АДАМЗАТ ЖӘНЕ ҒАЛАМЗАТ ЕСІМДЕРІ

17 марта, 2018 22:39

Қазақ тілінде зат есімдер кім? не? сұрактарына жауап беруіне эайланысты үлкен екі топка бөлінеді. Зат есімдердің осылай екі топқа бөлінуі эаска тілдердің зат есімдерінен өзіндік ерекшелігі болып табылады. Осымен байланысты А.Ыскаков персондық және бейперсондық деген атаулар енгізді, яғни персондық зат есімдерге кім? деген грамматикалык сұракка жауап беретін сөздер, ал бейперсондық зат есімдерге не? деген сұракка жауап беретін сөздерді жатқызды. Ғалым бұл терминдерді “Қазіргі казақ тілі„ окулығының 1974 жылғы басылымында адамзат есімдері мен ғаламзат есімдері деп өзгертті. Сондай- ак кім? деген грамматикалык сұрауга жауап беретін зат есімдерді өз ішінде тағы да бірнеше мағыналық топтарға бөліп көрсетті:

а)  адамга тән атаулар: бөпе, бала, ұл, кыз т.б.

э) туыс атаулары: аға, іні, нағашы, жиен т.б.

б)   іс-әрекет пен кәсіп-мамандык иелерінің атаулары: студент, окытушы, дэрігер, заңгер т.б.

в)   эр алуан.кызмет баптары мен лауазым атаулары: ректор, экім, директор т.б.

г)   кісі атаулары: Арман, Дәурен, Әлия, Раушан т.б.

Проф. А.Ысқаков не? деген грамматикалық сұрау, әдетте адамнан өзге барлык жануарлардың жэне күллі заттар мен нәрселердің атауларына койылады цей келіп, оларды-деректі я дерексіз заттар мен заттық ұғымдардың атаулары, өсімдік атаулары, ас пен ішімдік атаулары, хайуанаттардың, аң мен кұстың атаулары, балык аттары, кұрт-кұмырска, бака-шаян аттары, мекен, кора- копсы, құрал-жабдык атаулары секілді бірнеше түрлерге бөлген. Ғалымның бұл пікірлерімен келісе отырып, ғаламзат есімдерін өз ішінен жанды заттар атаулары жэне жансыз заттар атаулары деп, екі магыналык топка бөлуге болады. Сонда жанды зат атауларына адамнан басқа кеудесінде жаны бар тіршілік атаулары жатады да, жансыз зат атауларына өлі табигат денелері мен өсімдіктер дүниесіне қатысты есімдер жатады.

Бірак тілімізде бұл кағидалардан ауыткитын да жайттар кездеседі. Мысалы, егер адам есімдері жер-су, мекен атауына ауысса, соңғы атауға не? деген сұрау койылады: Алтай- екінші курс студенті. Алтай-кенге бай өлке. Бірінші Алтай сөзіне кім?, екіншісіне не? деген сұрак койылады. Ал керісінше, не? деген сұрауға жауап беретін жай ғана жалпы есім кісі аты ретінде қолданылғанда, кім? деген сұрауға жауап береді (63,145). Мысалы: бакыт, қуаныш -Бакыт Хасенкызы, Қуаныш Үсенұлы.

Ә.Төлеуов бұдан баска кім? не? сұрауларының ауысып жұмсалатын мынадай орындарын көрсеткен: «Өзіміз кісі туралы сөйлей тұрсақ та, сөйлемнің мағынасына қарай ауызекі тілімізде, ертегілерде не күлдіргі әңгімелерде ретіне карай кім? не? сұраулар бірінің орнына бірі ауысып жұмсала береді. Мысал үшін, мен енді кім болдым? деудің орнына, мен енді не болдым? деп, ренжіп айта береді. Бұл жерде эңгіме кісі туралы екенін сөйлемдегі сөздің контекстегі мағынасынан байкаймыз. Мұндай жағдайда не? деп сұрау коя тұрсақ та, контекстегі магынасына қарай, әңгіме кісі туралы екенін аңгарамыз (51,5)«, — дейді.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля