ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА КОЛЛЕКЦИЯЛЫҚ БУЙЫМДАРДЫ ЖОБАЛАУ

14 декабря, 2017 21:46

Болашақ дизайнерді кәсіби тұрғыдан дайындау көркем жобалаудың эртүрлі бағыттарындағы ансамбльлерді жасау дағдысын дамытуды көздейді. Осындай ең маңызды бағыттардың бірі бүйымдар коллекцияларын жасау болып табылады. Мүндай жұмыстың ерекшелігі жобалаудың көркем, бейнелі жақтары бар жүмысымен ерекшеленеді. Іс жүзінде үқсас жұмыстармен тәжірибелі және білікті мамандар шүғылданады. Қалыптасу кезеңіндегі қазақстандық дизайнер мектебі үшін жобалаудың осындай үқсас түрі өте маңызды.

 

Курс мақсаты — бұйымдар коллекциясын жобалаудың ерекшеліктерімен болашақ дизайнер маманды таныстыру.

Курс міндеттері — дизайнның перспективалы тенденцияларын қалыптастыру үшін коллекциялық бұйымдардың рөлі мен мэнін ашу;

—      коллекцияның көркем белгілерін қалыптастыратын негізгі элементтерімен студенттерді таныстыру;

—      қазіргі коллекциялық жобалаудағы негізгі бағыттармен студенттерді таныстыру;

—      бұйымдар коллекцияларын жасау идеяларын өңдеу әдістерін үйрету.

Болашақ маман осы пәнді үйрену нәтижесінде білуі керек: қазіргі қүралдар, әдістер және коллекциялық бұйымдарды жобалау формалары; коллекция жобалауга қатысты көркем міндетттер шешімінің тізбегі;

жасай алуы: пайымдауды, қорытынды шыгару және қалыптастыру үшін маңызды мәліметтерді жинау және талдауды жүзеге асыру, сонымен бірге қабылданган шешімдерді дэлелдеу;

—     көркем бейне, композиция, қүрастыру жэне жасау технологиясын тұтас қамтитын біртүтас кешен ретінде өнеркәсіптік өндірістің болашақ бұйымы немесе өнімін көрсету;

—    дербес бұйымдар коллекциясының дизайнерлік шешімі идеясын ұсыну; идеяны іске асыруда сенімді форманы таңдау; нобайлар, макеттер өндеу;

—     өнеркәсіптегі гылыми-техникалық жетістіктерді жэне ұлттық-аймақтық ерекшеліктерді өз жобаларында қолдану;

—      өз бетімен білімін толықтырумен шұгылдану;

—     қойылған міндеттер шешімінің шығармашылық жолдарын көрсету; өнеркәсіптік дизайнның эртүрлі салаларындағы коллекциялық бұйымдарды өңдеу жэне жобалау дағдыларын меңгеру.

Пәннің пререквизиттері: «Композиция I», «Түстану», «Арнайы сурет I», «Техника жэне өнеркәсіптік дизайн тарихы».

Пәннің постреквизиттері: дипломдық жобалау.

Сабақ дэріс жэне практикалық түрде жүгізіледі.

Курс 1 семестрге есептелген. Семестр бойы сабақ жүргізетін оқытушы ұсынган тақырып бойынша реферат орындалады.

 

ПӘННІҢ МАЗМ¥НЫ
Кіріспе

Бағдарламада эксперименталды және сирек кездесетін шығармашылық қатынас процесінде сияқты бұйымдар коллекцияларын жобалау туралы әлемдік дизайнер тэжірибесінің белгілі үлгілерін зерттеу негізінде, бүйымдар коллекцияларын жасау қағидаларымен студенттердің танысуы қарастырылады.

Болашақта микротоптамалармен шығарылатын бүйымдар коллекцияларын жобалау мүмкіндігі дизайндағы жаңа стиль немесе «сэнді» багыттың қалыптасуына күшті әсер ете алады. Мүндай коллекциялар көрсету үшін арналған, ең алдымен, мамандардың өз тәжірибесінде ары қарай қолдануы үшін. Коллекцияларды жобалау міндеттері жобалаудагы қандай да бір жаңа багыттың форма тудырушы белгілерін анықтау болып табылады.

Осы курста практикалық сабақтарында орындалуы тиіс коллекцияларды жобалау бағдарламасын қүрастыру бойынша дәріс сабақтары және бес практикалық тапсырмасы бар коллекциялық жобалаудың ерекшелігімен студенттерді таныстыру көзделеді.

1.   Декоративтік-қолданбалы өнер мен дизайндағы коллекция үғымы

Дизайнның перспективалы тенденцияларын анықтаудағы коллекциялар рөлі. Стилистикалық бағыттарды іздеу бойынша шығармашылық тәжірибе ретінде коллекцияларды жобалау. Дизайнер коллекцияларының өте белгілі үлгілері — «биік сән» туындыларының көрсетілімі.

2.   Кездемелер, гобелендер, кілемдер коллекциялық бүйымдар ретінде

Еуропа, Индия, Қытай жэне Орта Азияның дәстүрлі мэдениеттеріндегі кездемелер коллекциясы. Кездемелер коллекцияларын жобалаудың қазіргі тенденциялары. Гобелендер, кілемдер декоративтік-қолданбалы өнер түрі ретінде, аймақтық ерекшеліктер ықпалымен оларды жасау технологиясы. Өнер тарихындагы белгілі гобелендер, олардың авторлары.

3.     Ыдыстар коллекциялары

Тарихи ерекшеліктер. Қазіргі тенденциялар. Еуропа, Индия, Қытай жэне Орта Азияның дәстүрлі мәдениеттеріндегі ыдыстар коллекциясы. Еуропалық жэне шығыс мэдениеттерінде ыдыс коллекцияларының қалыптасуының стилистикалық ерекшеліктері.

Ыдыс коллекцияларын жобалаудың қазіргі тенденциялары. Асхана ыдыс- аяқтарының коллекциялар дизайнының ерекшеліктері. Асхана ыдыс- аяқтарының пайда болуы. Еуропалық жэне шығыс асхана ыдыс-аяқтары.

 

Асхана ыдыс-аяқтарының жиынтығы. Еуропалық мәдениеттегі асхана ыдыс- аяқтарының классикалық үлгілері.

4.        «Киім коллекциясы» жүйесі

Костюм дизайнындагы «коллекция» ұгымы. Киім коллекциясының түрлері. Авторлық тұжырымдаманың бірлігі, түс шешімі, форманың материал қолданылатын түрлері, негізді конструкциялар, стилді шешім ретінде киімді модельдеудегі коллекция. Тақырып «коллекция» жүйесіндегі бағдарлаушы қағида ретінде. Девиз коллекцияның түпкі ойының шығармашылық негізі ретінде.

Образды-ассоциотивті құрастыру, «Киім коллекциясы» жүйесін конструктивті-логикалық, эмоционалды-эстетикалық жобалау.

5.    Жиһаз

Жиһаз гарнитурының ұғымы. Коллекциялық жиһаз. XX — XXI гғ. жетекші сэулетшілердің жиһазы: Тонет, Ф. Л. Райт, Ле Корбюзье, Л. Мисс Ван дер Роэ, Г. Ритвельд, М. Брейер, А. Аалто фирмаларының жиһазы. Жиһаз коллекцияларының эксперименталды сипаты.

6.       Жарық беруші қүралдар

Жарық беруші құралдардың қазіргі коллекциялары. ХІХ-ХХ гг. жарық беруші қүралдардың эволюциясы — газбен жарықтандыру, электр догасы — Яблочков приборы, қыздыру лампаларының пайда болуы, жарықтың галогенді көздері. Жарықтың тізбектелген түрлерінің эрбіріне дизайнер шешімінің ерекшелігі.

7.     Әртүрлі агымдардың өнердегі ықпалы

Өнердегі әртүрлі агымдардың мысалдағы қазіргі бейнелеу өнерінде жаңа тенденциялары бар коллекциялық бұйымдар жобалауының өзара байланысы: «Өнер жэне қолөнер», «Югенд Стиль», Функционализм, Конструктивизм, Ар- деко, Интернационалдық стиль, постмодернизм.

Коллекцияларды жобалаудың қазақстандық тәжірибесі. Интерьерлерді ресімдеу үшін бұйымдардың коллекциялары — керамика, жиһаз, киім дизайны.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ҮЛГІ ТІЗІМІ

Әрбір тақырып бойынша практикалық сабақтар тақырыбы және сағат саны пән жүргізуші оқытушымен анықтайды. Ол дэріс сабақтарының тақырыптарымен сабақтасуы керек:

 

1.    Кездемелер коллекциясын жобалауға бағдарлама жасау;

2.     Ыдыс коллекциясын жобалауға бағдарлама жасау;

3.     Асхана ыдыс-аяқтары коллекциясын жобалауға бағдарлама жасау;

4.     Шығармашылық бастаудың таңдаған тақырыбы бойынша эртүрлі мақсатты киім коллекциясы және жыныстық жас белгісінің тұжырымдамасын жасау.

5.     ¥раны бар салтанатты жағдайлары үшін киім әсем ансамблі коллекциясының тұжырымдамасын жасау («Үйлену тойы», «Үлкен кеш» және тағы басқалар).

6.     Жиһаз коллекциясын жобалауға бағдарлама жасау;

7.     Жарық беруші құралдар коллекциясын жобалауға бағдарлама жасау.

Бұл пәнге ұсынылатын компьютерлік бағдарламалар: Аиіо САБ, ЗБ МАХ, Согеі ЭЯА\Ү, Рһоіо Зһор.

Типтік бағдарламалар мазмұны — міндетті минимум, пэн бойынша қарастырылған кредиттер көлемінде (сағаттар) жұмыс бағдарламаларында қосымша тақырыптарды қосуға жэне кеңейтуге болады.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля