Автомобиль көліктері кәсіпорныныц өндірістік-техникалык базасынын сипаттамасы

22 ноября, 2017 13:44

Жол-көлік кұралдарын техникалық ақаусыз қалыпта ұстау, оларды ау- ысым аралығында сақтауды қамтамасыз ету, желіде олардың жұмысын ұйымдастыру жэне басқару үшін тңісті өндірістік-техникалық база қажет етіледі, ол автомобиль көліктерінің кәсіпорны (АКК) деп аталады. АКК-тің жіктелуі  көрсетілген

 

 

 

АКК атқаратын жұмыстарына байланысты үш топқа: автокөліктік (АК), автомобильдерге қызмет көрсететін (АҚК) жэне автомобиль жөндейтін (АЖ) болып бөлінеді.

 

Автокөлік кәсіпорны өндірістік қызметті ұйымдастыру бойын- ша: кешенді — тасымалдау жұмысын атқаратын, сақтайтын, жылжы- малы кұрамдарды жөндейтін жэне техникалық кызмет көрсететін; кооперативтік — мұндай кэсіпорын ірі кәсіпорын кұрамына кіреді (ав- токомбинат, автобірлестік) болып бөлінеді. Кооперативтік ұйымдастыру жұмысы тек тасымалдауды ғана ұйымдастырмай, сонымен қатар ТҚ көрсету жэне АЖ жұмыстарын орталықтандырумен айналыса- ды. Мұндай автокомбинат басты кәсіпорыннан тұрады, ол іріленіп орталықтандырылады да, ТҚ және АЖ-дің күрделі жұмыстары, сондай- ак ондағы филиалдардың тасымалдау, сақтау, КТҚ жэне аз көлемді жұмыстары атқарылады. Басты кэсіпорында ТҚ жэне АЖ жұмыстарын озық тәсілмен жүргізу ұйымдастырылады, ал өндірістік база көп маркалы автомобильдерге қызмет көрсететіндіктен, қажетті жабдықтардың барлық түрімен жабдықталады.

Автомобильдерге қызмет көрсететін кэсіпорын ТҚ жэне жөндеу бекеттерінің санымен сипатталады және автомобильдердің жұмыс істеуге жарамдылығын камтамасыз етіп, соны орындауға мамандандырылады. Оған жататындар: орталықтандырылған техникалық кызмет көрсету ба- засы; автосервис кәсіпорны; май кұятын станция; автобекет; жолаушылар автобекеті; жүк автостанциясы; тұрақ; кемпинг, мотельдер.

Орталықтандырылған қызмет көрсету базасы ауданда орналасқан кіші автопарктердің жол-көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету жэне жөндеу жұмыстарын жүргізуге арналған. Базада жеке агрегат- тар, механизмдер, автомобильдің бөлшектерін орталықтан жөндеу тэсілі ұйымдастырылуы мүмкін, одан басқа да желідегі көліктерге орталықтандырылған техникалық көмек көрсету қарастырылған.

Орталықтан қызмет көрсету базасы оған бекітілген автопарк жэне басқа да кәсіпорындармен бірігіп, кооперативтік жөндеу жүйесін орна- та алады. Ол базаның қуаты оған бекітілген автомобильдердің санымен өлшенеді.

Автосервис кәсіпорны (АК) жекеменшік иелерінің жеңіл автомо- бильдерін жөндеуге арналған. Одан басқа, автосервис кәсіпорны автомо- биль сатуға, оларды косалқы бөлшектермен, пайдалану материалдарымен қамтамасыз етуге арналған.

Автосервис кэсіпорны жұмыс бекеттерінің саны бойынша: ерекше кіші (5 бекетке дейін); кіші (15 бекетке дейін); орташа (30 бекетке дейін); үлкен (50 бекетке дейін); ірі (50 жұмыс бекетінен жоғары) болып бөлінеді. Авто- сервис кәсіпорны орналасу орны бойынша қалалық жэне жол бойындағы болып бөлінеді (24.2-сурет).

Ерекше кіші (5 бекетке дейін) Кіші

(15 бекетке дейін)

Орташа

(30 бекетке дейін)

Үлкен

(50 бекетке дейін)

Майда жөндеу жумыстары, қосалқы бөлшектер сату Кіші аудандағы бекет: жөндеу, қосалқы бөлшектер сату, шанақ жөндеу Ірі елді мекенде орналасқан: кепілдемелі қарау, тот басуға қарсы жұмыс, шанақ жөндеу Үлкен қалаларда орналасқан: кепілдеме бойынша қызмет көрсету, агрегаттарды ауыстыру, шанақты жөндеу, сырлау, тот басуға қарсы жұмыс
 Автомобилъдерге техникальщ қызмет көрсету бекеттерінің
жіктелуі
Май кұятын станция автомобильдерді жанармай-жағармаймен, салкындату сұйығымен жабдықтайды, дөңгелектерге ауа жібереді, пайда- лану материалдарын сатады.

Автобекет қалааралык автобустарға қызмет етуге арналған. Оларды калаларда, ірі магистральді жолдарда орналастырады.

Жүк автобекеті жүктерді жинау, оларды сақтау, сұрыптау жэне олар- ды артып жіберуге арналған.

Кемпингтер мен мотельдерде туристердің автомобильдерін уакытша сақтауға, жөндеуге, қызмет көрсетуге арналған.

Автомобиль жөндейтін кәсіпорын автомобильді немесе олардың агрегаттарын жөндеуге арналган.

Автопарктың үйымдастыру күрылымы. Бұл кұрылым халықты, материалдық, қаржылық жэне баска қорларды біріктіріп, экімшілік қызмет құруға бағытталған. Оның құрамына бір-бірімен байланысты үш: негізгі; косалқы және қызмет көрсететін жүйе кіреді. Негізгі өндіріс КТҚ, ТҚ- 1, ТҚ-2, АЖ жэне жай-күй анықтау аумақтарынан тұрады. Қосалқы — механикалық, электротехникалық, сырлау басқа да жұмыстарды орын- дайтын бөлімшелер; қызмет көрсететін — коймалар, көлік топтары, техникалық-бақылау бөлімі (ТББ) т.б. бөлімінен тұрады. Одан басқа, бұл құрылымға өндірістік-техникалык бөлім (ӨТБ), бас механик бөлімі (БМБ), материалдык-техникалық жабдьщтау бөлімі (МТЖБ), техникалық бақылау бөлімі (ТББ) жатады.

ӨТБ жоспар жасап, еңбекті ғылыми жолмен жүргізу шараларын, жаңа техниканы жэне технологияны енгізу, еңбекті қорғау, өндірісте

жарақаттану себептерін зерттеу, техникалық оқыту арқылы жұмысшы- лардың біліктілігін арттыру, стандартқа жатпайтын аспаптар жасауды іске асырады.
Техникалық қьізметтің ұйымдастыру құрылымы
МТЖБ автопаркті үздіксіз материалдық-техникалық (қосалқы бөлшектер, агрегаттар, жанар-жағармай т.б.) жабдықтармен қамтамасыз етіп тұрады.

ТББ барлық бөлімдердегі жұмыстың сапалы орындалуын қадағалайды. Көлік құралдарындағы ақаудың пайда болуына талдау жасаумен айналы- сады. Жүйе мен бөлімше арасында жан-жақты ұйымдастырылган байла- ныс болады. Ол төменгі суретте көрсетілген.

КТҚ көрсету аумағынан автомобильдердің өтуі шектелген, сондықтан көпшілік автомобильдер сақтау аумағына, қажет болғанда КТҚ көрсету аумағына жіберіледі. ТҚ және АЖ қажет ететін автомобильдер күту аумағына, жай-күй анықтау тексерісінен кейін тиісті өндірістік аумаққа жіберіледі.

ТҚ көрсету жэне АЖ жұмыстары жүргізілгеннен кейін автомобиль- дер сақтау аймағына беріледі, одан бақылау-техникалық бекеті арқылы шығарылады.

Автопарктің өндірістік-техникалық базасы (ӨТБ) — ұйымдастыру, техникалық, материалдық, технологиялық, экономикалық шаралардың

 

 

ТҚ және АЖ үдерісінің технологиялъщ сұлбасы: ТБП — бақылау — техникапық бекет; ЖЖЖ — жинастыру, жуу жүмыстары; Д-1, Д-2 — жай-күй анықтау бекеті; ДР — жөндеу жүмыстарын жүргізгенде жай-күй анықтаудың

орындалуы

 

жиынтығы, оның негізгі мақсаты — жол-көлік құралдарын техникалық ақаусыз ұстау. ӨТБ-нің негізгі элементі кешенді автопарк — ол негізгі (90…95%) және айналымдағы қаржы (5…10%), гимараттар (30%), қондырғылар (5%-ға дейін).

Өндірістік-техникалық база (ӨТБ) техникалық пайдалану шараларын өткізетін материалдық база болып саналады. Автопарктің негізгі элементі ТҚ жэне АЖ жүргізетін өндірістік ғимарат болып есептеледі.

ӨТБ-нің жағдайына өндірістік ғимараттың үлкендігі және оның жабдықталғандыгы әсер етеді.

ӨТБ-нің негізгі ұйымдастыру-техникалық формасы бір жерге шоғырландыру, мамандандыру жэне кооперативтендіру болып табылады. Шогырландыру немесе біріктіру — бұл ТҚ жэне АЖ орындау үшін еңбек жэне басқа қорларды біріктіру. Бұл өндірісті ірілендіруге жэне орындала- тын жұмыстың көлемін арттыруға келтіреді.

Мамандандыру — бұл ТҚ көрсету және АЖ жұмыстарын белгілі бағытқа бұру.

Кооперативтендіру — көлік құралдарына ТҚ көрсету жэне АЖ жұмысы бойынша белгілі жұмыстарды бірнеше кәсіпорын немесе өндірістік бірлестіктің бірігіп орындауы, олардың арасында технологиялық, эконо- микалық, ұйымдастыру жэне ақпараттық байланыс болуға тиіс.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля