КҮН ЖҮЙЕСІНІҢ БАСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

18 февраля, 2015 2:20

Күннің массасы бүкіл жүйенің 99,87 %-ін құрайды, ал планета-лардың ішіндегі ең ірісі Юпитердің массасы —0,1% ғана. Сондық-тан да, бұл жүйені құрайтын барлық ғарыштық денелердің тартылу орталығы — Күн болып саналады. Күн жүйесіне кіретін барлық планеталар өз-ара гравитациялық тартылыс күшіне қарай, бір-біріне әсерін тигізіп отырады.

Қазіргі кездегі көзқарас бойынша Күн — плазмалық отты шар деп есептеледі. Оның құрамында 70-ке жуық химиялық элементтер бар екені анықталады.Олардың ішіндегі ен, негізгісі — сутегі (50%) және гелий (40%)болып есептеледі. Күннін масса жермен салыстырғанда да одан 330 мың есе, ал диаметр 109 есе артық (радисы орта есеппен—686000 км); орташа тығыздығы 1,41 г/см3сыртқы қабаттарының орташа темепературасы 56 6000°С. Қүннің жасы 6—6,5 млр ,жыл.

Күн жүйесінің қүрамында: 9 планета,42 планета-серіктері, 50 мыңнан астам ұсақ астероидтар (планетоидтар), жүздеген кометалар және толып жатқан метеориттер мен метеорлар бар екендігі белгілі (II. 1-сурет).

Планеталардын орбиталық жазықтықтары (Плутон орбитасынан басқасы) Күннің экваториальдық жазық-


11. 1-сурет. Күн жүйесінің планеталары.

тығымен сәйкес бір жазықтықта орналасқан деуге болады. Олардың (Уран мен Шолпаннан басқасы) Күнді айналу бағыты Күннің өз осінен айналу бағытымен сәйкес (сағат стрелкасына қарсы бағытта) келеді.

Планеталар (грекше “адасқандар”) Күннен алыс-жакындығына қарай ішкі (жер тектес) және сыртқы (алып) планеталар больш екі топқа бөлінеді.

Жер тектес планеталар (Меркурий, Шолпан, Жер және Марс) алып планеталармен салыстырғанда көлемі жағынан кіші, тығыздығы жоғары, атмосферасының массасы аз және өз осінен айналу жылдамдығы төмен болып кездеседі.

Алып планеталар (Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон) жалпы көлемі мен массасының өте үлкендігі-мен,тығыздығының төмендігі-мен және өз осінен айналу жылдамдығыныа жоғарылығымен сипатталады. Бұлардың ішінде Плутонньщ орны ерекше. Бұл планета Күннен ең қашық орналасқан планета болып саналады. Әзірге өте нашар зерттелген. 1978 ж. Плутонның серігі бар екендігі анықталды. Юпитер, Сатурн, Уран секілді алып планеталардың серіктері өте көп. Олар метеориттік заттардан құралған сақиналар түрінде байқалады. Мысалы, Юпитер планетасының 15_серігі Юпитермен бірге өзіндік планеталар жүйесін құрайды деуге болады.

Жер — Күн жүйесіне енетін планеталардың ішінде өзіндік ерекшеліктерімен айрықша ажыратылады: атмосфера, гидросфера, биосфера және литосфера қабаттарына жіктеледі. Жер серігі Ай Жерге жақын (384 395 км) болғандықтан, Жерге тартылу және өзіне тарту күшіне карай гидросфера мен литосфера қабаттарында толқу әрекеттерін тудырады. Айдың көлемі

Жермен салыстырғанда 4 есе, ал массасы 81 есе кіші. Тығыздығы 3,3 г/см3. Айдың өз осінен айналу жылдамдығы Жермен шамалас, сондықтан да ол Жерден әр уақытта да бір жағымен ғана байқалады. Өзіне тарту күші Ай бетінде Жермен салыстырғанда 6 есе аз. Өйткені Ай-да атмосфера қабаты жок.

Ай бетінде байқалатын бедер пішіндері — кең таралған жазық алқаптар (ай теңіздері) мен биік таулы аймақтар (материктер) түрінде орын алған; Күн сәулесінің әсеріне және метеориттік бомбылау әрекеттеріне байланысты үгілу заттары жиі кездеседі. Сонымен қатар,магмалық (әсіресе вулкандық) процестер де байқалады.

Ай қыртысының қалыңдығы шамамен 30—65 км.Оның жоғарғы бөлігі реголиттен (базальтты қабаттың үгілу заты) тұрады. Айдың ішкі құрылысы жердің ішкі құрылысы сияқты мантия (960 км) және ядро (750 км) қабаттарынан тұрады деп жорамалданады.

Астероидтар. Марс және Юпитер орбиталар аралығындағы ішкі және сыртқы планеталарды бір-бірінен бөліп тұратын шекараны астериодтар немесе кіші планеталар белдеуі деп атайды. Қазіргі кездегі белгілі астероидтар саны 2000-ға жуық. Олардың ішіндегі ең ірілері — Церера (767 км), Паллада (489 км), Веста (386 км), Юнона (193 км) болып саналады.

Астероидтардың жалпы саны 100 мыңнан астам, ал массалық салмағы жер массасының 0,001 бөлігіндей ғана деп есептеледі. Олардың құрамы тасты-темірлі, ал сыртқы пішіні үшкір қырлы болып келеді. Қөп ғалымдардың пікірі бойынша олар ғарыштық катастрофа кезінде бөлшектенген Қүн жүйесінің Фаэтон атты оныншы планетасының қалдық сынықтарынан құралған деп жо-рамалданады.

Метеорлар — кометанын, өте ұсақ сынық бөлшектері болып саналады. Олар ғарыш әлемінде пайда болып, өте ұсақ минералдық заттар түрінде планетааралық кеңістіктен Жердің атмосфера қабатына үлкен жылдамықпен (11—72 км/с) келіп соқтығысады да, буға айналып “аққан жұлдыз” секілді із қалдырады. Ал метеориттер астероидтардың сынық бөлшектері деп есептеледі. Олар жер бетіне жетіп құлайды, сондықтан осының нәтижесінде кратер пішіндес орлар мен ойықтар пайда болады.

Ең ірі кратер — “Метеордың” (АҚШ, Аризона штаты) диаметрі 1,6 км, ал тереңдігі 150 м. Жер бетіне жетіп құлау кезінде байқалынған метеориттердің жалпы саны (Ф. Стейсидін. санағы бойынша) 700-ден артық. Метеорит-тердің құлау кезін дәл суретке түсіру мүмкіндігі екі-ақ рет жүзеге асырылды (Чехо-Словакия, Пршибрам, 7.IV. 1959 ж.; АҚШ, Лост-Сити, 4.01.1970 ж.). Құрамына қарай метеориттер үш топқа бөлінеді: 1) темірлі метеориттер (сидериттер) көпшілік жағдайда темірден (95%) және кобальт пен никель қоспаларынан құралады. Олар барлық табылған метеориттердің 6%-ін құрайды. Темірлі метеориттердің құрамы Жердің ядро қабатының құрамымен сәйкес келеді; 2) темірлі-тасты метеориттер (сидеролиттер) бірдей мөлшерде кездесетін темір мен силикатты минералдардың қоспасы деуге болады. Олар жер бетінде сирек кездеседі (барлық табылған метеориттердің 2%-і). Олардың құрамы Жердің жалпы құрамымен ұқсас; тасты метеориттер (эвкриттер) силикаттардан (оливин, гиперстен, бронзит) және никельді темір қоспаларынан (камасит, тэнит) тұрады. Олар жер қыртысында кездесетін кейбір тау жыныстарына өте жақын. Эвкриттер — хондриттер және ахон-дриттер болып екіге бөлінеді. Жалпы метеориттердін шіндегі тасты метеориттер ең көп таралған (барлық табылған метеориттердің 92%-і) түрі болып есептеледі. Метеориттердің массасы бірнеше грамнан жүздеген тоннаға дейін жетеді. Осы уақытқа дейін табылған метеориттердін, ішіндегі ең ірісі — Гоба (Африка, 1920) атты метеорит болып саналады. Оның құрамы темірлі метеоритке жақын, ал массасы 60 тоннаға жуық. Одан кейінгі орында Кейп-Йорк (Гренландия) —33,2 т. ТМД территориясынан табылған ен, ірі метеориттер: Богуславка (1916) —257 кг, Сихотэ —Алинь (1947) — 130 кг.

Кометалар — аспан әлемінде ұзынша созылған, құрамы жағынан алып планеталардың атмосфералық құрамына жақын ғарыштық денелер. Олар эллипстік орбита бойымен Күнге жақын аралықты және одан ары Плутон орбитасын басып өтіп, Күннен біртіндеп қашықтай береді. Кометалар ыстық денелер емес. Олардың жарық шығаруы Қүн сәулесіне байланысты. Қазіргі кезде бізге 1000-ға жуық кометалар белгілі болды. Олар өз орбиталарынан ауытқып кеткен жағдайда, басқа планеталармен соқтығысып қалуы да мүмкін. Мұндай жағдайда ірі ойықтар мен кратерлар пайда болады. Соңғы кезде ғалымдар Сібір территориясында (1908 ж.) байқалған белгілі Тунгуск метеоритінің жаратылысын шағын (5 млн. т) кометаның Жермен соқтығысу әрекеттерімен байланысты деп түсіндіреді. Бұл метеорит кометаның ядросы немесе онын, сынықтары болуы мүмкін, бірақ осы уақытқа дейін метеорит сынықтары табылған емес.

 

 

0

Автор публикации

не в сети 10 лет

Ардак Суиндыкова

1
Комментарии: 0Публикации: 14Регистрация: 13-02-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля