19 ноября, 2017 11:39
Қазақ халқы табиғатынан ақын, жыршы халық. Белгілі шығыстанушылар, білікті орыс ғалымдары мұ- ны талай мойындап жазған.
Есте жоқ ескі замандардан бергі ел тарихының көр- кем шежіресін үздіксіз жасаушылар — сөз зергерлері — ақындар. |
Ғасырдан ғасырға жалғасып, атадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің екі үлкен айшық- ты мектебі бар тәрізді.
Бірі — өмір, замана жайында терең толғанатын ше- шендік, фәлсафалық, данышпандық мектеп. Мұның аты сақталып бізге жеткен түпкі атасы Асан Қайғы, одан бұл өнер ғасырлар аттап кешегі ұлы Абайдың қолына тиді. Екіншісі — өле-өлгенше көмейі күмбірлеп жағы тал- маған дария — даңғыл жыраулар мектебі. Мұның әзірге біз білетін аты мәлім түпкі атасы-—• Сыпыра жырау. Оған іліктес Шалкиіз, Бұқар, Шөже, Майкөт жыраулар аталады. Сондай жыраулардың ең соңғы үздігі — Жам- был. Ақындық өнердің табиғатын, сыпатын дәл танып,. оның тарихы мен бүгінгі болмысын терең зерттеген дәуіріміздің ғұлама білімпаздарының бірі академик Мұхтар Әуезов ақындықтың бірнеше саласын ажыра- тады: эпик ақындар — бұған Марабай; әнші акын- дар — бұған Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, айтыс ақын- дары — бұған Шөже, Құлмамбет; халық мұңшыла- ры — бұған Асан Қайғы секілді ақындар тобын жатқызады. Сонымен бірге тарихи өлеңдер шығарып, хан, патша зорлығына қарсы күреске үгіттейтін жауынгер ақындардың да мол екенін ескертеді ғалым. |