ЖЕР БЕТІНІҢ БЕДЕРІ

18 февраля, 2015 2:34

Жер бетінін, бедер пішіндері геоидтан да күрделі. Өйткені оның қалыптасуына геалогиялық процестер зор әсерін тигізеді. Жер бетінің көпшілік бөлігін (70,8%) су, ал қалған (29,2%) бөлігін ғана құрлық алып жатыр. Дүниежүзілік мұхит сулары негізінен бір-бірімен байланысқан, тек төрт мұхит ғана материктермен бөлінген. Оларға: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттар жатады. Құрлық алты материктен (Евразия, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Африка, Австралия және Антарктида), сонымен бірге мұхиттық аралдардан құралған. Тынық мұхиттын, акваториясы (алаңы) барлық континенттерді қосып есептегендегі олардың жалпы ауданьшан асып түседі.

Материктер Жер бетінде әр түрлі болып орналасқан. Егер Жер шарын материктердің Тынық мұхиттық жағалауы арқылы екіге бөлетін болсақ, онда онын, бір жартысында барлық материктер мен Атлант және Үнді мұхиттары бірге ориаласар еді, ал екінші жарты шарды түгелдей Тынық мұхит альш жатар еді.

Жер беті бедерінің жалпы құрылысын қисық сызык; түрінде берілген гипсографиялық схемадан көруге болады (III. 2-сурет).

Бұл схемада мұхит деңгейінен жоғары құрлық бедері көрсетілген, ал төменгі бөлігі мұхит бедерін сипаттайды. Құрлықтың ең биік нүктесі (Гималай тауы, Джомолунгма шыңы) 8848 м биіктікте орналасқан, ал еңтөменгі нүктесі 11022 м (Тынық мұхит, Мариан шұңрымасы) болып саналады. Олардың арасындағы айырмашы-лық~20 км.


III. 2-сурет. Жер беті бедерінің гипсографиялық қисық сызығы.

Материктердің орташа биіктігі —875 м. Ұзыннан-ұзақ созылып жатқан тау-жоталары мен биіктаулы аймақтар •әдетте континенттің шеткі жиектік бөліктеріне қарай орналасқан. Жер бетінде меридианалдық бағытта созыла орналасқан екі (Шығыс және Батыс Тынык, мұхиттық) таулы белдеу және батыстан шығысқа қарай Же-рорта теңіздік белдеулер ажыратылады. Құрлықтың орташа 200 м-лік деңгейде орналасқан тегіс аудандары жазықтық деп аталады. Олар құрлықтың 20%-ін алып жатыр. Жазықтықтар материктердің шеткі және орталық бөліктерінде де орналасқан. Құрлықтьщ көтерінкі (1000 м-ге дейін) жоталы аудандары түгелдей таулы аймақтар деп аталады. Олар құрлықтың 53%-ін алып жатады.

Мұхиттың орташа тереңдігі ~3800 м. Мұхит түбі бедерінің құрылымы: шельф, басқаша айтқанда, материктердің таяз сулы шеткі бөліктері 200 м-ге дейінгі тереңдік (жер бетінің 5,5%-і матеріктік (континентальдық ) беткей немесе материк табан 2500-3000м-ге дейін (жер бетінін, 34,7%-і); мұхнт түбі — 6000 м; терең-сулы шұңғымалар (желобтар) —>1І км; мұхиторталық тау жоталары болып бөлінеді.

Континенттік бедердің мұхиттық бедерге ауысу барысында, шекаралық зонаның өзіндік ерекшеліктеріне қарай, олар атлантикальііқ және тынық мұхиттық болып ажыратылады.

Атлантикалық Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттардың континенттермен шекаралық зоналарында жақсы байқалады. Бұл типке жазық бедерлі құрлықтың мұхитқа қарай кең көлемде шельфті зоналар арқылы біртіндеп ауысуы тән қасиет. Ал Тынық мұхиттық-қа құрлықтың шеткі биіктаулы жоталары, өте тар шельф-тер, шеткі теңіздер, аралдық доғалар және тереңсулы шұңғымалар арқылы тереңсулы мұхиттық ойпаттарға ауысуы жатады.

 

0

Автор публикации

не в сети 10 лет

Ардак Суиндыкова

1
Комментарии: 0Публикации: 14Регистрация: 13-02-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля