Кеңестік казак әдебиетінің сонгы дәуіріндегі казак роічандары, поэзиясы, поэмалары.

28 февраля, 2018 16:47

Қазак повестері мен әнгімелерінін жанрлық дамуы

1920 жылдар ішінде М.Жұмабаев балалар әдебиетін жасауға ерекше көңіл бөлді. Балаларға арнап сындарлы, жүйелі жұмыс істеп, алуан түрлі кітап шығарған. «Шолпан» жинағында акынның «Балалык шақ», «Қарағым», «Мен сорлы»(«Шәкірт зары») атты өлеңдері жарияланды. Бұлар Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, окылык» атты өлеңімен орайлас. Қарағым, оку оқы, боска жүрме, Ойынға кұр каларсың, көңіл берме. Окымай, ойын қуған балаларға Жолама, шақырса да қасына ерме. —деген іспетте келеді. Мэскеуде шыккаи «Жаңа мектеп» журналына косымша «Тегін косымша», «Балаларға тартуя жинактарына Мағжан белсене катысады. Бұл өлеңдер жасөспірімдердің ұғымына лайык жеңіл тілмен жазылган. «Аккала» өлеңі ойынға кұрылған.! Балалар ауылдағы омбы кардан аккала соғады. Қардан төрт бұрыш жасап, терезе жасайды, мәре-сәре болады. Беттері бүлдіргендей кызарады. 1924 жылы «Ак жол» газетінде жарияланған «Әже» өлеңінде акын ертегіге елтіген Кенжебай деген баланы суреттейді. Бұл — әжесі мен немересі арасындағы нэзік, кымбат сезімді мадактайтын өлең. Акынның «Бөбектің тілегі» өлеңі балалардьв ата кәсіп — мал бағуға баулиды. Әр төл үшін мейірлі сөз табады. Өлеңнің әр жолы өзінен өзі жатталады. «Ак жол» газетінде 1924 жылы жазылған «Немере мен әжесі», «Қойшы бала мен күшік» өлеңдерінде мектеп беретін білімді насихаттайды, байдың мейірімсіздігін эжуа етеді. Балаларға да, үлкендерге де бірдей арналган «Өтірік ертек» поэма-ертегісі 1926 жылы «Жаңа мектеп» журналында жарияланды. Мысыкка карсы тышқандар көтерілісі автордын негізгі ойын жеткізу үшін схемалық түрде алынады. Шираз каласындағы бір тышкан жүзім шарабына тойып алады. Күш біткесін ойындағы кұсасын сездіріп кояды. Мысық мешітке барып сэжде киеді. Тышкандармен бітісемін деп алдайды. Тарту-таралгысымен келген тышкандарды кан-жоса етеді. Тамам тышкан мысыкты көптігін істеп байлап тастайды. Мысык босап кетеді.’ Тышкандар өз хандарын да, мысыкты да елден аластайды. Осының бэрі ресейдегі тарихи окиғалардың елесін береді. Ертегінің соңында автор сол кезең рухында образдың шешімін береді. Бір дегенім — білеу ғой, Екі десем — егеу ғ0й, Үш дегенім — үскі ғой. Мысык — талаушы екені, Ханның — канаушы екені рнді есіңе түсті ғой. Екі жауын осынау Қылған екен кан талау Қалың тышкан — калын ел. Ертегі-поэма балалардың жаттауына жеңіл, әрі сан үйретудегі кьізметі де бар. Мағжанның соңғы туындыларының бірі — «Токсанның тобы». Қедейлер жиналысына халыктың жүзден токсаны катысканын,оны ғана сыртта калғанын көріп… «анау оннан мен аулак, мен токсанмен біргемін» деген корытынды жасайды. Магжан поэзиясы өзін туғызған уакыттың аясында калып койған жоқ. Оның сыршыл лирикасы элі де талай жүректерді тебірентеді. Мағжанның шыншыл, өткір жырлары бүгінгі заман әдебиеті үшін де кызмет ете бермек.

М.Дулатов шыгармаларындағы ағартушылык бағыт. «Шәкірт ойы», «Оян, казак» өлеңдер жинағынан.

Акынды толғандырған мәселе — халык тағдыры, елдің кайғысы мен мүңы. Халык басындағы ауыр касіретті айқын көріп, дәл басып айта біледі. Содан айыктыру жолдарын іздейді. Азамат ақынның куғын-сүргін көре бастаған кездегі көңіл-күйі де өлең кестесіне өрілген. «Ғазиз басым күтыла алмай жаладан, жаудың колы босамай түр жағадан» деп «Мүң» өлеңінде ауыр халін анғартады. Дегенмен налу дегенді білмейді. «Жастарға», «Я, алла», «Айкапка» өлендерінде қазақты үйкысынан оятудың жаңа соқпағын іздегендей ыңғай танытады. «Айқап» журналының казақ даласына козғау салғанын айтады. «Сырым» деген өлеңінде елім деп туған ер акын «Кім үшін тусам, сол үшін өлу — борышым» дейді. Қазак поэзиясында алғаш рет мейірбандык, ізгілік такырыбына арнау жасады. «Аяңыздар жетімді» өлеңі окушы көңіліне бауырмалдық сезім егеді. «Шешенің балаларын сүюі» өлеңінің балалар үшін тэрбиелік кызметі үлкен. М.Дулатов «Газет-журнал» өлені газет-журнал маңызын түсіндіреді. Олардың жазылу бағасын да айтады. Керенауларға «Дүниені жүріп көрмей, естіп білмей, Жатасың ішің пыспай үйде неғып?» деп реніш білдіреді. «Хибстағы үрының мінажаты» өлеңінде өз кәсібінен көрген корлығын жіпке тізе келе үры тәубесіне келеді. Аталған жинактардан кейін жазылған өлеңдеріне өзгешеліктер енген. Сөз сұлулығына, тіл тазалығына ерекше мэн беріледі. Ашык айтылатын дидактикалық, үгіттік, насихаттык ойлар азаяды. Поэтикалык образға, ішкі кисынға, астарға, ишаратка айрыкша көңіл бөлінеді. М.Дулатов елін де, оның әдебиетін де алга сүйреді. Қазак әдебиетіндегі роман жанры элемін тұңғыш ашты. Тұрмыстык роман жанры түлғасында дүниеге келді. «Бакытсыз Жамал» романында казақ кауымы түрмысын, жеке дара адам өмірін, күй-жайын суреттеген мол көрініс бар. жасында «Оян, казак!» деп жар салған М.Дулатов шығармалары ел назарынан ешқашан тыс қалмақ емес.

Б.Майлин(1894-1938)-Костанай облысының Таран ауданында туылған. «Б.Майлиннің тағы бір тамаша кыры — балалар қаламгері екендігі. Рас, Б.Майлиннің поэзиясы мен прозасы да, драмасы мен сатирасы да бір есептен, балалар еншісі. Өйткені олардың кай-кайсысы да жеткіншектерге түсінікті, жасөспірім кауымға өмір шындыгын танытады, оларға өмір сабағын, тіршілік тәлімін дарытады, оларды көркем сөз сұлулыгымен сусындатады. Алайда орталау жэне жоғары кластар окушыларының рухани азығына «Азамат Азаматыч» пен «Майдан», «Шұганың белгісі» мен Дайрабайдың көк сиыры», «Кедейге» мен «Жаңартты казір жырды ауыл» жарай бергенмен, бұпар төменгі класс шәкірттеріне, эсіресе балдырғандарга аса ұтымды емес. Егер бүгінгі азамат кешегі баладан өссе, «Раушан — коммунист» пен «Құлагерлер» бесік жырынан бастау алған жок па?» Демек, балалардың камын ойлау — өсер елдің өрісті ғұрпы, балаларға арнап тікелей шыгарма жазу үлкен каламгерлердің тамаша дәстүрі. Заңғар Лев Толстойдың «Әліппе» жасауында, «Азапты сапарда» эпопеясының авторы А.Толстойдың «Алтын кілтті» жазуында, кеңес әдебиетінің көшбастары М.Горькийдің кеңес балалар әдебиетіне зор күш-жігер жұмсауында осындай мэн жатыр. Сүйсінерлігі — осындай дәстүрге болашақ камын күнілгері ойлаған қазак кеңес эдебиетінің алыптары да ден койыпты. Мұның мысалы — С.Сейфуллиннің де, І.Жансүгіровтің де, Б.Майлиннің де балаларға арнайы шығармалар жазуы(Б.Сарбалаев. Бейімбет Майлин.А. Мектеп. 1988. «Балалар каламгері»53б.). Б.Майлиннің балаларға бағышталған шыгармалары да баршылық. Сондыктан да оны балалар каламгері деп таныған да орынды. «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі» секілді поэмаларын айтпағанда, Б.Майлиннің 1915 жылы жазған «Жазғы калып», «Жазғы кеш», «Бұлтты күн» секілді өлеңдерінің өзі балаларға лайық. Рас, бұл кездерде Бейімбет саналы түрде балаларға арнап жазған жок. Алайда ақын жүректің тілегі мен балалар мұктажы сәйкес келіп, өз-өзінен балалар өлендері туған еді. Бірак 1921 жылдан кейін Бейімбет асыл мүрат, азаматтық кәмелеттік танытып, балаларға арнайы өлең жаза бастапты. Мұның бірі көрінісі — «Жаз келді» атты өлең. «Күн жылынып, кар да еріп дірілдеп, Сай-сайлардан сулар ағып, күрілдеп…». Осылайша балаларға тікелей өлең арнай бастаған Бейімбет 1922. жылы «Өтірікке бәйге» атты ертегі-дастанын жазды. Бүл енді қазақ балалар эдебиетінің асыл корына косылатын шығарма(54б.). Дастанды ұстап тұрған аркау — асып-таскан ханның ерігіп, өтірікке бәйге жариялауы. Сонымен хан «Уәзірлерін жиып алып, жұртка бұйрык таратқан…». Мұны естіп білген жұрт қарап қала ма, істеп жаткан кәсіптерін жиып койып, хан ауылына жиналады. Алтын алмак, оп-оңай байып қалмак. Содан олар хан алдында өтірік айтып жарысады. Таласка түседі. Бірінен бірі асады. Бірақ хан «Бэрі рас, нанамын» деп, таудай талаптарын тұжыра береді. Сөйтіп барша өтірікшінің беті кайтып калады. Сонда халық жеңіліп. Хан жеңіп кетпек пе? Жоқ. Үсті дал-дұл бір таз бала ханның алдына келеді. «Өтірігі өте жойкын, жас бала да нанғысыз. Алтын кимай «Рас» — дейді, Үяты жок хан арсыз». Содан бала тағы бір өтірігін — соңғы өтірігін айтады(55б.). Ерні жалак, жалаң аяк, Қисык таяқ колында. Аксай басып, асып-сасып, Бұканың жүр соңында… Таксыр ханым! Білесіз бе, Сол жаман шал кім еді? «Жок, білмеймін, ал айта ғой!» Баска ешнәрсе демеді». Таз бала «Бұл шал сіздің әкеңіз еді, рас па осыным?» — дейді. Хан шошынып, жеркенгендіктен еріксіз «өтірік» деп салады. Сөйтіп бала ханды жеңіп, бәйгені алады(56б.). Бейімбеттің балаларға арналған екінші бір дастаны «Кемпірдін

ертегісі» аталғанмен, ертегі емес. 1916 жылдың азаттык окиғасынан бір көріністі алга тартады. Бірак бұл окиғаны тартымды жеткізу үшін Бейімбет бала Асылбекке эжесінің аузынан ертегі етіп айткызады. Бала кейіпкер дсылбектің сөздері дастанға енгізер есік, кіріспе тәрізді. Содан әжесі Дсылбекке экесі, өзінің үлы Қайранбайдың июнь жарлығына байланысты ел наразылығы кау еткен көтеріліс кезінде халыктың жауы, өзін он жыл канаған болыстың басын алған батырлығын ертегі етіп шертеді. Шынында да Қайранбайлардың ерлігі ертегідей емес пе. Бейімбеттің поэзиядан баска жанрларда тікелей балаларға, балдырғандарға арналған шығармалары көп емес. Бірак, каламгердің осы азғана асыл мұрасының өзінде кейінгі казак жазушыларынан үлкен үлгі, тартылған жол бар еді. Алыптар тобының атсалысуымен қаз тұрып, бой тіктеп алған казак кеңес әдебиеті содан кейін-ак кен өріске шыккан болатын»(Б.Сарбалаев. Балалар каламгері. 576.). Көркем сөздін шебері Б.Майлин балалар эдебиетіне де мол үлес қосты. Жазушының «Байшұбар»(1923), «Тэй, тэй, как, каз»(1923), «Әлди — ана жыры»(1923), «Қағынғыр — ананың ашуы»(1926), «Қос жетім»(1933), «Кемпірдің ертегісі»( 1927), «Өтірікке бэйге»(1922) деген өлеңдері мен эңгімелері балалар әдебиетінен елеулі орын алады. Бейімбет ең алдымен балаларға 1916 жылғы ұлт бостандық козғалысы жөнінде эңгіме айтуды өзіне міндет етіп кояды. Б.Майлин саяси және тарихи такырыпты түсіндірудің оңай жолын таба білді. Ойдан ой тудыратын тәсіл — сұрак-жауап әдісін колданады. Осы әдіспен «Кемпірдің ертегісі» поэмасын жазады. Жеткіншектердің өздері кызыгатын мәселенің айналасында сұрак коя беретін ерекшеліктерін осы поэманы жазу үстінде шебер пайдаланған. Әкесі Қайранбай кан майданда казатауып, эжесінің бауырында жетім калған баланың сұрактары үлкен бір әңгіменің басталуына себепші болады. Жас баланың тілегіне орай 1916 жылдың канды окиғасынан бір әңгіме басталып кетеді. Ол өзінің тыңдаушысын жалықтырмай ар карай жетектеп отырады. Бала әкесінің өлімі себебін біЛуге асығады. Ол халык бостандыгы үшін жанын киған экесінің өлімін батырлык, ерлік өлім деп біледі. Поэма балалардың ерлік істерге деген кұлшынысын оятады, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттык рухын шыңдай түседі. Балалар үшін саяси такырыпта жазылған шыгармалардың тәрбиелік күші осында. Бейімбеттің «Тэй, тәй, как, каз»(1923), «Әлди — ана жыры»(1923) деген өлеңдерінде ана қамкорлығы мен бала тэрбиесі арасындағы типтік жайттар суреттеледі. Балалардың ой-киялын шарыктатып, эстетикалык сезімдерін ұштай түсетін шығармалардың бірі — ауыз әдебиеті үлгілері болса, Б.Майлин де сол бай үлгі дәстүрін батыл жалғастырады. Тэй, тэй, тәй!.. Қаз, каз, каз!..Қарағым, апыл-тапыл басканға мәз,Қосылып балалармен ойнауына,Жаркырап көкорайлы келді ғой жаз.дейді жэне келесі шумағында оның болашағынан үлкен үміт күтеді. Ана тілегі баланы алга карай талпынтады. Өлені арқылы жөргектегі балаға жылы сөздің мейлінше кажет екендігін кұптайды, балаларға арналған халык өлеңіндегі ойды дәлелдей түседі. «Байшұбар»(1923), «Өтірікке бэйге»(1922) шығармаларында адамның ақыл-парасаты, тапқырлығы, ерлік мәселелері әңгіме болады. Байшұбар» өлещнде ат екен деп жолоарыс үстіне мінген үры өзінің амал-айласымег жолбарыстан да, маймылдан да оп-оңай кұтылып кетеді. Балалар ыкыласыг өзіне баурап алатын өлең сюжетіндегі осындай драмалык тартыстар жасөспірімдерді үлкен ойға калдырады, өздерінің көзкарасын, пікірін білдіруг* жэне белгілі бір корытындыға келуге үйретеді. Окиға желісі шапшаң өріс алады. Тыңдаушысын бірден еліктіріп әкетеді. Өлең мазмұны әрі күлкілі. Ек каракшы бірінен-бірі шошынады. Құдай-ау, атсыз жаяу өтсем дагы, Өмірг< кайыр сұрап кетсем дағы, Не кылажолбарыска кездестірдің, Мал бер деп аз-кеіу тілек етсем дагы.деп зар илейді ұры. Адал еңбекпен күн көрмеудің арты нег( соктырганын түсінеді. Жолбарыс та ұрыдан калай кұтыларын білмей арпалысады. Мал үшін керуенге бардым кайдан, Шықпастан жатсам еді терен сайдан. Түспейді туласам да, талды белім,Тілеп пе ем бұл пәлені мен кұдайдан? деп жолбарыс жанұшырады. Жазушы осы окиғаға шешім шығаруды балалардың үлесіне калдырады.

0

Автор публикации

не в сети 2 года

Kazaksha Info

3
Комментарии: 1Публикации: 110Регистрация: 06-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля