5 октября, 2017 20:32
Автомобильдің, оның жүйелерінің және агрегаттарының ұзақ уақытқа жарамдылығы: пайдаланылатын материалдардың сапасына, өндіріс технологиясына, оның құрылғыларын жетілдіруге, одан басқа, автомобильдің техникалық жағдайының өзгеруіне, жағар-жанармайдың сапасы, пайдалану жағдайы, жүргізушінің біліктілігі, сапалы қызмет көрсету жэне жөндеу жұмыстарына байланысты.
Кейінгі кездегі автомобильдердің құрылғыларын жетілдіру арқылы оның жұмыс істеу қорын арттыруға қол жеткізілді. Мысалы, ауыстырылатын цилиндрлер бірікпесін қолдану, динамикалық күшті азайтатын қысқа жүрісті қозғалтқышты пайдалану, айналу тербелісін жойғышты, қозғалтқыштың картеріне жабық желдету жүйесін пайдалану — майдың сұйылуын төмендетіп, жұмыс істеген газдағы зиянды заттарды азайтады.
Автомобильге уақытылы және сапалы техникалық қызмет көрсету — оның жұмыс істеу қабілетін жақсартады.
Мысалы, тежеу жүйесінде қалып пен барабанның арасындағы саңылау 0,5 мм-ден 1 мм-ге дейін артқанда, тежеу жолы 20% дейін артады екен.
Басқару дөңгелегінің алшақтығы мен жантаюында ауытқу пайда бол- са жэне шиналарда ауаның қысымы кем болса, агрегаттың жұмыс істеу мерзімі күрт өзгеріп, жанармай шығынының артуына апарады, сондай- ақ автомобиль жоғарғы жылдамдықпен қозғалғанда, оның тұрақтылығы төмендейді.
Майды уақытылы ауыстырмау немесе техникалық жағдайда қарас- тырылғандай, қажетті майды пайдаланбау — агрегаттар мен жүйенің істен шығуын тездетеді.
Қозғалтқыштың оталдыру жүйесінде үшқынның берілуі қалыпты жағдайдан бар болғаны бірнеше градусқа өзгеріске үшыраса, қозғалт- қыштың қуатының 10-20% төмендейтіні жэне жанармай шығыны ар- татыны, ауаның температурасы төмендегенде қозғалтқыштың оталуы қиындайтыны, жұмыс істегенде қозғалтқыштың қызатыны және басқа да кемшіліктер пайда болатыны белгілі болған.
Автомобиль қозғалысында оның жұмыс тәртібін дұрыс таңдай білу жүргізушінің санатына байланысты, ол автомобильдің пайдалану мерзімін ұзартуға септігін тигізеді.