ақ өзінің сөзге ұстатпайтын жүйрік екенін танытады.

«Сен бе едің Қордайдағы Қенен деген,

Ойда жокта түлен түртті келер деген.

Ашадан Сауытбек пен Жидебай кеп Айтысып менен көңлі төмендеген.

Қайрақбай, Әлдибай мен Қөшкімбай кеп, Бәйсімбекпен алты ақын шөмеқдеген,—

деуіне қарағанда, Ләтипа Жидебай, Сауытбектей саң- лақтарды да жеңген сияқты. Мұның өзі, сөз жоқ, Ләти- паның ірі айтыскер екенін дәлелдейді. Бұл ойымызды ақын қыздың кейінгі мына сөздері тиянақтай түседі:

«Ей, Қенен, қоқан-сестен қорықпаймын,

Дүлдүлмін, неше таңға зорықпаймын.

Өлеңнің таңдайымда ұясы бар Ешкімнен үйренбеймін, торықпаймын.

Байқасам жүйрік емес, жүріскерсің,

Өлеңге әуенменен мініскерсің.

Арының қайтпай жүрген ақын болсаң,

Шындасам сөз таба алмай тіміскерсің».

Ләтипаның күйеуі Әбжан Тайшыбайұлы деген жан- жал шығарып, қос жүйріктің табаны жаңа қызып келе жатқанда айтыс, әттең аяқталмай қалады.

Ревком болып жүрген жылдары Кенен Коммунистік Партияның және Совет мемлекетінің көрнекті қайраткер- лері С. Киров, Д. Фурмановпен кездеседі, Ораз Жандо- сов, Жұбаныш Бәрібаев тәрізді халкымыздың аяулы ар- дагерлерімен достасады. Бұл кездесу, достасулар Кенен- ге жаңа бағыт сілтеп, жаңа леп қосады. Ол тұста ақын- ның «Октябрь», «18-жыл», «Шаңқ етпе», «Батырақтар әні», «Соқ, соқ байларды» тәрізді белгілі өлеңдері жарық- қа шығады. Осыдан бастап Кенекең жаңа өмірдің жар- шысына айналады.

1924 жылы дүние жүзі пролетариатының дем беру- шісі Владимир Ильичтің алып жүрегі тоқтағанда, Ке- нен қамқоршысын жоқтап, «Ленин бабам» деген өлең шығарады. Онда ақын:

 

«Ленин жер жүзінің шырағы еді,

Басқарып еңбекші елді құрап еді,

Қалдырған өсиетін орындайды Артында Компартия мұрагері»,—

деп, Ленин ісінің мәңгілігін жыр етеді.

Ақынның ендігі жырлайтыны — социалистік вмір шындығы Коммунистік партия, халықтың баянды шат тұрмысы.

«Теңеу жоқ партияға, баға жетпес,

Еңбегі елге істеген естен кетпес.

Тілегі партияның — ел тілегі,

Партия —г қамқоршымыз халық тектес.

Пария кәрі-жастың жүрегінде,

Халықтың күндіз-түні тілегінде,

Ленин құрған Орталық Комитеті Халықты бастап отыр Кремльде,—

деп, партияның басшылық ролін, партия мен халықтың мызғымас бірлігін ардақтайды.

2

1928 жылы арнаулы тапсырмамен Шу бойындағы елдерді аралап жүрген ақынның семьясы ауыр қайғыға душар болады. Базар, Назар атты үйелмелі-сүйелмелі екі үлы бірдей шетінеп, қос ботасынан айырылған ақын қабырғасы қайысып, қайғыдан көпке дейін арыла ал- май, бүк түсіп жатып қалады. Ол күндерді Кенекең бы- лай еске алады:

— Бір айдан соң еңсемді көтерейін деп таяққа сүйе- ніп кешке жақын төбенің басына келіп отырдым. Мал төлдеген, жан-жануар аяқтанған, кең атырап жаңа ға- на оянған әсем арудай; лақ көгендеген, мал жамыраған, қораның төрі, ауылдың маңы у да шу — қазақ өмірінің бір тамаша шағы еді. Бәрі бар, тек менің Базарым мен Назарым ғана жоқ. Лағынан айырылып, қойдан қойға безек қағып зарлаған ақ ешкіге көзім түсті. Бейшара менімен мұңдас сёкілді керінді. Аңыраған ешкі зары жаралы жүрегімді тырнап, әлі де айықпаған қам көңі- лімді қайта босатЫп, шерімді қайта шайқады. Сен де мен секілді шырағынан айрылған бейбақ екенсің-ау деп, жүрегіме шер, кеудеме жас құйыла берді. Қос шырағым- ды жоқтап:

«Зарланасың ақ ешкі лагыңа,

Емшегіңнен емізген шырағыңа.

Кел, екеуміз қосылып бір жылайық,

Жетер ме екен тәңірдің құлағына.

 

Мәтібүлақ жолымен ел көшеді Екі ағайын ұрысса «сен» деседі,

Баласы ер жігіттің өле берсе,

Шырағы жанып тұрған демде өшеді.

Байқасаң ешкі қандай, лақ қандаі^

Тезекті лақ ойнап құлатқандай.

Жазықсыэ еш адамға жүруші едім,

Не жаздым тәңіріге жылатқандай.

Болмайды көштің көркі түйесі жоқ,

Сөз жаман таппай айтқан міүйесі жоқ.

Баламды бірте-бірте ала б^рді,

Қала ма домбырамның ирсі жоқ»,—

деп, жылай беріппін. Сол жерде екі-үш сағаттай зарлап- пын. Менің балаларым жаңа өлгендей, жұрт көңіл айтып жұбатып, қолтығымнан демеп үйге әкеп салды. Ән ерте- ңіне-ақ елге тарап кетіпті. Бір айдан соң қырғызға бар- сам, ол жақта да ел түгел айтып жүр екен.

Қапалықта жүрген Қенен со жылы әйелі Насиқаны, екі қызын ертіп қырғыздың «Ыстық ата» курортына ба- рып, ақ үйді тіктіріп дем алып жатады. Демалғандар қолқалап Қенекеңе «Бозторғай», «Қөкшолақ», «Ақ ешкі» әндерін айтқызады. Сөйтіп жүргенде бір күні, ішінде Оспанқұл, Төкпе бар, бір топ қырғыз ақындары атпен келіп есік алдына қаз-қатар тізіліп тұра қалыпты. Ор- тасында тұрған Оспанқұл шертпесін шертіп:

«— Ассалаумағалейкүм,

Аманбысың, Қененім,

Амандаса кеп едім.

Алатауды жаңғыртты Зарлап айтқан өлеңің.

Қайтыс бопты, қайтерсіз Базар, Назар бөбегің,

Жал-құйрығың жетілсін,

Өткенге кім өкінсін,

Әйеліңіз ұл туып,

Желкеңізге секірсін.

Өзі беріп, өзі алған Жалғанды кім жекірсін.

Фрунзе мен Пішпекте Қедейден болды шоңдарым,

Қәрігенде Қенеке-ау,

Балалар өліп сорладың.

Қырық кісі кеп тұрмыз,

Сізге амандасуға.

Қатар жатқан құрбы деп,

Қапалы көңілді ашуға.

Қара кепе өңгеріп.

Алты мес кымыз теңденіп.

Қара тайды жетелеп,

 

Өмір бір күн өтер деп,

Бірге жүрген жыршыға Барып қайтсақ нетер деп Мен Оспанқұл жиенің.

Бөлебала — күйеуің,

Қапа болсаң ортақпын,

Сырқырайды сүйегім.

Қөңіл айта кеп қырғыз Қосып келді тілеуін»,—

деп ұзақ жырлаіК көңіл айтыпты.

—  Сол келген Оспанқұл, Төкпе, Айдарбек, Садуақас- тар қайғымды жеқілдетіп кетті. Ертеңіне аруағыңнан айналайын Жамбыл бабам келіп қайғыны біржолата басты,— дейді Кенекең.

Ұлы Жамбыл мен Тоқтағұл қартайған шағында да бүк түсіп үйде отырмаған, ел-жұрттың, шәкірттерінің қайғы-қасіретін үнемі бөлісе жүрген.

Мәселен, кейін Көркемжаны дүниеге келгенде, Жам- был шәкірті Кенен мен келіні Насиқаға арнайы келіп құтты болсын айтады:

«Қененім, келіп қалдым қуанған соң,

Тұйғының үйрек-қаз бен қу алған соң.

Қелінжан, бата берем, қолыңды жай,

Құдайдан өлгеніңе құн алған соң.

Құтты болсын Қөркемің,

Өсе берсін Өркенің!

Құрметіне сәбидің Елім берген домбыра.

Екі күндей шертемін.

Өлең — сөзге Қененді Қызық тойда қыздырып,

Қаз дауысын сыздырып,

Өз сонымнан ертемін!»—

деп, қуаныштың жыры мен күйіне кенелтіп қайтады.

Кенен елу жылдай Жамбылға өкшелес іні, үзеңгілес жолдас, озық өнегесін үйренген зерек шәкірт болады. Дүниеден Жәкең өткенде, ұлы ұстазының орнын басып, ақындардың ақсақалы ретінде үнемі республика ақын- дарының айтысын ашып жүрді. Соңғы қырық-елу жыл- дың беделінде Кенен қатыспаған бірде-бір сөз жарысы, өнер жарысы өткен жоқ. Кенекең 1960 жылы Москвада өткен Халықаралық зтнографиялық Конгреске аяулы Мұхтар Әуезовпен бірге барып қатысып, өзінің тамаша өнерімен конгреске қатысушылардың таңдайын қақтыр- ған.

—  Жүз қаралы журналист жарқылдатып суретке тү- сіріп жатты, радиосына, магнитофонына жазып жатты,

 

сол күні кешке арысым Мұхтаржан менің өнеріме куа- нып қонақ үйінде кіші-гірім той жасады. Мұқ/ардың: «Кенеке, мен сізді әнші ғана деуші едім, осығХн дейін анық танымаған едім. Сіз күміс көмей әншілігідіздің үсті- не әрі ғұлама жырау, әрі әбжіл шешен, баріақ шежіре екенсіз. Халқымыздың аяулы өнерін шет жүртқа жеткіз- ген талантыңызға дән ризамын»—деп, қайта-қайта құ- шақтағаны әлі күнге дейін көз алдымда,-*- дейді Кенекең.

Алматыға қайтып келген соң, Мұха^г соның бәрін аса бір қуанышпен елге айтып жүрді.

3

Ұлы Отан соғысы жылдары Кенен Әзірбаевтың пат- риоттық әндері мен өлеңдері ел ішіне Жамбылдың отты жырларымен бірге тарап жатты. Кенен бұл жылдары аттан түскен жоқ, үнемі Жәкеңмен бірге ел аралап, ха- лықты жігерлендірумен болды. «Қаласын Ленин қорғай- мыз», «Жаурамасын бауырлар», «Кек алу», «Үш батыр- ға», «Майдан-тылмен мықты», «Майданға ел сәлемі», «Батыр болсаң, Мәліктей бол», «Қуанышты күн» тәрізді келісті жырлары мен «Біздің Отан жеңеді» дейтін белгілі әні осы тұста туған.

Кенекең соңғы елу жыл бойы социалистік өмір шын- дығын, партия мен халықтың мызғымас бірлігін талмай жырлап келеді.

1959 жылы республикамыз асқаралы ақынның 75 жылдық мерекесін кеңінен атап өтті.

«Дұғай сәлем жалпыңа,

Қырғыз туған халқына,

Жасы менен қартына,

Қатар жатқан қадірлес Қазақ-қырғыз парқына.

Екі өркеші түйенін,

Екі емшегі биенің.

Әлімқұл мен Оспанқұл,

Тойға келгін жиенім.

Шертпегіңді шерте кел Тағып ішек-тиегін.

Бәйге атыңды ала кел,

Жақсы әніңді сала кел.

Жетпістен асқан жасында Нағашына баға бер!»—

деп, көршілес қырғыз бауырларды тойына арнайы ша- қырады. Оспанқұл бастап келген қырғыз туғандар жар- қын өнерімен Кенекеңнің тойына қазақтан кем қызмет

 

еткен іқоқ. Бұл той ақын жырының, тел өскен екі елдіқ өнер туыстығының, халықтар достығының салтанаты болып өтйрн еді.

Елдің құрметіне, партия қамқорлығына, бақыт құша- ғына бөленгёң қарт ақын өз өмірінің елеулі оқиғасына арнап «ЖетпЦбес» деп аталатын тамаша әнін шығарды.

1964 жылы ккынның сексен жылдығы тойланды. Сон- да да Кенекең суңітылған бәйге атындай өзінің бабында еді.

«Жасымчан өнер көрдім, өлең жаздым,

Сексенде ^рге жүзген өнерпазбын.

Байтак еллбақытты өмір кұшағында.

Қуанған жас баладай мен де мәзбін.

Өлеқнен өрнек салып еңбек еттім,

Әндетіп Алатауды дүрілдеттім.

Әнімді, дастанымды теңдеп алып,

Ортаңа омыраулап келіп жеттім.

Шықтым биыл сексенге,

Тай үйреттім тепсеңге,

Екі Қенен тумайды Алатауға ексең де.

Тұсауым жоқ аяқта,

Сүйенгем жоқ таяққа Сыр алдырман сексенге Тоқсан, жүзің қаяқта»,—

деп жырлағаны, сөйтіп баршамызды мәз қылғаны әлі де жадымызда. Сексенінде өрге жүзген өнерпаздың жор- ғасынан айнымағаны, жігіт ағасындай ширақ қимылы бәрімізді түгел қуантып, қайран қалдырған.

1972 жылы июнь айының тоғызында сексен сегіз жа- сында, Қенекең Алматыға келіп, Ұлы ұстазы Жамбыл- дың 125 жылдық тойының салтанатты мәжілісіне қатыс- ты. Құр қол келген жоқ:

«Дүниеде Жамбыл сыры жан сырымдай,

Енді мен соны айтамын жасырынбай.

Біреуге бұл өлеңім — көне сарын,

Біреуге бұл өлеңім — бал шырындай —

Ақтауға парызымды домбыра алдым,

Ойланыпі шырмауықтай он бұралдым.

Жан Жәке, қартайсам да жырым ширақ,

Басыма саған біткен қонды бағың»,—

деп басталатын «Жамбыл жыры» аталатын көңілдегі дастанын тарту етті.

Дастанда өнер жарастығы, дәстүр жалғастығы, Жам- былдың өзгеше озық өнегесі, ақындық сипаты тамаша жырланған. Қарт өнерпаз сезімнің нәзік пернелерін ба- сып отырып, тойға жырдың маржанынан шашу шашты.

 

«Жамбыл жырдың» аяқтала келіп заты қазақ позиясы- ның зәулім, әрі айшықты ескерткіштерінің бірінеайнала- тыны сөзсіз.
4

Қазақ жері — импровизацияның туын/гігіп, қанатын жайған жер. Сондықтан да жыр тойыньуі ел тойы болып өтуі әбден заңды. Дүниежүзі мәдениеті/гарихында бұрын болып көрмеген бір тойды — Жамбыл ақындығының 75 жылдығын — қазақ халқы бұрын да өткізген. Сондай елеулі оқиғаның тағы да бір курсі болып отырмыз.— Қенен Әзірбаевтың жасы тоқсанғд’ толды, өнер жолына түскеніне 75 жыл болды.

Ақынньщ өзі айтқандай:

Қөкшолағы Қененнің дүлдүл болған,

Өзі совет халқына бұлбұл болған,— заманы бұл. Қуаты қайтқанмен, қарт жүректің қызуы әлі қайтқан жоқ.

Біз бұл очеркте Қордайдың биігінен түлеп ұшқан жыр қыранның даладай кең, дауылдай қуатты, Алатау- дың шыңдарындай биік, тау бұлағындай мөлдір; биікті- гіне сұлулығы жарасқан Жетісудың келісті жайлауын- дай қайталанбас, әсем қаз даусын — ән төресін арнайы әңгіме етпедік. Ол жағын музыка зерттеушілерінің енші- сіне қалдырдық. Әйтсе де: Кенен — әндегі импровиза- дияның тамаша үлгісі. Бір ғажабы, Қенекеңнің жас ке- зіндегі тік шырқау әндері жасы ұлғайған сайын сабасына түсіп, дауыс ыңғайына қарай қоңырлап, майда желдей құлаққа жағымды естіледі. Қай әні болмасын, салған сайын иірімдері өзгеріп отырады. Кенекеңнің әндерін орындаудың қиындығының бір себебі осында.

Кенекеңнің жыраулық, дастаншылдық, айтыскер сы- даты мен жыр өрнектеріне де арнайы тоқталғанымыз жоқ. Бұлардың бәрі де жайғасып отырып, иін қандырып жазатұғын сан-салалы байтақ әңгімелер.

5

Кенен Әзірбаев — өнерде де, өмірде де қайталана бермейтін елеулі құбылыстардың бірі. Мен Кенекемнің осыншама жасқа келгенше қарлықпаған күміс көмейіне тәнті екендігімді, қанатын қомдаған қарт қырандай жа- сымаған, шөкпеген, кетілмеген асылдығына, сергектігіне ғашық екендігімді жасыра алмаймын.

 

Салдлы саусақ, сом денелі ақын атамыз бүгінде аңыздар -адамындай болып өзі дүниеге келген Сұлутөр- дің етегінде — Қордайдың баурайында Жамбыл жайын- дағы ұзақ дастанын аяқтау үстінде.

Қенекем кәрі серігі — домбырасын баяу ғана шертіп отыр. Ал мен\болсам қарт жыраудың келісті келбетіне қызыға қарап апталап, айлап жырласа талмаған дауыл- паз, шалқар жырауларды; жезтаңдай, күміс көмей сал- серілерді көбірек есіме алдым… Шіркін-ай, талай өнерді тең ұстаған, қынапДан суырғандай жарқылдатып айта- тын солардай өрен укүйріктер тағы да туар ма екен?!, Жоқ әлде Қенекең солардың соңы ма екен?

Қенекем баяу шертіп, терең ойдың үстінде отыр. Ақын қыран көзін алысқа қадап, домбыраны ұзақ шертсе бол- ғаны,— тағы да бір жырдың дүниеге келгені. Ол кісі әдетте ән-жыр тудырарда дәл осылай өзімен-өзі, оңаша болғанды ұнатады, сонда әні де, жыры да қатар туады.

Ақын ата ой үстінде. Бірақ нені ойланды, неге толған- ды — бұл арасы қазірге қарт жыраудың өзінен бөлекке белгісіз. «Ақынның құлағы өзінен қырық жыл бұрыв туады» демеп пе еді Ноғайбай, сәтін тілеп сәл күтелік, кім біледі, бәлкім ақын коммунизм ұрпағына баба жы- рын жұптап отырған болар…

 

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля