Агробизнес қызметінің теориялық негіздері .

10 января, 2020 21:49

 

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе. …………………………………………………………………………..

  1. Агробизнес қызметінің теориялық негіздері.
    • Агробизнеске қысқаша сипаттама……………………………..
  1. Агробизнес қызметін талдау.

2.1. Агробизнеске қызмет көрсетуді ұйымдастыру…………….

2.2. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы…..

2.3. Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі және

негізгі тәсілдері……………………………………………………….

  1. Агробизнес қызметін жетілдіру.

3.1. Агробизнес қызметінің болашағы…………………………………

Қорытынды……………………………………………………………………..

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………….

КІРІСПЕ

Жиырмасыншы ғасырдың 90-жылдары Қазақстан экономикасының аграрлық саласында өндірісті басқару мен ұйымдастырудың бүкіл жүйесін қайта құру, істің жаңа нарықтық бабын табуға бағыттала бастады.

Жоғары оқу орындарында экономика және менеджмент саласында мамандар даярлауда бұл анық болмыс ескерілугс тиіс. Осыған байлалысты аграрлық университеттердің оқу жоспарында «Ауыл шаруашылық өндірісін ұйымдастыру мен жоспарлау» пәні орнына «Агробизнесті ұйымдастыру» деген жаңа пән енгізілді. Алайда қазір бар оқулықтар студенттерді бұрынғысынша әкімшілдік-әміршілдік жүйе жағдайларындағы жұмысқа бағдарлайды, іс жүзіңде жаңа пән бойынша оқулықтар жоқ.

«Агробизнесті ұйымдастыру» деп ұсынылып отырған оқулық бұл тұрғыдан алғашқы негізгі оқулық болып табылады, мүнда нарықтық қатынастар жағдайларында бизнесті ұйымдастырудың теориясы мен тәжірибесінің мәселелері жүйелі түрде мазмұндалған.

Біз аграрлық бизнесті ауыл шаруашылық тауарын өндіру және өткізу үрдісінде бизнес субъектілері арасында, сондай-ақ тауар өндірушілер мен нарыктық инфрақұрылым кәсіпорындары арасында қалыптасатын іскерлік қатынастар жүйесі ретінде қарастырамыз.

Кез келген басқа бизнес тәрізді аграрлық бизнестің субъектілері:

— кәсіпкерлер;

тұтынушылар;

— жалдамалы қызметкерлер;

— мемлекет болып табылады.

Кәсіпкерлер өндіріс кұралдарына жеке меншік негізінде, меншіктің топтық, ұжымдық коопвративтік, акционерлік және үлестік секілді түр-түрімен жұмыс істейді.

Олар іс-әрекеттің мынаңдай түрлерімен айналысады:

егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімін өндіру;

— ауыл шаруашылық өнімін өткізу мен саудаға салу;

— коммерциялық делдалдық;

— ауыл шаруашылық тауарын ендірушілерді материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау.

Кәсіпкерлердің іскерлік мүддесі кіріс алу арқылы орындалады.

Тұтынушылардың (сатып алушылардың) іскерлік қатынастар жүйесіне қатысуы ауыл шаруашылық тауарын өндірушілермен және сатушылардың өздігінен байланыстар орнату жолымен жүзеге асырылады. Тұтынушылардың пайдасы, олардың мұқтажын қанағаттандырарлықтай тауарды немесе қажет қызметті ең жақсы түрде иемдену болмақ.

Тұтынушылар өндірістің ақырғы нәтижелеріне мүдделі, олар белгілі бір тауарларға сұраныс қалыптастырады, сондықтан кәсіпкерлер тұтынушылардың талап-тілектерімен санасуға Мәжбүр болады, яғни бизнестің бұл субъектісі агробизнестің жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Тұтынушьшар тұтыну заттары мен көрсетілер қызметтерге жекеменшік иелері болып табылады.

Кәсіпкерлік құрылымдардың жалдамалы қызметкерлері және келісім-шарттар негізінде кеңес беру (консалтинг) қызметтерін көрсетуші әртүрлі мамандар агробизнесте құқықтық серіктестер болуға тиіс.

Агробизнестің бұл қатысушыларының іскерлік мүддесі өзінің жұмысынан кіріс кіргізу жолымен, жұмыс күшіне жеке меншіктің болуы және жұмысқа еркін түрде орналасу құқығы негізінде орындалады.

Мемлекет іскерлік қатынастарға қатысушы тұрғысынан нарықтық қатынастарды экономикалық және құқықтық механизмдер арқылы реттеуді жүзеге асырады.

Мемлекеітік құрылымдар ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге ақшалай қосымша көмектер (дотациялар), несиелер, салықтық жеңілдіктер мен үкіметтік тапсырмалар береді. Кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алады және заңды бизнесті жүзеге асыруға кепілдік бере алады, бұл үшін іскерлік қатынастарды заңдылықпен және нормативті реттеушілер бар.

Нақты өмірде бизнестің бүкіл осы субъектілері, бір-біріне тікелей ықпал ете отырып, өзара тығыз байланыста жұмыс істейді, яғни бизнес — оның құрамдас бөліктерінің кешенді іс-әрекеті.

«Агробизнесті ұйымдастыру» курсының негізгі міндеті — өнеркәсіптің жекелеген түрлерін жете зерттеу, сондай-ақ бүкіл кешенінің өзін жоспарлау мен ауыл шаруашылық өнімін өндіруді; нарықтық тауар алмасуды зерттен білуді, қаржылапдыруды басқару ісін ұйымдастыруды (менеджментті), кәсіпорынның іс-әрекетін есептеу мен талдауды мұқият ұштастыру болып табылады. Нақ осы пәннің мазмұны осындай міндеттерді тірек етіп құрылған.

Ұсынылып отырған оқулық басқа оқулық құралдардан өзінің мазмұнымен ерекшеленеді. Оған мынандай тараулар кіреді:

— кәсіпорындардың ұйымдастырушылық негіздері;

— агробизнесті жоспарлауды ұйымдастыру;

— нарықтықтауар алмасуды ұйымдастыру;

— ауыл шаруашылық өнімін өңдіруді ұйымдастыру;

— ауыл шаруашылық өнімін өндіру мен өткізуге қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

— кәсіпорынның ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру;

— қаржы ресурстарын ұйымдастыру;

— кәсіпорындардағы менеджмент;

— кәсіпорында талдау, есеп және тексеруді ұйымдастыру;

— агробизнесте шешімдер қабылдаудың математикалық әдістері.
1. Агробизнес қызметінің теориялық негіздері.

 

1.1. Агробизнеске қысқаша сипаттама.

 

Агробизнестің негізгі субъектісі кәсіпкер болып табылады. Кәсіпкердің көптеген анықтамалары бар. Кәсіпкер дегеніміз:

— бұл — тәуекелі мол жағдайларда әрекет етуші адам;

— кім істі жоспарлаушы, бақылаушы, ұйымдастырушы және кәсіпорынды иемденуші болса, кәсіпкер сол;

—  кім өзінің ұйымдастырушылық қабілеттері арқасында табыс тапса, сол кәсіпкер;

— бұл—кез келген мүмкіндікті ұқсатып, барынша мол пайда таба білетін адам.

Осы анықтамалардың бөрі кәсіпкерлік іс-әрекет — бұл кәсіпкерлік қаблеті бар, жігерлі де ынталы адамның ақыл-сана (интелектуалдық) іс-әрекеті екенін көрсетеді.

Агробизнесте негізгі факторлар — жер, өсімдікгер мен мал, материалдық-техникалық және қаржы ресурстары, сондай-ақ еңбек ресурстары, яғни табиғи ресурстар, еңбек пен капитал болмақ.

Кәсіпкерлік қабілет — бұл өндірістің ерекше факторы, ол — өндіріс үрдісіне басқа барлық факторларды бірыңғай жүйеге біріктіруші. Кәсіпкерлік қабілет-шешім қабылдай білу кабілеті мен тәуекел ету қабілеті.

Өндіріс факторлары, өдегге біреуге тиесілі. Бұл факторлардың меншікті иесі оларды өндіріс үрдісінде пайдаланудан кіріс кіргізуді көздейді. Еңбек иесі кірісті еңбек ақысы түрінде алуға ниеттенеді. Капитал иесі кірісті салынған капиталды өсіретін пайыз түрінде алуды ойлайды, табиғи ресурстар иесі түсім (рента) алғысы келеді, кәсіпкер пайда табуды көздейді.

Сөйтіп, бизнес дегеніміз — субъектінің нарықтық экономика жағдайларында табыс табуға бағытталған экономикалық іс-әрекеті.

Тиімді бизнесті жүзеге асыру үшін экономикалық, әлеуметтік және құқықтық жағдайлар қажет, яғни бизнеске қолайлы орта керек.

Экономикалық жағдайларға мыналарды жатқызуға болады: тауарға сұраныс пен ұсыныстың бар болуы; кәсіпкер үшін оның шамасы жетерлік ақша-қаражаттың бар болуы; жұмысшы күшінің бар болуы.

Әлеуметтік жағдайларға сатып алушылардың тауарды иемденуге ықыласы мен мүмкіндігі жатады. Бұл жерде тұрғындардың табысын, сатып алушылардың талғалздары мен өмір сүру салтын, демографиялық жағдайды ескеру қажет.

Мамандардың білікгішгін, оларды оқыту және қайта даярлау мүмкіндіктерін, сондай-ақ фирма қызметкерлерінің әлеуметгік  жағдайларын қамтамасыз ету мен олардың жақсы жұмыс істеу — ықыласын ынталандыруды да осыған жатқызуға болады.

Құқыктық жағдайларға мыналар жатады: мемлекеттік қолдау түрлері (мемлекеттік тапсырмалар, жеңілдіктер және басқалар), салық жүйесі, кеден жүйесі және несие жүйесі; адал кәсіпкерлікті ынталандыратын заңдар.

Нарықтық экономикасы бар, дамыған елдерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың әртүрлі формалары бар: жекедара шаруашылық, серіктесушілік, корпорация.

Кәсіпкерлік немесе фирма — бұл экономикалық бірлік, ол өздігінен шешім қабылдайды, өндіріс факторларын өнімді дайындау мен оны басқа фирмаларға, шаруашылықтарға және мемлекеттерге сату үшін пайдаланады, барынша мол пайда табуға ұмтылады.

Жекедара шаруашылықгар — бүл бір кісінің, меншік иесінің жекедара шешім қабылдауы және барлық іске толығымен жауап беруі. Жекедара шаруашылықгың артықшылығы — меншік иесі-қожайын тарапынан істің жүру барысына толық бақылау болатындығы, ал кемшілігі — капитал мөлшерінің, әдетінше, — шамалы болуы, сондай-ақ зияндар, шығындар мен қарыздар үшін меншік иесінің өзі жауап беруге тура келетіндігі.

Серіктесушілік — екі немесе одан да көп кәсіпкердің бірлесе  қабылдаған және барлық іске жауап беретін жағдайында кәсіпкерлікті ұйымдастыру үлгісі (формасы).

Серіктесушілік іске салынған капиталды ұлғайтуға мүмкіндік береді, алайда жұмыстың нәтижесіне деген жеке жауапкершіліктен ешкімді босатпайды. Жауапкершілігі шектелген серіктесушіліктер болады, онда меншікті ортақ иемденушілердің (совладельцы) капиталды белгілі бір шектеулі мөлшерде қосуға және басқаруға немесе кәсіпорын атынан келісімдерге қатыстау құқығы бар.

— Серіктесушілік негізінен ғылыми, техникалық немесе медициналық қызмет көрсету фирмалары секілді іс-әрекет өрістерінде кеңінен тараған.

Қазақстанда серіктесушілік шарттары бойынша брокерлік және заңгерлік кеңселер, жекеше оқу орыңдары мен ғылыми кәсіпорындар және басқалар құрылады.

 

  1. Агробизнес қызметін талдау.

 

2.1. Агробизнеске қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

 

Агробизнеске қызмет көрсетуді негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін керекті қызметтермен қамтамасыз етуші кәсіпорындар немесе ірі кәсіпорынның бөлімшелері жүзеге асырады. Бұған ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуші кәсіпорындар (жабдықтаушы кәсіпорындар), өндірістік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуші кәсіпорындар (агросервис), ауыл шаруашылық кәсіпорындарына техникалық және жөн-жобалық (консалтингтік) көмек көрсетуші фирмалар жатады.

Бұл кәсіпорындардың бері, сөз жоқ, бизнес-жоспар негізінде жұмыс істеуге тиіс. Материалдық-техникалық жабдықтаумен айналысатын фирмалар (кәсіпорындар) ең алдымен өздерінің потенциал сатып алушыларын айқындауы, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының (сатып алушылардың) өндіріс құралдарына деген қажеттілігін анықтауы керек. Бұл — ауыл шаруашылық техникасы, бұларға қосымша бөлшектер, резеңке техникалық және элеклротехникалық материалдар; минерал тыңайтқыштар мен пестицидтер, мұнай өнімдері мен мұнай жарақтары болуы мүмкін.

Осы ресурстардың потенциал сатушыларын — өнеркәсіптік кәсіпорындарды, толайым саудагерлерді айқындау, бұл тауарлардың бағасын, сапасы мен ассортиментін анықтау, жеткізіп беру шарттарын білу қажет. Көптеген сатушылардың ішінен сіздің бизнес үшін ең қолайлы бір-екеуін таңдаған дұрыс.

Қызметтерді сатып алушылар мүмкіндігінше көбірек болуға тиіс, егер сіз ұзақмерзімді келісімді қатынастар негізінде сіздің қызметтеріңізді тұрақты тұтынушылармен жұмыс істейтін болсаныз, тіпті жақсы.

Материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастыру бірнеше кезеңдерден тұрады:

— материалдық-техникалық ресурстарды жеткізуге ауыл шаруашылық кәсіпорындарынан алдын ала сұранымдар жинау;

— өнеркәсінтік кәсіпорындармен немесе көтерме саудагерлермен өндіріс құралдарын жеткізу жөнінде шарттар жасасу;

-тұтынушы шаруашылықтар мен оларға өндіріс құралдарын жеткізу шарттарын жасасу;

-орындауға қабылданган, келісімді шарттарға сәйкес тұтынушы шаруашылықтарға өндіріс құралдарын жеткізу.

Жеткізу шартында өндіріс қүралдарын жеткізіп беру тәртібін анықтау керек. Бұл ретте жеткізілетін өндіріс құралдарының атын, номенклатурасын, ассортименті мен санын өнім сапасы мен жинақтылығын жеткізу мерзімдерін; өнім бағасын; сұранымның жалпы сомасын; есептесудің тәртібі мен түрін; өнімді жеткізу жағдайларын: тараптардың төлеу мен пошта реквизиттерін және басқа мәліметтерді керсету қажет.

Шартта сондай-ақ келісімді міндеттемелерді бұзғаны үшін тараптардың жауапкершілігі алдын ала қарастырылуы керек.

Өндірістік қызмет көрсетуді (агросервисті) қамтамасыз етуші кәсіпорындар (фирмалар) ауыл шаруашылық тауар өндірушіге кешенді қызметтерді немесе қызметтердің жекелеген түрлерін мынандай бағыттар бойынша көрсете алады:

— жерге орналастыру;

— көлік қызметтері;

— техникалық қызмет көрсету (СТО);

— жерді жақсарту (мелиорация);

— агротехникалық қызметтер,

Бұл кәсіпорындардың қазіргі өндіріс технологияларына сәйкес қызметтер көрсетуді қамтамасыз ететін материалдық-техникалық өз базасы болуға тиіс.

Олар екі түрлі кәсіпорындарға бөлінеді:

— экономикалық және заңдылық тұрғысынан ауыл шаруашылықтауар өндірушілерге тәуелсіз кәсіпорыңдар;

— бірнеше ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің бірлесуімен кооперативтік негізде құрылған және шаруашылықаралық кәсіпорын міндеттерін атқарушы фирмалар.

Бірінші түрдегі кәсіпорындар жұмысын агрохимиялық қызмет көрсету жөніндегі кәсіпорын (агрохимиялық сервис) үлгісінде көрсетеміз. Мұндай кәсіпорын аймақтың агрохимиялық зертхана (лаборатория) немесе химияландырудың шаруашылықаралық мекені негізінде дербес занды түрде құрылуы мүмкін.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарына агрохимиялық қызмет көрсету меншік пен шаруашылық жүргізудің әр түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорылдарында тыңайтқыштар мен пестицидтердің дұрыс және тиімді қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі нақтылы шараларды жүзеге асыруды көздейді.

Агрохимиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мынандай бағыттарда жүзеге асырылады:

— жер алқаптарында топырақтық-агрохимиялық зерттеулер жүргізу мен ауыл шаруашылық кәсіпорындар үшін танаптардың агрохимиялық картограммаларын жасау;

— химияландыру құралдарын тиімді пайдалану жөнінде ғылыми дәлелденген ұсыныстар әзірлеу және өңдірісте қолдану;

— нақты шаруашылықтарды химияландырудың болашақ даму жолдарын жете зерттеу;

— ауыл шаруашылық кәсіпорындарын өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын химияландыру құралдарымен жабдықтау;

— минерал және органикалық тыңайтқыштарды, жерді жақсартушы химиялық заттар (мелиоранттар) мен өсімдіктерді қорғау құралдарын, сондай-ақ мал шаруашылығындағы химияландыру құралдарын ұтымды қолдану жөніндегі кешенді жұмыстарды орындау.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындарына қызмет көрсету ауыл шаруашьшық тауар өндіруші мен «Агрохимиялық сервис» кәсіпорны жасасқан шарттар негізінде жүргізіледі.

Шарттың мән-заты, тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігі, қызметтердің бағасы, орындалған жұмыстарды тапсыру мен қабылдау тәртібі, шарттың әрекет ету мерзімі, заңдылық адрестері мен басқа жағдайлар шартта көрсетіледі.

Ауданның ауыл шаруашылық кәсіпорындары немесе бір топ шаруашылықтар агрохимиялық қызмет көрсету нысындары бола алады.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге жөн-жобалық (консалтингтік) қызметтер көрсететін фирмалар кәсіпорынның ерекше  тобын құрайды. Бұл кәсіпорындар потенциалының жоғары деңгейімен ерекшеленеді. Мұнда тауар өндірушілерге жөн-жобалық (консалтингтік) қызметтер көрсететін жоғары білікті мамандар жұмыс істеуге тиіс.

Жөн-жобалық (консалтингтік) фирмалар мамандандырылған болады. Технологиялық заң тұрғысындағы, экономикалық, қаржы-несиелік және басқа қызметтер көрсетеді. Бірнеше бағыттарда жөн-жобалық (консалтингтік) қызметтер көрсету жөніндегі кешенді фирмалар да болады.

Технологиялық қызметтер. Бұл агротехникалық шараларды жүргізу, өсімдіктердің түрлері мен сорттарын іріктеу, ауыспалы егіс тұрпаттары мен өндіріс технологиясын тандау жөнінде агрохимиялық кеңестер болуы мүмкін.

Зоотехникалық қызметтер — мал шаруашылығын жүргізу технологиясы, нақ осы аймаққа және өнім өндіруге сай келетін мал түрлерінің ең жоғары өнімді тұқым-тегін тандау жөнінде кеңестер беру.

Мал дәрігерлік қызметтер — малдарды емдеу мен аурудың алдын алу жөнінде кеңестер беру және басқалар.

Техникалық қызметтер — ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру мен жабдықтау құралдарын іріктеп алу жөніндегі кеңестер.

Сөйтіп, ауыл шаруашылық бағыттары бойынша технологиялық кеңестер беру болмақ.

Заң тұрғысындағы консалтинг кәсіпорындарды ресімдеу мәселелері, шарттар, салық салу, кеден мәселелері бойынша, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың іс-әрекетіне қатысты әртүрлі мәселелер бойынша жоғары білікті, тәжірибелі заңгерлердің күшімен жүзеге асырылады.

Экономикалық тұрғыдан консалтинг агробизнес кәсіпорындарына іс-әрекет өрісін тандауда, өндіріс құрылымын жасау және басқару ісінде, өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жөніндегі шараларды әзірлеуде көмек көрсетуге бағытталған. Яғни кәсіпорындардың бизнес-жоспарларын әзірлеу, басқарудың оңтайлы құрылымдарын таңдау және тағы басқалар.

Кеңес беруші маркетингтік кәсіпорындар өндірісті және  кәсіпорындардағы маркетингті басқаруды ұйымдасгыруға оқытып-үйретуші консалтинг саласында қызметтер көрсетеді, экспорт және іс жүргізушілік тұрғысынан кеңес береді.

 

 

2.2. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы

 

Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығының осындағы экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне үлкен бизиестің әсері күшейген шақтағы аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндіктен, агробизнесті жүзеге асырудың теориялық-әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістерді оқып үйрену қажеттілігі туады.

70-жылдардың отандық ғылымында ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дами бастады. Тиісінше „агроөнеркәсіптік кешен» атауы пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енді.

Оның үш саласы — қор шығаратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің салалары да төрт негізгі сфераға бөлінеді

(1-схеманы қараңыз).

Агробизнес комплексінің басқа сфераларды байланыстырып тұратын ұйтқысы ауыл шаруашылығы болып табылады. Бірінші сфераға (I) ауыл шаруашылығын техникамен, жем-шөппен, тұқыммен, тыңайтқышпен, өсімдіктер және малды қорғайтын дәрі-дәрмекпен, яғни өндірістің материалдық факторымен қамтамасыз ететін салалар жатады. Міндеті жағынан бұл сфераға шаруа өндірісін дамытуға мүмкіндік беретін қаржылық ресурс — несие де кіреді, Бұл сфера ауыл шауашығы үшін ресурстар рыногін қалыптастырып, оның техникалық және технологиялық деңгейін анықтап, ауылшаруашылығындағы өндіріс шығынының көлеміне несие алуға баға мен шарт арқылы әсер етеді. Ауыл шаруашылығы үшін ресурстарды тауып, жеткізуші ретінде бұл сфераның өнеркәсіптік салалары нарықтық құрылым, өндірісті жинақтау және мамандандыру сияқты барлық көрсеткіштер бойынша ерекшеленіп, өнеркәсіптің басқа салаларымен тығыз өндірістік байланыста болады.

 

1-схема

Сфералардың үшінші тобы (III) егіс даласынан өнімдерді тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалардың жұмысын қамтамасыз ететін маркетинггік сфераны құрайды. Дәстүрлі барлық салаларға қатысты маркетингтік арналарға (көтерме және бөлшек сауда, қойма биржа аукцион жүйелері және т.б) қарағанда агробиз-нестің бұл саласы өз бетінше жұмыс істейтін өндірістік сала — тамақ өнеркәсібінің болуымен ерекшеленеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде маркетингтік сфераның орны ерекше және тұрғындар қажеттілігінің өсуі мен азық-түлік сервисінің дамуына байланысты ол онан сайын өсе түсуде.

Төртінші сфера (IV) агробизнесті толықтай және оның жекелеген салаларының қызметін жақсартуды қамтамасыз ететін агросервистен тұрады. Мұнда қызметтің көптеген түрлері, оның ішінде агробизнестің басқа сфераларына мамандандырылған қызмет көрсету, ғылыми зерттеулер мен жобалар, кадрларды дайындау мен біліктілігін арттыру, жаңа технологияларды енгізу, коммуникация, мемлекетгік реттеу және басқару бар. Оның негізгі ерекшелігі сонда, агросервис мемлекеттік құрылымдар: ауыл шаруашылығын басқару, рыногті реттеу ұйымдары, ғылыми-зерттеу, мамандандырылған білім беру және тағы басқа мемлекеттік құрылымдар тұрақты түрде жұмыс істейтін, агробизнестің бірден-бір сферасы болып табылады. Сондықтан да, міндеттерді шектеуден басқа жағдайда бұл сфераны мемлекеттік және жеке деп екіге бөледі. Жеке сферада агроөндірістік кешеннің сервистік қызметінің техникалық қызмет көрсету, агро-техникалық және агрохимиялык, қызметтер, жерді суландыру, қолданбалы зерттеулер және ғалымдар мен мамандардың консультациясы, материалдық-техникалық жабдықтау мен қамтамасыз ету және басқа қызметтің түрлері көрсетіледі. Агросервистің ұйымдары мен кәсіпорындарына сондай-ақ шаруа және фермерлік ұйымдар, одақтар мен бірлестіктер кіреді. Олар өздерінің алдарына шаруашылық, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды қойған.

Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені құрамымен өте ұқсас және ол үш негізгі, сфераның басын құрайды.

2 — схема

Бірінші сфераға (I) трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаудың химиялық құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және микробиология, сондай-ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кіреді.

Екінші сфераға (II) таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары — егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық (өндірістіктен айырмашыльны бар) мал азығын өндіру жатады.

Үшінші сфера (III) әдетте ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы болып табылады. Кей жағдайларда бірқатар мамандар тасымалдауды, сақтауды және байланысты өндірістік инфрақұрылымның салалары ретінде өздігінше, жеке төртінші сфераға (IV) жатқызып жүр.

Құрылымдарға талдау жасау көрсетіп отырғанындай, агробизнес және агроөнеркәсіптік кешеидер сандық жағынан болсын, сапалық жағынан болсын өздерінің құрамы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Өздерінің қарауындағы салалар немесе қызмет түрлерінің даму деңгейіне байланысты бұл айырмашылықтар онан сайын айқынырақ байқалады.

Бір қарағанда дәстурлі қабылдауға үйренген біздерге таңқаларлықтай болып көрінетін бір жайт, агросервис құрамында мемлекеттік реттеуші жүйенің болуы әлгі маңызды айырмашылықтардың бірі болып табылады. Агроөнеркәсіптік кешеннің отандық схемасыида мемлекеттік басқару әдетте әдейі көрсетілген жоқ. Өйткені, әкімшіл-әміршіл жүйеде мемлекеттік реттеу бүкіл экономикалық жүйенің басынан аяғына дейін экономикалық дамудың қозғаушы факторы болғаны айтпаса да түсінікті. Ал, нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеу агробизнес жұмыс істеуінің тегерішіне қосылған экономиканың аграрлық секторындағы өндірістік және экономикалық процестерді қамтамасыз етудің басқарушы және үйлестіруші элементі ретінде көрінетіні рас.

Агроөнеркәсіптік өндіріс пен агробизнесті жекелеген сфераларға бөлу процесінің экономикалық мазмұны біріншіден, агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімін жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфералардың рациональді арақатысынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе-тендік құрылымының қажеттілігінде жатыр. Біздің Республикамызда маркетингтік сфераның (өнімді өңдеу, сақтау, тасымалдау және өткізу) дамымай артта қалуының басты себебі ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түлігінің көп ысырапқа ұшырауы болып табылады. Кейбір жылдары жалпы өнімнің 25-35 проценті ысырап болған. Біздің еліміздегі агроөнеркәсіп кешені түпкі өнімінің құрылымын Америка Құрама Штаттарындағымен салыстыру көрсеткеніндей, бұл жердегі айырмашылық бізді аса қуанта қоймайды.

АҚШ-та агроөнеркәсіп кешенінің түпкі өнімінің 70 проценттен астамы маркетингтік сфераның, тек 10 процентке жуығы ауылшаруашылығының үлесіне тиеді. Ал, біздің Республикамызда ауыл шаруашылығының үлесі 50 проценттеп асып кетіп отыр. Оның үстіне АҚШ-та III сфераның өзінде сауда жүйесі басым, ал бізде бұл жұмыстарды тамақ өнеркәсібі атқарады.

Дәл осындай жағдай нарықтық экономикасы дамыған басқа елдерде де қалыптасқан. Мысалы, Францияда азық-түлік құнының 75 проценттен астамы ауыл шаруашылығынан тыс жерлерде жасалады. Скаидинавия елдерінде түпкі өнімдегі тамақ өнеркәсібінің үлесі 65 процент құрайды.

Батыс елдері агроөнеркәсіп кешені құрылымының қозғалысына тән бір жайт, мұнда азық-түлік өндірумен айналысатын жұмысшылардың жалпы санын қысқарту байқалады. Мысалы, АҚШ-та 1960-1985 жылдар аралығында мұндай қысқарту 30 процентке жуық, болды. Мұның өзі негізінен ауыл шаруашылығы өндірісі есебінен жасалып отыр. Ал, өңдеу саласындағы және саудадағы қызметксрлердің саны өсе түсуде. Айталық, АҚШ-та соңғы он жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенінің маркетингтік сферасында жұмыс істейтіндердің саны бір жарым есе өсті. Қорды қажет ететін салалар (агроөнеркәсіп кешенінің бірінші сферасы) мен шығарылған техника мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өидіру технологиясының бір-бірімен сәйкес келмеуі, егін шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы көптеген технологиялар үшін машиналардың жетілдірілген жүйесінің болмауы қалыптасқан ауыл шаруашылығы өндірісінің (агроөнеркәсіп кешенінің II сферасы) үлес салмақтарын салыстыру отандық агроөнеркәсіп кешенінде салааралық жәйе ішкісалалық сәйкестіктің жоқтығын аңғартады. Шығарылатын техниканың сапасы да айтарлықтай емес. Қазіргі заманғы жағдайда экономиканың аграрлық, секторын реформалау ауыл үшін ұсынылып отырған техниканың сәйкессіздігін қатты сезініп отыр. Кезінде ұжымшарлар мен кеңшарлардың кең ауқымда жүргізілетін өндірісіне ыңғайланып жасалынған техника қазір шағын шаруа қожалықтарының қажеттілігі мен сұранысына жауап бермейді. Ауыл шаруашылығының өз ішінде мал басына арналған жем-шөп өндірудің көлемі мен сапасы, малды азықтандыру технологиясы мен күту процесінің сәйкессіздігі байқалады.

Бұрынғы КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда агроөнеркәсіп кешеніндегі құрылымдық сәйкессіздіктерді жою әрекеті 80-жылдардың өзінде бірнеше рет бой көрсеткен.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық-түлік бағдарламасы қабылданған, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ шамадан тыс орталықтандырылу мен әміршіл-әкімшіл экономика шеңгелінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркәсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық байланыстар негізінде жүйенің өз-өзін реттеу жолымен ғана жасауға болады.

Экономика сферасында, оның ішімде аграрлық секторда бірдей бастау алғанына қарамастан, бұрынғы одақтық республикаларда көзге ілмей кетуге болмайтын өзіндік ерекшеліктер бар.

Нарықтық экономикаға барар жолдағы Қазақстан республикасы агроөнеркәсіп кешені дамуының жай-күйі, негізгі проблемалары мен бағыттарын қарастырайық.

2.3. Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі

      және негізгі тәсілдері

 

Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықтық экономиканың экономикалық процестеріне мемлекеттік араласу болмауы керек деген тұжырым барынша кеңінен тараған. Соған қарамастан, дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғанындай, мемлекеттік реітеу агробизнес кешенінің қажетті буыны болып табылады.

Мемлекеттің агробизнес жүйесіне араласуының қажеттілігі, мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған нарық жағдайында да бірқатар объективтік факторлармен анықталады. Ең алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары эконрмикалық саясатпен тығыз байланыста болғандықтан, өздерінің әлеуметтік және экономикалық маңызы бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі қабылданады. Экономикалық дамудың әр түрлі кезеңдерінде бұл шаралар ауысып отыруы мүмкін, бірақ олардың мәні тұрақты болып қалады. Көп жылғы тәжірибеде сыналған олардың көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірігіп кетті және қазіргі жағдайда нарықтық экономикалық теорияның  тиісті тарауларының негізін құрайды. Сонымен қатар кейбір шаралар қалыптасқан саяси және әлеуметтік конъюнктураның әсеріне  ұшырады.

Мемлекеттік реттеу шараларының бірінші тобы өндірістің әмбебап және тиімді реттеушісі болған нарықтық тегеріштің барлық жағдайда бірдей қуатты қару емес екендігін мойындауға негізделеді. Кез келген қазіргі заманғы экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын және мемлекеттік араласуды қажет ететін кең көлемдегі проблемалар бар.

Ақша айналымы, бюджет, несиелік, салықтық және инвестициялық саясат сферасындағы дәстурлі мемлекеттік макроэкономикалық реттеуден басқа мемлекет қазіргі заманғы қоғамның көзқарас тұрғысынан алғанда шешімнің нарықтық тегеріштері тиімсіз немесе сәйкес келмейтін микроэкономикалық проблемаларды да шешуі тиіс.

Ауыл шаруашылығында бұл — ең алдымен сыртқы тиімділік проблемасы немесе экстерналий. Оның мәні мынада: нарықтық жүйеге қатысушылардың өзара іс-қимыл процесінде ұшыраған жақтың мүдделерін қозғайтын сыртқы тиімділіктер туады. Қоршаған ортамен тікелей өзара іс-қимылға түсетін аграрлық өндірісте экстерналийдің жағымды да, жағымсыз да көптеген мысалдарын келтіруге болады: жеке учаскеден көшеге шығып өскен таңқурай, көп суландырудан көршінің өнімінің көбеюі және басқалар.

Жағымсыз экстерналий де жақсы белгілі, бұл — қоршаған ортаны тыңайтқышпен, пестицидпен, өндірістің қалдығымен уландыру; ауыл шаруашылығының зиянкестері, басқа бір жерлерде туыңдаған және өзін заңы бойынша таратылатын өсімдіктер мен малдың аурулары.

Таза нарықтық тегеріш, оның заңдары мен өлшеуіштері тұрғысынан алғанда өзендерді химикатпен уландыру тікелей өндірушілердің шығындарына, осы нақты өнімді тұтынушылардың шығындарына әсер етпегендіктен ешқандай маңызы жоқ сияқты. Нарықтық тегеріш бұл жерде дәрменсіз және барлық мұндай құбылыстар ерікті бәсекелестіктің логикасымен толық жарасады.

Жағымсыз экстерналийді реттеуге сыртқы, мемлекеттік араласудың тарихи қажеттілігі бірді-екілі жағдайлар әлеуметтік проблемаға айналғанда барып мойындалды. Соның нәтижесінде, біріншіден, бекітуші немесе шектеуші мәндегі таза әкімшілік, заңдық шаралар қабылданды, екіншіден, ерекше салық саясаты түріндегі экономикалық шаралар дүниеге келді.

Нарықтың экономикалық теориясы дәстүрлі қарастыратын басқа проблема — қоғамдық тауарларды қаржыландыру, яғни қоғамның барлық мүшелері ұтатын жәие бірге тұтынатын тауарларды қаржыландыру. Сонымен бірге оларға ақшалай сұраныс жекелеген тұлғалар мен фирмалардың тарапынан жоқ болады, бұл оларды ешқандай жеке өндіруші шығара алмайды және шығарғысы да келмейді деген сөз. Аграрлық секторда бұл — жаппай ауыл шаруашылығы ауруларымен және зиянкестермен күреске жұмсалатын, агроазық-түлік секторында — ауыл шаруашылығы шикізаттары мсн азық-түлігінің сапасына кепілдікті қамтамасыз ететін тиісті істер мен инспекцияларды ұстауға жұмсалатын шығындар.

Еркін нарықтық тегеріш тұрғысынан алғанда, кез келген тауар, егер ол сұранысқа ие болса, өмір сүруіне құқы бар. Сұраныс — қоғамдық, маңыздылықтың және тауар бағалығының бірден-бір тәртібі. Егер бір себептермен (көп жағдайда бағасының арзан болуына немесе жарнаманың жалған болуына байланысты) сапасы нашар және зиянды тауарлар тез өтіп кетсе, онда бұл рынок заңдарына ешқандай да қайшы келмейді. Алайда, тамақтану проблемалары, соның негізінде ұлттың денсаулығы мен қауіпсіздігі мемлекеттік бақылаудың объектісі болмай тура алмайды. Сондықтан да азық-тулік сапасының қалыптары мен параметрлерін жасау, экспертиз жүрзгізу, бақылаушылық қызметтерді ұстау — міне осының барлығын бюджеттен қаржыландырылатын қоғамдық тауарға жатқызуға болады.

Мемлекеттің келесі маңызды міндеті — монополияға қарсы реттеу және әділетті бәсекелестікті қолдау. Сыртқы тиімділікті реттеу мен қоғамдық тауарды қаржыландыруга, яғни жетілген ерікті бәсекелестік жағдайыңда мемлекет орындайтын функцияларға қарағанда бұл міндет жетілдірілмеген бәсекелестіктің нақты жағдайындағы экономикалық теорияға негізделеді. Мемлекеттің монополияға қарсы қызметінің қажеттілігі рынокті монополияландыру нәтижесінде қоғамға келетін шығындармен — сату көлемін азайтумен, бағаны көтерумен, жаңа фирмалар үшін кіру барьерлерімен түсіндіріледі. Мысалы, АҚШ-та трестерге қарсы саясаттың бастапқы акті 1890 жылы қабылданған „Шерман заңы» болды. Бұл заң бойынша кез келген өндірісті немесе сауданы фирмалар арасындағы келісім, біруі немесс сөз байласу негізінде шектеуге, сондай-ақ өндірісті монополияландыруға және сауданы шектеуге тыйым салынды. Одан кейінгі актілер 1914 жылғы Клейтон заңы мен 1950 жылғы Селлер-Кефовер заңында арсыз бәсекелестік, монополиялық іс-қимыл, заңсыз сауда тәжірибесі ұғымдары нақтыландырылды және кеңейтілді.

Алайда, нақты өмірде бұл заңдардың түсіндірілуі және қолданылуы бір мағынада бола бермейді. Теориялық тұрғыдан алғанда проблема техникалық өркениет өндірістің сандық мәніне минимальді тиімді көлемді анықтауға әсер етуде қашып құтылмайтын түзетулер енгізуді есепке алсақ, әрбір нақты рыноктің монополиялығын рұқсат етілетін деңгейін анықтауда жатыр. Сондықтан да заң түрінде бір немесе бірнеше фирма үшін рұқсат етілген өндірісті концентрациялау деңгейі әр түрлі салаларда өмір-бақи болмайды және ғылыми-техникалык, өркениеттің өсуімен өзгеріп отырады. Бұл әдетте треске қарсы істерді қарау бойынша нақты сот тәжірибесінде есепке алынады. Бұл жерде треске қарсы заңдылық трактовкасы мемлекеттік қолдау саясатына немесе белгілі бір салаларда өндірісті концентрациялаудың өсуін тежеуге байланысты аумалы-төкпелі болып отырады.

Бірқатар салаларда ірі корпорациялар билік құратын және монополияландыру деңгейі жоғары тағам рыноктары бірнеше рет треске қарсы заңды бұзушылар болып жарияланды.

Трескс қарсы заңның іс-қимылы жүрмейтін сфера ауыл шаруашьілығы кооперациясы болып табылады. 1992 жылы АҚШ-та ауыл шаруашылығы кооперативтерін оның көп бөлігінде монополияға қарсы заңдылықты бұзғаны үшін жауапкершіліктен босататын Акт шықты. Акт ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге өнімдерін тарату үшін бірігуге, сондай-ақ кооперативтерде сақтау мен өңдеуге, маркетингтік агенттіктерді пайдалануға, қажетті контрактілер мен келісімдерді жасасуға рұқсат етеді. Бұл жағдайда ерекше жеңілдіктер сүт кооперативтеріне берілген. Актіге сәйкес 193 7 жылдың ауыл шаруашылығы өнімдерінің маркетингі бойынша оларға, Шерман заңына қарамастан, өнімнің сорты және сапасы бойынша дифференциалданған сату бағасын белгілеуге рұқсат етілді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы кооперативтік құрамаларының маркетингтік құқықтары шексіз емес. Ауыл шаруашылығы министріне кооперативтердің бағаны негізсіз көтеруін шектеу құқы берілген. Сот тәжірибесінде белгіленгеніңдей, кооперативтер арсыз баға саясатын жургізу арқылы бәсекелестерге зиян әкеледі. Олар монополиялық ережені бәсекелестерін құрту үшін пайдаланған жағдайда монополияға қарсы заң күшіне еніп, олар сотқа тартылады.

Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне берілген жеңілдік ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіндегі сатып алушылар мен сатушылардың экономикалық күштерін тедестіруге бағытталған. Атап өткеніміздей, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің атомдалған бәсекелестік құрылымына ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу және тарату сферасындағы ұйымдасқан жоғары концентрацияланған құрылым, ауыл шаруашылығындағы еркін бәсекелестіктің төмен бағаларына тамақ және сауда корпорацияларының көтеріңкі монополиялык, бағалары қарсы тұрады. Сондықтан кооперативтердің қолы жеткен бірқатар ұсыныс монополиясы ең кем дегенде фермерлерді тиімді рыноктегі монополияға жақын жағдайдағы сату бағасын төмендетуден қорғауға қабілетті.

Таза әлеуметтік мәндегі азық-түлік кешеніндегі мемлекеттік реттеу шаралары азық-түлік көмегін көрсеуту бағдарламаларында аталған. АҚШ-та олардың құрамына азық-түлік талабын енгізу, балалар тамақтануының әр түрлі бағдарламалары, әйелдер мен балалар үшін арнаулы бағдарламалар және басқалар кіреді. Азық-түлік талондары табысы аздарға жеңілдік немесе ақысыз азық-түлік көмегін көрсетуге жұмылдырылған. Балалар бағдарламасы бойынша мектептерде, жазғы балалар демалыс орындарында және басқа мекемелерде жеңілдік жасалған тамақтанулар ұйымдастырылады.

Тұрғындардың осы тиісті категориялары үшін ізгіліктік ниеттегі бұл бағдарламалар рыноктің жағдайына әсер етпей қоймайды. Табыстары барынша төмен сатып алушылардың сегментін жабатын олар барынша қамтамасыз етілген тұтынушылардың төлемге қабілетті сұранысына бағдар ұстайтын тұтыну бағаларын барынша жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге бұл бағдарламалар олардың өніміне сұранысты кеңейтетіндіктен фермерлерді қолдаудың шаралары болып табылады.

Агробизиес жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің тағы бір маңызды бағыты әлеуметтік-экономикалық укладта болғандықтан фермерлікті қолдау идеясы болып табылады. Оны жақтаушылар жеке отбасылык, фермаларды ауыл шаруашылығындағы іскерліктің тиімді тәсілі ретінде әділетті қарастырады. Өмірдің фермерлік уклады бостандық, саяси және әлеуметтік тұрақтылық, еркін бәсекелестік сияқты әлеуметтік және экономикалық игіліктер ретінде қабылданады. Аталмыш концепцияның мемлекеттік саясатқа тікелей әсері жеке алғанда, жоғарыда айтып кеткеніміздей, АҚШ-тың 7 штатында ауыл шаруашлығы корпорациялары қызметін жүргізуте ресми тыйым салынуынан, 8 штатында олардың қызметін шектеуден көрінеді.

Отбасылық  фермаларды жақтаушылардың қарсыластары да бар. Олардың пікірінше, аталмыш концепция қазіргі заманғы жағдайларды еске алмайды, ал оның негізінде жүргізілетін фермерлікті қолдау саясаты фермалардың қосылу және жинақталуының табиғи әлеуметтік-экономикалық процестерін тежеп, мемлекеттік бюджет пен салық төлеушілердің мойнындағы үлкен жүк болып табылады.

Бұл екі бағыттың күресі фермерлікті мемлекеттік қолдану бағдарламасы тұтастай ауыл шаруашылығындағы ұйымдық-экономикалық процестсрдегі мемлекеттік реттеудің тағдырын анықтайтын болады.

Фермерлік табысты қолдаудың басты бағыты өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы арасындағы айырбаста бағалық паритетті қамтамасыз ету болып табылады. Оның қажеттілігі жоғарыда қарастырылған фермерлік бағаның төмендеу тенденциясынан, сондай-ақ агробизнестің аралас салаларының бағаға монополиялық үстемдік жасау мүмкіндігінен туындайды.

Барынша жалпы тәсілде паритет ауыл шаруашылығы — өнімінің бірлігіне есептегі тұрақты сатып алушылық қабілетті қамтамасыз ететін бағаның осындай қатынасын білдіреді. Бұл, егер өткен кезеңде жүгерінің бүкпелі бір көйлекке ауыстырылса, мұндай айырбастың мүмкінділігі ағымдағы рыноктік баға бойынша кейіннен де сақталуы тиіс екендігін білдіреді.

АҚШ-тағы көптеген ауыл шаруашылығы тауарлары бойынша паритетті аяқтауға арналған базистік кезең 1909-1914 жылдар болды. Толық паритет ауыл шаруашылық тауарларына 1909-1914 жылдарда болған сатып алушылық қабілетті қамтамасыз етуі тиіс болды.

Алайда, паритетті мұндай анықтау сұраныс, ұсыныс және уақыттың өтуімен әр түрлі салалардағы болатын еңбек өнімділігінің құрылымындағы табиғи өзгерулерді есепке алмайды. Сондықтан да паритеттік бағаны анықтау моделі бірнеше рет өзгерді. Соңғы уақытта таза нарықтық, айырбас паритеттің орнына тауарларды айырбастау шартының теңдігі ретінде өндірістік шығындардың теңдігіне негізделген әдіс келді. Сонымен қатар басқа салалармен салыстырғанда өндіріс тиімділігінің барынша жоғары өсуінің нәтижесінде алынған ауыл шаруашылығы табысының едәуір үлесін тартып алу жүйесі жүргізілдуе.

20-жылдары фермерлердің экономикалық әділеттілік жөніндегі ұсыныстарымен байланысты нарықтық мүмкіндіктердің теңдік қажеттігі идеясы қалыптасты. Оны әр түрлі фермерлік ұйымдар белсенді түрде қолдайды. Атап айтсақ, АҚШ-та ол жергілікті рынокті монополизациялау үшін фермерлік бірлестіктерді құру үшін белсенді күресетін ұлттық фермерлік ұйымның негізгі қызметі болып табылады. Жоғарыда қарастырылған антимонополиялық заңдағы фермерлік кооперативтерге жасалған жеңілдік осы концепцияның жүзеге асырған жұмысы болып табылады.

Мемлекеттік реттеудің фермерлікті қолдауға жанасатын және сонымен бірге өзінше үлкен маңызы бар келесі түрі селолық даму жөніндегі бағдарламалар болып табылады, Айталық, АҚШ-та селолық даму жөніндегі бағдарламалардың мақсаты ауыл шаруашылығының өзінің экономикалық өсуінен гөрі село тұрғындары өмірінің сапасы мен игілігінің арту деңгейі болып табылады.

Бұл бағдарламалар тұрмыс дәрежесін арттыру, селолық жерлердің салыстырмалы кедейлігінің проблемасы — селолық құрылыс, коммуналдық қызмет, еңбекпен қамту мәселесі сияқты селолық тұрғындардың осындай проблемаларын шешуге жұмылдырылған. Осы мақсаттар үшін әр түрлі әкімшілік деңгейде жеңілдік несиелендіру және бюджеттік қаржыландыру жүйесі-пайдаланылады.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік реттеудің бағыттарына сәйкес агробизнестің дамыған елдерімде мемлекеттік басқару ұйымдарының жүйесі ұйымдастырылған. Мысалы, АҚШ-та ауыл шаруашылығы министрлігі өзінің иелігінде топырақ, орман, су көздері және басқа табиғи ресурстар, селолык, жерлерді дамытуға көмектесу, несиелер бөлу, ауыл шаруашылығын зерттеу бағдарламаларын жасау, ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық-түліктің сапасына кешенді бақылау сияқты проблемаларды шешеді. Айналымдағы жұмыстар үшін әр жылы өндірісті тұрақтандыру және бағаны қолдау жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыратын Тауарлық-несиелік корпорация (ТНК), фермерлерді несиелендіру жүйесін басқаратын Фермерлік несие әкімшілігі, бірнеше ведомствалардан: селолық тұрғын үй жөніндегі әкімшілік, селолық электрлендіру жөніндегі әкімшіліктен тұратын шағын елді мекендер мен селолық аудандарды дамыту жөніндегі Басқарма, өнімді қамсыздандыру жөніндегі федералдық корпорация, маркетинг қызметтері және инспекциялар сияқты ұйымдар құрылды. Аты аталған ұйымдардың өз атаулары-ақ олардың қызметтерінің бағыттарын айтып тұр.

Айталық, фермерлік тұрғын үй жөніндегі әкімшілік барынша жеңілдік жағдайында коммерциялық несие алуға мүмкіншілігі жоқ фермерлерге несие алып береді. Селолық электрлендіру жөніндегі әкімшілік — бұл селолық жерлерде өздерінің займдарын беру немесе оны басқа көздер арқылы оларға беруді қамтамасыз ету жолымен электрлендіру мен телефон байланысып қаржыландыруға көмектесетін несиелік мекеме.

  1. Агробизнес қызметін жетілдіру.

 

3.1. Агробизнес қызметінің болашағы.  

 

Біз аграрлық бизнесті ауыл шаруашылық тауарын өндіру және өткізу үрдісінде бизнес субъектілері арасында, сондай-ақ тауар өндірушілер мен нарыктық инфрақұрылым кәсіпорындары арасында қалыптасатын іскерлік қатынастар жүйесі ретінде қарастырамыз.

Кез келген басқа бизнес тәрізді аграрлық бизнестің субъектілері:

— кәсіпкерлер;

тұтынушылар;

— жалдамалы қызметкерлер;

— мемлекет болып табылады.

Кәсіпкерлер өндіріс кұралдарына жеке меншік негізінде, меншіктің топтық, ұжымдық коопвративтік, акционерлік және үлестік секілді түр-түрімен жұмыс істейді.

Олар іс-әрекеттің мынаңдай түрлерімен айналысады:

егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімін өндіру;

— ауыл шаруашылық өнімін өткізу мен саудаға салу;

— коммерциялық делдалдық;

— ауыл шаруашылық тауарын ендірушілерді материалдық-техникалық ресурстармен жабдықтау.

Кәсіпкерлердің іскерлік мүддесі кіріс алу арқылы орындалады.

Агробизнестің бұл қатысушыларының іскерлік мүддесі өзінің жұмысынан кіріс кіргізу жолымен, жұмыс күшіне жеке меншіктің болуы және жұмысқа еркін түрде орналасу құқығы негізінде орындалады.

Мемлекет іскерлік қатынастарға қатысушы тұрғысынан нарықтық қатынастарды экономикалық және құқықтық механизмдер арқылы реттеуді жүзеге асырады.

Мемлекеітік құрылымдар ауыл шаруашылық өнімін өндірушілерге ақшалай қосымша көмектер (дотациялар), несиелер, салықтық жеңілдіктер мен үкіметтік тапсырмалар береді. Кәсіпкерлерді қажетті ақпаратпен қамтамасыз ете алады және заңды бизнесті жүзеге асыруға кепілдік бере алады, бұл үшін іскерлік қатынастарды заңдылықпен және нормативті реттеушілер бар.

Нақты өмірде бизнестің бүкіл осы субъектілері, бір-біріне тікелей ықпал ете отырып, өзара тығыз байланыста жұмыс істейді, яғни бизнес — оның құрамдас бөліктерінің кешенді іс-әрекеті.

«Агробизнесті ұйымдастыру» курсының негізгі міндеті — өнеркәсіптің жекелеген түрлерін жете зерттеу, сондай-ақ бүкіл кешенінің өзін жоспарлау мен ауыл шаруашылық өнімін өндіруді; нарықтық тауар алмасуды зерттен білуді, қаржылапдыруды басқару ісін ұйымдастыруды (менеджментті), кәсіпорынның іс-әрекетін есептеу мен талдауды мұқият ұштастыру болып табылады. Нақ осы пәннің мазмұны осындай міндеттерді тірек етіп құрылған.

Агробизнеске қызмет көрсетуді негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін керекті қызметтермен қамтамасыз етуші кәсіпорындар немесе ірі кәсіпорынның бөлімшелері жүзеге асырады. Бұған ауыл шаруашылығын материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етуші кәсіпорындар (жабдықтаушы кәсіпорындар), өндірістік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуші кәсіпорындар (агросервис), ауыл шаруашылық кәсіпорындарына техникалық және жөн-жобалық (консалтингтік) көмек көрсетуші фирмалар жатады.

Бұл кәсіпорындардың бері, сөз жоқ, бизнес-жоспар негізінде жұмыс істеуге тиіс. Материалдық-техникалық жабдықтаумен айналысатын фирмалар (кәсіпорындар) ең алдымен өздерінің потенциал сатып алушыларын айқындауы, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының (сатып алушылардың) өндіріс құралдарына деген қажеттілігін анықтауы керек. Бұл — ауыл шаруашылық техникасы, бұларға қосымша бөлшектер, резеңке техникалық және элеклротехникалық материалдар; минерал тыңайтқыштар мен пестицидтер, мұнай өнімдері мен мұнай жарақтары болуы мүмкін.

Осы ресурстардың потенциал сатушыларын — өнеркәсіптік кәсіпорындарды, толайым саудагерлерді айқындау, бұл тауарлардың бағасын, сапасы мен ассортиментін анықтау, жеткізіп беру шарттарын білу қажет. Көптеген сатушылардың ішінен сіздің бизнес үшін ең қолайлы бір-екеуін таңдаған дұрыс.

 

Қорытынды

Қорыта келгенде ауыл шаруашылық кооперативтері қызметі ауыл шаруашылық кооперативтер ұйымдастыруда консультациялық және техникалық көмек көрсетеді және олардың қызметінің статистикасын жүргізеді. Ауыл шаруашылығы маркетингі қызметі ауыл шаруашылығы өнімінің сапасын қалыпқа түсіру мәселелерімен айналысады. Өсімдіктерді қорғаудың инспекциялық қызметі өсімдік және мал зиянкестерімен және аурулармен күрес жүргізеді. Астық инспекциясының Федералдық қызметі астық қалпы туралы заңның сақталуын қадағалайды. Азық-түлік жөніндегі инспекция ет пен құстың саиасын, өмімнің, оның құрамының мазмұнына сәйкестігін бақылайды. Азық-түлік және тұтынушылық қызмет жөніндегі басқарма тұрғындардың әр түрлі категориялары үшін жеңілдік тамақтандыру жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асырып, сондай-ақ диетология саласында зерттеулер жүргізеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұлттық ормандарды, сондай-ақ ұлттық маңызы бар шалғындар мен жер учаскелерін қадағалайтын орман қызметі бағынады.

Тауарлы-несие корпорациясыиың қызметі фермерлік табыстарды қолдауға бағытталған. Қысқасы, қазіргі заманғы арробизнесте мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттарына шолуды қорытындылай келе, олардың маңызды ерекшеліктерін атап өту қажет. Нарықтық тегерішті толықтыра және түзете келіп, реттеудің мемлекеттік тегеріші оның негізі сұраныс пен ұсыныстың негізінде баға белгілеуді бұзбайды. Өте сирек болып тұратын ерекше ситуациялар, төтенше оқиғалар, аракідік жағдайларды айтпағанда рыноктің тегерішін бұзатын директивтік тапсырма, бағаның үстінен жаппай әкімшілік бақылау, өндірістік ресурстар мен тұтыну заттарын натуралдық бөлу сияқты іс – қимылдарға жол берілмейді.  Шын мәнінде, дамыған елдердегі агралық өндірісінің тиімділігі осында жатса керек.

ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Абдильдин С.А. Агробизнес. — Алматы, Агроунивервис. 1999.
  2. Абдильдин С.А. Социально-экономическое планирование. — Алматы, Агроуниверситет, 1999 г.
  3. Абдилдин С.А. Бизнес-план по производству и реализации молока. — Алматы, Агроуниверситет, 2090.
  4. Абдильдина Л.И., Белынбаев К.М. Экономика сельского хозяйства. — Алматы, Кайнар, 1996
  5. Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа. — М., Финансы и статистика, 1999.
  6. Бухгалтерский учет. Учебник под ред. П.С. Безруких,-М.:Бухгалтерский учет, 1996
  7. Дашков Л.П. и др. Предпринимательство и бизнес. Уч. пособие. — М.:1995
  8. Замков О.О., Толстопятенко А.В., Черемных Ю.Н., Математические методы в экономике. — М.: ДИС, 1999.
  9. Кейлер В.А. Экономика предприятия. — Москва-Новосибирск, 1999.
  10. Ковалев В.В., Финансовый анализ. — М., Финансы и статистика, 1999.
  11. Котлер Ф. Основы маркетинга: пер. с англ. — М.: Прогресс, 1990
  12. Рыночная экономика: основы бизнеса, Том 2, часть 2.— М.:1998
  13. Савицкая С.А. Анализ хозяйственной дсятельности предприятий АПК. — Минск, 2000.
  14. Сельскохозяйственный бизнес-менеджмент — Алматы, ТАСИС-ЦЕНТР, 1998
  15. Шелобаев С.И. Математические методы и модели в экономике, финансах и бизнесе. — М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000.
0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля