Сөренің астында кептіру

13 декабря, 2017 17:13

Ертеден халық арасында кеңінен тарап келе жатқан тері кептірудің түрлері — сойылып алған теріні көк ет пен май қалдық- тарынан тазартып, тұздап сөре ағаштарға асып, суын сорғыта неме- се екі ағаштың ортасына кере созып, болмаса жай ғана жайып, көлеңке жерге кептіру әдістері.

Сөреге теріні ілгенде жүнін астына қаратып, созыңқырап, жиырмай жайған дүрыс. Малдың түріне, жүнінің қалыңдығына және ауаның ылғалдылығы мен сөре ас- тындағы ауа алмасуының уақытына байланысты терінің кебу процестері де әр түрлі болады. Дегенмен қой, ешкі терілері басқа мал терілерінен тезірек кебеді. Егер ауаның жылылығы 20—25° болса, онда 48—64 сағатта, ал 15—18° болса шамамен 72 сағатта кебеді. Мал терілерінің барлық бөліктері бірдей тез кебуі ауа алма- суының біркелкі болуына тікелей байланыеты.

Мал терілерін жайып, ағаш үстіне салып кептіргенде ас тұзын кеңінен пайдаланады. Жақсы тұздалған тері шымырланып тар- тылып, бойындағы артық сулардан арылады, қатқақтанып сау- сақпен шертсең тырсылдап тұрады. Бұлай тұзбен кептірген терілердің кебу мерзімі шамамен бір аптаға созылады.

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля