Оқушылардың жұмыс орны

16 декабря, 2017 13:23

Мектепте ағаш өңдеуге арналған шеберхананың алатын көлемі 70 м2-ден кем болмауы керек. Шеберхананың іші үстаз-шеберлердің орны, оқушылардың жұмыс істейтін орны, сөрелер мен станоктар- дың орны, шикізаттарды, әдістемелік құралдарды, көрмеге арналған заттарды қоятын орындар болып бірнеше топтарға бөлінеді. Шебер- хананың ішінің ауасы тазартылып, қабырғалары мен едендері түс- термен боялып, станок сөрелері өз орындарында тұрулары керек.
Әрбір оқушыға шамамен, жұмыс істейтін 3 м2 орын бөлінеді. Ол орын жұмыс істеуге керекті заттармен, құрал-саймандармен жабдықталады. Оқушының жұмыс істейтін уақытында жарық әрқа- шанда оның сол жағынан түсіп тұруы керек. Станоктардың бәрі біркелкі сұрғылт-көгілдір түске боялып, қауіпті бөлшектері қызыл не сары түстермен бөлініп ескертіледі. Сөрелердің арасында оқушы- лар еркін жүріп өте алатын жолдар қалдырылуы керек.

Сөрелер бірнеше бөліктерден құралады, үстіңгі — жұмысқа ар- налған қалың тақтайдан және астыңғы — құрал-саймандар қоятын тартпа жәшікшеден, ағаштарды қысып ұстайтын бұрандалы темірлерден тұрады, үстіңгі қалың тақтайдың үстінде балға, ара, пышақ, қашауларын қоятын ойық сауыт болуы керек. Ағаштар- дың басын ұстайтын кедергі кішкене ағаштар орналасуы керек. Жұмыс істеу кезінде сөренің үстіне артық құрал-саймандар қой- маңдар, жарақаттанып қалуларың мүмкін.
Өмірдің мыңдаған жылдар бойындағы тәжірибесінен өткен халық арасында кеңінен қолданылып жүрген дәстүрлі құрал-сай- мандармен қысқаша таныстырайық. Олардың көбі қазіргі шеберха- наларда да қолданылып келеді.
Олар: ара, үстірік, қашау, бұрғы, балта, балға, шапашот т. б. (50-сурет).
Ара — ағаштарды тура, тігінен не көлденеңінен кесуге арнал- ған, темір болаттан жасалған құрал. Сабы ағаштан жасалады, көп тісті болады. Араның түрлері көп, олармен жұмыс кезінде таныса- сыңцар.
Үстірік деп тақтайлардың бетін тегістеп, тазалауға арналған, ағаш пен темір жүзден құралып төртбұрышталып жасалған құрал- сайманды айтады. Үстіріктің ағашы қатты еменнен ойылып алына- ды. Негізінде үстіріктің түрлері көп.
Қашау — ағаш шеберлерінде көптеген түрлері бар. Көоіне олар істеген заттың ыңғайына қарай басқа да түрлерін өздері қолдан

50-сурет

50-сурет
жасап алып жатады. Жеке шеберлерде біз көрмеген түрлері де бо- луы мүмкін. Қашаудың тік, имек, бүрышты, сүйір түрлері тәжірибе жүзінде қолданылып келеді. Қашау болат темірден әр түсті пішінде болып жасалады.
Шапашот — ер-тоқымның ағашын, қастарын, қапталдарын, сон- дай-ақ ыдыс-аяқ жасағанда көп қолданылады. Үсталар дүкенде бо- латын түсті формалы шапашотты болаттан соғып жасаған. Оның тура, қуыс, имек түрлері кездеседі.
Пышақ — өмірде көп кездеседі, көп қолданылады. Түрлері мен пішіндері әр шебердің жүмыс істеу ыңғайына байланысты түрліше болуы ықтимал. Негізі болат темірден соғылып, ағаш не мүйізбен сапталады. Пышақтың жүзі, қалыңдығы, үшының қай- қылығы, үшбұрыштанып келуі т. б. болуы шебердің өзгертуінен шығады.
Біз, үскі, егеу күнделікті ағаш өңдеу өнерінде жиі кездеседі. Бүдан басқа балта, ыңғырудың түрлерімен таныс боласыңдар. Жоғарыда аталған құрал-саймандардың әбден жасалып болғандарын отқа қатты қаздырып суға немесе майға суарып отырады. Сонда ғана олар көпке дейін өткір болып, қайтпайтын болады.

БІРІНШІ САБАҚ
Тақырыбы: Үршық дайындау.
Мақсаты: ағаштардың түрлері және олармен таныстыру; ба- лаларды ағаштың физикалық қасиеттерімен таныстыру; тіліп-қашау әдісін үйренуді жалғастыру.
Жабдықтар: үстел, сөре, қысып ұстатқыш ағаштар.
Керектіқурал-саймандар: қайқы пышақ, ара, сызғыш, қарындаш.
Шикізат: қарағай, қайың.

САБАҚТЫҢ МАЗМҮНЫ
Ел арасында дәстүрлі сонау ерте заманнан келе жатқан жүн иіруге арналған ұршықты кепкен қайың немесе қарағай ағашта- рынан жасауға болады. Үршық жасамас бұрын, оның сыртқы түрі мен жасалу әдістерімен танысып алу керек. Үршықты жасайтын ағашты таңдап алып, кептіріп дайындап, мөлшерін анықтаңдар. Үршықтың сыртқы суреті мен оған қолданылатын ою-өрнекті әбден жақсылап қағазға салып алғаннан кейін, оны ағаш бетіне көшіріңдер. Бірінші неден бастау керек? Үршыққа арналып жа- салған сабақтың әдістеме картасында мұның бәрі көрсетілген. Сол картаны асықпай отырып көріп шығыңдар (114—115 беттер).
Үршық жасайтын ағаштың сыртқы пішінін жонып шыққаннан соң, дәл ортасынан тесіп, оюларын қашап-тілікше әдісімен оюға кірісіңдер. Үршықтың сыртқы түрі киіз үй пішінді болады немесе төңкерілген кесеге ұқсас. Үршық жасай отырып, оның ағашы қан- дай ағаштардың қатарына жататынын да естеріңе түсіріңцер. Қатты ма, жоқ жұмсақ па, кепкен ағаш па дұрыстап көңіл аударыңдар, тек осы кішкене жұмыстың өзінде біз білмейтін қанша қүпия жа- тыр?
Мына сүрақгарға жауап беріңдер.
1. Ағаштың сендер білетін қай түрі жақсы қашалып, кесіледі?
2. Үршықты қашап кесуге қандай құрал-саймандар керек?

ЕКІНШІ САБАҚ
Тақырыбы: Ағаштан көркемдеп қашап-кесіп “қаптырма” мен “алқа” жасау.
Мақсаты: қашап-кесу әдісінің ерекшеліктеріне байланысты ағаштардың түрлерінің де ерекшеліктерімен таныстыруды жал- ғастыру; жұқа ағаштарды (ара) “лобзикпен” кесіп үйрену; өсімдік,

Агаштан жасалатын бүйымның әдістеме картасы
жапырақ тектес ою-өрнекті композициялық топқа біріктіре білу керек.
Жабдықтар: үстел, сөре, қысып үстатқыш ағаштар.
Керекті қуралдар: пышақ, ара (лобзик), сызғыш, қарындаш.
Шикізат: көктерек, жөке, қайың, шамшат.

САБАҚТЫҢ МАЗМҮНЫ
Жақсылап үстіріктеліп өңделген дайын ағашқа айылбастың, қаптырманың суретін көшіріп салып, үстелге ұстатқыш ағаштар- дың көмегімен қатты қысып орнықтырып бекітіңдер. Алқа мен айылбастың негізгі дене бөліктері қалдырылып, артқы фоны түгелімен тесіліп алынады, қалған денесінің өзіне пышақтың ұшымен қашап қиып және ою мен өрнектің өздерің жасаған керекті композицияларыңды салып ойып аласыңдар. Бүл сен- дерден әрине, ептілікті, білімділікті қажет етеді. Оюлар немесе басқа көркемдейтін алқаның бөлшектері қандай деңгейде орна-

“Алкд”
Жұмыс барысы Үлгі Құралдар
Шикізат таңцау сүргі, емен, жөке ағашы, арнайы пышақ 1
Үлгі бойынша суретті көшіру көшірме қағаз, қарындаш 2
Сыртқы бейне- сін кесу арнайы ара, қа- рындаш, қайрақ 3
Ою-өрнектің ішкі формасын қию арнайы ара, қа- рындаш 4
Рельефті оюдын ішкі көрінісін анықтау 5
Өңцеу тас-құмды қағаз 6
Алқаға арнайы шынжыр тоқу арнайы жіп 7
Қоспа жүзік- сым с сым темір
Алқаның бөл- шектерін қос (біріктір)

Табақтың сырт- қы формасын алу Г …. ./7-,. ь тік қашау, балға 5

Жалтырату жә- не өң беру Ф қүм-тас, қарағай қабығы 6

Көшірме қағаз арқылы өрнек түсіру қарындаш, көшір- ме қағаз 7
(§ ‘; Щ0Щ ^
V Ч’ V -■ * 1

Суреттің жиегі- не ою-өрнек түсіру жақтау ағаш, пышақ 8
Астауды өңдеу, бояу қылқалам, бояу, май 9
ласады, оны да алдын ала ойлап өлшеп табындар. Алқа мен айыл- басты беріп отырғанымыз екеуінің де негіздері бір. Алқаның дәстүрінен гөрі, мысал ретінде декоративтік түрімен ойылатын, үлтгық оюы жоқ, су толқынына үқсайтын екі шығыршық төріздес түрін назарларыңа ұсынып отырмыз. Сендер мүнымен шектеліп қоймай өздерің ойлаған, білетін композицияларыңды істей берулеріңе болады. Айылбастың да картада негізгі көрінісі берілген, ал қалған істелу, жасалу әдістерін өз бетгеріңмен істеуге талпы- ныңдар.
Алқа мен айылбасты, не басқа өздерің ойлаған композицияла- рыңа іске кіріскенде екі әдісті қолдануға болады, біріншісінде ою- өрнекті жоғары қалдырып, фонын төмен түсіресіңдер, екіншісінде оюы төмен түсіп фоны жоғары шығады. Бұл екі жағдайда негізгі артық фондар бастапқыда айтқандай тесіліп алынып тасталады (116— 117 беттер).

ҮШІНШІ САБАҚ
Тақырыбы: көркемдеп “астау» жасау.
Мақсаты: жұмыс істеген кезде оқушыларды ағаштардың фи- зикалық қасиеттерімен таныстыра кеткен жөн; қашаумен, ыңғыру- мен астаудың ішкі жаңқасын қашап, шапашотпен шауып алу әдісін үйрету.
Жабдықтар: үстел, сөре, қысып үстайтын ағаш құралдар.
Керекті қуралдар: шапашот, қашаулар, ыңғару, ара, пышақ.
Шикізат: қайың, көктерек, қаратерек, жөке.
САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ
Астаудың қазақ халқының тұрмысында алатын орны зор және бөлек. Астауға қымыз, айран, құрт, іркіт, сүт құюмен қатар бау- ырсақ, қатты құрт және т. б. тағамдар салады. Астауды су, ылғал тиіп жарылып кетпес үшін отқа қыздыра отырып әр түрлі майлар жағып сіңдірген жөн. Кей ауылдарда шеткі ернеулеріне бедер сала оюлар ойған, осындай көркем астауларды мұражайлардан көре аласыңдар, болмаса өздерің жасауға болады.
Астау жасаудың мектеп шеберханасында қиындығы жоқ, ол үшін алдымен әбден кепкен қайың не болмаса басқа ағаш алып, үлгі бойынша суретін салып болған соң ішін қуыстап шауып алу ке- рек. Ішін шабарда, бірінші шапашотпен, кейін аталғы қуыстау шотпен шабасыңдар. Әрі қарай қашаулардың басқа түрлерін пай- далануға болады. Оның бәрі жұмыс ыңғайына байланысты. Ауыз- ша мынаны ала ғой деу қиын. Жүмыс істеу, жаттығу кездерінде осы айтқандарға тәжірибе арқылы көздерің жетеді.
Әрі қарай сыртқы пішінін шауып келтіресіндер, ескеретін тағы бір жай, сыртын шауып отырғанда, қабырғасы тым жұқа болып тесіліп кетпеуі үшін өлшеп отырыңдар. Екі қүлағы жанынан қашап тіліп, ою-өрнек салып көркемдеп безендірген жөн. Әрі қарай қалай жүмыс істеулерің керек екені жүмыс әдісін көрсететін картада берілген (118—119 беттер).

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля