АКАДЕМИК МАРҒҰЛАН

13 ноября, 2017 11:11

Халық тарихында, оның мәдениеті мен ғылымында ешпес, өнегелі із қалдырған дана ойшылдар, білімпаз қайраткерлер қашан да сол халықтың өзімен мәңгі бірге жасайды.

Совет заманы халық талантының қайнар көзін, кең арнасын ашты. Жетпістен асқан қарт Жамбылдың Ок- тябрь революциясынан кейін замана құрсағынан қайта туып, бақыт тауып, лезде-ақ күллі әяемге аңыз болып тарауы осының айғағы еді. Бұл дәуірде оқып білім алған Қаныш Сәтпаевтың, Мұхтар Әуезовтің есімдері халық мақтанышына айналды.

Халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін жалықпай зерттеп, том-том бағалы кітаптар жариялап, көпшілік санасының өсуіне, білім қорының молаюына ықпал жа- сап келгендердің ең көрнектілерінің бірі — АҚАДЕМИК ӘЛКЕЙ ХАҚАНҰЛЫ МАРҒҰЛАН.

 

* * *
Жиі кездесіп үнемі жөн-жоба, ақыл-кеңес алып жүр- .ген ұстаз жайында, көрнекті ғалым қайраткері, қарапа- йым аға жайында, оның ғылымдағы мұратын, ой-параса- ты жайында жазудың қиын екендігін мен қолыма қалам алғанда ғана түсіндім.

…Көпшілік ойынан шыға алмасам ше? Әңгімені не- ден бастау керек? Жастарға үлгі болсын деп академик- тің балалық шағын, өскен ортасын жазам ба, жоқ әлде, жасынан зерек, Баянның сұлу табиғатына, қазақтың ұшан-теңіз жырына бөленіп өскен Әлкейдің Москва, Ленинград қалаларындағы оқу, іздену жолын жазам ба? Онда Қаныш, Мұхтардай жас даналармен білім жо- лына бірге аттанған шәкірт жылдарының қымбат, қызық әңгімесін айтып жеткізе алар ма екем?..

Жоқ, бұл алдағы уақытта асықпай жазатын, бөлек дүние, қызық әңгіме болса керек. Сондықтан да мен бұл мақалада ғалымның тындырған істері, жаңа ізденістері жайында мағлұмат беруді жөн көрдім.

* * *

Задында жасампаз ғұламалардың бәрі де жан-жақ- ты болған ғой. Әлкей Марғұлан да ғылымның әр сала- сына өз үлесін қосып келген білікті ғалымдардың бірі. Ол —• әдебиетші, тарихшы, археолог, өнер зерттеушісі, саяхатшы, этнограф. Әлағаңның ұстаздығын, жазушылы- ғын қосыңыз. Бұл жерде біз жазушы деген сөзді әдейі ■айтып отырмыз. Өйткені, ғалымның еңбектері дәлділігі- нің, тереңдігінің үстіне көркемділігімен де ерекше сыпат- талады.

Сіз Шоқан шығармалары бес томдығының алғашқы кітабындағы Шоқан өмірінің очеркін қайта бір оқып қа- раңызшы. Сірә да оның әдеттегі өмірбаяндық жалаң деректемелерден тіпті бөлекше жазылғандығына таласа қоймассыз. Бұл очеркті Шоқанның өскен ортасы, дүние- танымы, өнер дүниесі жайындағы тұтас көркем шығарма десе де болғандай. Қазақ топырағында туған өмірбаян- дық очерктердің бұдан озық үлгісін таба қою қиын.

% % %:

Мағынасыз бос жүрістен ғылым да, өнер де шықпай- тыны мәлім.

 

Уақытты үнемдеп, оны орынды пайдалана білудің өзі де үлкен мәдениеттің белгісі. Күнделікті өмірін мақ- сатсыз өткізіп, әйтеуір таңды атырып, түк бітірмей күнді батырып жүргендерге қарасаң, өмір ұзақ тәрізді, ал тір- шілігінің әрбір сәтін пайдалы істерге, Отан игілігіне арнап, үнемі ізденіс үстінде жүрген азаматқа уақыт еш- қашан жеткен емес. Қоғамға белгілі болған ардагерлер- дің бәрі де үнемі уақытпен санасып отырған.

Осы орайда академик М. Әуезовтің мына бір сөзі еске түседі. Бірде университетте сабақ үстінде Мұқаңі

— Мен өзім теңдес, өзім құрбылас орыс достарымнан үш жыл кейін жүремін, өйткені олар «Евгений Онегинді» ,тоғыз жасында оқиды, ал мен он екі жасымда оқыдым,— деген еді.

Білімпаз ұстаздарымыздың бұл сөзі жасы жиырмадан асқанша «Евгений Онегинді» оқымаған біздің студент құрбыларымыздың біразын сонда мықтап ұялтқан.

Ғылым жолы, өнер жолы табандылықты, талмай із- денуді қажет етеді. «Данышпандылықтың өзі — шыдам- дылық»,—- деген ғой дана көсеміміз К. Маркс.

Әлкей Марғұлан бірден академик болған жоқ. Өмір бойы білім-ғылым қуған ізденімпаздылығы, табандылы- ғы мен шыдамдылығы Әлағаңды Отанымыздың ең ірі тюркологтардың қатарына әкеліп қосты.

Ол филология ғылымының докторы, профессор, Қа- зақ ССР Ғылым академиясының академигі, Шоқан Уә- лиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында бөлім меңгерушісі болды.

* * *

Әлағаңды үнемі жазу столында, жұмыс үстінде көре-

сің.

Жаз шыға республикамыздың байтақ даласын ара- лап, жойқын соғыстардың зардабынан жер астында кө- міліп қалған, жойылып кеткен ескі қалаларды іздейді. Сөйтіп, Қазақстан жерін мекендеген адамзаттың елселгі мәдениеті, кәсібі, тұрмыс-тіршілігі жайында жаңа дерек- тер әкеледі. Кыс бойы жазады, жаз шыға қайта ара- лайды.

Академик Марғұлан Алматыда Қарл Маркс пен Қалинин көшелері түйіскен жердегі үлкен үйдің үшінші қабатында тұрады. Біз сол үйге қарай аяңдап келеміз.

Зілі жоқ, тентек, ерке қыздың мінезіндей Алматы- ның ауасы да ғажап қызық қой. Үйден шыққанда түк

 

жоқ еді, троллейбустан түсіп, әудем жерге жеткенше үсті-басымыз малмандай аппақ қар болды. Қарды сіл- кіп қоңырау соғып ішке кірдік.

Әлағаң бүгін де әдетінше кабинетінде, жұмыс үстін- де отыр екен.

Столдың үсті толған қағаз. Жарық күнде шам жа- ғып, ортасында ғалым отыр. Ай маңдайы жарқырап, ақ- шыл тартқан бұйра шаштары толқындаған Әлағаң дәл осы бір сәтте маған замандастан гөрі аңыз болып жет- кен ежелгі грек данышпандарына көбірек ұқсай берді.

Мен қызығып, ұрланып қарап тұрмын. Не жазып отырғанын кім білсін, әйтеуір таза ғылым екені ақиқат. Ғалымның ойын бөле алмай, қаламы жүрген осы бір қымбат сәтін бұза алмай, дағдарып біраз тұрдым.

Бұл кісімен пікірлесудің өзі бір мектеп қой, шешіліп бір сөйлесе болғаны, тарихтың жай-жапсарын түгел шарлап, ежелгі қалаларды аралап қайтқандай бо- ласың.

Ойлы, қыран көздерін алысқа тастап, қағазға қайта үңіледі, қайта жазады. Дамылсыз жазып отыр.

Сәлден соң:

—    Әлаға, рұқсат па?— дедім.

—    Е, кел, кел,— деп, орнынан тұрды.

* * *

Өзіміз көрмесек те, кезімізде академик , профессор- лардың қаңғалақтығы, жүріс-тұрысындағы кейбір қы- зық мінездері жайында айтылатын әжуа-әңгімені көп ес- тігеніміз бар. Әзірге сыңар аяқ, сөлекет жүрген ғалым- ды көрген емеспін. Ал нағыз ғалымдардың ақкөңіл, ба- ла мінезді болатындығын шынында көріп жүрміз. Әл- ағаң сондай кісі. Табиғатына сол мінезі жарасады да.

—- Әлаға, газет оқушылары сіздің ғылымдағы ізденіс- теріңіз жайлы білгісі келеді, мен газет тапсырмасымен арнайы келіп отырмын,— дедім.

Күнделікті жоспарлы жұмысынан ойын бөлгісі кел- меді ме, қайдам:

—  Ол ұзақ әңгіме ғой, оның қайсысын айтамыз?— деп кейінге сілтегендей болып еді, десе де біртіндеп ше- шіле бастады.

—  Ендеше әңгімені Шоқаннан бастайық, менің көп уақытым сол Шоқан еңбектерін әзірлеуге жұмсалды,— деп, біраз ойға шомды.

 

Әлағаңның Шоқан мұрасын зерттеудегі сіңірген есеп- сіз еңбегі еске түсті.

Өмірден тым ерте кеткен Шоқанды әлемдік ғылым Орта Азия мен Шығыс Түркстанның айтулы зерттеушісі ретінде тіршілігінде-ақ мойындаган болатын. Ұлы галым- ның соңында қалган мол мұраны жариялауга Шоқанның айнымас орыс достары сол кезде-ақ шұгыл кіріскен, бі- рақ бұл игілікті істі зиялы бауырлар мезгілінде толық аяқтай алган жоқ. Сондықтан да бұл міндетті өтеу кейін- гі ұрпақтың сыбагасындагы іс еді.

Ондаган жылдар бойы жалықпай іздене түсіп, Шо- қанның байтақ қазынасын Отанымыздың түкпір-түкпі- ріндегі архив шаңдагынан ақтарып, жинастырып, оларды ретке келтіріп бес томдық толық жинақ етіп бастырган галым — академик Маргұлан.

Осыншама қымбат қазынаны қалпына келтіру шын мәнінде Шоқанды қайта тірілтумен бара-бар орасан жұ- мыс еді. Туган халқы осы еңбегі үшін шексіз алғыс айтады.

* * *

Маркстік-лениндік жасампаз ілімнің пәрменділігіне сүйеніп отыра іздену, сыр ашпаган белгісіз түкпірлер- ге сапар шегу, көп жүмбақтың кілтін ашу—бастан-ақ Әлкей Хақанұлының гылымдагы басты мұраты.

Ғалымның «Шоқан» және «Манас» атты соңғы моно- графиясы талайды болдыртқан, талайдың өмірін тауыс- қан тағы бір жұмбақтың кілтін ашып отыр.

Білімді кісілердің бауырын жазған жүйріктей кең көсіліп, шешіліп сөйлейтін әдеті емес пе, Әлағаң жұмба- ғы шешілген бір әңгімемен өзіне еріксіз тарта берді.

— «Манас» тарихи заманнан таулы Азия қыратын- да ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан қызық- ты жыр, қыргыз халқының айтулы мұрасы. Бұл жырды алгаш рет қагаз бетіне түсіріп, оны әдебиет дүниесінің белгілі кеніші еткен жас галым Шоқан еді. Бірақ Шоқан жазып алган «Манас» жырының қыргыз тексті көп заман гылымга белгісіз болып жатты. Бұл нұсқаны жарыққа шыгаруды Шыгыс әдебиетін зерттеуші галымдардың та- лайы талап еткен еді, алайда, өкінішке орай оның сәті түспеді. Ойткені, Шоқан нұсқасы көп заман қою тұман астына батып, үшті-күйлі жоқ болды.

«Манас» жырының қағаз бетіне түскенін біз бұрын Шоқанның орысша аудармасынан, пе қыргыз текстін

 

көзімен көрген оның қадірлі досы Г. Н. Потаниннің есте- ліктерінен ғана білетін едік. Жүз жыл бойы архив тоза- ңында жоғалып жатқан бұл асыл кеніштің ақырында табылғаны «Манас» жырын зерттеушілерге бұлақтың қайнар көзін қайта ашқандай болды.

«Манастың» Шоқан жазып алған нұсқасын табуға себепкер болған Шоқанның замандас досы, белгілі та- тар ғалымы Хұсаин Фаизхановтың Шоқанға жазған хаттары.

Хұсаин Фаизханов — Шоқанның қырғыз-қазақ тілін- дегі қолжазба дәптерлерін көзімен өткеріп оған зор қуа- ныш білдірген кісі. Шоқанға жазған бір хатында ол бы- лай дейді (академик хатты оқи бастады):

— Тәңірі жарылқасын. Мендегі дәптеріңізді көшіріп алуға рұқсат беріпсіз. Қазір жазып бітіргенім жоқ. Бі- тіргеннен кейін Романовскийге беремін. Сіздің дәптерле- ріңіздегі «Қөкетай ханның ертегісі» қазақ ертегілерінен біраз басқарақ көрінеді, оны сіз қайдан алдыңыз? Ол сіздің жұртларда бек мәшһүр ме? Соның хикаясын жаз- саңыз деп өтінемін, жақсы нәрседен екен.

Г. Н. Потаниннің айтуынша, Шоқанның Алатау қа- зақтары мен қырғыздар туралы жазып алған мәліметі өте байтақ болған. Бірақ, амал не, осының бәрі бүгінде қайда қалғаны белгісіз. Дегенмен, «Манас» жырының табылуына қарағанда, Шоқанның Жетісу қазақтары мен қырғыз халқының ауыз әдебиет мұраларына арналған дәптерлері тегіс жоғалып бітті деуге болмайды. «Манас» жыры сияқты олар да әрбір архивтің түкпірінде жасы- рынып жатқаны күмәнсіз. Біздің байқауымызша, Шоқан- ның жоғарыда аталған дәптерлері революциядан бұрын- ғы Қүншығысты зерттеуші ғалымдардың архивтерінде сақталып келген және ол дәптердің бірнеше көшірмесі болған. Фаизхановтың: «Сіздің дәптерлерді көшіріп бол- ған соң Романовскийге тапсырамын» дегені мұны ашық көрсетеді.

Жас ғалымдардың ізденгіштігі, еңбексүйгіштігі әл- деқалай деді ме, осы жерге келгенде, академик тамағын кернеп «соны іздеу сендердің міндеттерің емес пе?» де- гендей, маған бұрылып қарады. Рас-ау, дедім ішімнен. Десем де Шоқанның хаттары мен жоғалғаң дәптерлерін іздеп жүрген жастардан ешкімді есіме түсіре алмай қи- налдым.

Ұялтпайын деді ме, Әлағаң сөзін әрі қарай жалғасты- рып кетті.

 

— Шоқан «Манас» жырын 1856 жылы жазып алған. Бар өкініші, оны кімнен жазып алғанын айтпаған.

Шоқанмен тұстас болған белгілі манасшылар -— Кел- дібек, Назар, Телтай, Бальіқ. Бұлардың барлығы да Ыстықкөл төңірегінде жасаған манасшылар. Әйтеуір осылардың біреуінен жазып алғаны күмәнсіз. Жырдың сәулетті түріне, шалқыта айтқан маңғаз сөзіне қараған- да, бұл жырды Шоқан бір ұлы манасшыдан жазып алса керек. Сонда кімнен?

Бұл сауалға да тұңғыш әрі түпкілікті жауапты ака- демик Әлкей Марғұлан берді. Ол кісінің айтуынша, Шо- қанға «Манасты» Назар жырау жаздырған. Ғалымның дәлел, болжамдары мүлтіксіз. Егер кеңірек танысам деу- шілер болса «Шоқан және «Манас» деп аталатын моно- графиядан оқып алуына болады.

Стол үстінде ашылып жатқан хатқа көзім түсіп кетті. Хатты жазған кісі профессор К- Юдахин. Хатта былай деп жазылыпты:

«Аса бағалы еңбегіңіз үшін сізге мың да бір рахмет!».

Дүние жүзіндегі ең ұлы эпостардың бірі «Манасты» тұңғыш рет хатқа түсіріп, жариялаған, сөйтіп, манаста- ну іліміне із салған қазақ ғалымы Шоқан болса, Созет дәуірінде сол ілімді негіздеген, тағы да қазақ ғалымдары Мұхтар Әуезов пен Әлкей Марғұлан екендігін әр уақыт- та мақтанышпен айта аламыз. Бұл — ғылыми орта әлде- қашан мойындаған ақиқат та әрі қуанышты шындық.

* * *

Ес білгелі үнемі ізденіс үстінде келе жатқан ғалым- ның жарты ғасыр ішіндегі сан-салалы табыстарын баян- дап, түгел жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да сол қыру- ар еңбекті жинақтап айтуға тура келеді.

Академик Марғұлан Казақстан мәдениеті тарихының үш саласын бірдей ұзақ жылдар бойы түпкілікті әрі же- місті зерттеп келеді.

Біріншісі — мүсін тастар, ежелгі жәдігерлер;

Екіншісі — ежелгі миф аңыздар; Орхон жырлары, «Манас», «Алпамыс» «Қорқыт», «Оғыз-наме», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» тәрізді байырғы эпикалық мұра- лар;

Үшіншісі — сәулет өнері, қалалар тарихы.

Бұлардың әдепкісі — 40, екіншісі — 70, ал соңғысы — 60 баспа табақ еңбектен тұрады екен. Бұған Шоқан, Абай, Жаяу Мұса, Ақан сері, Тәттімбет жайындағы 20

 

баспа табақ еңбекті қоссаңыз, академик Марғұланда әлі жарияланбаған қаншама қымбат мұра жатқанын аң- ғару қиын емес.

Әлкей Хақанұлы қазақ өнерінің сирек кездесетін, еш- кім білмейтін неше түрлі қымбат үлгілерінің ескі сурет- альбомын да дайындап отыр. Біреуі — революцияға де- йінгі, екіншісі — революциядан кейінгі кезеңді бейне- лейді.

Мұның бәрін де ғалым экспедицияларда жүргенде ұзақ жылдар бойы, аса ұқыптылықпен жинаған. Бұл альбомдардан ежелгі эпостарымыз шабытпен жырлаған қорамсақ, сүңгі, найза, көбе, жебе, айбалта тәрізді қару- жарақтардың, ою-өрнектердің, былғарыдан істелген әше- кейлі жиһаз-бұйымдардың не бір сымбатты, айшықты үлгілерін көруге болады. Зер салып қарасаң, әрбір су- рет өз алдьша тұнып тұрған жырдай, ерекше әсер қалды- рады. Мәдениеттің осындай озық үлгілеріне мән беріп, оларды ғылыми түсініктемелермен жабдықтап, түрлі- түсті альбом етіп шығару-—бұл да кезек күттірмейтін міндет. Ондай альбомдардың өнер тарихын танытатын рухани қазына әрі тамаша ғылыми мұра болып шығаты- ны анық.

Әлкей Хақанұлы қазір қола дәуіріндегі Беғазы мәде- ниетін жан-жақты сипаттайтын отыз баспа табақтай ең- бегін жазып, аяқтау үстінде. Бұл бұрынырақ жарыққа шыққан «Орталық Қазақстанның ежелгі мәдениеті» деп аталатын тамаша еңбектің екіиші томы болмақшы.

Осы кітабын аяқтасымен ғалым, қазақ сөз өнерінің тарихы жайындағы еңбектерін жүйелеуге кіріспек.

Осының бәрі айтуға ғана жеңіл, ғылым үшін бұл аз дүние емес.

Біз ғалымнан соңғы мәселе теңірегіндегі ойларын та- ратып айтып беруді өтіндік. Әлағаңдай білімпаз ғалым- ды тыңдай бергенге не жетсін, жібектей майда, қоңыр даусымен сыр қазынасын аша береді, мен үлгергенімше жаза бердім.

Заманымыздың V — VI ғасырларынан бергі жерде Қазақстанда отырықшылық етек ала бастайды. Жетісу, Сыр бойындағы топ-топ қалаларды сырттан келіп ешкім салып бермеген, оны осы өңірлердегі тұрғылықты халық- тың өзі салған.

Қала мәдениетінің көркеюі Қараханид дәуіріне келе- ді, Айша бибі мавзолейі — соның ғажап үлгілерінің бірі.

Мүсін, сәулет өнерімен қатар бұл өңірлерде жыр, эпос

 

ерекше дамиды. Қазаққа қолмен мүсін, сәулет жасаудан гөрі заманының елеулі оқиғасын, белгілі батырларын жырлау әлдеқайда оңай еді. Ертегілер, мифтер, эпикалық үзінділер, тіпті, кешпелі ғұн, сақ, үйсін замандарынан бері белгілі екені мәлім. Мұны Прийск, Менандра Зе- мархтар талай тамсанып жазған.

Академик Н. Веселовский тәрізді ірі ғалымдар гун- дерде үйлену, жерлеу салтымен байланысты жосьш-жора (обрядовые) поэзия болды деп өте дұрыс айтқан. Мифтің ол кездегі түрлерінен Ақ Қөбек, Құла Мерген, Ер Төстік- терді атауға болады. Бұлар табиғаты жағынан көбінесе эпосқа келіңкірейді. Қазақтың жьір-ертегілеріндегі жал- ғыз көзді дәудің де тегін сол ежелгі мифтерден іздеу ке- рек.

Ежелгі жазбаларға қарағанда, қазақтың жыраулық өнері, тұспалдап естіртуі, жоқтауы, мадақ жыры сол кез- дің өзінде-ақ үлкен сатыда болған.

Қемеңгер көсеміміз В. И. Ленин халық ертегілерімен танысқаннан кейінгі Бонч-Бруевичпен бір әңгімесінде: «Шіркін-ай, зерттесе қандай материалдар, елдігі, тарихы тұнып тұр ғой» демеп пе еді? Ленин бағалаған ертегілер- де халқымыздың ой-санасының ең әдепкі адымдары бар. Халық болған жерде өлең-жыр сөзсіз болған, бірақ сол қай сыпатта болды — осылардың бәрін анықтау, тиянақ- тау — ғылымның ісі.

Әрбір заманды зерттеп тану үшін үлкен дайындық керек. Мен өзім көздің майын тауысып, сарғайып істе- генді жөн көремін. Қөзі шалғанды білгішсініп айқайлап шыға келетіндерді ұнатпаймын, ғылым олай жасал- майды.

Ендігі бір сөз қазақ әдебиеті тарихын жүйелеумен байланысты болмақ.

Қазақ әдебиеті тарихының қазіргі жүйесін ғылыми, әрі әбден жетілген деп айту қиын. Әдебиет тарихын ха- лық тарихымен тығыз байланыста, бірегей тұтастықта альга зерттеген дұрыс.

Әдебиетіміздің ескі тарихы жаңа аяқтанған бота се- кілді, жаңа ғана аяқтанып келеді. Халық бір кездерде жасаған әдебиет үлгілерін тарих түкпірінен аршу керек.

Ескі Русь пен бергі орыс мәдениетінің арасына орыс халқы тас қамал қоймаған. Олар әуелі ескі мәдениетті зерттеп, сосын оған бергі үлгілерді қосып, бүкіл әлемге орыс халқының байтақ, кең мәдениетін, өнер тарихын — біртұтас ұлы мәдениетін танытты. Біз үлгі алатын, біз ұстанатын өнеге жолы, міне, осы.

 

Келешекте қазақ әдебиетінің тарихы төмендегіше жүйеленгені шындыққа жақынырақ болады:

1. Ерте замандағы көшпелі тайпалар (сақ, ғұн, үйсін) әдебиеті.

2.  Түрік дәуірінің әдебиеті. Бұл тұста эпикалық шы- ғармалар жоғары сатыға жетті. Бұл дәуірден Орхон ес- керткіштері, «Оғызнаме», «Алпамыс», «Қорқыт», «Қозы Қөрпеш — Баян сұлу» тәрізді әлемге әйгілі жыр-дастан- дарды атауға болады.

Фараби, Жауһари шыққан жерден ақын да шыққан. Жетісуда, Сырда, Таласта ақын-жыраулар өте көп бол- ған. Әлбетте, мұны да айқындау керек.

3.  Осыған іліктес әдебиетті Алтын Орда дәуірінің әде- биеті демей, Қыпшақ әдебиеті деген жөн. Бұл XI — XIV ғасырлар арасын қамтиды.

Плано Қарпини Сырдағы ең мықты тіл қыпшақ тілі деп өте орынды айтқан ғой. XII ғасырға дейін оғыз-қып- шақ тілінің қатар дамығаны рас, бірақ оғыздар Хорасан- ға көшкеннен бастап Жетісудан Еділге дейінгі аралықта таза қыпшақ тілі дамыған. Бұл жайында Қыпшақ дәуірі- нің білгірі Ананияз Зайнчковскийдің еңбектерін көбірек қарау керек болады.

XV ғасырға дейінгі осы аталған әдеби кезеңдер мен әдеби мұралардың дені түркі халықтарына ортақ болып келеді, ал XVI ғасырдан бастап қазақтың төл әдебиеті қанаттанады.

Ғалым сағатына қарады:

— Бүгінгі әңгімемізді осымен доғарсақ қайтеді,— де- ді. Академиктің онсыз да зәру уақытына одан әрі қиянат жасауды біз де жөнсіз деп білдік.

Қағаздарымды жинастырып болғанымша, ғалым қо- лына қаламын алып, Беғазы мәдениеті жайындағы екін- ші кітаптың соңғы беттерін жазуға қайта кірісіп кетті.

* * *

Мен киініп тысқа шықтым. Аспан айдай ашық. Жер- дің бетін аппақ ұлпа қар жапқан.

Ғылымның кең сарайын аралап, салауатты кеңесінен шыққандай, әлгі байтақ әңгіменің әсерінде келемін.

1972 жыл.

 

0

Автор публикации

не в сети 10 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля