1 января, 2018 17:59
Инструктаждың ауызша формасы өндірістік оқытудың өдістемесінде кеңінен таралған. Ауызша инструктаж барысын- дағы оқушылармен қатынастың негізгі формасы ауызекі тіл қатысу болып табылады. Шебер ауызша түсіндіруді, операцияларды орындаудың әдістері мен төсілдерін көрсетумен қатар жүргізеді.
Ауызша түсіндіру жолымен кіріспелік, ағымдық жөне қоры- тынды инструктаж өткізіледі.
Кіріспелік инструктаж. Кіріспелік инструктаждың мақсаты — оқушыларды алдағы оқу-өндірістік әрекетке дайындау.
Кіріспелік инструктаждың өдістемесі өр түрлі. Ол инструк- таждың көлеміне, оның мазмүны мен қүрылымына тәуелді. Өз кезегінде, бүл параметрлер такырыптың өтілу уақыты мен оқу- өндірістік жүмыстың түріне бағынышты болып келеді. Егер оқушы теориялық мөселелерді жақсы түсінетіндей, егер оқу- өндірістік жүмыстың түрлері олар үшін тосын емес болатындай өдістемелік ахуал қалыптасса, ал сабақтың мақсаты практика- лық шеберліктер мен дағдыларды жетілдіру болып табылса, онда шебер негізгі операцияларды еске түсірумен ғана шектеледі. Егер әдістемелік ахуал басқаша болса, онда шебер еңбек процесінің қүрылымын бөлшектеп қарастырады, яғни толық инструктажды қолданады.
Кіріспелік инструктажды даярлау процесінде төмендегілерді ескеру қажет:
- алдағы жүмыстың мазмүнымен оқушыларды қатыстыру;
- технологиялық қүжаттаманы, инструкциялық картаны талдау;
- оқушыларды электр инструменттерімен таныстыру;
- электр инструменттерімен жүмыс істеу барысында қауіпсіздік ережелерін түсіндіру;
- еңбек әрекетінің қүрылымын түсіндіру;
- жекелеген операцияларының орындалу тәсілдерін көрсе- ту;
- мүмкін болатын қателіктердің алдын алу.
Бүл жоғарғы аталған нөрселер жаңа тақырыпты өтудің ал- дында жүргізілетін толық инструктажға кіреді.
Кіріспе инструктажында мынадай тәсілдер қолданылады: еңбек өрекеттерін көрсету, алгоритмдік, сүхбаттық.
Кіріспелік инструктаждың жемістілігінде өндірістік оқыту шеберінің шеберлігі сияқты, оқушылардың бүрынғы еңбек әре- кетінің тәжірибесі сияқты, оқушылардың пәнге деген қатына- сы сияқты факторлар үлкен рөл ойнайды.
Әдістемелік түрғыда дүрыс жүргізілген кіріспелік инструк- таж оқушыларды практикалық әрекетке бағыттайды. Егер топ- тың барлық оқушылары бір ғана оқу-өндірістік жүмысты орын- дайтын болса, онда бүл кіріспелік инструктаж, өдетте, фрон- талды немесе үжымдық сипатта болады.
Ағымдық инструктаж. Ағымдық инструктаждың мақсаты — оқу-өндірістік жүмыстардың дүрыс орындалуын қадағалау. Ағымдық инструктаж шебердің өндірістік оқыту сабағында едөуір уақыт алады. Әдетте, ағымдық инструктаж кезінде шебер оқушы- лардың жүмыс орындарын аралап шығады. Бірнеше мақсаттық аралауларды жоспарлауға болады. Бірінші мақсаттық аралау жүмыстың бастауын бақылау үшін жүргізілсе, екіншісі, оқушы- лардың жүмыс орындарын үйымдастыруын тексеру үшін өткізіледі. Үшінші мақсаттық аралауды шебер оқушылардың электромонтаждық жүмыстардың қауіпсіздік техникасын сақ- тауына көз жеткізу үшін жүргізеді. Төртінші мақсаттық ара- лау процесінде шебер қосалқы операциялардың орындалуының дұрыстығын қадағалайды. Мұнан әрі мақсаттық аралаулардың атаулары атқарылатын еңбек процесінің негізгі операциялары- ның атауларымен сәйкес келеді.
Көсіптік шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру процесін бақылау үшін өндірістік оқытудың шебері өртүрлі әдістерді қолданады, оның ішінде бригаданың немесе өрбір оқушының жеке жұмысын бақылауды қолданады. Шебер оқушылардың инструментпен дүрыс жұмыс істеуін, оның қимылының дұры- стығын, оның алдына қойылған міндеттерді түсінуін, ұжымда жүмыс істей білуін бақылайды. Шебер, егер оқушы қателік жібере бастағанда жеке инструктаж өткізуге үнемі дайын бо- луы тиіс. Жүмыстағы сапасыздықтың алдын алу үшін шебер оқушымен әңгімелесуге көшеді және қателіктің себептерін не- месе өндірістік процестің технологиясын түсіндіреді. Бүл жағ- дайда еңбек әрекеттерін көрсету әдісімен қатар сүхбаттық өдіс қолданылады, өйткені операцияның дүрыс орындалуын тағы да бір көрсету қажет.
Оқушылармен жеке жүмыс жасау шеберден тек кәсіби шеберлікті ғана емес, үлкен шыдамдылық пен сыпайылықты да талап етеді. Кейде оқушы орындалатын операцияны бірнеше мәрте көрсеткеннен кейін де қателіктер жібереді. Бүл жағдай- да қателіктердің себебін табу маңызды. Оқу-өндірістік жүмыс- тарды дүрыс орындауға ықпал ететін бірнеше факторларды айқындауға болады. Көбіне кателіктердің негізгі себебі теория- лық материалды білмеу, кіріспе инструктаж кезіндегі үқып- сыздық болып табылады. Бүл себептерді оңай анықтауға жөне оны жоюға болады. Кейбір жағдайларда қателіктердің себебі оқушылардың физиологиялык, даму ерекшеліктерінен, мысалы оның жадынан, көзінің қабылдауынан, шыдамдылығынан т.б. аңғарылады. Тағы бір фактор — жүмысты орындауға деген қызығушылықтың жоғалуы немесе болмауы факторын да естен шығармау қажет. Жүмыс тәжірибесі бар шебер мүны оңай байқайды. Оқу-өндірістік тапсырманы оқушы үйренетін опера- цияны меңгеріп қойғанның өзінде де оған деген қызығушылы- ғын өшірмейтіндей етіп алдын ала жоспарлаған дүрыс.
Ағымдық инструктажды жүргізе отырып, шебер төсілдер мен операцияларды тез игеретін, оқу-өндірістік тапсырмаларды сапалы орындайтын қабілетті оқушылардың топ ішінде бар екендігін ескеруі қажет. Мүндай жағдайда тәжірибесі аз ше- берге бірнеше жолдарды үсынуға болады. Мүндай қабілетті оқушылар шеберге жақсы таныс болғандықтан олар үшін күрделілігі жоғары оқу-өндірістік тапсырмаларға немесе шы- ғармашылық жүмысты жоспарлау қажет. Келесі бір жолы — қосымша тапсырмаларды үсыну немесе шеберханада дайын өнімді шығаруға қатыстыру. Сондай-ақ оларды кейбір операцияларды орындай алмаған оқушыларға көмектесуді өтінуге болады. Оқушы- лардың түсініксіз оқу материалын бір-біріне түсіндірудің төсілін жақсы табатынына қарамастан, бұл жол кәсіптік оқытудың өдістемесінде сирек қолданылады.
Біз ағымдық инструктаж барысында жиі туындайтын бірнеше ахуалдарды қарастырдық. Жоғарыда айтып өткендей, бұл кезеңдегі оқушылармен қатынастың негізгі формасы индивиду- алды инструктаж болып табылады. Топтық инструктаж оқу- өндірістік тапсырманы бригада болып атқаратын кезде ғана қолданылады.
Қорытынды инструктаж. Қорытынды инструктаж өткізудің мақсаты — оқу-өндірістік жүмыстарды орындаудың нөтижелерін түйіндеу. Қорытынды инструктаждың ұзақтығы нақты ахуалға төуелді болып келеді. Егер оқушылардың барлығы тапсырманы орындаса жөне жұмыстың сапасы жақсы болса, онда инструк- таж қысқа болады. Оқушылардың бағасын кіріспе инструктаж барысындағы теориялық материалды қайталау нөтижесі бойын- ша және практикалық жұмысты орындағаны үшін қою керек.
Егер дағдыларды игере отырып оқушы көп қате жіберсе, онда инструктаж жан-жақты өткізіледі. Ең алдымен қателіктерге талдау жүргізіледі, сонан соң практикалық әрекеттегі қателіктерге өкелген себептер қорытындыланады. Әрекетте қолданылатын төсілдерді негіздей отырып бүкіл еңбек процесін тағы да бір жіліктеп көрсетуге болады. Мұнан кейін жұмыс процесінде ең көп қателік жіберген оқушыны шақырып, онан операцияны орындаудың әдістері мен төсілдерін тағы да қайталауды өтіну керек. Электромонтаждық жұмыстарды жүргізудің технология- сын бекіту үшін оқушыга мынадай тапсырма беруге болады: жүмыстың атқарылуына арналған инструкциялық картаны оның есінде қалғаны бойынша құрастыру.
Барлық оқушылар қатысатындықтан бұл инструктажды өткізудің формасы фронталды болып табылады.
Қорытынды инструктажды өдетте өндірістік оқыту шебері өткізеді, бірақ мұның өзге де нұсқалары бар. Мемлекеттік қабылдау идеясын іске асыра отырып, жақсы оқушылардан бригада — “оқушылар ОТК” — құруға болады жөне бұл брига- даға оқушылардың жұмыстарының артықшылықтар мен кемшіліктерін жіліктеп талдауды тапсыруға болады. Бұл қара- стырылған кеңестерде сабақтың оқытушылық функциясы гана емес, сонымен қатар оқу өндірістік еңбектің төрбиелеуші принциптері де жүзеге асырылады.