АҢЫЗДАР ЖЕРІНДЕ

18 ноября, 2017 11:35

Ғажайып ертегілеріндегі алыс армандар бүгінгі өмір шындығына ілесе алмай қалды. Ежелгі Талас (Тараз) қаласы өзінің ұзақ тарихында қанша қирап, қанша өзгерді — оны кім білсін, бірақ дәл қазіргісіндей гүлден- бегені, түлемегені ақиқат. Жамбыл бүгінде алып завод- тардың, үлкен өндірістің қаласы, сан-салалы шаруашы- лығы дамыған облыс орталығы.

1

Талас — осы облыстағы шалғай аудандардың бірі. Қаратаудың құт қойнауынан басталып, жоталы құм бұйраттарымен аяқтасып жатқан бұл өңірдің кеудесі қыратты, етегі құмақты келеді. Қырғыз Алатауынан арнасын ашқан асау Талас та бұл өлкеде әбден жуасып, сабасына түседі де ауданнан өте бере-ақ саябыр тауып, аяғы ұсақ-түйек көлшіктерге айналады.

Біз Жамбылдан кештете шықтық. Адам қиялы тым жүйрік емес пе, мен бұл өңірдің өткеніне ой жіберіп келемін…

Бұл өлкеде сан ғасырлар ғұндар, сақтар, түрктер ат сабылтқан. Сол жойқын жорықтар артына аңыздар қалдырған. Бертінде, Дешті Қыпшақ тұсында, Тараз біраз гүлдене түскендей еді, әттең моңғол шапқыншылы- ғы күл-талқан етіп тегістеп кетті. Сонда да ежелгі Та- раздың Айша бибі, Баба әже, Қарахан секілді үш маза- раты сол күйінде бізге жетті.

Соншама опаттан бұл ғажап ғимараттардың бүлінбей қалғанына қайран қаласың. Опасыз шапқыншылардың Тараз түбіндегі бұл мавзолейлерді құлатуға шамасы келмеді ме, жоқ әлде, Шыңғыстың қанды көз ұрпақтары да ғашықтық алдында дәрменсіз болды ма екен-—бұл арасы әзірге жұмбақ.

Басына сондай мавзолей салдырғандай Айшаның өзі кім, Баба әже кім еді? Бұл жайында Тараз заманынан келе жатқан мынадай аңыз бар:

Шаш (Қазіргі Ташкент) түбіндегі әскери әзірліктің бірінде ару Айша Тараздан келген жас батыр Қарахан- ның өнеріне ғашық болған. Жігіт те қызды ұнатқан. Ба- тыр жорыққа аттанар алдында:

— Ажалдан алыс болсам, соғыстан соң мен мұнда соқпаймын, тіке Таласқа тартамын. Сүйгенің рас болса, мені іздеп Таразға кел, асылым деп күтіп аламын,— де- ген екен. Қыз келісіп, екеуі серт байласқан.

 

Жыл өткен соң Айша әкесінен бата сұранды, қызды алысқа қимаған әке:

—  Тілімді алмасаң, ажалың тілсізден болсын, көл- денең көп дарияның алтауынан өтсең де, соқғысынан өтпе, дегеніңе жетпе,— деп теріс батасын беріпті.

Бірақ Айша дегенін істеп, жанына күтушісі Баба әжені ертіп, қосағына түйе алып бейтаныс жерге бет түзепті. Талай қиындықтан өтіп, Тараздың төбесі көрін- генде, екі жолаушы көліктен түсіп, мамық төсін керген аққу қаздай ару қыз мамырлап барып көз жасындай мөлдір суға әппақ тәнін жуыпты. Өзі кестелеген асыл киімдерді киініп, шар айнадан өзін-өзі қызықтап ұзақ отырған Айшаны жылан шаққан…

Ісіп-кепкен бейшара қыз Таразға қарай әлсіз қолын бұлғай беріпті. Баба әже атқа қонып, Қараханға хабар салады.

Асығып жеткен сүйіктісіне жанары тайған нәркес көздерін соңғы рет қимастықпен қадап:

—   Сертіме жеттім,—депті Айша. Ашықтықтың аза- бын әбден тартқан ару қыздың ажары таң қараңғысын- да жанған шолпандай жарқырап барып біржолата сөніпті.

Тіршілікте тәңірі қоспаған Айшасының суық денесін құшақтап отырып Қарахан өзімен некесін қидырып:

—   Айша, сен енді бибі болдың!— деп арудың екі құ- лағьіна үш рет айқайлапты.

Айша бибіні өлген жеріне арулап қойып, Қарахан бүкіл Дешті Қыпшақтан өнері асқан бәдізші — шебер- лерді алдырып, Аса өзенінің жағасында топыраққа түйе жүнін қостырып, оны аруананың сүтіне илетіп, бұрын бұл өңірде болмаған зәулім ескерткіш орнатқан.

Тәрбиешісі Баба әже өле-өлгенше Айшаның басында шырақшы болып өтіпті. Қәрі әже дүние салғанда, Қара- хан ол кісінің басына да мавзолей тұрғызған.

Міне, дүние жүзі сәулет өнерінің тамаша ескерткіш- терінің бірі Айша бибі мавзолейінің қысқаша тарихы осындай. Мавзолейдің әсем өрнектері елуінші жылдарға дейін сол күйінде сақталған еді, бертінде қорғаушы бол- маған соң келген-кеткен жұрт күйдірген өрнекті кірпіш- терін тонап жұрдай қылыпты. Соның салдарынан мавзо- лей құлаған. Қазір үкімет қамқорлыққа алып, мавзолей- дің қалдьіғы зәулім шыны қораптың астында сақталуда. Осы бір игілікті істің кеш қолға алынғаны қандай өкінішті?!

Ал Қараханның бертінде Таразға әмірші болғаны

 

белгілі. Оның мавзолейі қаланың ортасында, бұрынғы өлкетану музейінің түбінде тұр. Қараханның мавзолейі- нен Айша бибінің күмбезі бертінге дейін анық көрініп тұрушы еді, қазір Жамбылда зәулім үйлер, биік бәйте- ректер көбейгендіктен, қала ішінен Айша бибі тіпті бай- қалмайды.

Осы бір аңыздың қай жері шындық, қай жері аң- ыз — оны кім білсін, әйтеуір ежелгі Тараз жерінде осын- дай аңыздар өте көп-ақ. Қалай дегенде де, заманын тол- ғантқан шындықтар гана аңызға айналған ғой.

2

Қиял шіркін тым ұшқыр-ау, машина Қаракемерден өтіп Таласқа бетін түзегенше, көз жетер жерді — көзбен, көз жетпес жерді оймен әлденеше рет шарлап шықтым. Батыс қапталда мұнартып Қаратау сілемдері, комбинаг- тары көрінеді, алдымыз — көсіліп жатқан кең дала.

Қаратау — бұрын Шолақтау деп аталатын аядай по- селок болатын, қазір әдемі қала. Оған жалғас Қөктал поселкесі, Жаңатас аталатын кеншілер қаласы қанат жайған. Іргелес жатқан бұл үшеуі де сегізінші бесжыл- дықтың перзенттері. Іргелі өндірістерге айналған. Аңыз- дың өзі ілесе алмай қалған бүгінгі болмыс дегеніңіздің өзі, міне осы. Әлгі үш кенішті жалғап, ұзына бойы созы- лып көлбеп жатқан Қаратау өзге таулардай жас та, биік те, сұлу да емес. Бірақ бұл таудың қойнауы құт, қазына- сында есеп жоқ. Менің ата-бабаларым, баурайында мал баққаны болмаса, Қаратаудай кәрі төстің қойнында есепсіз ырыс пен береке барын білмеген.

Құлмамбетпен айтыстан соң Майкөт осында Сапақ бидің үйінде үш күн жатып аттаныпты.

— О, би, осы сапар Жетісуды түгел аралап қайттым. Қеудесі тұнган — бау-бақша, елі бай болады екен; қыз- дары түгел әнші, шетінен сұлу сал-серіге сай болады екен. Шолақ байталдың құйрығындай, елімнің кедейлігін осы жолы аңғардым. Тәңірі алғыр Құлмамбет елінің байлығына сүйенді, мен жерімнің байлығына көп сүйен- дім,— депті Майкөт.

Сапақ:— Қәне, не деп мақтадың?—деп сұраған екен.

«— Қаратау менің мекенім,

Миуасын теріп жер едім.

Алмасы бар аяқтай,

Жуасы бар таяқтай,

 

Арқары! мен кұлжасы Жьілқыдан шыққан саяқтай.

Доланасы жүректей,

Бұғысы мен маралы Жасқа толған үлектей.

Аса, Талас екі өзен Ат баурынан саз алған.

Балдырғанын жегенде,

Баланың көңілі мәз болған.

Жаужұмыры құмандай,

Сексеуілін жаққанда,

Қедейдің көңілі тынғандай…»

Майкөт ұзақ жырлапты.

Сонда Сапақ би:

—• Мәйеке, жердің мақтауын жеткізген екенсің. Бірақ дүниенің бар қызығы байлықта ғана емес. Бақыт — қол- ға қонған құс, байлық — қолға ұстаған мұз; құс ұшады, мұз ериді, дүниенің қызығы — сіз бен біз — деген екен.

Біз сол Майкөт жырлаған Аса мен Таластың жаға- сында, сексеуілдің арасында құмның жаужұмырын, тау- дың жуасын жеп өстік. Бұрынғы ел мұнан басқа байлық- ты біле бермеген.

3

Ымырт жабыла бастады. Қаратау қазір тіпті басқа- ша — көк жұлдызын тегіс жиып кеудесіне қадаған сәу- лелі дүниедей жарқырап көрінеді, көздің жауын алады.

Үй таңдағанымыз жоқ. Шеткі үйдің біріне түсе сал- дық. Орта жастан асқан әйел жалғыз өзі шай ішіп отыр екен, төрге көрпеше төседі. Қөрмегелі көп болса да, Іңкәшай екенін таныдым. Біздің іздеген кісіміздің бірі — осы Іңкәшай.

Әлі есімде, ақын қыз аталған Іңкәшай біздің ауылға келін болып түсті. Жұрт той жасады. Не керек, той қы- зығы ұзаққа бармады. Аз күннен соң ауылдың бар аза- маты әскерге аттанып, ауыл азан-қазан, көшкен жұрт- тай құлазып қалды. Ел ағыл-тегіл жылаумен болды. Алаңсыз, арсыз ойын бізден де бірте-бірте қала баста- ды, тез есейдік.

Қыбырлаған жанның бәрі колхоздың жұмысына шы- ғады. Біз де қалмаймыз—арба айдаймыз, торғайдай боп ат үстінде тас айдаймыз. Әйелдер қолорақпен Оидай орады, біз масағын тереміз; торғай шырылдағаннан ке- теміз, ымырт жабыла келеміз.

Сонда Іңкәшайдың:

 

«Аэрплан аспанда,

Айналып дәрі шашқанда,

Аман да болса келерсің,

Германды Совет басқанда»,—

деп айтатыны әлі есімде. Қалғаны жадымда жоқ, әнін де өзі шығарды дейтін, сондай мұңды болатын.

Май шамның түбінде таң атқанша сығырайып біз де отыратынбыз. Сықсиған көр шамның сасық майы қолқаны кауың, таңертең танауымыз жолақ-жолақ болып шыға келётін.

Тұрсай әкем таңертеңнен кешке дейін сығырайып жол тосушы еді. Барлығы да ауылдағыдай бір жерде жүр деп ойлайды-ау деймін, қайдан білсін, әйтеуір сұр шинель, пилотка кигеннен:

—  Шырағым, біздің Ырысбекті көрдің бе? Қырғыз- байды көрдің бе?— деп сұрай беретін.

Сөйтіп өзегін талдырған Қырғызбайдан да, Ырыс- бектен де қара қағаз келді.

Бала жоқ, уайым-қайғы көп, оның үстіне ер-азамат- тың жүгін көтерткен бейнет шіркін қоя ма,— Іңкәшай жасына қарағанда ерте қартайыпты… Бұрынғы өлең- дердің бәрін ұмытып қалған. Сондықтан да, Іңкәшайдан өндіріп ештеңе жазып ала алмадық.

Бұл ауылдағы кәриялардың жасы үлкені де әңгіме- шілі де Жаңабай ақсақал екен, үйіне барып сәлемдестік. Қелген шаруамыздың мән-жайын тыңдап болған соң, Жаңекең селдір сақалын салалап сипалап отырып бап- пен сөз бастады:

—  Шырақ, «Елу жылда — ел жаңа, жүз жылда — қазан» деген рас екен, бұрынғы сөз білетін кәриялардың бәрі де өтті,

«Қар жауды Қаратауға кетпейтұғын,

Түбінен ыза шықты кеппейтұғын.

Құдай соққан ақ қала бұзылып тұр Елінде ұста бар ма септейтұғын»,—

деп Майкөт айтқандай, міне, бүгінде сексеннен асып, буынымыз дірілдеп, көпір аузына біз де келіп отырмыз.

Қапелімде еске не түсе қояр дейсің, ойланып көре- йік…

Аз күн аялдап Жаңабай, Өмірзақ, Сүлеймен ақса- қалдардан «Ақтөбе», «Қыс көпір», «Ақ кесене, Қөк ке- сене», «Лақ — кемпір», «Қеліншектау», «Тектұрмас» жайындағы қызықты аңыз-әңгімелерді жазып алдық. Ал жеке ақындар жайына келгенде, Жаңекең:

 

—  Бұл өңірде Үлбикеден бергі жердің өзЖде де бірталай ақын өткен ғой. Соны бір білсе, ескінің жұрнағы Төреқожа білер, кезінде төкпе ақын еді, о да бүгінде қартайып қалды-ау, осыдан жетпіс /інақырым- дай, «Түгіскенде» тұрады,— деді.

 

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля