Автопрокат жұмысын автоматтандыру.

10 января, 2020 20:58

                               Мазмұны

Кіріспе ………………………………………………………………………………. 3

1.Есептің қойылымы…………………………………………………………….. 4

  1. Есептің алгоритмі…………………………………………………………….. 4

3.Теориялық бөлімі…………………………………………………………………….

3.1 Мәліметтер базасын ұйымдастыру…………………………………… 5-6

3.2 BDE Administrator……………………………………………………… 6-7

3.3 Мәліметтер базасының кестесін құру…………………………… 7-9

3.4 Кестенің қасиетін беру………………………………………………… 9-14

3.5 Paradox форматының кестелері…………………………………… 14-15

3.6 Компоненттер парағы……………………………………………….. 16-25

Қорытынды…………………………………………………………………………. 26

Қолданылған әдебиеттер………………………………………………………. 27

Қосымша…………………………………………………………………………….. 28-29

КІРІСПЕ

 

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.

Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады. \1\

Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :

  • қайшылықсыз
  • артықсыз
  • тұтас

болуы керек.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық  болып табылады.

DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық  деректер базасын құрып және оның ішінде жұмыс істеуге және кез келген деректер базасымен  жұмыс істей алатын қолданба құруға  мүмкіндік береді .

Локальді МББЖ барлық бөліктері қолданушы компьютерінің деректер базасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді МББЖ-нің көшірмесі болуы керек.

 

  1. Есептің қойылымы.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты−деректер базасын құру және онымен жұмыс істеу. Delphi программалық жүйесінде  дүкен жайлы хабар беретін мәлеметтер базасын құрдым.

  1. Есептің алгоритмі

1.BDE Administrator – ды ашып, біздің мәліметтер базасына керекті драйверді таңдаймыз (STANDART). Диалогтық терезенің оң жағында PATH параметріне құрылған каталогтың жолын көрсетеміз.

2.Деректер базасын құру үшін ең алдымен Database Desktop арқылы бізге керекті кестелерді құрамыз. Сонымен қатар, бас кестенің қосымша кестелермен байланыстыру үшін бас кестеде екінші индекстерді тағайындау керек. Бас кестені қосымша кестелермен байланыстыру керек. Барлық құрылған кестелерді BDE Administrator – да көрсетілген каталогқа сақтау керек.

3.Содан кейін Delphi – ге кіріп, кестелер және менюі бар жаңа форманы жасаймыз, сақтаймыз.

4.Delphi – де кестелерді байланыстыру үшін DataModule – ді құрамыз, сақтаймыз.

5.Әр бір кестеге формаларды жасаймыз, проектте сақтаймыз.

6.Кестені және SQL тілін пайдаланып, құжаттар мен есеп беруді құрастырамыз.

7.Жаңа формаларға инструкцияны және автор туралы мәліметтерді енгіземіз.

8.Барлық жасалған формаларды проектің ішіне сақтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

  1. Теориялық бөлім

3.1 Мәліметтер базасын ұйымдастыру

Мәліметтер базасы кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын деректерді қамтиды. Мәліметтердің  ұйымдастыру  түріне байланысты мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:

  • иерархиялық
  • желілік
  • реляциялық
  • объектілі-бағытталған

Иерархиялық модельде деректер ағаш тәріздес (иерархиялық) құрылым түрінде беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық  байланыстармен жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз. Желілік модельде деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және  желілік модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, деректер құрылымының  деректер базасын  жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында өзгертуге келмейді.

Объекті-бағытталған модельде мәліметтер базасының жазбасы объект түрінде беріледі. Объекті-бағытталған модель желілік және реляциялық модель ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын  құруда пайдаланылады.

3.2  BDE Administrator

DELPHI қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE ( Borland DataBase Engine- Borland фирмасының деректер базасының поцессоры ) арқылы жүзеге асырады. BDE өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген сұраныс, қолданушы сұратқан деректерді алады.

Жергілікті деректер базасы және онымен жұмыс істейтін қолданба бір компьютерде орналасады. Бұл жағдайда ақпараттық жүйе жергілікті сәулетке ие. (Сурет 1.1)

Сурет 1.1. Дербес сәулет

Деректер базасымен жұмыс, ережеге сай, бірқолданушылық режимде жұмыс істейді. STANDART драйверлер үшін әдетте Paradox деректер базасы, мінездемелер псевдонимі жиынтығы минималды болады: Type – драйвер аты және PATH – деректер базасына жол. PATH параметрін басқанда, сіз көп нүктелі батырманы көресіз. Оны басқанда Windows – тің жаңа каталогты таңдау стандартты диалогы ашылады, ол арқылы біз керекті каталогты таңдап аламыз.

STANDART типті драйверлерді тек Paradox, dBASE, FoxPro кестелері үшін қолдануға болады.

Жергілікті деректер базасына қатынау үшін BDE  деректер базасының  процессоры стандартты драйверлерді қолданады. Олар dBase, Paradox, FoxPro және текстік файлдарымен жұмыс жасайды. Жергілікті деректер базасын қолданғанда, желіде деректер базасына көпқолданушылық қатынауды ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда деректер базасының файлдары және осымен жұмыс істейтін қолданбалар желінің серверінде орналасады. Сонда әрбір қолданушы өз компьютерінен серверде орналасқан қолданбаны қосқанда, өз компьютерінде қолданбаның көшірмесі іске  асады.

3.3 Мәліметтер базасының кестесін құру

Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады.  Кестелер    файлдарда   сақталып ,  бөлек    құжаттарға   немесе  электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады. Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көпқолданбалы қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде қолданылуына болады. Бір кесте үшін ( деректер, кілттер, индекстер т.б  құрайтын ) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мысалы: dBase кестесі үшін кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал  Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға негізделген.

Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін  оның өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс. Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына:

  • өріс сипаты
  • кілт
  • индекс
  • өрістің мәтініне шек қою
  • кестелер арсындағы біртұтастықты сақтау
  • парольдер

кіреді. Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің атын өзгерткенде  кесте және оның файлдары жаңа атқа ие болады. Бұл үшін  деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы программалар қолданылады. Мысалы: Database немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда, оның барлық файлдары да жойылады.

Ал енді мәліметтер базасымен жұмыс жасамас бұрын, біз оның каталогын құрып алайық. Ол каталог біздеC:\папа. Деректер базасын құру DatabaseDesktop (DBD) утилит көмегімен іске асырылады. DBD утилит көмегімен  кестені құруға және оның құрылымын өзгертуге, оның біріншілік кілттерін және индекстерін, жазбалар құру және өзгертулер жасауға болады.

Жаңа кестені құру келесі команда бойынша іске асады: Пуск\Программы\Borland Delphi7\Database Desktop. DBD кірген мезетте жұмыс істейтін каталогты таңдап алу керек. Ол үшін DBD менюінде File\Working Directory және көрсетілген терезеденC:\папа каталогына сілтеме жасаймыз. Менің жағдайымда Общие данные о товарах кестесін құру үшін  File\New\Table. DBD Create Table терезесін шығарады, оның форматын таңдап алу керек.

 

 

 

ОК-ді басып, біз осы форматты аламыз. Экранда келесідей сурет шығады:

 

Сурет1. Кестенің құрылымын құру суреті

Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді.  Field Name бағанына өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін анықтайды.  Size бағанына – сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды,  Key–«*» символы, егер бұл өріс бойынша біріншілік кілт қою керек болса қойылады.

 

 

 

 

3.4 Кестенің қасиетін беру

Validity Checks – бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі 2 – кестеде көрсетілген және өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:

2 – кесте Validity Checks қасиеттері.

Required Field

 

Бұл индекаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену керек.
Minimum Мәннің минимумы. Бұл қасиет сандық өріске берілу тиімді.
Maximum Мәннің максимумы. Бұл қасиет сандық өріске берілу тиімді.
Default Бұл қасиетті сандық және логикалық өрістерге, ал кейбір жағдайда символдыққа қолдану тиімді.
Picture Енгізілетін мәннің түрін корсетуге болады. Мысалы, телефон номерінің шаблоны (## — ## — ##).
Assist Бұл батырма Picture түрін құруға көмектесетін диалогтық терезені шақырады.

 

 

Table Lookup – бұл бөлім берілген кестенің өрісін басқа көрсетіліп отырған кестенің өрісімен байланысын көрсетеді. Table Lookup – ті таңдағаннан кейін Define – анықтау батырмасы шығады. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Бұл терезеде драйверлер мен псевдонимдерді қолдана аламыз.

Біздің кесте бойынша, телефон иегерінің фамилиялары байланысқан. Оны келесі суреттен көре аласыз:

Secondary Index – бұл бөлім ары қарай жұмыс барысына керекті екінші индекс құруға мүмкіндік береді.

Жаңа индекс құру үшін Define – анықтау батырмасын басу керек. Бұл батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Оның cол жақ терезесінде Fields қатынау өрістерінің тізімі көрсетілген, ал оң жақ терезесінде Indexed fields екінші индекс болатын өрістер көрсетіледі.

Index Options радиобатырма панелі келесідей қасиеттерді құруға мүмкіндік береді:

Unique Бұл опция екінші индекс болатын өрісті болдырмайды, егер кестеде бір – біріне ұқсас өрістер болса.
Descending Бұл опция кестені кему бойынша реттейді.
Case Sensitive Бұл опция енгізілген символдардың регистріне назар аударады.
Maintained Егер бұл опция тұрса, онда кестеде өзгерістерден кейін индекс ауысып тұрады.

 

Индексі таңдалғаннан кейін, оның индексін беретін терезе ашылады.

Referential Integrity – бұл бөлім әртүрлі кестелердің арасында бүтін сілтеме байланыстарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер екі кестенің арасында сілтеме байланыс көрсетілсе, оның біреуі – бас, ал басқасы – қосымша кестелер, онда қосымша кестеде бас кестеден алатын мәннің өрісі көрсетіледі.

Сонымен қатар, бас кестедегі кілттік өрістің өзгерістеріне қосымша кестенің өзгеруін қамтамасыз ететін операция көрсетуге болады. Бұндай  бүтін сілтеме деңгейі барлық кестелерге тән емес, бірақ Paradox 7 – де барлығы қарастырылған.

Update rule – радиобатырмалар тобы егер бас кестеде кілттік өрісті өшіргенде қосымша кестеде болатын өзгерістерді анықтайды. Егер Prohibit – ті таңдасақ, онда Database Desktop бұндай операцияны болдыртпайды. Егер де Cascade опциясы тұрса, онда кілттік өрісі бар бас кестеде өзгеріс болса, онда қосымша кестеде де өзгеріс болады. Ал егер сіз бас кестеден кілт өрісі бар жазбаны өшірсеңіз, онда қосымша кестеде сол кілттік өрісі бар жазба автоматты түрде өшеді.

Strict Referential индекаторын орнатқанда Paradox – тың алғашқы версияларына (соның ішінде Paradox for DOS) кестелердің ашылуын және бұзылуына жол бермейді.

Барлық операциялар біткеннен кейін құрылған сілтеме атын беру керек.

Password Security бөлімі Paradox – та құрылған кестелерге және оның әр өріс жазбасына пароль қоюға мүмкіндік береді. Бұл үшін Define батырмасын басу керек, сонда диалогтық терезе шығады. Диалогтық терезеде басты парольді (Master password терезесі) қоюға және сол парольді мақұлдауға (Verify master password) мүмкіндік аламыз. Егер Auxiliary Password (қосымша парольдар) батырмасын бассақ қосымша парольдарды тағайындауға және өрістерге қатынаудың ережесін көрсетуге болады.

Current Password (ағымдағы пароль) терезесінде сіз парольді көрсетесіз (ол сіз кірген парольге ұқсас болуға тиісті емес), бұл пароль арқылы сіз қатынау ережесін құрасыз. Table Rights (кестеге қатынау құқығы) радиобатырмалар тобында кестеге жалпы қатынау құқығын анықтауға болады.

All Барлық операциялар қабылданады, кестені өшіру, құрылымын өзгерту, парольдерді өзгерту және өшіру.
Insert & Delete Кестедегі жазбаларға барлық операциялар қолданылады (редактірлеу, қою, өшіру), бірақ кестенің құрамын өзгертуге және жоюға тиім салынады.
Data Entry Мәліметтерді редактерлеуге және жазбаларды қоюға болады, бірақ оларды өшіруге және кестенің құрылымын өзгертуге, өшіруге тиім салынады.
Update Кестені көруге және кілті жоқ өрістерді өзгертуге береді.
Read Only Тек кестені көруге болады.

Table Language – бұл бөлім BDE Administrator арқылы кестенің тілін көрсетуге (егер көрсетілмесе) немесе анықтауға (Modify батырмасы) мүмкіндік береді.

Dependent Tables – бұл бөлім Referential Integrity сілтемелі деңгейіндегі кестелерді көруге мүмкіндік береді.

Барлық керекті құрылымдық мәліметтер кестеге енгізілгеннен кейін Save As батырмасын басу керек, сол кезде Windows – тағы стандартты сақтау терезе шығады. Кәдімгі терезеден айырмашылығы Alias тізімнің болуында. Бұл тізімде әр түрлі мәліметтер базасының псевдонимдері бар. Сіз тізімнен керекті псевдонимді таңдап, кестені сақтайсыз.

3.5 Paradox форматының кестелері

Delphi – дің өзіндік кестелік форматы жоқ, бірақ ол  Paradox кестелерімен жұмыс істей береді. Осы кестелердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.

Paradox кестесі деректер базасын құруға және онымен жұмыс істегенде ыңғайлы болып табылады .

Оның  негізгі артықшылықтарын атап өтейік :

  • деректердің тұтастығын
  • әртүрлі типті деректерді ұсынуға арналған өрістік типті
  • енгізілген деректерді тексеруді
  • кестенің парольдық қорғанысын қамтамасыз етеді .

Paradox 7 кестесінің өрістік типі тізімі берілген .

 

 

Ескерту !Database Desktop программалық ортасында жұмыс істегенде  Graphic, Binary, Memo және OLE өрістік типінің мәні көрсетілмейді.

Paradox кестесінде өріс аты әріптен басталып, әріптер мен сандар құрылуы тиіс. Өріс атының максимал ұзындығы 25 символдан аспау керек. Өрістің атын бергенде пробел ,» # » ,» $ » символдарын қолдануға болады. Бірақ , «.» , » ! » , » | »  символдарын қолдануға болмайды. Себебі, бұл символдар DELPHI – де басқа мақсаттарда қолданылады .

Paradox кестесінің кемшілігі болып, кестелік деректерді сақтайтын типтік файлдардың  көптігі болып саналады. Бір каталогтан келесі каталогқа қандай да бір кестенің орнын ауыстырғанда немесе көшіргенде, осы кестені қамтитын барлық файлдарды көшіру немесе орнын ауыстыру керек.

Paradox кестесінің файлдарының келесі кеңейтінділері бар :

  • DB – деректі кесте
  • MB – BLOB-деректер
  • PX – негізгі индекс
  • XG* және YG* – екінші индекстер
  • VAL – деректердің және сілтемелік тұтастықты тексеретін параметрлер
  • TV және FAM – Database Desktop программасында кестені шығару форматы

Delphi-дің өзіндік деректер базасының кестелік форматы болмаса да, әртүрлі МББЖ қамтамасыз етеді. Деректер базасымен жұмыс істеуге арналған Delphi құралын екіге бөлуге болады :

  • аспаптық құрал
  • компоненттер

Аспаптық құралдарға арнайы программалар мен пакеттер жатады. Олар деректер базасына қызмет етуді қамтамасыз етеді.

Компоненттер, деректер базасымен операция жасайтын қолданбаларды құруға арналған. Біз солардың компоненттерін қарастырайық.

3.6 Компоненттер парағы

Деректер базасының қолданбасын құруда қолданылатын компоненттер.

Деректер базасының жобасын құрғанда мен Data Access, Data Controls,  BDE  компоненттерін пайдаландым.

 

Data Access парағында деректерге қатынауды ұйымдастыратын визуалды емес компоненттер орналасады:

  • Data Source – деректердің басы
  • Table – ДБ кестесіне негізделген деректер жинағы
  • Query – SQL – сұранысқа негізделген деректер жинағы
  • StoredProc – серверде сақталатын процедураны шақыру
  • DataBase – ДБ қосылу
  • Session – ДБ жұмысының ағымды сеансы
  • BatchMove – топ жазбалармен операцияларды орындау
  • Update – деректер жиынтығын модификациялау
  • NestedTable — қойылған кесте

 

 

Data Controls парағында деректерді басқаратын визуалды компоненттер орналасады:

  • DBGrid – кесте
  • DBNavigator – навигациялық интерфейс
  • DBText – жазба
  • DBEdit – бірқатарлы редактор
  • DBMemo – көпқатарлы редактор
  • DBImage – графиктік көрініс
  • DBListBox – қарапайым тізім
  • DBComboBox – комбинацияланған тізім
  • DBCheckBox – тәуелсіз ауыстырғыш
  • DBRadioGroup – тәуелді ауыстырғыш топтары
  • DBLookupListBox – басқа өріс деректерінің қарапайым тізімі
  • DBLookupComboBox – басқа өріс деректерінің комбинацияланған тізімі
  • DBRichEdit – толық функционалды тестілік редактор
  • DBCtrlGrid – модификацияланған кесте
  • DBChart – диаграммма

 

BDE Borland Database Engine механизмі көмегімен мәліметтерге кіруді қамтамасыз ететін компанент.

Ал енді Delphi-дегі жобаның құрылуына тоқтала кетейік.Ол үшін ашылған формаға қажетті компаненттерді қоямыз.Олар:

Table (DB Tables)

DB Grid (DB Grids)

 

DB Navigator (DB Ctrls)

 

Data Source (DB)

 

Содан кейін қойылған компоненттерге сәйкес қасиеттерін береміз.

Бұл курстық жұмыс бойынша екі кесте құрылған: 1.Телефон иегерінің тізімі болса, 2.Жалпы тізімі көрсетілген.

Бұл курстық жұмысты жасау үшін біз үш форма құрдық, яғни бірінші форма (Form1) басты, ал қалған екі форма (Form2, Form3) бағынышты болды.Олардың байланыстарын келесі суреттен көре аласыз:

Осы стандарт бөлімінде алынған формаларды байланыстырамыз.Бұл бөлімді орындау міндетті.Суреттен байқасаңыздар, бірінші форманың бастапқы екендігі көрінеді:

 

Енді байланыстырып болғаннан кейін әрбір форманың өзіндік қасиеттерін береміз. Бірінші форма басты меню рөлін атқарады. Яғни сол форма арқылы келесі кестелер орналасқан форманы аша аламыз. Ол келесі суретте көрсетілген:

Бұл көрсетілген суреттер біздің формаларымыздың қалай құрылғандығын көрсетеді және де оларда қандай компаненттер орналасқанын көреміз. Содан кейін F9 клавишасын басу арқылы программаның жұмыс жасап тұрғандығына көз жеткізе аламыз:

Ендігі кезекте ашылған формалардағы кестені толтыра беруге болады. Бірақ оны толтырмас бұрын кестедегі жазбалар сақталып, сонымен қатар программа активизирован болу үшін барлық екі формаға да келесі программаны жазамыз. Оны біз қасиеттер бөлімінен таба аламыз:

procedure TForm3.FormClose(Sender: TObject; var Action: TCloseAction);

begin

Action:=caFree;

end;

 

procedure TForm3.FormCreate(Sender: TObject);

begin

Table1.Active:=true;

end;

 

procedure TForm3.FormDestroy(Sender: TObject);

begin

Table1.Active:=false;

end;

Содан кейін кестені толтыра береміз. Кестенің толтырылғаны:

Бұл барлық жасалынғанның барлығы қарапайым мәліметтер қоры болып табылады.оны ары қарай күрделендіру үшін барлығымызға белгілі сұрыптауды жасаймыз, яғни сұрыптау – ол керек мәліметті ғана тауып береді. Бұл курстық жұмыс бойынша, мысалы сізге телефоны белгілі, бірақ оның иегерін білгіңіз келеді немесе керісінше, аты белгілі телефон номері қажет, міне осындай жағдайды жеңілдету үшін сұрыптау жүргіземіз.Біз осы айтылған мысалдарды сұрыптаймыз.Ол үшін ең алдымен, қасиеттер бөліміндегі мәнді қарастырамыз. Ондағы Filter деген жерге өзімізге белгілі мәнді енгізіп, TRUE, яғни ақиқат мәнін берсек іздеген мәлімет шығады.

Оны келесі суреттен көреміз:

Осы көрсетілген суреттегідей сұрыптауды бастаймыз.Телефоны белгілі оның иегері жайында мәліметті алуымыз керек. Бұл жағдай төмендегі суреттер арқылы түсіндіріледі:

 

Сұрыптау арқылы тағы да көптеген мәліметтер алуға болады, дегенімен жоғарыдағы көрсетілгендер қарапайым болса да сұрыптаудың бірі болып табылады.Бұл курстық жұмысты жасау арқылы мен мәліметтер қоры жөнінде, жалпы программалау жүйесі туралы көптеген мәліметтер алдым, үйрендім.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Қорыта келгенде, осы курстық жұмысты жаза отырып мен DELPHI ортасымен  таныстым.  DELPHI құралы үлкен бір программалық орта болып саналады. Соған қарамастан  DELPHI ортасында жұмыс істеу онша қиын емес және де өте қолайлы.  DELPHI –  деректер  базасын басқару жүйесі болмаса да, деректер базасымен жұмыс істегенде жоғарғы дәрежеде жұмыс істейтініне көзім жетті. DELPHI қолданушы үшін мәліметтер базасын жасауда көп мүмкіншіліктерді береді. Сол мүмкіншіліктердің біразын біз осы курстық жұмысты жазу барысында қолдандық.

Қазіргі кезде DELPHI құралының мүмкіншіліктері күннен – күнге   артуда. Бүгінгі күні   DELPHI – дің көмегімен деректер базасын интернетте де жариялауға болады .

Қорыта келсек, әрбір программист үшін DELPHI құралын білген өте пайдалы, әрі тиімді екенін айта кеткен жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. В.В.Фаронов DELPHI 5 . Руководство программиста.

Издательство «Нолидж», Москва 2001 г.

  1. В.Гофман, А.Хомоненко Работа с базами данных в DELPHI.

Издательство «БХВ – Петербург», Санкт – Петербург 2000 г.

  1. А.М. Епанешников , В.А. Епанешников DELPHI база данных

Издательство «ДИАЛОГ – МИФИ», Москва 2000 г.

  1. А.Я. Архангельский Програмирование в Delphi 7.

Издательство «Бином», Москва 2004 г.

  1. Электронный учебник по Delphi
  2. С.П. Кандзюба, В.Н. Громов Delphi базы данных и приложения

Издательство «Dia soft», Москва 2005 г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

procedure TForm1.N2Click(Sender: TObject);

begin

Form2:=tform2.create(self);

end;

 

procedure TForm1.N3Click(Sender: TObject);

begin

form3:=tform3.create(self);

end;

 

procedure TForm1.N4Click(Sender: TObject);

begin

close;

end;

 

implementation

 

{$R *.dfm}

procedure TForm2.FormClose(Sender: TObject; var Action: TCloseAction);

begin

Action:=caFree;

end;

 

procedure TForm2.FormCreate(Sender: TObject);

begin

Table1.Active:=true;

end;

 

procedure TForm2.FormDestroy(Sender: TObject);

begin

Table1.Active:=false;

end;

 

procedure TForm3.FormClose(Sender: TObject; var Action: TCloseAction);

begin

Action:=caFree;

end;

 

procedure TForm3.FormCreate(Sender: TObject);

begin

Table1.Active:=true;

end;

 

procedure TForm3.FormDestroy(Sender: TObject);

begin

Table1.Active:=false;

end;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля