22 ноября, 2017 18:36
Ілінісу механизмінде ақау пайда болса, оны жөндеу үшін кардан білігін, беріліс қорабын ағытқаннан кейін ілініс механизмін тегершіктен шығарып алады.
ІІлінісу механизмін бұзып-жинау үшін арнаулы үстелге орнатылатын стендтер қолданылады . а-суреттегі — Р-724 стенді іліністі жөндеуге арналған пневматикалық стенд. |
Ілінісу механизмін жөндейтін стендтер: а — пневматикалық Р-724, б — механикалың: I — түпқойма; 2 — бұрама; 3 — түтқа; 5 — ілініс |
Бұл стенд — ЯМЗ қозғалтқышының ілінісін жөндеуге арналған, б-су- ретте көрсетілген әмбебап механикалық стенд. Іліністі толық жиналған түрінде стендке қояды да, тұтқаны (3) бұрау арқылы бөлшектеп бұзады. Іліністегі ақау көбінесе жетекті дискіде болады: фрикционды қаптама желінеді, дискінің күпшекке бекітілетін жері босайды, майысу, кисаю пайда болады.
Қисайған дискіні тақтаға қойып түзетеді, желінген қаптамаларды алып тастап, жаңасын ВС-ЮТ желімімен желімдеу немесе шегелеу арқылы қалпына келтіреді. Жетекті диск майысқан болса, төменде көрсетілген тэсіл арқылы түзетеді. |
Дискіні түзету әдісі |
Жетектегі дискіге фрикционды каптаманы желімдеу үшін дискіні жақсылап тазалап, ацетонмен майын кетіреді. Оны 10 минуттай кептіреді, содан кейін дискіге ВС-ЮТ желімін жағып, бөлмедегі температурада 5 минуттай ұстап кептіреді. Желім 1м2 жерге 200 грамнан аспауға тиіс. Дискінің екі жағына фрикционды қаптаманы қойып, қысымы 0,1 МПа бо- латын күшпен қысып, температурасы 180°С электр пешке салып, 40 ми- нуттай үстайды.
Фрикционды қаптаманы дискіге шегелеу үшін қалайыдан немесе мы- стан жасалған түтік тәріздес шеге қолданылады. Әртүрлі дискіні шегелеу үшін эртүрлі шеге қолданылады, оны шегелеу үшін стендтің пуансонын ауыстырып отырады жэне стендке берілетін ауаның қысымын манометр арқылы қадағалайды. Шегенің ұзындығын стендтегі құрылғыны реттеу арқылы жөнге келтіреді. Жетектейтін дискінің беті желініп, сыдырылған болса, токарь стано- гында тегістеп әзірлейді. Серіппелердің сынғаны болса, оларды ауысты- рады. Ілініс жалғастырғышын жинастыру жэне реттеу стендтерде (8-сурет- те) атқарылады. Шегенің диаметрі 8 мм. болса, стендтегі ауаның қысымы 0,4 МПа болуға тиіс. Шегенің диаметрі кішірейетін болса, оған сэйкес ауаның қысымын да азайтады. |
Жетектегі дискіге фрикционды қаптаманы шегелейтін стенд |