АЙҚЫНДАУЫШ

26 апреля, 2018 11:05

Айкындауыш — қазіргі қазактың әдеби тілінде өте жиі қолданылатын, аныктауыштың ерекше бір түрі. Ол сөйлемде берілетін ойды накты, дэл жеткізуде аса маңызды. Сөйлем ішіндегі бір сөзге ерекше көңіл бөлу үшін немесе соны ерекшелеп айту үшін қолданылады. Сондыктан да айкындауыш сөйлемді айтатын адамның ойымен байланысты болып келеді жэне сол берілетін ойдың ерекше қырларын берудің амалы болып табылады. Алайда бұлар анықтауыштар сияқты синтаксистік емес, стилистика — синтаксистік тэсіл. Сонымен бірге бір заттың не нәрсенің атын, шығу тегін, я болмаса белгілі бір оқиғаның мезгілін, орнын т.б. белгілерін көрсетіп анықтайды.

Айқындауыш жайлы казак тіл білімінде алғаш сөз козғағандардың бірі —

С.Аманжолов. Ол өз еңбегінде: “Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштан басқа да мүшелер болады… Осы бастауышты я баяндауышты айкындау үшін тұрған сөздерді айкындауыш дейміз”,- (2,144) деп анықтама береді. Н.Сауранбаев, М.Балақаев, Р.Әмір, Т.Сайрамбаев сынды ғалымдар да айкындауышка кыскаша тоқталып өтеді.

С.Исаев “Қазақ тілі” окулығында: “Сөйлемде кейде бір сөзді я сөздер тізбегін басқа бір сөз я сөздер тізбегі айкындап, дәлдеп, түсіндіріп түрады”,- (29,135) десе, М.Қараев: “Сөйлемде бір мүшені айырыкша назармен бөліп атау үшін немесе оның мағынасын дәлелдей түсу керек болғанда, ол мүшенің қажетті белгісін көрсете алатын түсіндірмелі сөздер беріледі. Мүндай сөздер сөйлемнің айқындауыш мүшесі деп аталады”,- деп анықтама береді (36,174). Бүл ғалымдар өз еңбектерінде айқындауыш мүшені карастырып кана өтсе, жалпы қазақ тіл білімінде аталған мүше жайлы біршама деректі

О.Күлкенованың еңбектерінен алуға болады. Ол өз еңбегінде айқындауыштарды толық, жан-жақты зерттеуге тырысады. “Айкындауыш Дегеніміз — анықтауыштың ерекше бір түрі. Айкындауыш өзінің аныктайтын сөзіне грамматикалық жағынан тығыз тең байланыста тұратын сөйлемнің шартты бағыныңқы мүшесі. Айқындауыш аныкталатын сөздің жетегінде кейде Қосарланып айтылып, кейде оңашаланып айтылып, өзінен алдыңғы сөзді атап, я °ның мазмұнын ашып, дәлдеп, анықтап түратын бір я бірнеше сөз тіркесі. Сөз табы жағынан өзінің айкындайтын сөзіне орайлас жасалып, тұлға жағынан өзінің алдындагы анықталатын сөзімен түрлес болады да, мазмұн жағынан ^ДДындағы жалпы ұғымның біреуін дәлелдейді, мағынасын ашып, дәлелдейді я атап көрсетеді”. Осы анықтама айкындауышты танытуға жеткілікті. Сонымен ®’Рге автор айқындауыштың түрлері, жасалу жолдары, тыныс белгілері, орын ТэРтібін, тағы баска белгілерін бере білген.

Түркі тіл білімінде де, орыс тіл білімінде де айқындауыш мәселесі туралы сөз Козғалган. Орыс тіліндегі айкындауыштың өзіндік өзгешеліктері болғанмен, Жалпы түсінік өзара жақын.

Ф.Буслаев, А.И.Пешковский, А.А:Шахматов, С.Бархадуров сияқты галымдар “айқындауыштар затка немесе берілген ойдағы нәрсеге басқаша атау береді” деген көзқараста (18,31). Алайда олардың бұл мүше жайлы қысқаша гұжырымдауы оның бүкіл қасиетін толық қамти алмайды.

Жалпы айқындауыш мүше өзінің анықтайтын сөзінің соңынан айтылып, бүтін бір сөйлемнің не болмаса бір сөйлем мүшесінің мағынасын ашып, айқындап түрады.

Айқындауыштар, негізінен, анықтауыш мүшеге ұқсас. Дегенмен гөмендегідей айырмашылықтары бар: а) Анықтауыш сын есімнен жасалып, заттың сынын, сапасын анықтаса, айқындауыш зат пен затты өзара катыстылыгы, ұқсастығы жағынан салыстыра айқындайды.

э)  Анықтауыш пен анықталушы сөз сабақтаса байланысса, айқындауыш пен айкындалатын сөз салаласа байланысады.

б)       Орны жағынан да әр түрлі болады. Анықтауыштар тек қана анықтайтын сөзінің алдында тұратын болса, айқындауыштар, керісінше, айқындайтын сөзінің соңынан тұрады.

Айкындауыш сөйлемнің ортасында келсе, екі жағынан, соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Кей жағдайда айқындауыш мүшелерде баяндауыштық реңк басым болса, алдынан сызықша қойылып, соңы үтірмен бөлінеді.

Қазіргі қазақ тілінде айқындауыштың негізгі үш түрі бар. Олар: оңашаланған айқындауыш, қосалқы айқындауыш жэне қосарлы айқындауыш.

Онашаланған аіікындауыш — айқындайтын сөзінен соң тұрып, окшауланып айтылып, сол сөзді эр жағынан айқындайтын сөздер немесе сөз тіркесі. Күздің бір эдемі кешінде, жиырма тогызьіншы қазанда, олар ақыры кездесті (Қазак эдеб.).

С.Аманжолов оңашаланған айқындауышка тоқтала отырып, оның екі тұрін береді. Біріншісі — сөйлемнің ішінде басқа мүшемен қиыспай, дара тұратын оңашаланған сөз. Екіншісі — өзінін айқындайтын сөзімен көбінесе экалғау аркылы қиысып тұратын оңашаланған сөз (2,158).

Қосалқы айқындауыш деп екі зат есімнің тіркесуінен жасалып, алдыңғы сөздің мағынасын заттың заттық сапасы ретінде айқындайды. Ал £арақ сүлтан болса, Әбілқайыр айтқандай, хан ордасынан әжептәуір ұзап барып, ымырт үйіріле Церен-Доржи тобынан өзінің сенімді екі жігітін бөліп алып, кейін қайтқан (І.Есенберлин.).

Қосарлы айқындауыш деп мағыналас, мәндес сөздер тіркесіп, күрделі атау жасайтын сөздерді айтады. Университет бітірген жас мамандар экономист-менеджер мамандығын алып шығады.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля