Табиғат жаратылыстанудың бірыңғай зерттеу обьектісі ретінде

19 февраля, 2015 10:31

Жаратьшыстану ғылымы физикаға, химияға, биология мен психологияға бөленетіні белгілі. Физиктер тек қана әр түрлі материалдық денелермен ғана емес, жалпы материяны зерттейді. Химия әр түрлі заттармен айналысады. Биологияның зерттейтін заты — тірі организмдер (ағзалар), ал психология — адам психика-сының құпияларын танып-білумен шұғылданады.

Дегенмен, бұлайша бөлудің шартты екендігін ұмытпау керек. Өйткені Табиғаттың өзі біртұтас, ол өзін танып білу үшін адамдар ойлап тапқан ғылымдарды білмейді. Көбінесе әр түрлі жаратылыстану ғылымдарының зерттеу шеңберінде айналып кел-генде бір ғана табиғи құбылыс тұрады. Ол әр түрлі көзқарас пен әр түрлі жаратылыстану ғылымдарының позициясынан зерттеледі. Зат туралы өзіндік ғылыми түсінігін құру үшін бұл ғылымдардың әр-қайсысы өздерінің арнайы әдіс-тәсілдерін қолдануға бейім тұрады. Бірақ «құшақ жетпесті құшу» мүмкін емес. Бұл ғылымдардың әрқайсысы зерттеліп отырған күрделі құбылыс туралы арнайы білім-дердің тек бір бөлігін ғана «бере» алады. Зерттеліп отырған заттың біртұтас бүтіндігі туралы нақты дәл білімді осы арнайы ұғым-түсініктерді біріктіріп, әр түрлі ғылымдардың қиылысу нүктелерін тауып. жекелеген жаңалықтардың арасындағы өзара байла-ныстарды анықтап іздеп тапқанда ғана алуға болады.

Зерттеу обьектілерінің бірлігі бірнеше дәстүрлі жаратылыстық ғылымдардың тоғысуынан шығатын жаңа пәнаралық ғылымдардың пайда болуына әкеледі. Олар — биофизика, физикалық химия, физикалық-химиялық биология, психикалық физика және басқалары.

Image546

Бүгінгі күні, мысалы, барлық химияны физикалық деп атауға болады. Бұл химиялық құбылыстары таза химиялық тәсілдермен түсіндіру мүмкін болмағандықтан туындайды, сондықтан осы жерде физиканың көмегі керек болады. Физика мен химияның бұлай бірігуі жоғарыда айтылғандай, әр түрлі ғылымдарға бөлуді білмейтін Табиғаттың біртұтастығының нақты көрінісі.

Мұндай бірігу тенденциялары немесе жаратылыстық-ғылыми білімдердің кірігуі ертеректе пайда бола астады. 1747-1752 жылдардың өзінде М. В. Ломоносов (1711-1765) химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін физиканың әдістерін қолдану қажеттілігін дәлелдеді. )Ол жаңа ғылымға физикалық химия деген ат ойлап қойды.

Жаратылыстық ғылымдарға физика, химия және биологиядан басқа да, мысалы, кешенді сипаттары бар геология мен география да жатады. Геология біздің ғаламшарымыздың құрамы мен құрылысын бұлардың миллиардтаған жылдар ішіндегі эволюциялық дамуына зерттейді. Оның негізгі бөлімдері — минералогия, петрография, вулканология, тектоника және басқалары — бұлар кристаллографиядан, кристаллофизикадан, геофизикадан, геохимия мен биогеохимиядан шығады. Сондай-ақ, география да өзінің фи-зикалық география, топырақ географиясы сияқты негізгі бөлімдерінде әр түрлі деңгейде көрініс беретін физикалық, химиялық және биологиялық білімдермен ‘суарылған». Осылайша, Табиғаттың барлық зерттеулерін бүгін физикалық, химиялық және биологиялық ғылымдардың сан алуан тарамдарын байланыстырып тұрған орасан зор тор түрінде елестетуге болады.

Жаратылыстанудың негізгі принципі бойынша Табиғат туралы білімдердің эмпирикалық (тәжірибелік) тексеріс арқылы дәлелдену мүмкіншіліктері болуы керек. Бұл деген сөз әрбір білім эмпирикалы

тексерістен міндетті түрде өтуі керек деген ұғым емес, бірақ әрбір теорияның қабылдануында тәжірибе нәтижелері негізгі аргумент болып табылады.

Осы жерде бір жағынан, жаратылыстық пен техникалық ғылымдардың, екінші жағынан, фундаментальдік және қолданбалы ғылымдардың айырмашылықтарын ескеру қажет. Жаратылыстанудың техникалық ғылымдардан айырмашылығы оның. Әлемді өзгертуге емес, оны танып білуге арналғанында жа-тыр, ал математикадан өзгешелігі — оның әр түрлі математикалық белгілер жүйесін емес, табиғат жүйесін зерттеуінде.

Фундаментальдық ғылымдар — физика, химия, астрономия — бұлар Әлемнің базисті (негізгі) құрылысын зерттейді, ал қолданбалы ғылымдар — фундаменттік ғылымдардың нәтижелерін күнделікті өмірдегі әртүрлі танып-білу мен әлеуметтік-тәжірибелік мақсаттарды шешуге қолданады. Осы тұрғыдан қарастырғанда барлық техникалық ғылымдарды қолданбалы ғылымдар қатарына жатқызуға болады, бірақ та барлық қолданбалы ғылымдарды техникалық ғылымдарға кіргізуге болмайды. Мысалы, металдар физикасы және жартылай өткізгіштер физикасы теориялық қолданбалы пәндерге жатады, ал жартылайөткізгіштер технологиясы — практикалық қол-данбалы ғылымға жатады.

0

Автор публикации

не в сети 10 лет

Zhandos

0
Комментарии: 0Публикации: 5Регистрация: 16-02-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля