Шешімдерді шығару және қабылдау жаңа технологиясы

17 сентября, 2014 20:34

Басқару шешімі – бұл жұмыстардың орындалу бағдарламаларын анықтайтын, басқарылу объектасына қойылған нақты міндеттерге жету жағдайын, әдіс, тәсіл, амалдарын белгілейтін басқару субъектасының ықпалы.

Басқаруда, сондай-ақ ададмдардың басқа да іс-әрекет салаларында өнерді, тәжірибені, теориялық білімді практикалық мақсатта қолдана білу істің ажырамас бөлігі болып саналады. Әсіресе, басқару шешімдерін қабылдағанда және жүзеге асырғанда бұл айқын көрінеді.

Мәселелерді шешу қабілетi кітапхана менеджерлеріне қажет маңызды әдет, сондықтан оған жиі өзгеріп отыратын ортаға ыңтайлануға тура келеді. Сондықтан оның ерекшелігінің бipi — шығармашылық қабілеті. Ол өзгерісті қажет еткен дәстүрді бұзуға, жаңашыл шешімдердің ұнататуын, тәукелге баратын болу керек. Сонымен қатар ол басқа адамдардың шығармашылық әлеуметтін бағалай біледі, адамдардың шығармашылық жаңа идеяларын қолдау қабілеті бар.

Шешім қабылдау процесінің интуитивтік, пайымдауға негізделген немесе тиімді сипаты болады.

Интуитивтік шешім – бұл бір  нәрсенің дұрыстығын сезуге негізділген таңдау. Мұндайда шешім қабылдайтын адамдар әрбір балама варианттарға «келісу» және «қарсы болу» жағын қарастырып жатпайды. Мұны адамның өз таңдауы біледі.

Пайымдауға негізделген шешім – бұл білімге немесе жинақталған  тәжірибеге негізделген таңдау. Бұрыңғы ұқсас жағдайларда не болғанын біліп, нақты  жағдайда балама варианттардың нәтижесін болжалдау үшін білімін пайдаланады. Сөйтіп, ол бұрынғы жеткен табысы бойынша балама варианттарды таңдайды.

Пайымдау негізінде шешімді тікелей басшының өзі қабылдайтындықтан, оны қабылдаудың біршама артықшылықтары бар.

Шешімді жасау процесі үш негізгі кезеңнен тұрады: шешімді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру. Төменде басқару шешімін жасау, қабылдау және орындау кезеңдерінің үлгі схемасы келтірілген:

Схема 2

Шешім қабылдаудың қажеттілігін анықтау
Проблемалар мәселесін қою
Жинақталған мәліметтерді талдау
Шешім мәселелерінің негізделуін бағалау
Мәселе бойынша шешімді таңдау және қабылдау
Шешімнің орындалуын ұйымдастыру
Орындалу барысын бақылау және нәтижені бағалау

 

Шешімді  жасаудың және қабылдаудың принципі осы схемасы, шешімді қабылдаудың «Технологиялық» процесінің енгізілу-енгізілмеуіне қарамастан, оның барлық кезендері мен линиясы шешім түріне байланысты. Қарапайым   міндеттерді шешкен кезде аталған кезендердің барлығын пайдалану міндетті емес, және де керісінше, біршама күрделі міндеттерді, әсіресе перспективалық мәселелерді шешкен кезде шешім қабылдауға, әдетте барлық кезеңдер енгізіледі.

Келтірілген кезендердің көрсеткеніндей, басқару шешімін жасаудың және қабылдаудың қатаң логикалық құрылымы болады, әрі қабылданатын шешімге қарай айқын бірізділікті қажет етеді. Алайда, кез келген жағдайда, бұл жұмыстың барлық сатысы әзірлік, негізгі және қорытындысы кезендерге бөлінеді.

Шешімді қабылдаудың әзірлік кезеңінде кез келген деңгейдегі басшы өндірістік, экономикалық, әлеуметтік жағдайларды бағалаудан бастауы тиіс. «Жағдай» ұғымына шешім қабылдауға тура келетін, әрі басқару жүйесіне ықпал етіп, оноы жаңа жағдайға ауыстыратын ішкі және сыртқы жағдайлардың барлық жиынтығы енеді.

Жағдайдың өзі тұтастай ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын немесе оның жекелеген өндірістік бөлімшелерін,  жұмыскерлер тобын, жекелеген орындаушыларды қамтуы мүмкін. Жағдайдың қалыптасу сипатына қарай қабылданатын басқару шешімінің де өзіндік типі болады. Жағдайды дер кезінде бағалау және дұрыс түсіну көбінесе басқару шешімін қабылдау уақытына байланысты.

Басшы қалыптасқан жағдайды жете ұға білуі тиіс. Жағдайды бағалау процесінде қабылданатын шешімнің мақсаты қалыптасады – бұл міндетті шешу  процеснің бірінші кезеңі. Мақсат дегеніміздің өзі басқаратын объектіге қолайлы, әрі қажетті ықпал ету болып саналады, соның нәтижесінде қалыптасқан жағдай тиімді шешілетін болады.

Проблема мен мақсат дұрыс тұжырымдалмаған жағдайда міндеттін шешілуі 50 пайызға қамтамасыз етіледі деп есептеуге болады. Басшының міндеті — өндірістік-техникалық, экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік сипатта басқару жүйесінде пайда болуы мүмкін проблемаларды дер кезінде айқындау.

Басшы кез келген проблеманы ең алдымен ұйымдық, басшылық тұрғысында қарастырады. Басшының  басқару объектісі проблемаларын шешудегі ерекше көзқарасының өзі, сіне осында. Проблеманы тұжырымдау көп жағдайда басшының біліміне, тәжірибесіне, іскерлігіне, осы жұмысқа мамандарды, шаруашылық белсенділерін жұмылдыра білуіне байланысты.

Нақты мәселені, міндеттің не себепті қойылғандығын қарастырған кезде басшы жағдайды – оның пайда болу себептерін, орындауды неғұрлым тиімді  ұйымдастыру мүмкіндіктерін т.б. айқындайды.

Шешімді ойдағыдай орындау үшін мақсаттың дәл, әрі айқын болуының айрықша маңызы  бар. Кейде біртұтас мақсатты айқындау оңайға түспейді, өйткені өндірісте күн сайын көптеген міндеттер туындап  жатады. Сондықтан басты буын принципі бойынша міндетті негізгі мақсатқа бағындыру қажет. Мұндайда орындауға тиісті мақсаттың да, қорғалатын мақсаттың да болатындығын ескеру қажет. Мақсаттар қарама-қайшы болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда да басты буын принципін ескерген жөн. Мақсаттар туралы өткен тарауларда толық баяндалды.

Айналада көптеген қызықтыратын ойлар мен жобалар тұр. Дәл сіздің жобаңыз қаржылаңдыруға табысқа жетстіндей не істеу керек? Өзінің жобалары қызықты да тиімді жетістіктерге жеткен адаммен де сіз бұл уакытка дейін таныс болған шығарсыз. Ол адамның мұндай істерге қалай қолы жетті екен?

Біріншіден барлық қаржыландыру көздерінің мүмкіндіктерін толық меңгеріп алу керек. Бұл әртүрлі қорлар, күрделі корпорациялар, мемлекеттік ұйымдар және оқу орындары да болуы мүмкін. Егер өткен уақыттарда сіз айырбас бағдарламаларына атыссаныз немесе белгілі бір ұйымнан сыйлық алсаңыз ол қорлармен байланысты еш үзбей қарым- қатынаста болып отыру керек. Өйткені, олар болашақта қаржыландыру көздерін іздеуге, табуға көп көмектерін тигізеді.

Осындай зерттеулерден кейін, сіз өз жобаңызды жасауға кірісесіз. Жоба жазбаша — хат түрде жіберілуі керек. Егер сіз ұсыныс жасағалы отырған қордың жобаны толтыру жүйесі басқаша болса, онда ол ережелерді де менгере отырып толтыру керек.

Қаржылай ақша көмегін алу да оңай емес. Бірақ ізденістің арқасында біз көптеген қорлармен, олардың бұған дейін қандай ұйымдарды қаржыландырғаны жайлы көптеген мәліметтерді аламыз. Ал донор- ұйымдардың өздері бір — бірімен өзара сұхбаттасып, қандай мекеме қандай қызықтыратыи жобаларымен жетістіктерге жеткендігі жайлы хабардар болады.

Фандрейзинг жұмысындағы ең маңызды тұлға ол — кітапхананың немесе жеке бір бөлімнің басқарушысы. Оның басқаруында да екі күрделі мәселе тұр:

— кітапхананың ішінара болып жатқан процесстерін кадағалау;

— кітапхананың сыртқы тыныс-тіршілігін  қадағалау және іске асыру;

Кітапханалық фандрейзингтің мынадай кезеңдерін қарастырсақ болады: идентификация (теңесу, ұқсастыру), стратегия, іздену, даму, ризашылық білдіру.

Идентификация — көмек берудің түрлерін, өз бюджет қорын қалай толықтыру керек екендігін, кітапханаға кім көмектесе алатының анықтайды.

Стратегия — кітапхананы жарнама арқылы көмек беруші көпшілікке танымал ету. Оның имиджін көркейту үшін көбінесе — кештер, қоғаммен байланысындағы істері жайлы жарнамалар жүргізіліп отыруы керек.

Бұл процесс әдетінше ұзағырақ болады. Жарнама үшін Интернеттен парақтары ашылу керек. Бұқаралық ақпараттық құралдарымен қарым- қатынасты үзбей отыру керек. Өйткені, оған қызмет көрсете отырып өздернің талқыланып жатқан мәселелерімен пікір таласып, сол туралы мақаланың жариялауына ықпал стеді. Ол үшін ең алдымен радио, телекомпанияларды, мәдениет, әдебиет айдарларында жұмыс істейтін нақты журналистерді талдау керек. Іздену — тікелей көмек сұрау және оны алу. Алдымен донордың «қалтасының» жуан — жұқалығын жетік біліп алу керек, өйткені бұл- фандрейзингтің ең шешуші факторы.

Даму — донорлар дайындау және олармен жұмыс істеу. Мұнда донорлармен тікелей жұмыс істейтін кітапханашылардың аса дайындығы керек. Осы тақырыпта оларға тренингтер, видеосабақтар көп жүргізіп отыру керек.

Үлкен қорлармен жұмыс жасау оңайға түспейді. Жасалынып жатқан жобаларға көп көлемді қаржы сұрау да оңай емес. Бұл жерде басты рольде кітапхана директоры мен бөлім меңгерушілері тұрады. Олар энтузиазм, нақтылық, икемділік қасиеттерін жақсы иемденсе тіпті керемет. Кіммен қарым — қатынаста болу керек екендігін біліп алғаннан кейін, донорлармен жұмыс басталады. Мұнда өтінудің бірнеше түрлерін қолдануға болады: жеке кездесу, почта, телефон, Е-mail арқылы хабарласу. Ең бірінші кездесудегі басты қателік — бірден ақша сұрау. Донорлар ақша бермейді емес береді, бірақ ол кімге, не үшін? Танысып, кітапхана жайлы көбірек айтып, донордың жеке өз басындағы қызығушылықтарын ескергеннің өзінде бірнеше кездесулер белгілеу керек. Содан соң өтішшіңізді айтып, ақшалай көмек беруін сұрасаңыз болады.

Ризашылық білдіру — демеушілік көрсеткен қорға алғыс білдіру. Әр адам өзінің істеген еңбегі үшін оған алғысын білдіргенін қалайды, фандрейзингті де бұл кезеңсіз өткізсек онда болашақтағы жоспарлардың өшкені. Барлық демеуші қорлар өздері берген сыйлықтарын, техника немесе әдебиеттердің халықтың игілігіне қолданылатын жатқандығының нәтижесін көргісі келеді. Үлкен қаржы аударған адамдарға, қорларға алғыс — хаттар міндетті түрде жазылуы тиіс.

Мұндай алғыс білдіру, рахметін айту әр мекеме үшін болашақта да қажет болады. Бұл біріншіден, карым-қатыпастағы адамдарды жоғалтпай, алдағы толғандырып жүрген мәселелерді тағы да шешіп берудің бірдей-бір амалы. Кейбір күрделі сыйлаушыларға алғыс білдіру ауызша сөздермен ғана айтылады. Олар көбінесе өздерінің аттарын экслибристен, мемориал тақталарынан көргенге еш қарсы болмайды.

Енді менің кітапханамды кім қаржыландыра алады екен, деген сұрақ тууы мүмкін. Күрделі сыйлықтар саны көбінеее жекеше сый берушілердің аз санынан келіп түседі. Ал үлкен колемді сый беруші адамдар сізге немесе сіздің кітапханаңызға танымал болады.

Мынадай қаржылық көздерінен көмек алуға болады: қайырымдылық қорлар, халықаралық ұйымдар, діни, ғылыми және коммерциялық емес қоғамдық ұйымдар — осылардың барлығы донор ретінде қызмет көрсетеді. Донорлардың жіктелуі:

Мемлекеттік донор — өз мемлекетінің бюджетіпен қаржы алатын мекеме. Бұл ең төрешіл және талап қойғыш донор. Олардың   көмек   берудегі   бағдарламалары  қаталдау   болып   келеді. Мұндай   мекемелер  көбінесе   өз   мемлекетінің  азматтарын  ғана қорландырады,   ал   шет   ел   азаматтарына   өте сирек қызмет көрсетеді.

Жекеше донор — жеке адамдардан жеке коммерциялық емес ұйымдардан қаржы алатын қорлар. Мемлекеттік қорлар әдетінше барлық мекемелерге бірдей мүмкіндіктер жасауы тиіс. Ал жеке қорлар ұсынылған жұмысты еркін, икемді және тез орындауы мүмкін [24, Б.86-89]

Тәуелсіз донор — бұл жеке бір немесе бірнеше адамнан құралатын қор (Сорос қоры).

Бюджеттен тыс донор — мемлекеттік бюджетке енгізілмеген, белгілі бір мақсатқа қолданыдатын мемлекеттің ақша қаражаты (мысалы, мемлекеттік зейнеткер қоры, жұмыс бастылық қоры, мемлекеттік сақтандыру қоры).

Жалпы қорлар туралы ұсынылып отырған құралдың сонғы беттерінен, газет-журналдардан және Интернет жүйесінеп ақпарат ала аласыздар.

Мәлімдеме дегеніміз — грант сұраудың жазбаша (хат) түріндегі мәлімдеушінің өтініші. Кейбір коммерциялық фирмалар қаржы (несие) беру көмегін сұрау үшін соя қорға бизнпес-жоспарын ұсынады. Ал, мәлімдеме алда жоспарланған жұмыстың жобасын ұсынып, соған грант бөліп беруі туралы жазылатын өтініш-хат. Ол 1 -3 парақтан тұру керек. Кітапхана жайлы, ұсынылып отырған жобаның мақсаттары туралы мәліметтер хатта толық қамтылуы тиіс. Егер хат-ұсыныс іске асырылмай кайтарылып жатса, келесі рет жазғанда босқа күш кетірмеу үшін жіберілген қателерді мұқият ескеру керек. Көптеген қорлар өзінің мемлекетінің жағдайын қарастыра отырып басқаға көмектеседі, сондықтан да сіздің жобаңыз тек кітапхана жайлы ғана болмауы тиіс. Мынадай екі мысал келтірейік:

Оқырмандар жайлы мәліметтердін автоматтандырылу технологиясы (оқырман билеттерінің штрих-кодталуы);

Кітапхана өзінің Web-парақтарымен, Web-серверімен Интернет жүйесіне қосылу. Әрине, екінші жобаның табысқа жетуі тезірек, өйткені ол ауқымды ақпараттың интеграциямен байланысқа бағытталып отыр. Бірінші жоба кітапхананын бір ғана мәселесін шешіп отыр.

Күнделікті  бақылауы қарастыратын оқытудың несиелік жүйесін жүзеге асыру мақсатында, білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін білімді, кәсіби біліктілігі жоғары жастарды тәрбиелеуде университет кітапханасын — білімнің индикаторы деп санауға болады. Жоғары оқу орны кітапханасы қазіргі кезде бәсекеге кабілетті мамандарды даярлау үрдісінде негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, сондықтан да кітапханаға сапа менеджмент жүйесінде қызмет атқару өте маңызды.

Дұрыс шешім қабылдау жеткілікті, әрі айқын мәліметтер болғанда ғана мүмкін болады.

Мәлімет көлемі қарастырылатын міндеттердің күрделілігіне, сондай-ақ шешімді қабылдайтын адамның біліктілігі мен тәжірибесіне байланысты. Перспективалық шешімдерді ойластыру үшін алуан түрлі, әрі көлемді мәліметтер қажет. Жедел мәселелер, технологиялық жағдайлар туралы шешім қабылдағанда мәліметтің онша көп болуы қажет емес.

Шешім қабылдау мақсатында мәлімет жинау үшін қолда бар типтік мәліметтерді пайдаланады, арннайы жасалған нышан бойынша сұрау  салады, жекелей бақылау жүргізеді, мамандармен және қарапайым жұмыскерлермен әңгіме өткізеді, қалыптасқан жағдаймен танысады, эксперттердің пікірін таңдайды. Егер мүмкіндік болса, социологиялық зерттеу жүргізеді.

Алынған мәліметтерді талдаған кезде, оның сипатына қарай әр түрлі тәсілдерді де пайдаланады. Мәселен, сапалық мәліметтер дегенді зерттеу үшін белгілі логикалық амалдары: салыстыруды, синтезбен талдауды, абстракциялауды, әртүрлі дәлелдеу тәсілдерін пайдаланады.

Егер мәліметтер қалыптасса, оны талдаудың сандық тәсілдерін қолданып, мұндайда компьютерлік техника мен экономикалық-математикалық тәсілдерді пайдаланады.

Шешімдер варианттарын (баламаларын) тұжырымдау. Шешімдер варианттары санының (баламаланың) болуы проблемаларды шешудің ең қолайлы жолын таңдауға мүмкіндік береді. Бір вариантты ғана  ойластырып қою, әдетте, қолайлы шешімді қамтамасыз етпейді. Мұндай жағдайда болжалдау дегеніміз, ұсыныс түрінде келіп түскен вариантты шешу, әдетте, міндетті тұжырымдау кезеңінде пайда болады. Барлық варианттарды, тіпті алғашында орындауға болмайтын сияқты вариантты да қарастыру керек. Ол үшін осыған ұқсас міндетті шешекен кезде жинақталған тәжірибені пайдалану қажет. Шешілетін  варианттарды таңдау үшін сандық талдауды да эвристикалық тәсіл деп аталатындығы да қолданады.

Күрделі мәселелерді шешкенде көптеген факторлар болғанда, ал шешімнің дұрыс болмауы қосымша шығынға ұшырататындықтан, міндетті шешудің қазіргі математикалық тәсілдерін пайдалану ұсынылады.

Шешімнің қолайлы варианттын (баламасын) таңдау. Шешім варианттарының бірнешеуін ойластырғаннан кейін, әр вариантты жеке қарастырады. Шешім қабылдаудың бұл сатысында әр түрлі варианттардың қиындық дәрежесі мен орындау мүмкіндігін айқындау қажет. Ең тәуір вариантты таңдау басқару шешімінің жауапты кезеңі. Іске аспайтын варианттардың шығарып тастайды да, ақырғы таңдауға неғұрлым жүзеге асатын вариант шешімдерін қалдырады. Қолайлы шешім вариантын ақырғы таңдау жөніндегі бұдан кейінгі жұмыстарды оңайлату үшін не істеу керек? Ол үшін әрбір вариантты мұқият ойластыру қажет.

Шешім варианттарын ойластыру дегеніміз не?

  • Біріншіден, бұл шешімнің барлық құрамдас бөлігін, әсіресе, мақсаты мен міндетін мүмкіндігінше толық тұжырымдайды.
  • Екіншіден, қойылған мақсатқа жетудің негізгі бағыты, жолы мен амалы, сондықтан қолда бар еңбек, материалдық, қаржы және басқадай ресурстар, ғылыми идеялар, жаңалықтар, өнертабыстары зерттеледу, әсіресе, уақыт факторы ескеріледі.
  • Үшіншіден, басқарушы және басқарылатын жүйелердің, әсіресе осы шешімді жүзеге асыратын кезде басқару мен байланыс арасындағы әрекеттестік пен үйлесімді ойластырады.
  • Төртіншіден, әр вариант бойынша әс-әрекет нәтижесінің мүмкіндігі бағаланады.

Қабылданатын шешімнің нәтижелік межелеушін таңдау – күрделі, әрі жауапты кезең. Критерий (межелеуіш) дегеніміз, қабылданатын шешімнің әр түрлі варианттарының тиімділігін салыстыруға мүмкіндік беретін көсреткіш немесе бірнеше көрсеткіш.

Мақсатты тұжырымдау мен өлшемдерді таңдау арасында басқару шешімі үшін әрқашанда тікелей байланыс болуы керек. Межелеуіштер көмегімен қойылған мақсатқа  жетуге жұмсалатын шығын деңгейі анықталады. Сонымен, межелеуіштерді таңдаумен басқару шешімін ойластыру жөніндегі жұмыстың әзірлік кезеңі аяқталады.

Шешім қабылдаудың дәстүрлі нышанымен қоса, басшы шешімді орындаушылармен, оны жүзеге асырудың нақты бағдарламасын да ақылдасады.

Білім беруді реформалауды талдау қорытындысы белгілі бір бағыттағы басқарудың «реформалану» теориясымен байланысты көптеген сұрақтар жиынтығы білім беру саясатынын басқару механизмімен жүзеге асатынын көрсетіп отыр. Ендеше білім беру саласындағы әділғірліктер және оларды шешудегі жұмсалып жатқан құш-қуаттың тиімділігіндегі жетіспеушіліктер көпшілік жағдайда басқару деңгейінің төмендегімен байланысты деуімізге болады.

Елімізде «Білім туралы» Заң қабылданғаннан кейін бұрынғы орталықтандырылған жүйе тоқтатылды. Басқарудың бұрынғы сатылы байланысы бұзылды. Бірақ, басқаруда бұрынғы деңгейлі құрылым мен жұмыс технологиясы сақталып қалды. Бұл инновациялық үрдістердің тиімділігіне жәде тұрақты құрылымың қолдауға кері әсерін тигізбей қоймады. Басқару жүйесі кенеттен болған қатаң орталықтандыру жүйесінің бұзылуына дайын емес еді. Соңғы жылдарда аймақтық және мектепішілік басқаруда басқарудың тиімді ұйымдастырушылық түрлері мен басқару әдістері өздерінің қажетті нәтижелерін берген жөң. Бұл стратегиялық басқаруда, жасақталған даму бағдарламаларының жүзеге асырылуында және қазіргі басқару жүйесінде айқын байқалып отыр. Атап айтқанда, олар: білім беруде талапты өзгертудің және білім жүйесі мен кәсіпорындарына талаптың жоқтыры; ділгірлікті шешуде басым шешімдер садасын ашып көрсетуде талдаудың толық еместігі және оның әлсіз негізсіздігі; даму бағытының дерексіздігі; тиісті мәселелерді шешу үшін жоспарланған шаралардың дерексіздігі мен толық еместігі; күтілетін нәтижелердің жүзеге асырылуындағы белгісіздіктер; бағдарламаны жүзеге асыру ресурстарының тексерілуінің дұрыс еместігі, яғни, толық жасақталмауы.

Осы жағдайлардың кез келгенінде проблеманың нағыз себептер аталған факторлардың біреуі болуы мүмкін. Мұндайда басшының таңдауында көптеген варианттар болады.

Практикада таза түрінде бағдарламаланған немесе бағдарланбаған шешімдер сирке кездеседі, барлық шешімдер шектеулі варианттардың аралығында болады.

Осы келтірілген жіктеулер басқару шешімдерінің барлық жағын қамтымайды, алайда едәуір мәні бар. Оның өзі алуан түрлі шешімдерді түсінуді оңайлатадығ әрі барлық түрін қарастыруға көмектеседі. Сонымен қоса  бұлайша жіктеудің практикалық пайдасы да бар. Соның арқасында басқарудың әр түрлі буынындағы қызметкерлер жағдайды мұқият талдап, неғұрлым тиімді, әрі заңды шешімдерді тағдап алады, сондай-ақ басқарудың әр түрлі деңгейінде шығарылатын шешімдерді өзара келісуге мүмкіндік береді.

Жоғарыда атап көрсетілген, нақты басқару шешімдері өзінің мазмұндық ерекшеліктері жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар. Алайда, кһптеген шешімдерді өзара салыстырғанда, олардың арасында елеулі ұқсастық, заңды белгілер бар екендігін аңғаруға болады.

Басқару шешімдерінің ішкі мазмұнының біртұтастығы проблема қалай шешілуі керек деген сауалға жауап береді. Бұл – шешімінің маңызы бқлігі.

Шешімнің ұйымдық бөлігіне мынадай мәселелер жатады: іс-әрекеттің  бірізділігі мен реттілігі, календарлық мерзімдер (ақырғы және аралық), орындауға жауаптылар (ұйымның, қызмет адамының аты және фамилиясы көрсетілген), орындаушылар арасындағы үйлестіру және өзара әрекеттесу мәселелері есеп беру тәртібі.

Лидер рөлінде ойнайтын адамдардың көбі оны өзінің меншік құндылығымен байланыстырады. Сондықтан бедел өсімі — жетекшілердің жемісі, ал оны жоғалту өз қайғысы ретінде қарастырылады.

Өткір бәсекелестік жағдайындағы кітапхананың  өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін кітапхананы «дәстүрлі түрде» емес, жаңаша басқарып  үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара  білу керек. Бұның өзі нарықтық конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда жетекшілк етуді қазіргі заман талапары деңгейінде жүзеге асыра алатын жаңа типті басшы – менеджерлерді дайындауды талап етеді.

Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда жетекшілік етуді қазіргі заман талаптары деңгейінде жүзеге асыра алатын жаңа типті басшы – кітапханалық менеджерлерді дайындауды талап етеді. Үздіксіз кітапханалық білім берудің алға қойған негізгі қағидасы кітапхана мамандарының кәсіби білім деңгейін жетілдіру, міндетті базалық білім алудың көп жақты үлгісін бірегей жүйеге түсіру болып табылады.

Қазіргі менеджментке қатысты көтеріліп отырған мәселелер ауқымы алуан түрлілігімен және көп қырлылығымен ерекшеленеді. Алайда осы уақытқа дейін Қазақстан экономикасының ерекшелігін ескеретін менеджмент әдісі бізде толық зерттелмей келеді. Сондықтан осы бағыттағы ізденістерді экономиканың нарықтық қатынастарға көшу кезеңінен бері қарай бірнеше жыл бойы жүргізіп келеміз.

Елеміздегі болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер, білім мен мәдениеттегі болып жатқан жаңа мемлекеттік тапсырмалары іске асырудағы шешуші қадамдар ең алдымен кітапханашыға келіп тіреледі. Жаңа ақпараттық технологияға көшу, басқарудың экономикалық амалдарын қолдану, оған еңбек ұжымының қатыстырылуы кітапхана жұмысшыларының жаңа жоғары кәсіби деңгейін және жалпы мәдениет пен қарым-қатынас мәдениетін игерген жаңа түрін қалыптастыруда талап етеді. Нарықтық экономика кітапхана мамандарына бәсекелестікке бейімділу талабын қояды, соған байланысты әркім өз білімін ұдайы жаңартып, іскерлік пен шығармашылығын жүзеге асырады.

Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпараттық, білім беру және мәдени-ағарту қызметінің негізгі болып табылады. Жаңа мыңжылдықта кітапханалар қоғамның қайта жанданып, өзгеруінде басқа мәдени мекемелер арасында үлкен мүмкіндіктерге ие. Бүгінгі таңда рухани дүниетанымы кең, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ өсіру, оны өнерге, халықтық мұраға бейімдеуде, мәдени құндылықтарды жаңғыртып, таратуда сипат беретін мәдени орынның бірі – кітапхана.

Басқарудың осындай стилін көптеген мамандар оптималды деп есептелді. Сонымен қатар, зерттеулерге сәйкес кейбір жағдайларда бағынатын адамдар демократиялық стильден бас тартады, себебі тиімділігі жетекшіксіз деп есептейді. Бұндай пікірдің пайда болу себебін мына жағдаймен байланыстыруға болады: осы айтылған стильдердін әрбір өсуінің әрі жақсы, әрі тиімсіз жақтары бар. Сонымен қатар, ұжымдардың қызмет ету жағдайлары әртүрлі. Осы кезге дейін басқару ғылымында басқарудың стилі мен тиімділігінін арасындағы тікелей қатынас анықталмаған.

Біртұтас қоғамдық процесс ретінде менеджмент басқа ғылым қатарында маңызды және бұл процестің барлық элементтермен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.

Басқару қызметтің ерекше түріне айналды, экономикалық, өндірістік және басқа процестер күрделенгенде, барлық қоғамдық процесті қамтыды және сауатты басқарусыз бұл процесс мүмкін емес, жүйеде болып жатқан реттеу, бөлек мүшелердің қозғалыстары келісулі болуы керек.

Басқарудың тікелей міндеті процеске белгілі бір тәртіп енгізу, адамдардың біріккен қозғалыстарын ұйымдастыру, келісімділікке, қозғалыстардың үйлесімділігіне жету болып табылады.

 

Қорытынды

 

Қaзipгi кітапхана ісіндегі мәселе: тендер бойынша кітап қорын толықтыру. Бұл тәсіл кітапхана үшін тиімді дей алмаймыз, себебі тендер жылына бip рет өткізіледі. Техникалық мамандықтар бойынша мемлекеттік, ағылшын тілдеріндегі жаңа кітаптар, мерзімді басылымдар қатары жеткіліксіз, оған қоса Ресейден  жеткізілген оқулықтардың аудармасы аз.   Шет тілдеріндегі әдебиеттердің, электронды ресурстардың бағасы қымбат.

Сол үшін сұранысы жоғары деген кітаптарды сканерлеп, пайдаланушыларға электронды түрде жеткізумен қамту; Республикалық ғылыми-техникалық кітапхананың электронды реферативті журналына қол жеткізу; ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Ұлттық Ғылым Академиясына қарасты орталық ғылыми кітапхананың халықаралық байланыс және ақпараттық ресурстар бөлімімен қарым-қатынас орнату арқылы дүниежүзіндегі жетекші баспаларынын ғылыми еңбектерін келісімшарт бойынша алу қажет.

Қазіргі кезде қоғамда ақпараттық, біліми және мәдени қызметтер атқаратын кітапханалардың аса қажетті әлеметтік институт екніне ешкімнің дауы бола қоймас. Барлық шетелдерде, сонымен қатар біздің республикамызда да кітапхана ісіне, кітапханаларды техникалық жабдықтауға және оларда қызмет істейтін мамандар әзірлеуге көп көңіл бөлінуде. Осыдан он жылдай бұрын басталған еліміздің экономикалық жағдайының өзгеруіне байланысты шаруашылықтың барлық салалрында болған қысқарту кезінде екі мың астам кітапханалар жабылған еді. Дегенмен, жалпы көрсеткіштерге қарайтын болсақ, кітапханалардың жалпы қысқартылу саны басқа облыстарға қарағанда шамалы екенін аңғаруға болады. Яғни, қызмет істеп тұрған кітапханалар білікті, кәсіби мамандығы бар кадрларды толассыз қажет етеді деген сөз.

Қазіргі кезде кітапхана мамандығын әзірлеуге талап жоғары. Себебі қазіргі замаңғы қоғамның талаптарына лайықты құжаттық-ақпараттық мәліметіне оқырман арасында жалғастырушы-дәнекер бола алатын жаңа кітапханашының моделі қажет.

Қорыта келе, қазіргі менеджмент формалары, түрлері құрамдарын орынды және жітік пайдалануды қамтамасыз ететін нақты сипатта болу керек. Сонымен бірге, қызметкерлердің қызығушылықтарын, негізгі дайындық ерекшеліктерін, оқу орнының салтын, жергілікті іскерлік мәдениетті, экономиканы, сонымен қатар оқушының болашақтағы мамандығын ескеру қажет. Мысалы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (ОҚМУ) Қазақстан Республикасының оңтүстік өңіріндегі ірі, көпсалалы жоғары оқу орны, Білім-ғылым және мәдени-гуманитарлық орталық ретінде ИСО 9001:2000 талаптарына сай сапа басқару жүйесін ұдайы жақсарта отырып, ҚР білім беру жүйесінде көшбасшы болып табылады. Білім беру саласында сапа басқару жүйесі білім беру ұйымы мен білім беру қызметінің сапалылығын тұрақты қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.

Сапа басқару жүйесі кітапхана жұмысының басқару стилін өзгертіп қана қоймай, басқару, оқыту жүйесін жаңалауды қажет етеді. Қазір кітапханада оқытудың жаңа түрі — коучинг — менеджмент — адам потенциалын дамыту, оқытып емес, оқытуға, өткен қателіктері емес, болашақта ол үшін емес, кітапханашының өзі шешім қабылдайтын жеке мүмкіндіктерінің ашылуына себеп болуы керек КОУЧ-басшы, «коучерлер» — үйренушілер.

Ақпараттық білім беру орталығында ақпараттық-библиографиялық үрдістерге жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, Электронды ресурс орталығында оқытушылар, магистрант, студенттерге Интернет ресурстарын, Құжаттарды электронды түрде жеткізу (ЭДД), электронды           тасымалдағыш құралдардағы  құжаттарды, дүниежүзілік мәліметтер қорын пайдалану мүмкіндігі дәстүрлі кітапхананы жаңаша ақпараттық білім беру орталығы деңгейіне көтерді. Аталған жұмыстың барлығы кітапхана ісіндегі білікті мамандардың кітапхана ресурсының маңызды құрамдас бөлігінің арқасындо жүзеге асты. АБО директоры пед.ғ.канд. Көкеева М.К., аға буын кітапхана ісінің майталмандары, өмірлік тәжірибелерімен қатар адамгершілік қасиеттері жоғары «кітапханашы»  Бекова Сәуле Мұқашқызы, Қазыбекова Гүлжан Асханбайқызы, Боранбаева Рахила Алпысбайқызы т.б. кітапхана ісі ардагерлерінің іс-тәжірибесін жас кітапханашыларға меңгерту мақсатында «Тәлімгерлік мектеп» қайтадан жандандыру қажет дел есептеймін.

Ал кітапханалардың болашақтағы дамуының сапалығы төмендегі аспектілерге негізделеді:

  1. Техникалық қамтамасыз ету: жаңа компьютер,   жиһаз,   Интернет.      Қазіргі  ақпараттық ортаны ақпаратпен жылдам алмасу жүйесі арқылы пайдаланушылардың интелектуальды талаптарын  қамтамасыз ету;
  2. Бағдарламалық қамтамасыз ету.
  3. Ақпараттық қамтамасыз ету; оқулықтар, әдістемелік материалдар, электронды   каталог, мерзімді басылымдар т.б.
  4. Мамандармен қамтамасыз ету — Кітапханашы мамандарды қайта даярлау.

Кітапхананың сапа басқару жүйесі саласындағы жұмысы мониторинг,          пайдаланушылармен кері байланыс арқылы талаптарын анықтау, зерттеу, талдау, ұдайы жақсарту іс-шараларымен   кітапхана жұмысының негізгі түрлерін қамтамасыз ету. Алайда, ақпараттық-кітапханалық қызмет көрсету сапасын бағалау дәстүрлі статистикалық көрсеткіштер оқылым, келім саны, қордың айналымы, кітаппен қамтамасыз ету арқылы бағалау жеткіліксіз. Сапа басқару жүйесінде ақпараттың толықтығы, жаңалығы, жылдам,  әрі      сапалы  қызмет көрсету, пайдаланушылардың қанағаттануы сияқты өлшемдер маңызды орын алды.

Оқу орындары кітапханалары өзінің дәстүрлі қызмет түрлерін:

— кітапхананың бірыңғай кітап қорын тиімді толықтыруда  университет     кафедралары  мен құрылымдық  бөлімшелермен тығыз байланыс орнату;

— еліміздің кітапхана қорын мәдени және ақпараттық мұра ретінде сақтау арқылы, кітап қорының тиімді орналасуына, сақтау жағдайын жақсарту, әсіресе бағалы және сирек басылымдарға ерекше көңіл аудару;

— ақпаратқа, кітапхана ресурстарына қашықтықтан қол жеткізуді ұйымдастыру;

— пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін жетілдіру;

— басқа  кітапханалармен шығармашылық қарым-қатынас орнату;

— әдістемелік жұмыс (талдау, ұйымдастыру,  ақыл-кеңес, мониторингтік зерттеу) арқылы кітапхананың барлық қызмет бағыттарын жетілдіру;

— кітапханашылардың кәсіби біліктілігін жаңа талаптар мен кәсіби стандарттарға сай оқыту арқылы жетілдіру орталықтағы Сапа басқару   жүйесінің жемісті кепілі болады.

Сапа менеджмент концепциясы мазмұнын жоғарыда аталған дәстүрлі кітапхана қызметінде жүзеге асыру пайдаланушыларға кітапхана өнімімен ақпараттық сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

Өткір бәсекелестік жағдайындағы кітапхананың  өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін кітапхананы «дәстүрлі түрде» емес, жаңаша басқарып  үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара  білу керек. Бұның өзі нарықтық конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда жетекшілк етуді қазіргі заман талапары деңгейінде жүзеге асыра алатын жаңа типті басшы – менеджерлерді дайындауды талап етеді.

Бүгінгі таңдағы кітапханаларға жаңа заман талабына сай келетін елеміздегі болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер, білім мен мәдениеттегі болып жатқан жаңа мемлекеттік тапсырмалары іске асырудағы шешуші қадамдар ең алдымен кітапханашыға келіп тіреледі.

Дипломдық жұмыста көрсетілген шешім қабылдау және басқару жаңа технологиясы АҚ «Медициналық Ұлттық Академиясының» кітапханасының жұмыс барысында практикалық негізінен қолданылып болашақта жүзеге асыруға болып табылады және көптеген басқа кітапханаларына іс-тәжірибелік мағынасы зор деп ұсынуға болады.

Дипломдық жұмысының алға қойған мақсаты, менеджменттің міндетін, мақсатын негізге ала отырып, менеджер және ұйымның сипаттамасы мен ұйым өміріндегі әр түрлі құбылыстарды, құрылымдарын, шешім қабылдау  логикасын, еңбек мотивациясын, топты және жеке адамдарды басқару, оларға басшылық жүргізу қазіргі замандағы менеджмент пен әлемнің дамыған елдерінің менеджментке  деген көзқарасын,  қазіргі басқарудағы  болжау мен үлгілеудің рөлін анықтай отырып басқару функцияларының заманауи түрлерін енгізу және т.б. болып табылады.

 

 

Кіріспе

 

Зерттеудің өзектілігі: Басқару — демек басқармаларды табысқа әкелу. Кез-келген жаңашылдықтың пайда болуы зерттеу жұмыстарынан басталады. Оның барысында жаңашылдықты жасау мақсатында анықталады. Бұл шешім шығары және басқару жаңа технологиясы.

«Басқару» термині — бұл жоспарлау, бағалау, жобаларды жүзеге асыру, бақылау процестерімен қоса шешім қабылдайтын жалпылама түсінік. Бір жағынан жоспарлы және оперативті шешімдердің белгісі, олардың ілесіп отыру тәртібі.

«Менеджмент негіздері» пәнін игерудің басты міндеті басқарушының қызметіне ықпал ететін және анықтайтын факторлармен, басқарудың қазіргі кездегі амалдарымен, басқару қызметінің негіздерімен, олардың функцияларымен танысу болып табылады.

Бұл ғасырда мемлекет басқару жүйесі түрлі өзгерістерге ұшырады, экономикалық саясатта өзгерді. Сондай-ақ дербес мемлекетті басқару жүйесіне баса назар аударыла бастады. Нарықтық экономиканы жетік басқару үшін арнай білім көзі болуы керек.

Нарық дегеніміз — адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынасты сипаттайтын күрделі түсінік. Нарықтың шынайылығы сатушы мен сатып алушының арасындағы қарым-қатынаста, өнімге құрылатын бағада, өнімді сату, сатып алу актісінде көрініс береді.

Басқару теориясы ғылым ретінде (оның аңықтамасынан ерекшелігі) өткен ғасырдың аяғында пайда болды және осы уақытқа дейін көптеген өзгерістерге ұшырады.

Сонымен бірге, «ғылыми менеджмент» түсінігін басқару теориясының негізін қалаушы болып саналатын Ф.У.Тейлор енгізді.

30-40 жылдардағы басқару облысының теоретигі, Лютер Гьюликтің пікірінше, басқару әр түрлі теорияларды, жинақтаған әр түрлі құбылыстарды жүйелі түрде игеретін ғылым болып табылады және «адамдар орталық мақсаттарына жету үшін неге және қалай жүйелі қызмет етеді, сонымен бірге осы қарым-қатынас жүйелерін барлық адамзат үшін неғұрлым пайдалы жасау үшін жүйелі негізде түсінуге тырысады».

Әлбетте, басқарудың теориясы мен тәжірибе эволюциясы өнеркәсіп пен жалпы ғылымның дамуымен тығыз байланысты.

Қазіргі таңда кітапханаларда алға талпыну өзгерістері болып жатыр. Заман ағымына қарай, білім талабына сай оқырмандардың да сұранысы өзгеруде. Республика кітапханашыларына көмек ретінде ҚР ҰК «Кітапханашының кітапханасына» атты сериясымен іс-тәжірибелік құралдарды шығарады. Ұсынылып отырған әдістемелік құрал кітапханалық маркетингті қамтитын екі күрделі тақырыптардан тұрады: фандрейзинг және жарнама. Әсіресе, ағымдағы ақпараттар мен соңғы шығарылып жатқан анықтама басылымдар оқырмандарды көп қызықтырады. Әрине, оқушының ордасы ретінде мұндай сұраныстарға кітапхана қызмет көрсете алады, бірақ қалай?

Кітапханаға әрдайым қосымша қаржылық толықтырылу жұмысы іске асырылып отыру керек. Бұл қосымша қаржылық көздерін екі топқа бөлуге болады:

—    ішкі (өз мүмкіндіктеріп барынша қолдану)

—    сыртқы (өзгенің кемегін өз игілігіне жарату).

«Өзге» өздігінен көмек бермейді, ол қорларды да кітапхана жоспарларымен, алға қойған келелі мақсаттарымен таныстырып, баулу керек. Кітапхананың басында екі жақты күрделі мәселе тұрады — дәстүрлі сарқылмас қорды қолдау мен сақтап қалу және жаңа технологияларды басқару қызметіне мекемені енгізу. Электронды технология дәуірі жаңа қаржылық көздерді кітапхананың даму игілігіне қарай өзіне тартуын талап етеді.

Объекті: Шешім қабылдау және басқару әдісі.

Пәндік: Қазақстан Республикасында кітапханалардың шешім қабылдау және басқару технологиясының даму жолындағы жұмыстар.

Диплом жұмысының мақсаты – кітапханадағы шешім қабылдау, басқарушылықтың және лидерлікті – басқару қызметінің негізгі компоненті ретінде көрсетуге.  Сонымен бірге міндеттер:

  • шешім қабылдау және басқару ғылымының ерекшеліктерін зерттеу;
  • кітапхана ұйымдастыру қызметі және басқару негіздерін анықтау;
  • басқарудағы еңбегінің мәдениетің жоғарылату жолдарын көрсетуге.

Зерттеудің ғылыми жаңалықтары: елеміздегі болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер, білім мен мәдениеттегі болып жатқан жаңа мемлекеттік тапсырмалары іске асырудағы шешуші қадамдар ең алдымен кітапханашыға келіп тіреледі. Жаңа ақпараттық технологияға көшу, басқарудың экономикалық амалдарын қолдану, оған еңбек ұжымының қатыстырылуы кітапхана жұмысшыларының жаңа жоғары кәсіби деңгейін және жалпы мәдениет пен қарым-қатынас мәдениетін игерген жаңа түрін қалыптастыруда талап етеді. Нарықтық экономика кітапхана мамандарына бәсекелестікке бейімділу талабын қояды, соған байланысты әркім өз білімін ұдайы жаңартып, іскерлік пен шығармашылығын жүзеге асырады.

Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін дамыту және жоғарғы эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруда кітапханалардың алар орны ерекше. Сондықтан кітапхана мәдени-ағарту және ақпарат мекемесі облыстағы баспа шығармларын сақтайтын, оны тарату мен насихаттау жөнінде қызмет атқаратын мәдениет ошағы. Кітапханада тәлім-тәрбие жүйесінің толымдылығын қамтамасыз ету үшін тәрбиенің де, ағартушылықтың да әдістемелік жүйелерін жасап, оларды жұмыс практикасы мен қоғамдық өмірге кеңінен енгізу міндеті тұр.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деп аталған халқына Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы басқарушысыз біз инновациялық экономика құра алмай-мыз» деп атап көрсеткені мәлім. Бұл талап жаңа ғасырдағы білім және мәдениет саласы қызметкерлеріне жауапты міндеттер жүктейді.

Қазіргі мәдениеттің жаңашыл бағытының өзгеруі, қоғамға жоғары білімді, рухани-адамгершілігі мол, өздігінен шешім қабылдай алатын, ынтымақтастыққа қабілетті, бейімділігі мен жауапкершілік сезімі биік адам қажет. Бұған жету үшін басқаруды дамытуға бағытталған жаңа модель керек. Кітапханалық менеджмент адамдардың өзін-өзі дамыту, еркіндік және шығармашылығын дамыту болып табылады.

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

  1. Бахишева С.М. Педагогикалық жүйелерді басқарудағы жобалаудың адам ресурстарын дамытушылық қызметі // Білім берудегі менеджмент=Менеджмент в образовании. − 201 − №2.− Б.6-8
  2. Бекбаева З.Н. Басқару іс-әрекетінің маңызы, мәні және негізгі қызметтері: Басқарудағы жаңа көзқарастар // Білім берудегі менеджмент=Менеджмент в образовании.− 2009. − №4. − Б.3-6
  3. Бельгимбаев А.К. Менеджмент: оқу құралы [электронный ресурс].− Алматы, 2009
  4. Бердалиев К.Б. Басқару негіздері.− Алматы: Экономика, 1997.− 230б.
  5. Джен Ягер. Деловой этикет: как выжить и преуспеть в мире бизнеса. Пер. с англ.− М.: Джон Уайли энд Санз, 1994
  6. Дригайло В.Г., Башун Е.В., Вольнец В.Н. Основы управления библиотекой высшего учебного заведения: Научно-практическое пособие.− М.: ЛИБЕРЕЯ, 2004.− С.240-250
  7. Дымникова Л.И. Практика фандрейзинга в учреждениях культуры // Справочник руководителя учреждения кулыуры.−− №1.− С.42-50
  8. Жакенова Б.Қ., Тәмпішева Қ.Б., Мақсатова Л.М. Менеджмент негіздері: оқулық.− Алматы, 2008.− Б.189-238
  9. Жәкенова Б.Қ. Менеджмент негіздері.− Алматы, 2006.− Б.73-85
  10. Есенқызы Ы. Университет кітапханасы – ғылым мен мәдениеттің ақпараттық орталығы // Кітапхана әлемі.−− №3.− Б.31-32
  11. Интернет на сайтах rambler.ru, google.kz, yandex.ru
  12. Казкенова У.Ж. Библиотечный менеджмент: курс лекций для специальностей «Библиотековедение и библиография».− Кокшетау, 2003.− С.25-32
  13. Карташов Н.С. Управление. Менеджмент, Маркетинг // Библиотековедение: исследования, история, современность. Сб.науч.тр.− М., 1995.− С.145-147
  14. Көшербаева Б.Қ. Кітапхана мамандарының жаңа саясаты // Кітапхана әлемі.−− №3.− Б.26-27
  15. Құбаев Қ.Е. Басқару негіздері: оқу құралы.− Алматы: Экономика, 1997
  16. Менеджмент негіздері / Ахметов К.Ғ., Сағындықов Е.Н., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Жұмаев Ж.Ж.− Ақтөбе-Орал: А-Полиграфия, 2005.− Б.165-169
  17. Мырзаханова Ф. Ізгілікпен қызмет көрсету негізгі міндетіміз // Кітапхана.−− №1.− Б.24-25
  18. Мырзахметова Г. Оқушыларды ойдағыдай кәсіптік мақсатты әзірлеу міндеттеріне сәйкес мектептің тәрбиелік жүйесін түзету мақсатымен мұғалімдердің әкімшілік стильдерін зерттеу туралы білім беру менеджерлеріне // Кітапхана әлемі.−− №2.− С.41-44
  19. О»Лири, Элизабет. Лидерство: что нужно знать руководителю. 10-минутный тренинг для менеджера.− М.: Олимп-Бизнес, 2004
  20. Өмірбекова Ж. Білім беру жүйесінің жетілдіру, басқару // Қазақстан мектебі.−− №8.− Б.64-65
  21. Портман К. и др. Искусство управления.− СПб.: Лениздат, 1992
  22. Рахманұлы Ө. Менеджмент негіздері: оқу құралу [электронный ресурс].− Алматы, 2007
  23. Рысбаева А.Қ., Исаева Ж.Б. Менеджменттің басты мақсаты ұжымның әрекетін нәтижеге бағыттау // Кітапхана әлемі.−− №3.− Б.23-24
  24. Сағындық Б.Ә. Кітапханашы мен оқырман арасындағы этика // Кітапхана әлемі.−− №3.− Б.21-22
  25. Суслова И.М. Основы библиотечного менеджмента.− М., 2000
  26. Суслова И.М. Маркетинговая среда библиотеки — проблемы организации и развития // Время культуры и культурное пространство. Сб.тез.докл. Междунар.науч.-практ.конф. (Москва, 11 — 13 дек.).− М., 2000.− С.246-247
  27. Хруцкий В.Е.. Как добиться успеха: Практические советы деловым людям.− М.: Республика, 1992
  28. Ховард К., Коротков Э. Принципы менеджмента: Управление в системе цивилизованного предпринимательства: Учебное пособие.− М.: ИНФРА-М, 1996.
  29. Шортанова А. Ақпараттық қоғамдағы дамушы кітапханалар: болашағы мен болжамдар // Кітапхана.−− №1.− б.20-21
  30. Юделович Д. Лидерство.− М.: ЭКСМО, 2007

 

0

Автор публикации

не в сети 11 месяцев

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий для Аноним Отменить ответ

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля